Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
servis_lektsiy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.54 Mб
Скачать

Тауарайналымның технологиялық үрдісі

Жетіспеушілік айқындалған кезде жетіспеушілік айқындалу туралы бір жақты акт құралады. Бұл тауар бөлек сақталады, сақталуы қамтамасыз етіледі де тез бұзылатын тауарлар болса, жетіспеушілік айқындалған кезде бірден, ал басқа тауарлар болса, 24 сағат ішінде жабдықтаушы шақырылады. Жабдықтаушы тез бұзылатын тауарлар жөнінде шақырған соң 4 сағат ішінде, басқа тауарлар жөнінде келесі күннен кеш қалмай келу керек. Соңғы қабылдау аяқталған соң 3 дана акт құрылады.

Тауарларды саны бойынша қабылдаумен қатар сапасы бойынша да қабылдайды. Тез бұзылатын өнімдер сапасын 24 сағат ішінде, бұзылмайтын тауарлар үшін 10 күн ішінде сапасын тексереді.

Сапасы бойынша тауарларды қабылдау органалептикалық (түрі, түсі, иісі, дәмі) жүргізіледі. Бұл кезде стандаттарға сәйкестігін тексереді. Көліктік құжаттарына сертификаттар немесе сапа куәлігі , онда дайындау мерзімі, өткізу уақыты, фирма аты: гигиеналық сертификат, (рұқсат етілген және нақты ауыр металдар деңгейі көрсетіліп ) қоса беріледі.

ҚР «тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңы мен санитарлық нормалармен ережелерге сәйкес тауар тұтынушы денсаулығы үшін қауіпсіз болу керек.

Қабылдауға тыйым салынады:

  • таңбасыз және ветеринарлық куәліксіз барлық ауыл шаруашылық мал түрлерінің еті;

  • ветеринарлық куәліксіз, сонымен қатар сальмо неллез бойынша қолайсыз шаруашылықтардан ауыл шаруашылық құс еті мен жұмыртқа;

  • герметикалығы бұзылған, бомбажды консервілер;

  • шірік белгілері бар көкөністер мен жемістер;

  • сапа туралы құжаты жоқ тұздалған, маринадталған кептірілген саңырауқұлақ;

  • сапа куәлігі жоқ өсімдік текті өнімдер.

Сапа сәйкессіздігі айқындалған жағдайда жабдықтаушы қатынасында сапасыз өнім саны туралы акт құрылады.

Өндірістің үздіксіз жұмысы мен тұтынушылар сұранысы ескерілік жеткілікті мөлшерде өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін тауарлық қорлар қажет.

Тауарлық қорлар минималды, бірақ кәсіпорынның бірқалыпты жұмысына жеткілікті болу керек. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үшін қалыпты сақтау шартында төмендегіде тауарлық қорлар нормалары ұсынылады:

  • тез бұзылмайтын өнімдер (ұн, қант, жарма) -8-10 күн.

  • тез бұзылатын өнімдер (ет, балық, құс және т.б.) – 2-5 күн.

  • нан, сүт қоры бір күндік өткізу мерзімінен аспау керек.

Нормативтен асатын қорлар сақтау кезіндегі қорларды ұлғайтуды, тауар айналымын тежейді, есеп жүргізуді қиындатады, қойма бөлмелерін аса толтырып, сақтау шарттарын нашарлатады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру

Материалды-техникалық жабдықтау қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын барлық түрлі жабдықтармен, асханалық және ас ыдыстармен, өндірістік, саудалық құрал-саймандармен, санитарлық арнайы киіммен және формалық киіммен, жиһазбен, жаймалармен және т.б. қамтамасыз етуге арналған.

Материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыруға келесі талаптар қойылады:

  • жабдықтау жинақтылығы мен уақыты жүргізілуі;

  • үздіксіздігі, себебі жабдықтаудың үзілуі кәсіпорынның нақты тәртібін бұзады, қызмет көрсетуді нашарлатады, сондықтан амтериалды-техникалық құралдарға және тауарлық қорлар өлшемінде қажеттілігін анықтау өте маңызды;

  • жабдықтау сенімділігі мен жоғары сапасы, яғни барлық материалды құралдар әрекеттігі стандарттарға сәйкес жабдықталуы керек;

  • жабдықтау түрін дұрыс таңдау.

Нарық экономикасы мен бәсекелестік жағдайында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын материалды-техникалық құралдармен орталықтандырылған жабдықтау құлдырады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жабдықтау бөлімдері немесе жеке жауапты жұмысшылар арқылы өздігінен жабдықтаушыларды іздейді, материалды құралдар жабдықтауға келісім шартқа келіседі.

Қаптамада келген жабдықтарды қабылдау кезінде қаптама бүтіндігі, техникалық шарттарға, ілестірмелі құжаттарға сәйкестігі тексеріледі. Белгілі-бір ақаулар, ауытқулар айқындалса, акт құрылады. Акт құру реті (мерзімі, комиссия құрамы және т.б.) келісім шарт пен нұсқаумен анықталады. Акт негізінде жабдықтаушыларға арыз беріледі. Жабдықтаушыларды таңдауға қойылатын талаптар азық-түлік өнімдерін жабдықтаушыларға қойылатын талаптарға ұқсас, яғни жүйелі түрде ықтимал жабдықтаушыларды зерттеу, олардың тізімін құру, ұсынылады, жеткізулер сапалы, уақытылы, сенімді болу үшін жабдықтаушыны таңдау кезінде арнайы критерий бойыеша талдау жүргізіледі.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны өндірушімен тікелей келісім шарт құруы мүмкін немесе көтерме жәрмеңке, аукциондық сауда орталықтарының қызметтерін қолдану мүмкін. Тауарды сауда желілерінен сатып алса да болады; көптеген қалаларда ас үй жиһазымен, ас ыдыстармен және т.б. жабдықтауға көмектесетін сервис орталықтар құрылады. Кішігірім кәсіпорындар аз көтерме дүкендер қызметін қолдану мүмкін.

Ең тиімді және ұйымдасқан түрі жәрмеңкелік сатып алу болып табылады. Оның бірқатар артықшылығы бар; сатып алушыларда жабдықтаушылармен ұсынатын тауарлардың нақты сынамасымен танысуға, модельдер көрсетілімін, модификациясын қарауға, оларды әрекетте көріге, қажетті коммерциялық ақпарат және кеңес алуға болады; сонымен қатар келісім шарт құру мерзімдері тездетіледі, сатып алушының өнімді жабдықтауға тапсырысы жедел қарастырылады, өзара пайдалы шешім табылады.

Аукциондық сауда – сатушы максималды пайда алу мақсатында сатып алуға қатысып отырған бірнеше немесе көп сатып алушылар бәсекесін қолданатын тауар өткізу әдісі. Тауар ең үлкен баға ұсынған сатып алушы меншігіне өтеді.

Материалды құралдар саны шығындар, жабдықтау және қолдану нормалары негізінде анықталады. Шығын нормасын бір рет қолданылатын заттарға, қажеттілігін анықтау үшін орнатылады, мысалы бір реттік ыдыс, жуғыш заттар және сауда-өндірістік әрекет барысында толық тұтынылатын басқа материалдар. Жабдықтау нормасы көп рет қолданылатын заттарға (жабдық, жиһаз, ас ыдыстары мен аспаптар, ас үй құралдары және т.б.) қажеттілігін анықтау үшін орнатылады.

Арнайы киімді қолдану нормасын ескеріп есептейді – әрбір жұмысшыға жылына екі жинақ киім. Аспазшы үшін жинаққа ақ алжапқыш, ақ қалпақ кіреді.

3ДӘРІС

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]