
- •Қызмет көрсету мақсаттары мен міндеттері
- •Қызмет көрсетудің жіктелуі
- •Қызмет көрсету әдістер мен түрлері
- •Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын қамсыздауды ұйымдастыру
- •Тасымалдаушылармен келісім шарт қатынастарын ұйымдастыру
- •Жабдықтауды ұйымдастыру. Жабдықтаушыны таңдау
- •Тауарайналым түрлері мен әдістері. Тауарайналымдағы көлік, оған қойылатын талаптар
- •Азық-түлік өнімдерін қабылдауды ұйымдастыру. Тауар қорлары
- •Тауарайналымның технологиялық үрдісі
- •Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру
- •Қойма және ыдыс шаруашылығын ұйымдастыру
- •Қойма бөлмелерінің тағайындалуы және жинақтау
- •Кәсіпорын қуатына байланысты қойма бөлмелерінің құрамы, оларды жабдықтау
- •Қойма бөлмелеріне қойылатын көлемдік-жоспарлық және санитарлық-гигиеналық талаптар
- •Өнімдерді сақтауды ұйымдастыру. Сақтау тәртібі мен әдістері
- •Ыдыс айналымын ұйымдастыру
- •Ыдыс шығындарын азайту шаралары
- •Өндірісті жедел жоспарлау және технологиялық құжаттар
- •Алдын-ала даярлау кәсіпорын өндірісінің жұмысын жедел жоспарлау
- •Толық циклді өндірісті кәсіпорында жедел жоспарлау
- •Шикізатты есептеу және аспазшылар бригадасына тапсырма. Өндіріс жұмысын жедел бақылау
- •Жартылай фабрикаттар мен аспаздық өнімдерге салалық стандарттар, техникалық шарттар және технологиялық нұсқаулар
- •Өндіріс құрылымы
- •Өндірістік инфроқұрылым. Өндірістік цехтардың басқа бөлмелер тобымен байланысы
- •Оңтайлы еңбек жағдайын құруға қойылатын талаптар
- •Аспаздық цех жұмысын ұйымдастыру
- •Өндірісті ұйымдастыру
- •Өндірілетін өнім сапасын жақсарту жолдары
- •Саудалық бөлмелер
- •Саудалық бөлмелер сипаттамасы
- •Асханалық ыдыстардың, асханалық құрал – жабдықтардың, ас жаулықтардың тағайындалуы
- •Дастарқан жаюға арналған фарфор ыдыс
- •Жеке қолдануға арналған фарфор ыдыс
- •Тағамдар мен сусындар ұсыну үшін қолданылатын фарфор ыдыс
- •Астына қоюға арналған фарфор ыдыс сипаттамасы
- •Хрусталь және шыны ыдыс сипаттамасы
- •Мейрамханада қолданылатын шыны және хрусталь ыдыс
- •Барда қолданылатын стакандар
- •Мейрамханалар мен барларда қолдананылатын сапты аяқтар мен шыны-аяқтар
- •Тағамдар мен сусындарды ұсынуға, дастарқан жаюда қолданылатын шыны ыдыс
- •Металл ыдыстар сипаттамасы
- •Ас аспаптары
- •Ас жаулықтар сипаттамасы
- •Мейрамхананың мәзірі
- •Ас мәзірін құру принциптері мен тағайындалуы
- •Ас мәзір түрлері
- •Шарап картасы
- •Мейрамханалардың коктейль картасы
- •Ас мәзірі мен шараптар картасын рәсімдеу
- •Мейрамханада қызмет көрсетуді ұйымдастыру
- •Залда жиһаздарды орналастыру
- •Ыдыстар мен аспаптарды алу және дайындау реті
- •Подносен жұмыс істеу
- •Дастарқан жаюдың жалпы ережелері
- •Алдын-ала дастарқан жаю нұсқаларының сипаттамасы
- •Мейрамханада тұтынушыларға қызмет көрсету
- •Қызмет көрсетудің негізгі элементтері
- •Залда қызмет көрсету үрдісін ұйымдастыру
- •Мейрамханада тағамдарды ұсыну тәсілдері
- •Банкеттер мен қабылдаулар
- •Күндізгі дипломаттық қабылдаулар
- •Кешкі дипломаттық қабылдаулар
- •Даяшылар толық қызмет көрсететін үстел басындағы банкет
- •Фуршет- қабылдау
- •Фуршетке дастарқан жаю
- •Қабылдау-фуршет қатысушыларына қызмет көрсету
- •Коктейль қабылдау
- •Банкет-шай
- •Аралас (құрама) банкеттер мен қабылдаулар
- •Даяшылар ішінара қызмет көрсететін үстел басындағы банкет
- •Арнайы қызмет көрсету түрлері
- •Симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, жиналыстар, қатысушылар тамақтануын ұйымдастыру және қызмет көрсету
- •Қонақ үйлерде қызмет көрсету
- •Қонақ үй нөмірлерінде қызмет көрсету
- •Шетел туристері тамақтануын ұйымдастыру
- •Темір жол жолаушыларына тамақтануды ұйымдастыру қызметтері
- •Аэропортта және самолет бортында тамақтануды ұйымдастыру жөнінде тамақтануды ұйымдастыру жөнінде қызметтер
- •Автокөліктер мен су көлігі жолаушылар тамақтануын ұйымдастыру
- •Жаппай демалу орындарында қызмет көрсету
- •Заманауи қызметтер мен кызмет көрсету түрлері
Ас аспаптары
Ас аспаптары мельхиордан және тот баспайтын болаттан жасалуы мүмкін. Кең тараған тот баспайтын болаттан жасалған аспаптар. Асханалар мен дәмханаларға қарағанда мейрамханалар мен кафеде ас ыдыстары мен аспаптарының кең ассортименті қолданылады.
Ыдыстар, шыны, ас аспаптары өзара үлесіп қоймай, Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны концепциясына, оның бағалық саясатына сай келу керек.
Ұлттық аспаздығы тағамдарын ұсынатын кәсәпорындар үшін ыдыстардың, аспаптардың кейбір түрлері ағаштардан жасалады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорыны үшін ас ыдыстар мен аспаптарды таңдаудың негізігі критерийі:
қолдану қауіпсіздігі;
беріктілігі мен ұзақ мерзімділігі;
ыдыс жуу машинасында жуу мүмкіндігі, ал тәрелкелер үшін микротолқынды пеште қолдану мүмкіндігі;
кәспорының жалпы стиліне сәкес келу;
біріңғай дизайн мен бір түрі шегінде ассортимент кеңдігі;
ұзақ уақыт бойы ассортимент тұрақтылығы;
бағасы.
Ас ыдыстары мен аспаптар тағам өнімдермен түйісу үшін рұқсат етілген материалдан жасалу керек және санитарлық талаптарға сай болу керек. Кейбір матералдардан жасалған ыдыстар ыдыс жуу машинасында жарылып, өте ұсақ бөліктерге сынуы мүмкін. Заманауи технологиялар қоғамдықтамақтану кәсіпорындары үшін берік, ұзақ мерзімді фарфор және шыны ыдыстар шығаруға мүмкіндік береді, фарфор ыдысының жылтыры ыдыс жуу машинасында көп рет жууға, қысымға, жоғары температураға төзімді болады, фарфор декорацияланған болса, уақыт өте суреті, түсі жоғалады, ас аспаптарынан із қалмайды.
Бір маркалы ас ыдыстары мен аспаптары таңдау ерекше стиль құруға, ал ассортимент кеңдігі дастарқан жаюды өзгерту мүмкіндігін береді.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорында дастарқан жаю және қызмет көрсету үшін бір түрлі ыдыстың толық жинағы болу керек, соның ішінде әртүрлі өлшемді тәрелкелер, овал және дөңгелек табақтар, салат салғыштар және т.б болу керек.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында ас ыдыстарының ассортименті мен мөлшері кәсіпорын типіне, мейрамхана немесе бар классына, кәсіпорының мамандануына, оның қуатына, өндірліп өткізілетін өнім ассортименті мен мөлшеріне, залдың жұмыс тәртібіне, қызмет көрсету түріне, тұтынушылық сұраныс сипатына тәуелі. Кәсіпорынның оңтайлы ыдыс қажеттілі бір орынға шақанда 3-4 жинақ құрайды, оның екі жинағы залда айналымда және тарату бөлімесінде, үшінші - жуу бөлмесі, төртіншісі - сервиз бөлмесінде болады. Бұндай ас ыдыстар мен аспаптарының мөлшері үздіксіз және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Барлық асханалық аспаптар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі аспаптар жеке қолданысқа арналған тағам қабылдау үшін қолданылады. Қосымша аспаптар жалпы қолданысқа арналған, олардың көмегімен кеседі, порцияға бөледі, тағамдарды ортақ ыдыстардан тұтынушы тәрелкесіне салады.
Бірнеше аспаптардан тұратын негізгі аспаптарға:
тісбасарлық аспап;
ас аспабы;
балық аспабы;
десерттік аспап;
жеміс аспабы жатады.
Тісбасарлық аспап шанышқы мен пышақтан тұрады. Пышақ ұзындығы – 210 мм, шанышқы ұзындығы – 180 мм. Барлық суықтағамдар мен тісбасарларға және кейбір ыстық тісбасарларға (қуырылған ветчина, блины және т.б.) беріледі. Ас аспабынан кіші өлшемімен ерекшеленеді.
Ас аспабы шанышқы, пышақ және қасықтан тұрады. Пышақ ұзындығы 250 мм , шанышқы 210 мм, шанышқы тісшелері – 60 мм. Дастарқан жаюда бірінші және екінші тағамдарды ұсынғанда қолданылады. Ас қасығы мен шанышқысы арнайы аспап болмаған жағдайда тағамдарды салу үшін қолданылуы мүмкін. Ішінара тісті жүзі бар пышақтар аса ыңғайлы, олармен қуырылған ет кесу жеңілге түседі. Тісті жүзі бар өткір ұшты пышақтар –стейк–пышағы стейк ұсынылғанда қолданылады.
Балық аспабы сүйектерінен ажырату үшін ойық және төрт қысқа тісті шанышқы мен қалақша тәрізді жалпақ жүзді және қысқа пышақтан тұрады. Пышақ ұзындығы – 202 мм, шанышқы –180 мм, шанышқы тістері – 65 мм. Дастарқанға екінші балық тағамдарын ұсынғанда қолданылады.
Десерттік аспап қасық, шанышқы және пышақтан тұрады. Өлшемі жағынан шанышқы мен пышақ тісбасарлық аспаптардан аздап кішірек (пышақ –185 мм, шанышқы – 150 мм, шанышқы тістері –60 мм). Шанышқыда үш тісі болады, оның біреуі өткір және жалпақтау болады. Десерттік пышақ пен шанышқыны тәтті тағамдарды (алма шарлоты, тәтті бәліш және т.б.), десерттік қасықты пудинг, мусс, кілегеймен жидектер, сірнедегі жемістер сияқты тәтті тағамдарға ұсынады.
Жеміс аспабы шанышқы мен пышақтан тұрады, десерттік аспапқа қарағанда өлшемі кішірек. Пышағы бәкі жүзіне ұқсас, өткір қысқа жүзді.
Сонымен қатар негізгі аспаптарға:
Шай қасық шай, сүтпен кофе, сонымен қатар шала піскен және «қалтада» піскен жұмыртқа тұтынғанда қолданылады.
Кофелік қасық қара кофе және шығысша кофе тұтынғанда қолданылады.
Балмұздаққа арналған қасық шеттері сәл иілген қалақша тәрізді жайпақ пішінді.
Сорпа қасығы– сорпа шыны аяғында сорпаларды ұсынғанда қолданылады, ас қасығына қарағанда өлшемі кіші және дөңіс пішінді.
Кокот шанышқысында десертті қасыққа қарағанда үш қысқа және жайпақ тісшелері бар. Ыстық тісбасарларды (құс және жабайы құс етінен жульен, қаймақтағы саңырауқұлақ және т.б.) ұсынғанда қолданылады.
Майға арналған пышақ – басқа пышақтарға қарағанда негізі жалпақ
Таңқышаян, омарларға арналған шанышқы – ұзын сапты және екі кішкентай тісшесі бар.
Шаяндарға арналған шанышқы – қысқа сапты және екі тісшесі бар.
Устрицаға арналған аспап (пышақ пен шанышқы) – пышағы қабыршақты бөлуге арналған өткір қысқа жүзді , шанышқысында үш жүзінің біреуі консерві пышағы жүзі түрінде жасалған.
Қосымша аспаптар тағамдарды кесуге және салуға арналған. Оларға :
Ірімшікті кесу мен салуға арналған пышақ–шанышқы – ұшында тістері бар орақ тәрізді пішінге ие.
Лимон кесуге және салуға арналған пышақ пен шанышқы – шанышқы екі өткір тісшеден тұрады, ал пышағында зигзаг тәрізді жүзі бар, бұл лимонды кесуді тездетеді.
Екі мүйізді шанышқы – майшабақты салуға арналған, ал қалақша–шанышқы – майдағы балық консервілерін (шпрот, сарбина) салуға арналған. Шанышқы өзара байланысқан бес тісшеден тұрады, бұл балық ұшасының деформациялануын болдырмайды,.
Бөлшектеу пышағы мен шанышқысы тұтынушы көзінше бүтін кесекпен қуырылғанетті порцияға кесуге арналған. Ас пышағына қарағанда пышақ өлшемі үлкенірек және жүзі ұзынырақ, ал шанышқысында екі ұзынша тісі бар.
Балық пышағы мен шанышқысы – бүтін түрде даярланған балық тағамдарын порцияға бөлу үшін қолданылады.
Фондю шанышқысы – ұзын сапты және екі өткір тісшесі бар.
Салатқа арналған қасық ас қасығына қарағанда үлкенірек. Домалақ пішінді.
Ожау бірінші және кейбір тәтті тағамдарды порциялап құға арналған.
Соус қасығы соустарды порцияға бөліп салу үшін созылмалы ұшы бар.
Ұзын сапты қасық аралас сусындарды, коктейль, содамен виски даярлауда қолданылады.
Фигуралы қасық қайнатпаларды розеткаға бөліп салуға арналған.
Үлкен кондитерлік қысқыштар ұннан даярланған кондитер өнімдерін салып алуға, ал кішкентай кондитерлік қысқыштар қант, шоколад ассортиін салып алуға арналған.
Жаңғақ шағуға арналған қысқыштар жайпақ бұдырлы тістері бар.
Қант кесектерін шағуға арналған қысқыштар өткір және берік жүзді болады.
Мұзға арналған қысқыштар тот баспайтын металдан (тот баспайтын болат, мельхиор) жасалады, екі қалақшасы бар қысқыш болып табылады.
Спаржаға арналған қысқыш тәрелкеге спаржаны салып алуға қолданылады, спаржаға арналған тормен бірге жинақта шы,арылады.
Уылдырық қалақшасы жайпақ күрекшеге ұқсас, уылдырық салғыштан тәрелкеге түйірлі немесе кета уылдырығын салуға арналған.
Паштет қалақшасы паштет, турамаланған майшабақ салып алуға арналған.
Тіктөртбұрышты қалақша ет және көкөніс тағамдарын салып алуға қолданылады.
Кесіктері бар фигуралы қалақша балық ыстық және суық тағамдарын, құймалы балық салып алуға арналған.
Үлкен фигуралы қалақша кондитерлік өнімдерді салуға арналған, үшбұрышты пішінді болуы мүмкін.