Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
servis_lektsiy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.54 Mб
Скачать

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын қамсыздауды ұйымдастыру

Нарық жағдайында қамсыыздау масаттары.

Қамсыздау көздері мен өнім жабдықтаушылары

Тасымалдаушылармен келісім шарт қатынастарын ұйымдастыру

Жабдықтауды ұйымдастыру. Жабдықтаушыны таңдау

Тауарайналым түрлері мен әдістері. Тауарайналымдағы көлік, оған қойылатын талаптар

Азық-түлік өнімдерін қабылдауды ұйымдастыру. Тауар қорлары

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын шикізатпен, жартылай фабрикаттармен, өнімдерен және материалды-техникалық құралдармен жабдықтауды рационалды ұйымдастыру өндірістің ырғақты жәни тиімді жұмыс істеуінің маңызды алғы шарты болып табылады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын қамсыздаудың келесі түрлерін ажыратады: азық-түлік және материалды-техникалық.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын азық-түлікпен қамсыздауды ұйымдастыруға келесі талаптар қойылады:

  • жыл бойы жеткілікті мөлшерде және қажетті сапада тауарлардың кең ассортиментін қамтамасыз ету;

  • жабдықтау графигін қадағалап тауарларды уақытылы және ырғақты жабдықтау;

  • тауар қозғалысының звенолығын қысқарту;

  • жабдықтаушыларды оңтайлы таңдау және тауар жабдықтауға олармен келісім шарт құру.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының тауармен жабдықтауды ұйымдастырудан тауар қорының ассортименті, олардың айналымы, жабдықтауды ұйымдастырумен байланысты шығындар тәуелді. Азық-түлікпен жабдықтауды дұрыс ұйымдастыру – қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары өнімдеріне халық сұранысының қанағаттандырудың маңызды шарты.

Кәсіпорындардың қалыпты жұмысы материалды-техникалық құралдармен, жабдықтармен, инвентарьмен, арнайы киімен, ас ыдыстармен және т.б. үздіксіз жабдықтауды талап етеді. Материалды-техникалық жабдықтауды рационалды ұйымдастырудан кәсіпорынның өндірістік бағдарламаны орындауы, тағам сапасы, тұтынушыларға қызмет көрсету мәдениеті байланысты.

Кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі үшін тауарларды әртүрлі көздерден жабдықтауды ұйымдастыру керек.

Әртүрлі меншікті азық-түлік тауарларын өндіруші-кәсіпорындар: тамақ өндірісінің мемлекеттік кәсіпорындары, акционерлік қоғамдар, ұйымдар, жеке фирмалар. Жабдықтауды ұйымдастыруға ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер: фермерлік шаруашылықтар, ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын ұсынатын жеке тұлғалар үлкен үлес қосады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерді базарлардан, көтерме базарлардан, дүкендерден және кәсіпкерлерден сатып ала алады; көкөністер мен жемістердің маусымында көптеген кәсіпорындар өндірілетін өнімдердің ассортиментін кеңейту үшін өздері дайындайды, (тұздау, консервілеу және т.б.) Ірі фирмалар, кәсіпорындар, зауыттар қосалқы шаруашылықтар ұйымдастыру мүмкін.

Көптеген өнімдердің түрлері кәсіпорынға көтерме базалар-делдарлар арқылы келіп түседі:

  • ет, май, балық және гастрономиялық өнімдермен жабдықтайтын көтерме сауда базарлары және тоңазытқыштар;

  • бакалеялық өнімдермен жабдықтайтын көтерме сауда базарлары;

  • көтерме жеміс-көкөніс базалары.

Делдалдардың қызметіне деген қажеттілік кәсіпорында өнімдерді жинау және сақтау жағдайлары болған кезінде туындайды. Бұндай жағдайда делдалдар өзіне тауардың дайындаушыдан тұтынушыға дейінгі қозғалысына байланысты функцияларына жауап беруі керек.

Көтерме сауда базалары тауарларды өндіруші- кәсіпорындардан сатып алып, оларды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен саудалық кәсіпорындарға сатады.

Шығару базалары ірі кәсіпорындарда орналастырылады. Оның басты функциясы- өндіру пунктінен тұтынушы пунктіне дейін тауар қозғалысы үрдісін ұйымдастыру. Олар тауарлардың ірі партияларымен көтерме сауда және жекелендірілген кәсіпорындарға сатылуын ұйымдастырады.

Саудалық-сатып алу базалары тұтуну жерінде тауарларды сату үшін жинақтайтын көп өндіруші-кәсіпорындар орналасқан аудандарда болады.

Саудалық базалар тұтыну жерлерде орналасады. Олар тауарларды дайындаушы, шығарушы және сауда-сатып алынатын базарлардан және басқа да делдалдардан сатып алып, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен жекелеп сатылатын кәсіпорындарға сатады.

Дайындаушы мен тұтынушының арасындағы делдалдар ретінде брокерлер, сауда агенттері бола алады.

Бұл делдалдардың қызметі көтерме сауда базарларының функцияларынан келесідей ерекшелінеді:

  • олар өзіне тауар меншігі құқығын алмайды;

  • шектелген функциялардың санын орындайды.

Олардың басты функциясы- сату және сатып алуға көмектесу. Өздерінің қызметтері үшін комиссиялық сияқылар алады; негізі міндеті- сатып алушы мен сатушыны тауып, оларды кездестіріп сату және сатып алу жағдайындағы келісімшарттарға көмектесу, жеткізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]