Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
servis_lektsiy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.54 Mб
Скачать

Арнайы қызмет көрсету түрлері

Семинарларға, конференцияларға қатысушыларға қызмет көрсету.

Қонақүйлерде тұратын жеке тұлғалар үшін қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру. Қонақүй номерлері мен этаждағы буфеттердегі қонақтарға қызмет көрсету.

Темір жол мейрамханалары мен вагон – мейрамханаларындағы шетел туристтеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Әуе жайлар мен ұшақтардағы туристтерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Алыс және жақын шетел туристтеріне тамақтандыруды ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Арнайы қызмет түрлеріне симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, жиналыстар, спорт жарыстары, демалыс аймағында мәдени – бұқаралық шараларға қатысушылар тамақтануын ұйымдастыру және қызмет көрсету; қонақ үй тұрғындарына қызмет көрсету, тапсырыс бойынша аспаздық өнімдер мен кондитерлік өнімдердітижеткізу және кеңсе мен уйде тұтынушыларға қызмет көрсету; жолаушылар көлігінде (купеде, каютада, самолет салонында) қызмет көрсету жатады.

Симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, жиналыстар, қатысушылар тамақтануын ұйымдастыру және қызмет көрсету

Симпозиум, конференциялар, семинарлар мен жиналыстар қатысушыларына қызмет көрсету тұрғын жерінде (қонақ үй) жүзеге асады. Тамақтану мейрамханаларда, кафе, барда ұйымдастырылады. Ол үш ретті болу керек. Күндізгі рацион ас мәзірі ( таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) бір аптаға немесе декадаға құрылады.

Мейрамхана әкімшілігіне алдын – ала симпозиум, конференция мерзімі мен жұмыс тәртібі, қатысушылар саны хабарланады. Мейрамханаға келу уақыты, күндізгі рацион құны мен есеп – айырысу реті анықталады. Бұндай шараларға қатысушыларға арналған ас мәзірі алдын – ала құрылады және тапсырыс берушілермен – сәйкес ұйым өкілімен келісіледі.кешенді таңғы ас, түскі ас, кешкі астар нұсқалары ұсынылуы мүмкін.

Мейрамхана әкімшілігі бір мезгілде уақыттары шектеулі көп адамдарға қызмет көрсету қажеттілігін ескеріп, даяшылардың жылдам және нақты жұмысын қамтамасыз ету керек. Осы мақсатта қызмет көрсететін персоналдың жұмысқа шығу графигі нақтыланады. Даяшылар саны бір мезгілде бір даяшы 8 адамға дейін қызмет көрсету есебімен анықталады. Ыдыстарды жинау үшін даяшыларға тек қонақтарға қызмет мүмкіндігін беріп, қосалқы жұмысшыларды бөлу ұсынылады.

Қызмет көрсету үшін дастарқан алдын – ала жайылады. Таңғы ас пісірме, шай немесе кофеге арналған шыны – аяқ, джем салынған разеткалар, қант, сүт қышқылды өнімдер қойылады. Қызмет көрсету кезінде қонақтар өздері құйыпалу үшін шайды шәйнекте, кофені кофейникте ұсынуға болады. Нанды кесіп, тәрелкелерге немесе нан салғыштарға салып, мата майлықпен жауып, үстелге қояды.

Түскі асқа үстелге салқын сусындар ен бөтелкелер (салқындатылған және сүртілген жемістер , нан , тәтті тағамдар) компот, кисель, мусс, крем, желе) қойылады.

Қызмет көрсетуді тездетуге тікелей залға шығып тұратын қосымша тарату желілерін ұйымдастыру (суытылатын витриналар, бірінші тағамдарға арналған мармит) ықпал етеді.

Қатысушыларға қызмет көрсету қолма – қол есеп – айырысу (талон) арқылы ұйымдастырылуы мүмкін. Даяшылар кассирге талонды ақша орнына тапсырады. Асхана мен сервис – бармен даяшы жіберілген тағамдарға кассалық чектермен есеп-айырысу арқылы ұйымдастырылса, онда даяшы қалыпты ретте есеп – айырысады, яғни есеп беріп, ақшасын алады.

Отырыстар арасындағы үзілістерде жиналыс жүргізу орны бойынша ұйымдастырылатын банкет – фуршет жұмыс істеуі мүмкін.

Қатысушылар санына, бөлме ауданы мен түріне байланысты 2-3 м ұзындықты бір немесе бірнеше фуршет үстелдерін қояды. Қажет өлшемді үстелдер болмаса, квадрат немесе тіктөртбұрышты үстелдерден құрастырады. Үстелге банкет – фуршетке арналған дастарқан жайылады. Үстелге кішкентай порциямен салқын тісбасарлар (салат салғышта) нан, үлкен табақтарда порциялап салынған гострономдық тауарлар, бутербродтар, бәліштер, вазаға салынған жемістер, пирожныйлар қойылады. Үстел шетіне кофе, сорпалармен термостар, сорпа және кофеге арналған шыны-аяқтар, шырын құйылған құмырылар қойылады.

Фуршет үстелдері қасында кішкентай үстелдерге тісбасарлық және бәліш тәрелкелері, тісбасарлық шанышқылар мен пышақтар, фужерлер немесе стақандар қойылады. Қосымша үстелдер қағаз майлықтар, сумен сырамен бөтелкелер, фужерлер, стакандар қойылады.

Әр үстелге үш даяшы қызмет көрсетеді: біріншісі өнім толықты,ғын бақылайды, екіншісі қолданған ыдыстар мен аспаптарды жинап, қорын толтырады, үшіншісі есеп – айырысады.

Қызмет көрсетуді тездету үшін сорпа мен бәліштерді жіберетін жеке үстелдерді ұйымдастырады, ыстық сосискалар, бір порциялы табаларда,кокотницаларда ыстық тісбасарды сатады. Бұл жағдайда тағамдарды аспаз жібереді де, даяшы есеп айырысады. Қосымша шай үстелі, балмұздақ сату ұйымдастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]