
- •Қызмет көрсету мақсаттары мен міндеттері
- •Қызмет көрсетудің жіктелуі
- •Қызмет көрсету әдістер мен түрлері
- •Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын қамсыздауды ұйымдастыру
- •Тасымалдаушылармен келісім шарт қатынастарын ұйымдастыру
- •Жабдықтауды ұйымдастыру. Жабдықтаушыны таңдау
- •Тауарайналым түрлері мен әдістері. Тауарайналымдағы көлік, оған қойылатын талаптар
- •Азық-түлік өнімдерін қабылдауды ұйымдастыру. Тауар қорлары
- •Тауарайналымның технологиялық үрдісі
- •Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру
- •Қойма және ыдыс шаруашылығын ұйымдастыру
- •Қойма бөлмелерінің тағайындалуы және жинақтау
- •Кәсіпорын қуатына байланысты қойма бөлмелерінің құрамы, оларды жабдықтау
- •Қойма бөлмелеріне қойылатын көлемдік-жоспарлық және санитарлық-гигиеналық талаптар
- •Өнімдерді сақтауды ұйымдастыру. Сақтау тәртібі мен әдістері
- •Ыдыс айналымын ұйымдастыру
- •Ыдыс шығындарын азайту шаралары
- •Өндірісті жедел жоспарлау және технологиялық құжаттар
- •Алдын-ала даярлау кәсіпорын өндірісінің жұмысын жедел жоспарлау
- •Толық циклді өндірісті кәсіпорында жедел жоспарлау
- •Шикізатты есептеу және аспазшылар бригадасына тапсырма. Өндіріс жұмысын жедел бақылау
- •Жартылай фабрикаттар мен аспаздық өнімдерге салалық стандарттар, техникалық шарттар және технологиялық нұсқаулар
- •Өндіріс құрылымы
- •Өндірістік инфроқұрылым. Өндірістік цехтардың басқа бөлмелер тобымен байланысы
- •Оңтайлы еңбек жағдайын құруға қойылатын талаптар
- •Аспаздық цех жұмысын ұйымдастыру
- •Өндірісті ұйымдастыру
- •Өндірілетін өнім сапасын жақсарту жолдары
- •Саудалық бөлмелер
- •Саудалық бөлмелер сипаттамасы
- •Асханалық ыдыстардың, асханалық құрал – жабдықтардың, ас жаулықтардың тағайындалуы
- •Дастарқан жаюға арналған фарфор ыдыс
- •Жеке қолдануға арналған фарфор ыдыс
- •Тағамдар мен сусындар ұсыну үшін қолданылатын фарфор ыдыс
- •Астына қоюға арналған фарфор ыдыс сипаттамасы
- •Хрусталь және шыны ыдыс сипаттамасы
- •Мейрамханада қолданылатын шыны және хрусталь ыдыс
- •Барда қолданылатын стакандар
- •Мейрамханалар мен барларда қолдананылатын сапты аяқтар мен шыны-аяқтар
- •Тағамдар мен сусындарды ұсынуға, дастарқан жаюда қолданылатын шыны ыдыс
- •Металл ыдыстар сипаттамасы
- •Ас аспаптары
- •Ас жаулықтар сипаттамасы
- •Мейрамхананың мәзірі
- •Ас мәзірін құру принциптері мен тағайындалуы
- •Ас мәзір түрлері
- •Шарап картасы
- •Мейрамханалардың коктейль картасы
- •Ас мәзірі мен шараптар картасын рәсімдеу
- •Мейрамханада қызмет көрсетуді ұйымдастыру
- •Залда жиһаздарды орналастыру
- •Ыдыстар мен аспаптарды алу және дайындау реті
- •Подносен жұмыс істеу
- •Дастарқан жаюдың жалпы ережелері
- •Алдын-ала дастарқан жаю нұсқаларының сипаттамасы
- •Мейрамханада тұтынушыларға қызмет көрсету
- •Қызмет көрсетудің негізгі элементтері
- •Залда қызмет көрсету үрдісін ұйымдастыру
- •Мейрамханада тағамдарды ұсыну тәсілдері
- •Банкеттер мен қабылдаулар
- •Күндізгі дипломаттық қабылдаулар
- •Кешкі дипломаттық қабылдаулар
- •Даяшылар толық қызмет көрсететін үстел басындағы банкет
- •Фуршет- қабылдау
- •Фуршетке дастарқан жаю
- •Қабылдау-фуршет қатысушыларына қызмет көрсету
- •Коктейль қабылдау
- •Банкет-шай
- •Аралас (құрама) банкеттер мен қабылдаулар
- •Даяшылар ішінара қызмет көрсететін үстел басындағы банкет
- •Арнайы қызмет көрсету түрлері
- •Симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, жиналыстар, қатысушылар тамақтануын ұйымдастыру және қызмет көрсету
- •Қонақ үйлерде қызмет көрсету
- •Қонақ үй нөмірлерінде қызмет көрсету
- •Шетел туристері тамақтануын ұйымдастыру
- •Темір жол жолаушыларына тамақтануды ұйымдастыру қызметтері
- •Аэропортта және самолет бортында тамақтануды ұйымдастыру жөнінде тамақтануды ұйымдастыру жөнінде қызметтер
- •Автокөліктер мен су көлігі жолаушылар тамақтануын ұйымдастыру
- •Жаппай демалу орындарында қызмет көрсету
- •Заманауи қызметтер мен кызмет көрсету түрлері
Қабылдау-фуршет қатысушыларына қызмет көрсету
Егер қабылдау-фуршетте аперитив қарастырылса, даяшылар авнзалда қонақтарға подноста стакандарға құйылған сусындар (апельсин, томат, шие, грейпофрут шырындары);рюмкаларға құйылған алкогольді сусындар(арақ, коньяк), сонымен қатар джин-тоник, виски-содовая кампари орандж, мартини-джуз ұсынады. Аперетивке креманкаға салынған қуырылған жаңғақ, зәйтүн, крекер беріледі.
Содан соң қабылдауға қатысушылар банкет залға фуршет үстелдеріне бағытталады, онда оларды даяшылар қонақжайлы қарсы алып, сусындар, тісбасарлар таңдауға көмектеседі.
Барлық қонақтар бірден үстел басына жақындай алмайтын және бір бөлігі бүрышта немесе қосымша үстелдер жанында тұратынын ескеріп, даяшылар оларға сусындар мен тісбасарларды тасып ұсына алады.
Егер қонақтар шетте немесе қосымша үстелдер жанында тұрса, даяшы подносқа бір-екі тісбасар, соус, таза тәрелкелер мен аспаптар салып алып, қонақтарға тасып қызмет көрсетеді, тәрелкеге тісбасар салып алуын ұсынады немесе даяшы сол қолында подносты ұстап тұрып , оң қолмен тісбасар салып береді.
Босаған подносқа даяшы қолданған ыдыстарды жинап алып, қосалқы бөлмеге апарады. Қабылдау-фуршет барысында даяшылар қолданған ыдыстарды жинайды, тәрелке, аспаптар қорын толтырады, нан, майлықтар қосады, қажет болса сусындар ашады, күлсалғыштарды алмастырады. Банкетке қатысушылар саны көп болса, бұл жұмыс үшін жеке даяшыларды бөледі.
Қонақтар тісбасарларды тұтынып болған соң (қабылдау басталғаннан шамамен 20-30 минуттан кейін), даяшылар метродотель айтуымен ыстық тісбасарлар, содан кейін ыстық тағамдар ұсынады.
Егер банкет үстелдері қатармен орналасса, онда тісбасарлар, тағамдар, сусындарды бір мезгілде ұсынады. Бұл кезде залға алдымен кіре берістен алыс орналасқан үстелдеаге қызмет көрсететін даяшы кіреді.
Әдетте кокотницада ұсынылатын ыстық тағам ұсынылады (қаймақтағы саңырауқлақ соустағы таңқышаян, тауық бауыры). Бұл жағдайда майлық төселген подносқа кокотницалар, кокотница санына сәйкес кокот шанышқа немесе шай қасығы, майлықтар қойылады. Бәліш тәрелкелерін де ұсынуға болды.
Кішкентай ас тәрелкелердегі кокотницалардың бір бөлігін банкет үстеліне қояды, қасына кокот шанышқысы немесе шай қасық қояды. Кішентай порциямен жасалған ыстық тағамдарды (сосискалар, люля-кебаб, фрикаделькалар, лангет және т. б) қыздырылған табаққа үйіп салып, үстіндегі порцияларға шпажка түйрейді. Қалған шпажкаларды кішігірім стақанда табақ соңына қояды, табақтың қарама-қарсы жағына соус сауытына құйылған соус қояды. Қонақтарға қызмет көрсетуде даяшы сол қолда қол орамал мен табақты ұстап тұрады, ал қалған шпажкалардысалуға арналған бәліш тәрелкесін оң қолда ұстайды.
Егер - фуршетте ыстық тағам бүтін түрде даярланып, ұсынылатын болса, онда залда кішігірім үстел қойып, дастарқан төсейді, үстелге даярланған тағаммен банкеттік метал табақ қойылады, оны аспаз бөледі. Үстелдің алдыңғы жағына даяшылар тісбасарлық тәрелкелер мен шанышқылар қояды, үстел шеті бойымен гарнир салынған баранчиктер мен салып алуға арналған ас қасық , соус құйылған соус сауыттары мен шай қасық қояды. Аспаз етті тіліп береді, қонақ өзі тісбасарлық тәрелкеге гарнис салып алады, соус құйып, үстелден ары қарай кетеді.
Ыстық тағамнан кейін креанкаға салынған десерт (пломбир, бұлғанған кілегей, жеміс салаты және т. б) ұсынылады, оларды майлық төселген подносқа қояды, қасына десертті қасықтар қойылады. Даяшылар десерт ұсынады, басқалары қонақтарға шампан ұсынады. Қосалқы бөлмеде немесе банкет залында қосалқы үстелдерде бакалдарға 2/3 көлеміне шампан құйып, оларды майлық төселген подносқа қояды. Подносты оң қолмен тіреп сол қолда ұстап қонақтарға тасып ұсынады.
Қызымет көрсету әдетте қара қантсыз кофе ұсынумен аяқталады. (кішкене мөлшерде тәтті етіп даярлайды). Шыны аяқтарды майлық төсетген подносқа қояды, сол жерде шетіне шыны аяқ санына сәйкес кішкентай тәрелкелер қойылады. Қонақ өзі шыны аяқты алып кішкентай тәрелкеге қояды, не болмаса оны даяшымен орындайды.
Қонақтар кеткен соң даяшылар метрдотель басшылығымен банкет үстелдерін мына ретпен жинайды: бөтелкелер, жеміс және гүл салынған вазалар, мата майлықтар, аспаптар, фарфор ыдыстар, шыны ыдыстар. Ыдыстарды жинаған кезде оны түрі бойынша сұрыптайды. Бұл жинауды және жууды жеңілдетіледі, сыну азаюына ықпал етеді. Содан соң майлықтардан щеткамен (немесе майлықпен) нан қоқымын тәрелкеге жинап алады да, дастарқанды жинайды, еденді сыпырып , бөлмені желдетеді.