Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
servis_lektsiy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.54 Mб
Скачать

Тауарайналым түрлері мен әдістері. Тауарайналымдағы көлік, оған қойылатын талаптар

Тауарайналым - тауарларды өндіру жерінен бастап тұтыну жеріне дейін жеткізу.

  • тауарайналымның негізгі принциптері:

  • тауарайналымның оңтайлы тізбегі;

  • көлік құралдарын тиімді қолдану;

  • саудалық- технологиялық жабдықтарды тиімді қолдану;

  • тауармен орындалатын операциялар санын қысқарту.

Тауармен орындалатын операциялар саны тауар айналым сызбасына байланысты.

Қойма тізбегі деген түсінік бар, яғни тауар өндірістен тұтынушыға дейін қозғалу жолында қанша қоймадан өтеді. Мысалы: тауар өндіруші қоймасынан шығу базасы қоймасына, содан кейін саудалық-сатып алу базасына тасымалданады, содан соң тауар саудалық база қоймасына, одан кейін тұтынушы қоймасына тасымалданады.

Бұл сызба бойынша тауар төрт қоймадан өтеді, бұл сапаның төмендеуіне алып келуі мүмкін. Бұндай жабдықтау түрі қоймалық деп аталады. Қоймалық жабдықтау түрінде жабдықталатын шикізаттар мен тауарлардың ең жақсы жинақтылығы қамтамасыз етіледі.

Жабдықтаудың транзитті түрі аралық көтерме базарларды өтпей жабдықтаушы – кәсіпорын тікелей байланысын көздейді.

Тез бұзылатын тауарлар үшін транзитті әдіс, тез бұзылмайтын тауарлар үшін қоймалық әдіс, ол көптеген жағдайда аралас жабдықтау түрі қолданылады.

Өнімдерді жеткізу орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдермен жүргізіледі. Орталықтандырылған жеткізуде кәсіпорынға тауарды жабдықтаушы күші мен құралдармен жүзеге асады. Орталықтандырылмаған жеткізуде тауарларды кәсіпорын өз көмегімен жабдықтаушыдан алады. Жеткізу тәсілдерімен өнімдерді жеткізу маршруттары да байланысты. Орталықтандырылмаған жабдықтау кезінде өнімдерді кәсіпорынға тек сызықтық маршрутпен жеткізеді. Ал орталықтандырылған жеткізуде сақиналы маршрутпен жеткізеді, яғни бір машинада тауар график пен маршрутқа сәйкес бірнеше кәсіпорынға жеткізіледі. Сақиналы маршрут көліктің жүк көтеруін толық қолдануға, көлік шығындарын азайтуға, ыдыстарды қайтаруын тездетуге мүмкіндік береді.

Тауарайналымда маңызды орынды көлік орындайды. Тауар айналымы үрдісінде көлік ұйымдары:

  • тасымалдау кезінде жүк сақталғыштығын;

  • жүктің уақытылы жеткізілуін;

  • жүктеу және тасымалдау ережелерін қадағалау;

  • көлік құралдарын тиімді қолдануды қамтамасыз ету керек.

Азық-түлік өнімдерін тасымалдау үшін арнайы көлік қолданылады. Кузовтары цинктелген темірмен немесе алюминиймен қапталады. Өнімдерді тасымалдауға арналған әрбір машинаның, бір жылдан аспайтын мерзімге санитарлық-эпидемиологиялық ұйым берген санитарлық паспорты болу керек.

Азық-түлік өнімдерін қабылдауды ұйымдастыру. Тауар қорлары

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында тауарларды қабылдау технологиялық үрдістің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қабылдау екі кезеңде жүреді. Өнімдерді сәйкесінше тапсырылған саны мен сапасы бойынша қабылдайды.

Бірінші кезең – алдын-ала қабылдау. Өнімдерді саны бойынша қабылдау тауар-көліктік накладная, счет-фактура бойынша, ыдыс орнын қайта санау, өлшеу және т.б. жолмен жүзеге асады. Егер тауар бұзылған қаптамада түссе, брутто салмағын тексергеннен басқа, кәсіпорын қаптаманы ашып, нетто салмағын тексеру құқығы бар.

Екінші кезең – соңғы қабылдау. Нетто салмағы мен тауарлық бірлік саны қаптамасын ашқан кезде бір мезгілде тексеріледі, бірақ 10 күннен кеш қалмау керек. Ал тез бұзылатын өнімдер тауар қабылдау сәтінен бастап 24 сағат ішінде текскріледі. Ыдыс массасы тауарды қабылдаумен қатар тексеріледі. Нақты қаптама салмағында айырмашылық туындағанда тексеру нәтижесі қаптаманы өлшеу актісімен рәсімделеді, ол оны босатқан соң 10 күннен аспай құрылу керек. Әрбір қаптама орнында (жәшік, фляга, қорап) дайындау күні, уақыты және соңғы өткізу мерзімі көрсетіліп маркілеу жарлығы болу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]