
2. Жаңа ақпараттық технологиялар
Жаңа ақпараттық технологиялар - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге дейін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Басты себеп – мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауына немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе "құзiреттiлiк" ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.
Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi - aқпараттық коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын "оқу, тұрмыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлетгiлiгi" деп анықтайды.
Авторлар мақалада ақпараттық коммуникациялық құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы жәнее кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бұл тұрғыдан қарастырғанда, ақпараттық құзырлылық екі құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық және компьютeрлiк бiлiмдарлық.
Компьютeрлiк технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа К.А. Каймин "компьютермен өз бетiнше жұмыс iстей бiлу, компыoтерлiк техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы" деп aнықтама бередi.
Компьютерлік желі. Компьютердің жүйелік блогында iшкi, сыртқы құрылымдарымен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түрі порттары бар. Олар тiзбектi жене параллель қосылатын болып екіге белiнедi. Осы порттар apқылы әр түрлi құрылғылар aрасында ақпараттарды тасымалдауға (жiберуге жене қабылдауға) болады. Егер eкi немесе бiрнеше компьютердi порттары apқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердiң арасында алмасу жұмысын жүргiзуге мүмкiндiк туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлiк желi құрады.
Компьютерлік желі - ресурстарды (дискi, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиiмдi пайдалану максатында бiр-бiрiмен байланыстырылған компьютерлер. Желi жұмыс жасау үшiн арнайы аппараттық жене программалық жабдықтар болуы қажет. Желi арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.
Күнделiктi өмipдe кездесетiн компьютерлiк желiге мысал реде өздерің оқитын компьютерлiк кластағы бiрнеше компьютердің желiге бiрiктiрiлyiн айтуға болады. Сондай-ақ бiр мезгiлде жүздеген тiптi мыңдаған компьютердiң қатысуымен ұйымдастыған темiржол және әуе қатнасы билет сату жүйесiн де желіге мысал peтiндe келтiре аламыз. Бұл пайдаланушылар санын білу мүмкiн емес ғаламдық акпараттық Интернет желiсi. Қазiргi кезде компьютерлiк желi кез келген мекемеде: зауыттарда, фирмаларда, банктерде орнатылған. Себебi желiге қосылмай өндipicтiк, немесе қаржылық қызметтердi тиiмдi жүзеге асыру мүмкін емес.
Компьютерлiк желiлер масштабы мен мүмкiндiгi бойынша ерекшеленедi. Ең шағын желiлер жергiлiктi деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады.Мұндай ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер жене басқа қымбат қурылрылар) тиiмдi пайдалану мақсатында құрылады.
Компьютер желiге желiлiк тақташа, модем немесе жоғары жылдамдқты сандық телефондық қызмет (ISDN) торабы арқылы қосылады. компьютердi желiге телефон желiсi apқылы қосу үшін желiлiк тақша емес модем қажет.
Жергiлiктi есептеуiш желiлер - саны шектеулi (әдетте 100 дейiн) компьютерлердi бiр ұйым немесе мекеме iшiнде біріктіру үшiн қолданылады. Жергiлiктi есептеуiш желi шектеулi аймақтағы (бiр бөлмеде, бiр мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлердi бiрiктiредi. Мекемелердегi жергiлiктi желі әр түрлі бөлiмдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық технологиялық байланыс орнату үшiн құрылады.
Жергiлікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен қысқа жиілік байланыс желісімен (әдетте он, жүз метр) біріктірілген. Сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. ақпараттың берілуі сапалы болу үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен бөгеуіл шамасы артып кетеді.