
2 Іздеу – құтқару жұмыстарын басқару
Іздеу – құтқару жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.
Іздеу – құтқару жұмыстарының негізгі мақсаттары:
ТЖ болған жердегі жағдайды дұрыс бағамдау, ақпарат жинау, ақпаратты талдау және өндеу
Жағдайды толығымен бақылау, ТЖ-ның тағыда басқа болу мүмкін жағдайларын қарастыру
ТЖ кезінде жағдайдың өзгеруіне қатысты жылдам баға беріп, құтқару жұмыстарына өзгеріс енгізу
3 Үйінді жағдайында іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу
Үйінді деп құрылыс материалдарының және конструкциялардың, технологиялык жабдықтардың, санитарлык-техникалық құрылғылардың, жиһаздардың үй аспаптарының, тастардың бей-берекет үйіліп жатуы айтылады. Үйндінің пайда болуының себебі табиғи дүлей апаттар (жер сілкінісі, су таскыны, цунами, дауыл, боран, опырылулар, көшкін, сел таскындары), материалдардың тозуына және бұзылуына әкелетін табиғи әсерлердін факторлары (атмосфералық ылғалдық, жер астындағы сулар, ауа температурасының күрт өзгеруі, шөгіп калған топырақ), құрылысты жобалау сатысындағы қателіктер, нысананы пайдаланудағы ережелердің бұзылуы, әскери кимылдар болуы мүмкін. Құрылыстың бұзылу дәрежесі бұзатын фактордың күшіне, оның әсерінің жалғасу ұзақтығына, конструкцияның сейсмотұрақтығына, құрылыстың сапасына, құрылыстың тозу дәрежесіне (ескіруіне) байланысты.
Үйінділер бірыңғай (тұтас) және жеке (әр жерде) болады. Тұрғын ғимараттарды бұзған кездегі үйінділердің көлемі 35-50%, өнеркәсіптік құрылыста 15-25% көлемді құрайды. Тұрғын ғимараттарындағы үйінділердің биіктігі 1/5-1/7, өнеркәсіпте олардың алғашқы биіктігі 1/4-1/10 құрайды. Орташа көмір үйіндісінің құламасы -30°. Үйінділердің қуыстық көлемі 40- 60%. Үйінділер шартты түрде темірбетонды және кірпішті болып бөлінеді. Темірбетонды үйінділер темірбетон қалдықтарынан, бетон, металл және ағаш конструкцияларынан, каланған кірпіштердің құлаған қалдықтарынан, технологиялық жабдықтардың элеметтерінен тұрады. Олар үлкен көлемдегі ірі элементтермен, көбінесе өзара қосылып жатқан қуыстармен және тұрақсыз элеметтермен сипатталады. Кірпішті үйінділер кірпіш сынықтарынан, кірпіш кесектерінен, сылактан, темірбетонның калдықтарынан, металл, ағаш конструкцияларынан тұрады. Олар ірі элементтер мен қуыстың болмауынан өте қалыңдығымен сипатталады.
Үиіңділер пайда болуы электр қуатының бұзылуына, жылу, газ, сантехниикалык және баска жүйелердің бұзылуына әкеп соғады. Бұл өрт жарылыс, су басу, электр тогының зақымдануы қаупін төндіреді. Әсіресе қауіпті заттар шығарылатын және сақталатын өнеркәсіп құрылыстарындағы үйінділер өте қауіпті. Әдетте құрылыстың қирап, үйінділердің пайда болуы адамдардың қоршауда қалуына, жарақаттануына және олардың өліміне алып келеді. Зардап шегушілер бұзылған жер төрелердің және жер асты қорғау ғимараттарының, технологиялық үй асты қоймасының және бірінші қабаттағы үйлердің үйіндісіндегі үстінгі, ортаңғы және төменгі бөліктерінде болуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда олар әртүрлі қабаттарда көбінесе кираған ғимараттарда, қуыстарда және бос жерлерде, шатырларда қалулары мүмкін.
1.1-сурет. Ғимараттардың қирау дәрежелері
(а-жеңіл, б-әлсіз, в-орташа, г-қатты, д-толық)
1.2-сурет. Ғимараттардың қирау дәрежелері
(а-жеңіл, б-әлсіз, в-орташа, г-қатты, д-толық)
1.3-сурет. Ғимараттардың қирау дәрежелері
(а-жеңіл, б-әлсіз, в-орташа, г-қатты, д-толық)
1.4-сурет. Ғимараттардың қирау дәрежелері
(а-жеңіл, б-әлсіз, в-орташа, г-қатты, д-толық)
1.5-сурет. Ғимараттардың қирау дәрежелері
(а-жеңіл, б-әлсіз, в-орташа, г-қатты, д-толық)
Үйінді жағдайларында іздестіру-құтқару жұмыстары төмендегідей барлау жүргізуден басталады:
ТЖ аймағын және оның сипатын анықтау;
зардап шегушілердің тұрған орнын және жағдайларын анықтау;
ТЖ аймағындағы нысаналардың жағдайын (инженерлік жүйенің құрылысын, коммуникациясын бағалау);
химиялық, бактериологиялық зақымданудың, уландыратын және жарылу қауіпі бар заттрадың өрт ошақтарын анықтау;
кіре беріс жолдардың аралығын анықтау, техникаларды белгілеу, зардап шеккендерді көшіру жолдарын қарастыру.
Барлау жүргізіп болғаннан кейін құтқарушылар зрдап шегушілерге көмек көрсету үшін үйінділерді аршуға кіріседі. Сонымен бірге, бұл жерде екі негізгі тәсілдер қолданылады.
үйіндіні үстінен аршу;
үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау.
Үйіндіні үстінен аршу – үйіндінің үстіңгі бөлігіндегі зардап шегушілерге көмек көрсету үшін және оларға еркін баруды жүзеге асырады. Үйінділер қолмен сүйменді, күректі, қалақты пайдаланып тазартылады. Үйіндінің ірі және ауыр элементтерін көтеріп басқа жаққа қою үшін жүккөтеретін құралдар (домкраттар, лебедкалар, крандар) қолданылады. Сонымен қатар зардап шегушілердің қосымша азап шегуі мүмкін үйінді элементтерін тұтқиылдан алып тастауға жол бермеу керек. Зардап шегушілерді шығарып алғаннан кейін оларға көмек көрсетіледі және олар қауіпсіз орынға тасымалданады.
Үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау. Көбінесе зардап шегушілер үйіндінің түпкі жағында болады. Оларды Шығарып алу үшін құтқарушылар адамдарға дейін жететін қысқа қашықтықты ескере отырып, үйіндінің бөліктерін жеңіл аршитын арнайы тар жол (тесікҚ жасайды. Тар жолды үлкен кесектерге тікелей жақын жерден жасауға болмайды, өйткені олар опырылып құлап жұмысты қиындатады. Тесікті көлденең, көлбеу және тік бағытта жасайды. Тесіктің қолайлы ені 0,8-0,9м, биіктігі 0,9-1,0 м. Тесікті жасау жөніндегі жұмысты бірнеше топ (3-4 адамнан), қолмен немесе құралдарды пайдаланып істейді. Олардың міндеттеріне үйінділерді аршу, тесіктерді жасау, тіреу элементерін дайындау және құру, шығарылған үйінділерді тазалау, зардап шегушілерді босатып алу және оларды тасымалдау жатады. Өтетін тесіктерді жасау кезінде құтқарушының ауыстыру, төртаяқтап, еңбектеп, арқасымен жатып, еккпетінен жатып жер бауырлап, ішпен, бүйірімен жылжи отырып жүзеге асырылады. Егер құтқарушының жылжуы кезінде ірі темірбетондар, металдар, ағаштар, кірпіш бұйымдары бөнет жасаса, онда оларды айналып өту қажет егер ондай мүмкіндік болмаса бұзу керек, кейбір жағдайда оларға тесік жасауға болады. Өтетін тесікті жасау кезінде қабығаның қирауына жол бермеу мақсатында оның сенімді бекітілуіне ерекше назар аудару қажет. Бұл үшін арнайы алдын-ала дайындап қойған: тіреуіштер, тірек таяныштар, тақтайшалар, қырлы кесектер, қалқандар, салмалар сияқты тіреуіш материалдар қолданылады. Өтетін тесіктерді жасау кезінде үйіндінің үстіңгі жағынан құтқарушылардың және техникалардың жүруіне рұқсат етілмейді.
Өтетін тесіктерді және өтетін жерлердің жұмыстарын жасап болғаннан сон құтқарушылар адамдарды босатуға кіріседі. Бірінші кезекте зардап шегушінің жағдайы және оның алған жарақатының дәрежесі анықталажы. Содан кейін басылып қалған немесе кысылып қалған дене мүшелеріне бір уақытта бұрау және қысып тұратын таңғыш байлап босатады, ауыз және мұрын қуыстары тазартылады, зардап шегушінің үстіндегі қирандылардың майда бөлшектері, қоқыстар, ұсак тастар алынып тасталады. Зардап шегушінің жағдайына байланысты оны шыгарып алу және тасымалдау әдістері таңдалады. Зардап шегушіні үйіндіден кем дегенде екі кұтқарушы шығарып алу керек. Егер мұндай мүмкіндік болса, онда оны қолынан немесе үстіңгі иық белдеуінен тартып шыгарады. Егер бұл мүмкін болмаса, онда құтқарушылар оның иық белдеуінің және сегіз көзінің астына қолын салып, тек содан кейін ғана зардап шегушіні абайлап шығарады. Кейде зардап шегушіні жатқызу үшін тығыз матаны немесе зембілді колданған қолайлы. Егер зардап шегуші үйіндінің үлкен және ауыр элементтерінің астында қалса онда оны қысқыштың, домкраттың, жүккөтеретін техникалардың көмегімен босатады. Зардап шегуші топыракка басылып қалған жағдайда оны қазып алу арқылы босатуға болады.