Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ ДЖ 9сынып.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
404.99 Кб
Скачать

10. Латын Америка елдері

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі латын Американың жағдайы? Латын Америка елдерінің шетел капиталына бағыныштылығы күшейе түсті

2. Қай жылдары жұмысшы қозғалысының көтерілуімен сипатталды? 1917-1921 жылдары

3. Жұмысшы қозғалысының көтерілуімен қай қалада сипатталды? Аргентина, Чили, Уругвай және Бразилия

4. Мексикада революция қашан болды? 1910-1917 жылдары

5. Мексикада революциялық каудильизмді кім басқарды? Генерал Плутарка Элиас Кальес

6. Мексикада революциялық каудильизмді генерал Плутарка Элиас Кальес қашан басқарды? 1924-1928 жылдары

7. Кальес үкіметі неше сағаттық жұмыс кіннің бекітті? 8 сағ-тық

8. Тенента мағынасы? лейтенант

9. Көтерілісшілер тобын кім басқарды? Жас капитан Луис Карлос Престес

10. Үлкен мемлекеттің ішкі аумағына жорықтар қашан жасалынды? 1925 жылы

11. 1925 жылы жасалынған жорықтар қалай аталынды? «жеңілмейтін колонна»

12. 1926 жылы Америка басқыншылығына қарсы қозғалыс қайда болды? Никагуарада

13. 1926 жылы Никагуарада болған Америка басқыншылығына қарсы қозғалысты кім басқарды? Аугусто Сесар Сандино

14. Аугусто Сесар Сандиноның өмір сүру уақыты? 1895-1934 жылдары

15. Аугусто Сесар Сандиноның қозғалысы қандай ұрандармен басталды? «Құл болып шірігенше,патриот болып өлген артық!», «Бостандық не өлім!»

16. Аугусто Сесар Сандиноның қозғалысы неше жылға созылды? 7 жылға

17. Аугусто Сесар Сандино кімнің қолынан қаза тапты? Никагуара президенті болып жарияланған Анастасио Самосаның

18. Самоса отбасының диктатурасы қашанға дейін өмір сүрді? 1979 жылы сандинолықтар революциясы құлатқанға дейін

19. Аргентина елінде билеуші Азаматтық радикалды одақ екі топқа қашан бөлінді? 1920 жылдардың ортасында

20. 1922 жылы кім президент болды? Т.Марсело Альвеар

21. Чилиде әскери төңкеріс қашан болды? 1924 жылы қыркүйек айында

22. 1924-1925 жылдарда Чилиде кімнің әскери диктатурасы қалыптасты? Генерал Ибаньес дель Кампоның

23. 1925 жылы кім диктаторлық режім орнатты? Президент болып сайланған Херардо Мачадо - и - Моралес

24. Боливия – Парагвай соғысының уақыты? 1932-1935 жылдары

11. Жапония

1. XX ғасырдың басындағы Жапонияның жағдайы? Жапония дамыған ірі капиталистік елге айналып, басқыншылық саясат жүргізілді

2. Жапонияның сыртқы саясаты? Сыртқы саясатта Жапония Англиямен жақындасып, оның ықпалында болды

3. Жапонияның басты мақсатты? Қытайды өзіне бағындыру

4. Жапония Германияға соғысты қашан жариялады? 1914 жылы тамызда

5. Тынық мұхит пен Қытайдағы неміс иеліктерін қашан басып алды? 1914 жылы тамызда

6. Қашан Қытайға 21 талап ұсынып, оның әскери, саяси, қаржы салаларына үстемдік жүргізе бастады? 1915 жылы

7. 1917-1918 жылдардағы жағдай? Елде нан жетіспей, азық-түліктің бағасы жоғарылай бастады

8. Қашан Жапонияның 36 профектурасында ашыққан тұрғындардың қозғалысы басталды? 1918 жылдың тамыз және қыркүйек айларында

9. «Күріш бүліншілігі» Жапониядағы неше қаланы қамтыды? 144 қаланы

10. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның жағдайы? Соғыс кезінде Жапония қатты күшейді

11. Жапонияда қандай өндіріс салалары өсе түсті? өндірісі, әсіресе әскери техника, металл өндіру, машина жасау, химия салалары өсе түсті

12. Версаль конференциясынан кейінгі Жапония жағдайы? Версаль конференциясынан кейін Жапония бұрын Германияға қараған Қытайдың Шаньдун түбегін, Тынық мұхиттағы Каролин, Маршалл, Мариан аралдарын өзіне бекітіп алды

13. 1922-1925 жылдардығы Жапония қармағындағы жерлер? Ресейдің құрамындағы Приморье, Солтүстік Сахалин жерлері

14. 1924-1932 жылдары елді басқарып келген партиялар? Сэйюкай, Минсэйто, Каккусин, Курабу сияқты саяси партиялар

15. 1925 жылы заң бойынша сайлауға қатысушылар саны көбейіп, бұл халықтың неше пайызын құрады? 16%-ын

16. 1920 жылдардың екінші жартысында Жапония билеушілері қандай бағыт ұстанды? Озбырлық саяси бағыт

17. Мәскеу қай жылы Шығыс Қытай теміржолын Жапонияға сатып жіберді? 1927 жылы

18. Қашан Жапония Ұлттар Лигасынан шықты? 1933 жылы

19. Озбырлық саяса ұстанған Жапония кімдерге жақындасты? Германия мен Италияға

20. Каноэ үкіметі Қытайға қарсы үлкен соғысты қашан ашты? 1937 жылы 7 шілдеде

21. Қай жылы жапон әскерлері Моңғолияға шабуыл жасады? 1939 жылы

22. Жапония, Германия, Италия «Үштік пакт» аталған соғыс одағын қашан құрды? 1940 жылғы 27 қыркүйекте

23. Жапония мен КСРО неше жылдық бейтараптық шартқа қол қойды? 5 жылдық

24. Жапония мен КСРО қай жылы бейтараптық шартқа қол қойды? 1941 жылы сәуір айында

25. Қай жылы АҚШ Жапонияның Хиросима қаласына алғашқы атом бомбасын тастады? 1945 жылы 6 тамызда

26. Қай жылы АҚШ Жапонияның Нагасаки қаласына алғашқы атом бомбасын тастады? 1945 жылы 9 тамызда

27. Өрт астында қалған Жапонияға КСРО үкіметі Ялта – Потсдам келісіміне сәйкес қай жылы соғыс жариялады? 1945 жылы 9 тамызда

28. Кеңес Қарулы күштері Квантун армиясына соққы беріп, қай жерлерді босатты? Қытайдың солтүстік-шығыс ауданы мен Солтүстік Кореяны

29. Кеңес Қарулы күштері қай жерлерді басып алды? Оңтүстік Сахалинді мен Куриль аралдарын

30. Қай жылы жапон саясатшылары мен генералдары тізе бүгуге еріксіз көнді? 1945 жылы 2 қыркүйекте

31. Отарлық бұғауындағы қай жерлер азаттық алды? Тайвань, Корея мен Қытай жері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]