
- •Қызмет көрсету мақсаттары мен міндеттері
- •Қызмет көрсетудің жіктелуі
- •Қызмет көрсету әдістер мен түрлері
- •Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын қамсыздауды ұйымдастыру
- •Тасымалдаушылармен келісім шарт қатынастарын ұйымдастыру
- •Жабдықтауды ұйымдастыру. Жабдықтаушыны таңдау
- •Тауарайналым түрлері мен әдістері. Тауарайналымдағы көлік, оған қойылатын талаптар
- •Азық-түлік өнімдерін қабылдауды ұйымдастыру. Тауар қорлары
- •Тауарайналымның технологиялық үрдісі
- •Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру
- •Қойма және ыдыс шаруашылығын ұйымдастыру
- •Қойма бөлмелерінің тағайындалуы және жинақтау
- •Кәсіпорын қуатына байланысты қойма бөлмелерінің құрамы, оларды жабдықтау
- •Қойма бөлмелеріне қойылатын көлемдік-жоспарлық және санитарлық-гигиеналық талаптар
- •Өнімдерді сақтауды ұйымдастыру. Сақтау тәртібі мен әдістері
- •Ыдыс айналымын ұйымдастыру
- •Ыдыс шығындарын азайту шаралары
- •Өндірісті жедел жоспарлау және технологиялық құжаттар
- •Алдын-ала даярлау кәсіпорын өндірісінің жұмысын жедел жоспарлау
- •Толық циклді өндірісті кәсіпорында жедел жоспарлау
- •Шикізатты есептеу және аспазшылар бригадасына тапсырма. Өндіріс жұмысын жедел бақылау
- •Жартылай фабрикаттар мен аспаздық өнімдерге салалық стандарттар, техникалық шарттар және технологиялық нұсқаулар
- •Өндіріс құрылымы
- •Өндірістік инфроқұрылым. Өндірістік цехтардың басқа бөлмелер тобымен байланысы
- •Оңтайлы еңбек жағдайын құруға қойылатын талаптар
- •Аспаздық цех жұмысын ұйымдастыру
- •Өндірісті ұйымдастыру
- •Өндірілетін өнім сапасын жақсарту жолдары
- •Саудалық бөлмелер
- •Саудалық бөлмелер сипаттамасы
- •Асханалық ыдыстардың, асханалық құрал – жабдықтардың, ас жаулықтардың тағайындалуы
- •Дастарқан жаюға арналған фарфор ыдыс
- •Жеке қолдануға арналған фарфор ыдыс
- •Тағамдар мен сусындар ұсыну үшін қолданылатын фарфор ыдыс
- •Астына қоюға арналған фарфор ыдыс сипаттамасы
- •Хрусталь және шыны ыдыс сипаттамасы
- •Мейрамханада қолданылатын шыны және хрусталь ыдыс
- •Барда қолданылатын стакандар
- •Мейрамханалар мен барларда қолдананылатын сапты аяқтар мен шыны-аяқтар
- •Тағамдар мен сусындарды ұсынуға, дастарқан жаюда қолданылатын шыны ыдыс
- •Металл ыдыстар сипаттамасы
- •Ас аспаптары
- •Ас жаулықтар сипаттамасы
- •Мейрамхананың мәзірі
- •Ас мәзірін құру принциптері мен тағайындалуы
- •Ас мәзір түрлері
- •Шарап картасы
- •Мейрамханалардың коктейль картасы
- •Ас мәзірі мен шараптар картасын рәсімдеу
- •Мейрамханада қызмет көрсетуді ұйымдастыру
- •Залда жиһаздарды орналастыру
- •Ыдыстар мен аспаптарды алу және дайындау реті
- •Подносен жұмыс істеу
- •Дастарқан жаюдың жалпы ережелері
- •Алдын-ала дастарқан жаю нұсқаларының сипаттамасы
- •Мейрамханада тұтынушыларға қызмет көрсету
- •Қызмет көрсетудің негізгі элементтері
- •Залда қызмет көрсету үрдісін ұйымдастыру
- •Мейрамханада тағамдарды ұсыну тәсілдері
- •Банкеттер мен қабылдаулар
- •Күндізгі дипломаттық қабылдаулар
- •Кешкі дипломаттық қабылдаулар
- •Даяшылар толық қызмет көрсететін үстел басындағы банкет
- •Фуршет- қабылдау
- •Фуршетке дастарқан жаю
- •Қабылдау-фуршет қатысушыларына қызмет көрсету
- •Коктейль қабылдау
- •Банкет-шай
- •Аралас (құрама) банкеттер мен қабылдаулар
- •Даяшылар ішінара қызмет көрсететін үстел басындағы банкет
- •Арнайы қызмет көрсету түрлері
- •Симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, жиналыстар, қатысушылар тамақтануын ұйымдастыру және қызмет көрсету
- •Қонақ үйлерде қызмет көрсету
- •Қонақ үй нөмірлерінде қызмет көрсету
- •Шетел туристері тамақтануын ұйымдастыру
- •Темір жол жолаушыларына тамақтануды ұйымдастыру қызметтері
- •Аэропортта және самолет бортында тамақтануды ұйымдастыру жөнінде тамақтануды ұйымдастыру жөнінде қызметтер
- •Автокөліктер мен су көлігі жолаушылар тамақтануын ұйымдастыру
- •Жаппай демалу орындарында қызмет көрсету
- •Заманауи қызметтер мен кызмет көрсету түрлері
Банкеттер мен қабылдаулар
Қабылдаулар мен банкеттер түрлері
Даяшылар толық қызмет көрсететін үстел басындағы банкет
Фуршет- қабылдау
Коктейль қабылдау
Банкет-шай
Аралас (құрама) банкеттер мен қабылдаулар
Даяшылар ішінара қызмет көрсететін үстел басындағы банкет
Қабылдаулар мен банкеттер түрлері
Қабылдау - белгілі-бір ресми тұлға немесе оқиғаға арнап жүргізілетін мерекелік таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас. Қабылдаулар лауазымды тұлғалардың, шетел және отандық фирма өкілдерінің ресми келуі, халықаралық жәрмеңкелерінің ашылуы мен жабылуына, саудалық келісім шарттар орнатуға, ұлттық мерекелерге байланысты жүргізіледі. Қабылдаулар іскерлік сипатқа ие, олар байланыстарды кеңейту және тереңдету мақсатында жүргізіледі
Қазіргі кезде халықаралық тәжірибеде ресми қабылдаулардың бірнеше түрі бар, олардың әрқайсысына барлық қатысушыларға міндетті өз этикеті сәйкес келеді. Ресми қабылдаулар күндізгі және кешкі, үстел басында және үстелсіз жүргізілетін қабылдаулар болады.
күндізгі қабылдаулар -бұл жұмысшы таңғы асы, Бокал шампан, бокал шарап, таңғы ас;
кешкі - түскі ас, Түскі ас - буфет, кешкі ас, А ля фуршет, Коктейль, Шай, Жур фикс, Кәуап (Барбекю)
Үстел басына отырғызылып жүргізілетін қабылдауларға Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас сияқты қабылдаулар,
Үстел басында отырғызылмай жүргізілетін қабылдауларға Фуршет, Коктейль, Жур-Фикс, Барбекю жатады.
Шетел өкіліне арнап немесе оның қатысуы мен жүргізілетін қабылдау дипломаттық қабылдау деп аталады. Халықаралық тәжірібие дипломаттық қабылдаулар түрлерін, оларды дайындау әдістерін, барлық қатысушылар қадағалауға міндетті этикетті орнатты.
Дипломаттық хаттама - халықаралық қатынаста өкіметпен, шетел істері жөнінде ведомстволар, дипломаттық өкілдер мен ресми тұлғалармен қадағаланатын жалпы қабылданған ережелер, дәстүрлер және шарттар жиынтығы.
Қазіргі кезде халықаралық қатынастардың нормаларын анықтайтын негізгі құжат дипломаттық қатынастар туралы Веналық конвенция болып табылады. Осы құжатқа сәйкес сыртқы саясат саласында заңдар мен нормативті актілер қәзірленеді. Сонымен қатар хаттаманың негізгі ережелерін қадағалай отырып, әр ел ұлттық ерекшеліктері мен салттарын ескеріп, өз түзетулерін және қосымшаларын енгізеді.
Ресми қабылдауларға қарағанда банкеттер ресми емес сипатқа ие. Олар достардың кездесуі, отбасылық мерекелер, той және басқа дәстүрлі мерекелерге орай жүргізіледі.
Күндізгі дипломаттық қабылдаулар
Жұмысшы таңғы ас қабылдауы ресми тұлғалардың шет елге қабылдаушы елдің іскерлік адамдарымен кездесуі үшін бару барысында жүргізіледі. Жұмысшы таңғы ас 8.00 - 8.30 да ұйымдастырылып, бір сағатқа дейін созылады. Тостар мен арнайы сөз сөйлеу жүргізілмейді.
Бокал шампан және Бокал шарап қабылдаулары ұлттық мерекеге орай, шетел делегацияның келуі, өкілдің кетуі және т. б байланысты жүргізіледі. Қабылдау сағат 12 де басталып, сағат 13 ке қарай аяқталады, тұрып жүргізіледі. Бокал шампан қабылдауында қонақтарға шампан, шырындар, қуырылған жаңғақтар, кішкентай бәліштер, шоколад ұсынылады.
Бокал шарап қабылдауында шарап, шырындар, минералды сулар, канапе, салмалармен, тартарелкалар ұсынылады. Бұл қабылдаулар аз уақытқа созылады және күрделі дайындықты қажет етпейді.
Таңғы ас қабылдауы сағат 12 мен 15 аралығында ұйымдастырылады. Таңғы ас әдетте бір жарым сағат созылады, оның 45-60 минутында қонақтар үстел басында отырады, 15-30 минутында кофе немесе шай ішеді. (кофе, шай сол үстел басына немесе қонақтар бөлмесінде ұсынылу мүмкін) Таңғы аста бір екі салқын тісбасар, бір балық немесе ет ыстық тағамы және десерт беріледі . Таңғы аста ыстық тісбасар немесе бірінші тағам ұсынылу мүмкін.
Таңғы ас алдында қонақтарға аператив ұсынылады, таңғы ас аяқталған соң, шай, кофе беріледі, оған ликер немесе коньяк ұсынылады.
Халықаралық хаттамалық тәжірибеде күндізгі қабылдаулар кешкі қабылдауға қарағанда мерекелік сипаты аз, сондықтан қонақтардың киімі егер шақыруда арнайы киім формасы көрсетілмесе, күнделікті костюм немесе көйлек.