Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тургалиев М 332.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270.85 Кб
Скачать

Форвардтық келісімшарт

Банк аралық валюталық нарықта USD/KZT форвардтың құны 146,81 құрады. (қосымша ) Банк аралық мәмiленi аяқтау арқылы, банк сақтандырудан пайда алады.

Сонымен, банк бұл операцияларды жүргізуде теңдей пайда табады

147 320 000-146 810 000 = 510 000 теңге.

Форвард келісімшарттарын қолдануда своп мәмiлесi бiрге жүреді.

Сонымен қатар, свопта форвард келiсiмшарты сияқты, валюталық тәуекелдерді сақтандыруға болады, нәтижесінде экономикалық ортадағы қолайсыз өзгерiстердiң мүмкiн шығындарын азайтып, екiншiден қосымша табыстар алуға, өзiне пайызды тәуекел қабылдай отырып, өлшемдi пайданы күтуге мүмкiндiк бередi.

Форвард пен фьючерстік келісімшарттың айырмашылығы мына 2-кестеде берілген.

Форвард пен фьючерстік келісімшарттың айырмашылығы

2-кесте

Фьючерстік келісімшарт

Форвардтық келісімшарт

Сауда – саттық биржада жүргізіледі

Форвардтық мәміле – ол банкаралық мәміле, яғни биржадан тыс мәміле

Фьючерстік келісімшарт стандартталған

Келісімшарттың талаптары екі жақты мәміледе келіседі

Мәмілеге екі жақ қатыспайды, оның орындалуына есеп айырысу (клирингтік) палатасы кепілдік береді

Екі жақ – сатып алушы мен сатушы кездесіп, мәміле жасасады

Фьючерстік нарықта мәмілені жою жеткізіп берумен немесе кері мәмілеге келумен жүзеге асырылады

Форвардтық нарықта мәмілені жою тек қолма – қол ақша төлеумен жүзеге асырылады. Кері мәміле болмайды

Фьючерстік нарықта сауда ашық келісіммен аукционда жүргізіліп, биржа ережелерімен реттеледі

Форвардтық нарықта сауда шарт негізінде реттеледі

Фьючерстік шарт биржада тіркеледі

Форвардтық нарықта қауіптің барлық түрлері кездесуі мүмкін. Олардың деңгейі клиенттің несиелік рейтингіне байланысты

Фьючерстік келісім шарт - белгiленген нысандағы стандарттық саны мен орындалу мерзiмi бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста жүретiн туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал сатып алушы мүлiктiң (базалық активтiң) белгiленген санын келiсiлген баға бойынша және белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн сатып алуға немесе сатуға мiндеттенеді.

Фьючерстік және форвардтық келісімшарт тұрақты мәміле болып табылатын мерзімді келісімшартты білдіреді. Форвардтық келісімшартқа қарағанда фьючерстік келісімшарттың бағасынан басқа көрсеткіштері келісімшарт тараптарының қалауына және еркіне байланыссыз алдын ала белгіленген, яғни бұл келісімшарт толығымен стандартталған. Бұл келісімшарт тек қана биржалық сауда саттық кезінде жасалады. Фьючерстік келісімшарттың орындалуына биржаның өзі, яғни нақтырақ айтатын болсақ, биржалық сауда – саттыққа қызмет көрсететін есеп айырысу ұйымы «клирингтік ұйым» кепілдік береді.

Сатып алушының шартымен фьючерстік келісімшартты жасау – келісімшартты «сатып алуды» білдіреді, ал сатушының шартымен – келісімшартты «сатуды» білдіреді. Келісімшарт бойынша міндетті қабылдау «ашық позицияны» білдіреді. Кері келісімшарт жасау арқылы фьючерстік келісімшарт бойынша міндеттің орындалмауы «жабық позицияны» білдіреді. «Ашық позиция» кезінде келісімшарттың иесі бастапқы маржаны немесе жарнаны төлейді.

Фьючерстік келісімшарт екі топқа бөлінеді: тауарлы және қаржылық.

Фьючерстік келісімшарттың түрлері мына 2-суретте берілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]