
- •Қызмет көрсету мақсаттары мен міндеттері
- •Қызмет көрсетудің жіктелуі
- •Қызмет көрсету әдістер мен түрлері
- •Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын қамсыздауды ұйымдастыру
- •Тасымалдаушылармен келісім шарт қатынастарын ұйымдастыру
- •Жабдықтауды ұйымдастыру. Жабдықтаушыны таңдау
- •Тауарайналым түрлері мен әдістері. Тауарайналымдағы көлік, оған қойылатын талаптар
- •Азық-түлік өнімдерін қабылдауды ұйымдастыру. Тауар қорлары
- •Тауарайналымның технологиялық үрдісі
- •Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру
- •Қойма және ыдыс шаруашылығын ұйымдастыру
- •Қойма бөлмелерінің тағайындалуы және жинақтау
- •Кәсіпорын қуатына байланысты қойма бөлмелерінің құрамы, оларды жабдықтау
- •Қойма бөлмелеріне қойылатын көлемдік-жоспарлық және санитарлық-гигиеналық талаптар
- •Өнімдерді сақтауды ұйымдастыру. Сақтау тәртібі мен әдістері
- •Ыдыс айналымын ұйымдастыру
- •Ыдыс шығындарын азайту шаралары
- •Өндірісті жедел жоспарлау және технологиялық құжаттар
- •Алдын-ала даярлау кәсіпорын өндірісінің жұмысын жедел жоспарлау
- •Толық циклді өндірісті кәсіпорында жедел жоспарлау
- •Шикізатты есептеу және аспазшылар бригадасына тапсырма. Өндіріс жұмысын жедел бақылау
- •Жартылай фабрикаттар мен аспаздық өнімдерге салалық стандарттар, техникалық шарттар және технологиялық нұсқаулар
- •Өндіріс құрылымы
- •Өндірістік инфроқұрылым. Өндірістік цехтардың басқа бөлмелер тобымен байланысы
- •Оңтайлы еңбек жағдайын құруға қойылатын талаптар
- •Аспаздық цех жұмысын ұйымдастыру
- •Өндірісті ұйымдастыру
- •Өндірілетін өнім сапасын жақсарту жолдары
- •Саудалық бөлмелер
- •Саудалық бөлмелер сипаттамасы
- •Асханалық ыдыстардың, асханалық құрал – жабдықтардың, ас жаулықтардың тағайындалуы
- •Дастарқан жаюға арналған фарфор ыдыс
- •Жеке қолдануға арналған фарфор ыдыс
- •Тағамдар мен сусындар ұсыну үшін қолданылатын фарфор ыдыс
- •Астына қоюға арналған фарфор ыдыс сипаттамасы
- •Хрусталь және шыны ыдыс сипаттамасы
- •Мейрамханада қолданылатын шыны және хрусталь ыдыс
- •Барда қолданылатын стакандар
- •Мейрамханалар мен барларда қолдананылатын сапты аяқтар мен шыны-аяқтар
- •Тағамдар мен сусындарды ұсынуға, дастарқан жаюда қолданылатын шыны ыдыс
- •Металл ыдыстар сипаттамасы
- •Ас аспаптары
- •Ас жаулықтар сипаттамасы
- •Мейрамхананың мәзірі
- •Ас мәзірін құру принциптері мен тағайындалуы
- •Ас мәзір түрлері
- •Шарап картасы
- •Мейрамханалардың коктейль картасы
- •Ас мәзірі мен шараптар картасын рәсімдеу
- •Мейрамханада қызмет көрсетуді ұйымдастыру
- •Залда жиһаздарды орналастыру
- •Ыдыстар мен аспаптарды алу және дайындау реті
- •Подносен жұмыс істеу
- •Дастарқан жаюдың жалпы ережелері
- •Алдын-ала дастарқан жаю нұсқаларының сипаттамасы
- •Мейрамханада тұтынушыларға қызмет көрсету
- •Қызмет көрсетудің негізгі элементтері
- •Залда қызмет көрсету үрдісін ұйымдастыру
- •Мейрамханада тағамдарды ұсыну тәсілдері
- •Банкеттер мен қабылдаулар
- •Күндізгі дипломаттық қабылдаулар
- •Кешкі дипломаттық қабылдаулар
- •Даяшылар толық қызмет көрсететін үстел басындағы банкет
- •Фуршет- қабылдау
- •Фуршетке дастарқан жаю
- •Қабылдау-фуршет қатысушыларына қызмет көрсету
- •Коктейль қабылдау
- •Банкет-шай
- •Аралас (құрама) банкеттер мен қабылдаулар
- •Даяшылар ішінара қызмет көрсететін үстел басындағы банкет
- •Арнайы қызмет көрсету түрлері
- •Симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, жиналыстар, қатысушылар тамақтануын ұйымдастыру және қызмет көрсету
- •Қонақ үйлерде қызмет көрсету
- •Қонақ үй нөмірлерінде қызмет көрсету
- •Шетел туристері тамақтануын ұйымдастыру
- •Темір жол жолаушыларына тамақтануды ұйымдастыру қызметтері
- •Аэропортта және самолет бортында тамақтануды ұйымдастыру жөнінде тамақтануды ұйымдастыру жөнінде қызметтер
- •Автокөліктер мен су көлігі жолаушылар тамақтануын ұйымдастыру
- •Жаппай демалу орындарында қызмет көрсету
- •Заманауи қызметтер мен кызмет көрсету түрлері
Темір жол жолаушыларына тамақтануды ұйымдастыру қызметтері
Жолаушыларға қызмет көрсету вокзалда, бекеттерде, перронда, пойзда жүзеге асады.
Вокзалда, бекеттерде, перрондарда жолаушыларға мейрамхана, кафе, буфеттер, сонымен қатар маманданған кәсіпорындар (тұшпарахана, сосискахана және т.б) ішінде қызмет көрсетеді. Мейрамханаларда қызмет көрсетуді тездету үшін фуршет, шай үстелдерін, кешенді астарды ұйымдастырады. Ұзындығы 3-4 м фуршет үстелдеріне алдын-ала аспаптар, нан, балық, ет, көкөніс, салқын тағамдар, бутербродтар, аспаздық өнімдер, жеміс және минералды сулар, сүт қышқылды өнімдер қойылады. Жолаушы үстелге келіп, салқын тағамдар сусындар таңдайды. Үстел басында даяшы қызмет көрсетеді де, есеп-айырысады.
Ұзындығы 2-3 м шай үстеліне шайға арналған ыдыстар, тәрелкелер, бутербродтар, ұннан даярланатын кондитерлік өнімдер мен аспаздық өнімдер, қант кәмпит және т.б. қойылады. Қосалқы үстелде немесе тікелей шай үстеліне 8-10 адамға арналған электр самаурыны қойылады. Үстел басында даяшылар қызмет көрсетеді.
Кешенді түскі астармен қызмет көрсетуге арналған үстелдерге алдын-ала тісбасарлар, салқын тағамдар қояды, ас аспаптарын орналастырады. Даяшылар бірінші және екінші ыстық тағамдарды ұсынып, есеп – айырысады. Бұндай қызмет көрсетуде жолаушылар тамақтануға 8-10 минут кетіреді.
Темір жол бекеттеріндегі мейрамханаларда құрама қызмет көрсету әдісі қолданылуы мүмкін. Ол үшін асханамен жанасатын қабырға бойымен, мүмкін болса, өзіне-өзі қызмет көрсету желісін орнатады, ол салқын тағамдарға, сусындарға, сүт қышқылды өнімдерге арналған жеке секциялар (тоңазытылатын сөре), ыстық тағамдарды порцияға бөлу мен жіберуге арналған қыздырылатын секциялары бар. Есеп – айырысу орны желі соңында орналасқан. Құрама әдісті таңғы және күндізгі уақытта қолданады.
Вокзалдармен бекеттердегі буфеттерде ыстық сусындар, жеңіл даярланатын тағамдар, жеміс және минералды сулар, сүт қышқылды өнімдер, піскен жұмыртқа, жол жинақтарын және т.б. өткізеді. Перронда дүңгіршектерде, әртүрлі салмалармен бәліштер, тоқаштар, бутербродтар, бөтелкедегі сусындар сатылады.
Бір тәулік және оданда көп жүретін пойздарға вагонмейрамхана, бір тәуліктен аз жүретін пойздарға купе – буфетпен вагон жалғасады.
Вагон – мейрамханада ас бөлмесі, жуу бөлмесі, салон, тарату орны бар. Ас бөлмесінде плита, тоңазыту шкафы, суық және ыстық су жүргізілген екі жуу ваннасы, тоңазыту шкафымен үстел тарату сөресі орналасады. Вагон – мейрамханада екі салон бар, оларда 48 орынға арналған орындықтармен 12 үстел, кассалық ақпаратқа арналған үстел орнатылған. Салонның бірінде витринасы бар буфет жабдықталған.
Қарапайым алыс сапар пойыздарында бір вагон – мейрамхана болады. Рейстік бригада тоғыз адамнан тұрады: директор, өндіріс меңгерушісі, аспазшы, екі ас үй, асхана жұмысшысы, ыдыс жуушы, үш даяшы, оның ішінде бір даяшы тасушы. Ұзақ маршрутта (3 тәуліктен астам) бригада құрамына қосымша аспазшы және куәлігі мен медициналық анықтамасы, ал дикторда, өндіріс меңгерушісінде, асхана жұмысшыларында сонымен қатар вагон жабдығын қолдану құқығы куәлігі болу керек.
Даяшылар мен даяшы – тасушылар тікелей вагон – мейрамхана директорына бағынады. Даяшылардың негізгі мінднті салонда қызмет көрсету, вагондарға өнімдерді тасу, тауарларды тиеу-түсіру жұмыстарына қатысады, дастарқан жабады. Гигиеналық жабылған үтелдерге кенеп майлықтарын төсейді. Дастарқандар барлық жағынан бірдей түсіп тұру керек. Вагон-мейрамханаларда асханалық жаймалар: дастарқандар, майлықтар, қол ормалдар, сүлгілер болу керек. Алдын-ала дастарқан жаю қоданылады. Үстелге төрт бәліш тәрелкесін, төрт фужер, татымдықтар (тұз, бұрыш); қағаз майлықтар салынған ваза, гүл салған ваза қойылады. Үстел шетіне ас мәзірін қояды. Үстелге алдын-ала рюмкалар мен ас аспаптарын қою ұсынылмайды. Оларды тапсырылған тағамдар мен сусындарға байланысты қызмет көрсету барысында алып келеді.
Қызмет көрсету кезінде тапсырысты рәсімдеу, тағамдарды ұсыну, тұтынушылармен есеп-айырысу ретін қадағалау керек. Бір тәуліктен аспайтын жолда жүретін пойыздардың вагон мейрамханаларында бірінші тағамдардан басқа тұрақты әрекеттегі қысқартыған мәзір бойынша өызмет көрсетеді. Егер пойыз бір тәуліктен аса жүрсе, онда ас мәзіріне бірінші тағамдар кіреді. Екі тәуліктен аса жүретін пойыздардың вагон - мейрамханасында апта күні бойынша өзгеретін мәзір қолданылады.
Вагон – мейрамхана директоры тұтынушыларға қызмет көрсету жөнінде барлық жұмысты ұйымдатырушы және реттеуші болып табылады.
Вагон – мейрамхана залдарының шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты пойыздарда тікелей вагондарда даяшы-тасушы арқылы жолаушыларға қызмет көрсету ерекше мәнге ие. Жолаушылардан кешенді түскі астар, сүт қышқылды өнімдер және т.б. жеткізуге тапсырыс қабылдау кең тараған.
Вагон – мейрамханалардың жұмыс көбінесе оларды тағам өнімдерімен қамсыздауды дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Қамсыздау тіркеу орны бойынша базаларда және вагон-мейрамхана директорының алдын-ала келісілген келісім шартқа сәйкес тапсырыс бойынша аралық бекеттерде жүргізіледі. Вагон –мейрамхана директоры қамсыздау орнына пойыздың келуіне дейін 12 сағаттан кешікпей базаға телеграфты тапсырыс бағыттайды, оның негізінде тауарларды таңдап, жинақтайды. Пойыз келуіне орай база жұмысшысы өнімдерді арнайы контейнерде автокар немесе арбада вагон-мейрамханаға алып келеді. База жұмысы тәулік бойы ұйымдастырылады. База жоқ жерде қамсыздауды жол мейрамханасы жүзеге асырады.
Купе –буфеттерді буфет тұрағымен,витрина-шкафпен, кофе қайнатқышпен, өндірістік үстелмен, жуу ваннасымен, тоңазыту шкафымен жабдықтайды.
Купе-буфетте бригада үш адамнан тұрады: меңгеруші және екі даяшы-тасушы. Купе-буфет арқылы өнімдердің шектеулі ассортиментін, соның ішінде бутербродтар, сүт қышқылды өнімдер, қуырылған котлет, тауық, сосискалар (сарделькалар), алкогольсіз сусындар, кофе, жемістер, шырындар, нан тоқаш өнімдері өткізіледі.