Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
servis_lektsiy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.54 Mб
Скачать

Ыдыс айналымын ұйымдастыру

Қаптама айналымы қабылдау, ашу, сақтау және қайтарудан тұрады.

Қаптаманы қабылдау. Тауармен бірге түскен қаптама тауар сияқты нормативті құжаттар м ен жабдықтау келісімі шарттарына сәйкес материалды жауапты тұлғамен қабылдану керек. Саны бойынша қабылдау қаптаманың нақты болуын текскруден және оны ілестірмелі құжат мәліметтерімен салыстырудан тұрады. Қаптаманың қабылдау кезінде сертификаттың болуына, сонымен қатар қаптама маркіленуіне, МЕСТ талаптарына сәйкестігіне көңіл бөлу керек. Қаптаманың сапа бойынша қабылдау кезінде оның бүтіндігін, сыртқы түрін тексеруді, ақауларға; зақымдану, ластану және т.б. көңіл бөледі. Келіп түскен қаптама сапасының МЕСТ талаптарына ілестірмелі құжаттарға сәйкестігін айқындайды.

Қаптама сапасын сәйкесіздігі айқындалған кезде қабылдауды тоқтатып, акт құрады.

Егер түскен қаптаманың нақты саны, сапасы, бағасы және маркілену ілестірмелі құжаттар (тауар-көліктік, накладная, счет-фактура ) мәліметтеріне сәйкес келсе онда материалды жауапты адам оған қол қояды да, қаптаманың өабылдау мөрі қойылады.

Қаптаманы ашу сапасын сақтау үшін арнайы құрал саймандарымен жүргізіледі.

Қаптама арнайы бөлінген қоймада немесе жеке тұрғын бөлмелерде питабельді немесе стеллажды әдіспен сақталады. Өзінік иісі бар қаптаманы жеке сақтайды. Қаптарды мұқият шаңынан тазалап, кептіреді де, құрғақ бөлмеде стеллажда сақтайды.

Қаптаманы қайтару реті жабдықтау келісім шартында қарастырылу керек. Белгілі бір жабдықтаушының, инвентарлы көп реттік қаптамасы оған келісімде қарастырылған кепіл бағасы бойынша қайтарылады. Тауар құнына қосылған қаптама құны қаптама материалы ретінде қаптама қабылдау орындарына қайтарылады. Тауар құнына қосылмаған қаптама жабдықтаушыға қайтару керек, бірақ оның реті келісімде қарастырылу керек.

Егер жабдықтау келісімімен қаптама құны тауар құнына қосылмаса, онда қаптама құнын тауар алушы тауар құнының устінен келісілген бағамен толық төленеді, жәнеде келісімде қаптаманы жабдықтаушыға міндетті түрде түсу бағасымен қайтару қарастырылу керек.

Қайтарылатын қаптама сапасы төмендесе төмен бағамен қабылданады немесе тауаралушы айыппұл төлейді.

Бұл келісім шартта қаралу керек.

Ыдыс шығындарын азайту шаралары

Қаптама айналымын ұйымдастыру үрдісінде шығындар кездеседі.

Қаптама операциялары бойынша шығындар: жабдықтау бойынша шығындардан, бос қаптаманы тиеу және түсіру шығындарынан, жөндеумен байланысты шығындардан, тазалаумен, дезинфекциялармен байланысты шығындардан және немқұрайлық нәтижесі болып табылмайтын басқа да шығындардан тұрады.

Қаптама бойынша шығындар қаптаманы қабылдау және қайтару бағалары арасындағы айырмашылықтан, қаптаманы өшіруден туындайтын шығындардан, немқұрайлықтан туындаған шығындардан тұрады. Сонымен қатар қаптаманы уақытылы қайтармау және сапасының төмендеуі үшін айыппұлдар жатады.

Қоғамдық тамақтандыруда қаптама бойынша шығындарды қысқарту мүмкіндіктері бар. Бұған ұйымдастырушылық- техникалық және экономикалық шаралар жүргізу ықпал етеді.

Ұйымдастырушылық –техникалық шараларға:

  • қаптама бойынша жабдықтау келісімнің барлық шарттарын қатаң қадағалау;

  • қайтарыылытын қаптаманы уақытылы жөндеу;

  • тиеу, тасымалдау түсіру кезінде қаптамамен мұқият абай болу;

  • ұрлануын немесе тағайындалмауы бойынша қолдануды жоятын қаптама сақталғыштығы үшін қажетті жағдай туғызу;

  • ірі кәсіпорындарда өаптама шаруашылығын жүргізуге мест, құжаттарды рәсімдеу ережелерін жақсы білетін материалды жауапты тұлға қарастырылған;

  • кәсіпорын әкімшілігі жағынан қаптама шаруашылығын жүргузуді бақылау жатады.

Экономикалық шаралрға:

  • Әрбір қаптама түрі бойынша жеке-жеке барлық шығындарды экономикалық талдау; қаптама бойынша шығындарды азйту шараларын құрастыру;

  • Уақытылы қаптаманы есептеу, келісім шарт міндеттерін қадағалау, ілестірмелі құжаттарды дұрыс рәсімдеу жатады.

4 ДӘРІС

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]