
- •Қызмет көрсету мақсаттары мен міндеттері
- •Қызмет көрсетудің жіктелуі
- •Қызмет көрсету әдістер мен түрлері
- •Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын қамсыздауды ұйымдастыру
- •Тасымалдаушылармен келісім шарт қатынастарын ұйымдастыру
- •Жабдықтауды ұйымдастыру. Жабдықтаушыны таңдау
- •Тауарайналым түрлері мен әдістері. Тауарайналымдағы көлік, оған қойылатын талаптар
- •Азық-түлік өнімдерін қабылдауды ұйымдастыру. Тауар қорлары
- •Тауарайналымның технологиялық үрдісі
- •Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру
- •Қойма және ыдыс шаруашылығын ұйымдастыру
- •Қойма бөлмелерінің тағайындалуы және жинақтау
- •Кәсіпорын қуатына байланысты қойма бөлмелерінің құрамы, оларды жабдықтау
- •Қойма бөлмелеріне қойылатын көлемдік-жоспарлық және санитарлық-гигиеналық талаптар
- •Өнімдерді сақтауды ұйымдастыру. Сақтау тәртібі мен әдістері
- •Ыдыс айналымын ұйымдастыру
- •Ыдыс шығындарын азайту шаралары
- •Өндірісті жедел жоспарлау және технологиялық құжаттар
- •Алдын-ала даярлау кәсіпорын өндірісінің жұмысын жедел жоспарлау
- •Толық циклді өндірісті кәсіпорында жедел жоспарлау
- •Шикізатты есептеу және аспазшылар бригадасына тапсырма. Өндіріс жұмысын жедел бақылау
- •Жартылай фабрикаттар мен аспаздық өнімдерге салалық стандарттар, техникалық шарттар және технологиялық нұсқаулар
- •Өндіріс құрылымы
- •Өндірістік инфроқұрылым. Өндірістік цехтардың басқа бөлмелер тобымен байланысы
- •Оңтайлы еңбек жағдайын құруға қойылатын талаптар
- •Аспаздық цех жұмысын ұйымдастыру
- •Өндірісті ұйымдастыру
- •Өндірілетін өнім сапасын жақсарту жолдары
- •Саудалық бөлмелер
- •Саудалық бөлмелер сипаттамасы
- •Асханалық ыдыстардың, асханалық құрал – жабдықтардың, ас жаулықтардың тағайындалуы
- •Дастарқан жаюға арналған фарфор ыдыс
- •Жеке қолдануға арналған фарфор ыдыс
- •Тағамдар мен сусындар ұсыну үшін қолданылатын фарфор ыдыс
- •Астына қоюға арналған фарфор ыдыс сипаттамасы
- •Хрусталь және шыны ыдыс сипаттамасы
- •Мейрамханада қолданылатын шыны және хрусталь ыдыс
- •Барда қолданылатын стакандар
- •Мейрамханалар мен барларда қолдананылатын сапты аяқтар мен шыны-аяқтар
- •Тағамдар мен сусындарды ұсынуға, дастарқан жаюда қолданылатын шыны ыдыс
- •Металл ыдыстар сипаттамасы
- •Ас аспаптары
- •Ас жаулықтар сипаттамасы
- •Мейрамхананың мәзірі
- •Ас мәзірін құру принциптері мен тағайындалуы
- •Ас мәзір түрлері
- •Шарап картасы
- •Мейрамханалардың коктейль картасы
- •Ас мәзірі мен шараптар картасын рәсімдеу
- •Мейрамханада қызмет көрсетуді ұйымдастыру
- •Залда жиһаздарды орналастыру
- •Ыдыстар мен аспаптарды алу және дайындау реті
- •Подносен жұмыс істеу
- •Дастарқан жаюдың жалпы ережелері
- •Алдын-ала дастарқан жаю нұсқаларының сипаттамасы
- •Мейрамханада тұтынушыларға қызмет көрсету
- •Қызмет көрсетудің негізгі элементтері
- •Залда қызмет көрсету үрдісін ұйымдастыру
- •Мейрамханада тағамдарды ұсыну тәсілдері
- •Банкеттер мен қабылдаулар
- •Күндізгі дипломаттық қабылдаулар
- •Кешкі дипломаттық қабылдаулар
- •Даяшылар толық қызмет көрсететін үстел басындағы банкет
- •Фуршет- қабылдау
- •Фуршетке дастарқан жаю
- •Қабылдау-фуршет қатысушыларына қызмет көрсету
- •Коктейль қабылдау
- •Банкет-шай
- •Аралас (құрама) банкеттер мен қабылдаулар
- •Даяшылар ішінара қызмет көрсететін үстел басындағы банкет
- •Арнайы қызмет көрсету түрлері
- •Симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, жиналыстар, қатысушылар тамақтануын ұйымдастыру және қызмет көрсету
- •Қонақ үйлерде қызмет көрсету
- •Қонақ үй нөмірлерінде қызмет көрсету
- •Шетел туристері тамақтануын ұйымдастыру
- •Темір жол жолаушыларына тамақтануды ұйымдастыру қызметтері
- •Аэропортта және самолет бортында тамақтануды ұйымдастыру жөнінде тамақтануды ұйымдастыру жөнінде қызметтер
- •Автокөліктер мен су көлігі жолаушылар тамақтануын ұйымдастыру
- •Жаппай демалу орындарында қызмет көрсету
- •Заманауи қызметтер мен кызмет көрсету түрлері
Аэропортта және самолет бортында тамақтануды ұйымдастыру жөнінде тамақтануды ұйымдастыру жөнінде қызметтер
Аэропорттарда жолаушылардың тамақтануы аэровокзалдар мен аэропорт қонақ үйлерінде орналасқан қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында жүзеге асады. Жобалау нормалары бойынша азаматтық авияция ішкі желілерінде сағатына 30-дан 400 адамға дейін жолаушы ағынды аэровокзалдарда кафе және буфеттер, ол жолаушы ағыны 400 адамнан астам аэровокзалдарда-мейрамхана, кафе, буфеттер қарастырылады.
Авияция жолаушыларында уақыт шектеулігін ескерсек, мейрамханадан басқа барлық қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары өзін-өзі қызмет көрсетіу әдісі бойынша жұмыс істейді, сонымен қатар бәліш, тоқаш, бутербродтар, сүт қышқылды өнімдер, ұннан даярланатын кондитерлік өнімдер және ыстық сусындар, шырындар, минералды сулар сататын буфеттер ұйымдастырылады.
Рейс ұзақтығы 4 сағаттан астам самолетте жолаушыларға бір реттік ыстық тамақтану, ол 6 сағаттан астам самолетте - екі реттік тамақтану ұсынылады.
Барлық рейстердегі жолаушыларға салқын сусындар ұсынылады.
Борттық тамақтану мейрамханада даярланады да, жолаушыларға бортпроводник рацион түрінде: ыстық таңғы ас (кешкі ас), салқын таңғы ас (кешкі ас), консервіленген таңғы ас (кешкі ас), шай және салқын сусындар ұсынылады.
Мейрамханада борттық тамақтану цехы ұйымдастырылады, ол рациондарды даярлау, жинақтау және самолетке жөнелту үрдістеріне механикаландыру үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған.
Аэропорттар мейрамханаларды с чемный самолет жабдығымен, борттық ыдыстармен, ас аспаптармен, контейнерлермен және басқа құрал-саймандармен қамтамасыз етеді. Съемный жабдықтарды және борттық ыдыстарды борттық тамақтану цехтарының жуу бөлімінде жуады. Тамақтар мен жабдықтарды самолетке тасымалдау және самолеттен түсіру автолифт көмегімен жүзеге асады.
Самолетке борттық тамақтануды даярлау және жөнелту аэропорттардың арнайы қызметтер тапсырысы бойынша жүргізіледі. Ұшатын күні қызмет мейрамханаға әрбір рейске жеке 3 сағат бұрын тамақтану мен жөнелтуге тапсырыс – талап жібереді.
Тапсырыс-талапта тамақтану рационның түрі, жолаушылар саны мен экипаж саны, рейс нөмірі көрсетіледі. Мейрамханалар самолетке аэропорт қызметінің тапсырысына сәйкес тамақтануды даярлап, жинақтап жөнелтеді.
Подносқа сәйкес ыдыспен тағам, сонымен қатар қыздыруды немесе суытуды қажет етпейтін өнімдер (салқын тісбасарлар, тоқаш-кондитерлік өнімдер, нан, шай немесе кофе, қант, татытқыштар) қойылады да, контейнерге (әр қайсысында 10 подностан) салады. Ас аспаптары (шанышқы, пышақ, шай қасық) целлофан, полиэтилен пакеттерге оралып, қорапқа салынады да, контейнерге салынады. Самолетте шай немесе кофе даярлауға арналған қайнаған суды электроқайнатқышқа құяды. Қыздыруды қажет ететін тағамды арнайы сотейник салады.
Әр контейнерді пломбалап, пломбаға рацион түрі, порция саны, өткізу мерзімі, күні, рейс нөмірі көрсетілген жарлық ілінеді. Жарлықта мейрамхана мөрі мен жинақтаушы қолы болуы керек.
Автокөліктер мен су көлігі жолаушылар тамақтануын ұйымдастыру
Жолаушы автобекеттері қалааралық және қала шетінде маршруттардың соңғы және транзиттік аялдамаларда жолаушыларға арналған, оларды адамдар сиымдылығы бойынша 25,50,75 адамға арналған болып жіктеледі.
Автовокзал қалааралық және қала маңындағы автобустардың соңғы және аралық пункттерінде қызмет көрсетуге арналған. Автовокзалдар адамдар сиымдылығы бойынша жіктеледі – 100, 200, 300, 500, 700, 1000 және одан көп адам.
Жолаушыларға тамақтанумен өызмет көрсету үшінавтобекеттерде 12, 16,24 және 36 орынға арналған буфеттер, автовокзалдар 15-тен 100 орынға дейін кафелер қарастырылады.
Жеке жобалар бойынша құрылған үлкен сиымдылықты автовокзалдарда мейрамханалар салынады. Кафе мен буфеттердің жұмыс істеу тәртібі автовокзал мен автобекет жұмысының тәртібімен анықталады және тәулік бойы болуы мүмкін. Буфет ассортиментінде – тісбасарлар, бутербродтар, сүт қышқылды өнімдер, ұннан даярланатын кондитерлік өнімдер, ыстық сосискалар, қуырылған жұмыртқа, кофе, шай болады. Кафе ассортиментінде сонымен қатар сорпалап, жеңіл даярланатын екінші тағамдар, тәтті тағамдар, кондитерлік өнімдер, кофе болуы мүмкін. Автовокзалдағы мейрамханада тағамдар ассортименті кәсіпорын типіне сәйкес келу керек. Жаппай тасымалдау кезеңінде автобекеттер мен автовокзалдарда қосымша кіші бөлшек желісін (дүңгіршектер, палаткалар) ашады, сонымен қатар өзі өндірілген өнімдермен арбалардан сатуды ұйымдастырады.
Су көлігінде қызмет көрсету. Су көлігі жолаушыларын тамақтанумен қызмет көрсету. Теңіз және өзен порттарында, теплоходта,кемеде орналасқан мейрамханаларда, кафеде, итбуфетте, дүңгіршектер және бөлшек сауда желілері арқылы жүргізіледі.
Теплоходтар мейрамханаларында 150-200 орын буфет бары, сувенир сату жөнінде дүңгіршектері бар. Кемелерде буфеттер бар.
Техлопоттардағы мейрамханаларда тамақтануға абонементтік талондар сату, ұннан даярланған кондитерлік өнімдер, сусындар сату, каютада қызмет көрсету кең тараған.
Жағадағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның жұмыс тәртібі су көлігі жұмыс тәртібіне сәйкес келу керек.