Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
servis_lektsiy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.54 Mб
Скачать

Мейрамханада қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Қызмет көрсету үрдісі кезеңдері

Саудалық бөлмелерді тазалау

Залда жиһаздарды орналастыру

Ыдыстар мен аспаптарды алу және дайындау реті

Подносен жұмыс істеу

Дастарқан жаюдың жалпы ережелері

Алдын-ала дастарқан жаю нұсқаларының сипаттамасы.

Қызмет көрсету үрдісі келесі кезеңдерден тұрады: дайындық, негізгі және соңғы.

Дайындық кезеңі төмендегідей негізгі операциялардан тұрады:

  • сауда бөлімдерін күнделікті тазалау;

  • жиһаздарды орнату;

  • қосымша үстелдерді, серванттарды, жылжымалы арбаларды, бар тұрағын, айна және шыны витриналарды, паноны сүрту;

  • ыдыстарды, аспаптарды және ас жаулықтарды алу және дайындау;

  • бар тұрағында шыны ыдыстар мен қажетті құрал-саймандарды орналастыру;

  • үстелдерді алдын-ала жаю;

  • персоналды қызмет көрсетуге дайындау.

Негізгі және соңғы кезеңдер тұтынушы келуінен бастап, оның мейрамханадан кеткенде аяқталады. Әртүрлі тұтынушылар әртүрлі қызмет көрсету әдістерін таңдауды талап етеді.

Саудалық бөлмелерді тазалау

Вестибюльді, саудулық және банкет залдарын, қосалқы сауда бөлімдерін кәсіпорын жұмысының таңғы және кешкі уақытында тазалайды. Ол әртүрлі шаңсорғыштарды қолданып, ылғалды және де құрақ тазалау болуы мүмкін. Тазалау реті еден жабындысына байланысты. Егер еденде линолеум, паркет немесе синтетикалық материял төселсе, алдымен жиһаздардың, жабдықтардың, шынтақ сүйеніштердің, панельдердің, декоротивті торлардың, жабылатын жылыту батареяларының шаңын сүртеді, гүлдерге су құяды, содан соң зал еденін жуады.

Егер едендерде кілем, алаша төселсе, онда алдымен құрғақ тазалау, содан кейін ылғалды тазалау жүргізеді. Тазалап болған соң желдетеді. Тазалауды кәсіпорын ашылғанға 2 сағат қалғанға дейін аяқтайды.

Даяшылардың жұмыс күні де бөлмелерді тазалаудан басталады. Олар серванттарды, үстел, орындық аяқтарын, шамдарды, залдағы декоративті заттарды (суреттер рамасын, қуыстар және т.б) сүртеді. Егер үстел беті жылтырлатылған және дастарқан жайылмаса, онда майлықтар-торлар қолданылады, оларды қолданғаннан кейін міндетті түрде қайта сүртеді. Даяшылар жылжымалы арбаларды, қосалқы үселдерді, серванттарды жұмысқа дайындайды.

Туристер тобына қызмет көрсететін залдарда арбалар көп қабатты болуы мүмкін және оларға үстел жайуға арналған барлық қажетті ыдыстарды орналастырады. Төменгі қабатта мата майлық төселген подноста ас аспаптары, ортаңғы қабата тәрелкелер, қағаз майлықтарға арналған вазалар, тіс тазалағыштар салынған түпқоймалар, дәмдеуштер салынған аспаптар, күлсалғыштар, гүл салынған құмыралар және үстел безендіруге арналған басқа да заттар қойылады; үстінгі қабата беті мата майлықпен жабылып, төмен қаратылған шыны ыдыстар қойылады.

Қосалқы үстелдерде кішігірім дастарқандар төселеді, олардың түс гаммасы интерьеррдің стильдік шешіміне сәйкес келеді.

Серванттарды жұмысқа дайындаған кезде барлық ашылатын жәшіктер, сөрелердің іші - сыртын мұқият сүртіп, мата майлықтар төсейді. Серванттардың ашылатын жәшіктеріне ас аспаптары, ал сөрелерде бөлек-бөлек фарфор, шыны ыдыс, ас жаулықтар қойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]