Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ ДЖ 9сынып.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
404.99 Кб
Скачать

3. Ұлыбритания

1. Версаль келісімі бойынша Германия төлеуге міндеттелген төлемнің көп бөлігін кімге берді? Англияға

2. Ұлыбританияның соғыстан кейінгі жағдайы? қаржылық-экономиялық жағдайы әлсіреді

3. Өндірістік жағдайы? 20% - ға қысқарды

4. Англия АҚШ-қа неше берешек қарыз болды? 850 млн фунт стерлинг (4 млрд доллар)

5. Дүниежүзілік қаржы орталығы қайда ауыстырылды? Лондондағы Сити қалашығынан Нью-Йорктің Уолл-Стрит қалашығына

6. Англияға қарсылас болғандар? Еуропада – Франция, Азияда - Жапония

7. Сайлау туралы жаңа заң қашан қабылданды? 1918 жылы

8. Дауыс берушілер саны қаншаға өсті? 8 млн-нан 21 млн-ға дейін

9. Сайлауға неше жастан қатысуға құқылы болды? 21 жасқа толған ер адамдар мен 30 жасқа толған әйелдер

10. Сыртқы саясатта Англияның беделін көтнруге тырысқан Париж бейбіт конференциясында батыл ұстанымдарды жақтаған кім? Ллойд Джордж

11. Империялық конференция қашан болды? 1917 жылы

12. Империялық конференцияның отарлары? Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Одағы

13. Ұлыбритания тарихында алғаш рет лейбористер үкіметін құрған кім? Рамсей Макдональд

14. Рамсей Макдональд ұлыбритания тарихында алғаш рет лейбористер үкіметін қашан құрды? 1924 жылы 23 қаңтарда

15. Сайлауда жеңіске жетіп, қайтадан үкімет басына келген кім? С.Болдуин

16. С.Болдуин қашан үкімет басына келді? 1924 жылы қазанда

17. Англия 1919 жылы реформаны қайда бастауға кірісті? Үндістанда

18. Түркия халқы грек әскерлерін талқандап, дербес мемлекетті қашан құрды? 1922 жылы

19. Дублин қаласында ұлттық парламент қашан құрылды? 1919 жылы

20. Ирландия Республика боп қашан жарияланды? 1919 жылы

21. Англия Ирландия тәуелсіз мемлекетін қашан мойындады? 1921 жылы желтоқсанда

22. Жұмысшы табының жаппай ереуілі қашан басталды? 1926 жылы

23. Консерваторлар үкіметі жаппай ереуілге жол бермейтін заңды қашан шығарды? 1927 жылы

24. 1929 жылы басталған дүниежүзілік экономиялық дағдарыс Ұлыбританияға қашан жетті? 1932 жылдың көктемінде

25. Үкімет басына екінші рет келген кім? Р.Макдональд

26. Р.Макдональдүкімет басына екінші рет қашан келді? 1931 жылы тамызда

27. Үкімет басына екінші рет келген Р.Макдональд 1931 жылы тамызда қандай үкімет құрады? «ұлттық» коалициялық үкімет

28. «Ұлттық» коалициялық үкіметтің құрамына кімдер кірді? 5 лейборист министрмен бірге, консерваторлар мен либералдар кірді

29. Үкімет бүлікшілерге қатал жазалауды көздеген заң қашан қабылданды? 1934 жылы

30. Үкіметті қайта жасақтау барысында 1937 жылы кабинет басына Германияны жақтаушы кім келді? Невилл Чемберлен

4. Франция

1. Президент болып кім сайланды? Александр Мильеран

2. Александр Мильеран президент болып қашан жарияланды? 1920 жылы

3. 1922 жылы Ұлттық блок басына кім келді? Францияның бұрынғы президенті Раймон Пуанкаре

4. Э.Эррионың еңбегі? «Жаңа Ресей»

5. 1926 жылға дейін блок басында болған кім? солшыл блок үкіметі

6. Үкіметті жаңа блоктың басқарушысы кім? Францияның бұрынғы президенті Р.Пуанкаре

7. Франция банктерінің алтын қоры қашан екі есе өсті? 1928-1929 жылдары

8. Дириже? Французша – басқару, жетекшілік ету

9. «Француз әрекет Лигасы» ашық диктатураны орнатуды кім ұсынды? Жазушы-журналист Ш.Моррас

10. Жазушы-журналист Ш.Моррас негізін салған «Француз әрекет Лигасы» ашық диктатураны қашан орнатуды ұсынды? 1899 жылы

11. «Патриот жастар» лигасы күшті атқарушы үкімет құруды қашан талап етті? 1924 жылы

12. Полковник Казимир де ля Рок «Әскери крест» лигасын қашан ұйымдастырды? 1927 жылы

13. 1934 жылы оның мүшелерінің саны нешеге жетті? 150 мыңға дейін жетті

14. Фашистер парламентті басып алуға қашан әрекет жасады? 1934 жылы 6 ақпанда

15. Фашизмге қарсы наразылық ереуілдері қашан басталды? 1934 жылы 12 ақпанда

16. Оған қанша адам катысты? 1,5 млн адам

17. Бұл ереуілдер қандай ұранмен өтті? «Фашизм жойылсын!»

18. Франция коммунистік партиясы (ФКП) мен социалистік партия қимыл-бірлігі туралы неге қол қойды? пактіге

19. ФКП мен социалистік партия қимылы қандай пактіге қол қойды? Халықтық майдан құру

20. Халықтық майданның сайлау алдындағы бағдарламасын қашан жариялады? 1936 жылдың қаңтарында

21. Заңда не қарастырылды? 40 сағ-тық жұмыс аптасы енгізілді

22. 1936 жылдың көктеміндегі парламент сайлауының нәтижесі? Халықтық майдан партиялары ірі жеңіске жетті

23. Блюм кабинеті өз еркімен жұмысын қашан тоқтаты? 1937 жылы маусым айында

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]