Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
servis_lektsiy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.54 Mб
Скачать

Тасымалдаушылармен келісім шарт қатынастарын ұйымдастыру

Жабдықтау келісім шарты өнімдердің барлық түрлерін екі жаққа жеткізу міндеті мен құқығын анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Келісім шартты құру кезінде ҚР азаматтық кодексімен, заңдары мен және т.б. заң шығарушы актілеріне сәйкес басқарылады. Келісім шартты құру кезінде келесідей мәселілерді білу қажет: оны жүзеге асыру кезінде қандай мақсаттарға қол жеткізу, безендіру, қол қою және орындауға байланысты ең маңызды сәттерді анықтау.

Жалпы келісім шарт төрт бөлімнен тұрады:

  • преамбула (кіріспе бөлім)

  • келісімшарт заты

  • келісімшартқа қосымша жағдайлар

  • келісім шарттағы басқа да жағдайлар.

Минимум жағдайлар қарастырылған өте қысқа келісім шарттармен қатар, көп беттік, өте тыңғылықты көп мөлшердегі қосымша жағдайларды қарастыратын келісім шарттар қарастырылады.

Келісім шартты құру кезінде қарастырылатын жұмыстың басты мәселелерін қарастыру керек, бұдан кейін жалпыдан жекеге өту арқылы жұмыстың схемасын құрып, әр кезеңде қалай орындалатынын ойластырып, бұл үшін қандай жағдайлардың болуы, сонымен қатар қауіптің болу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Қарастырылатын келісім шарттың жобасын бұл жобаға қызыққан ұжымның құруы қажет. Келісім шарт жағдайларын қарастыру үшін сол профильдегі арнайы мамандарды шақыру керек. Келісім шартты құру ұсынысы белгісіз кәсіпорындардан келіп түссе, олар туралы көптеген мөлшерде ақпараттар жинау керек. Бұл үшін олардың құжаттары мен тіркеу куәліктерімен танысу керек. Оның басқарушысы кім, қордың көлемі қандай, ұжымның қаржылық жағдайы қандай екендігіне көңіл аудару керек.

Жабдықтауды ұйымдастыру. Жабдықтаушыны таңдау

Меншік түріне тәуелсіз қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындағы ірі фирмаларда жабдықтау бөлімдері құрылады, кішігірім кәсіпорындарда жабдықтауда жабдықтауды ұйымдастыруға жауапты жұмысшы тағайындалады. Жабдықтау бөлімі жабдықтау-өндіріс-өткізу тізбегінде материалды ағынды қамтамасыз ететін белгілі-бір функцияларды орындайды.

Логистика – шикізатты сатып алу орнынан бастап соңғы тұтынушыға дейін материалды ағынның қозғалысы жөнінде барлық әркекет түрін жоспардау, ұйымдастыру және бақылау. Жабдықтау бөлімі мен өндіріс және өткізу бөлімдері арасындағы и материалды ағындарды басқару бойынша әрекеттердің жоғары дәрежеде келісуін қамтамасыз ету. Жалпы кәсіпорынның логистикалық ұйымдастыру мақсаты болып табылады.

Кәсіпорынды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін келесі мақсаттарды шешу керек:

  • не сатып алу керек;

  • қанша сатып алу керек;

  • кімнен сатып алу керек;

  • қандай шартта сатып алу керек

Сонымен қатар:

  • келісім шарт құру;

  • келісім шарттың орындалуын бақылау;

  • жеткізуді қамтамасыз ету;

  • қоймаға жинау және сақтауды ұйымдастыру керек.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда ықтимал жабдықтаушылар тізімі құрастырылады, ол толықтырылып жаңарып отырады.

Құрылған жабдықтаушылар тізімі арнайы критерийлер бойынша талданады. Көбінесе жабдықтаушыны таңдау кезінде жабдықталатын өнім бағасы мен сапасымен, сонымен қатар жабдықтау сенімділігімен шектеледі.

Жабдықтаушыны таңдау кезінде ескерілетін басқа да критерийлерге мыналар жатады:

  • жабдықтаушының тұтынушыдан алыстығы;

  • тапсырысты орындау мерзімі;

  • жабдықтаушыда сапамен басқарудың ұйымдастырылуы

  • жабдықтаушының қаржылық жағдайы, оның несие қабілеттілігі және т.б.

Әрбір кәсіпорын тауарайналым тиімділігін арттыру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]