
- •1. Бірiншi дуниежузiлiк соғыс
- •2. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі орталық Еуропа елдері мен Ресейдегі революциялық-демократиялық қозғалыстар
- •3. Ұлыбритания
- •4. Франция
- •5. Германия
- •6. Италия. Испания
- •7. Орталық және Оңтүстік – Шығыс Еуропа елдері
- •9. Америка Құрама Штаттары. Канада
- •10. Латын Америка елдері
- •11. Жапония
- •12. Қытай. Моңғолия
- •13. Оңтүстік – Шығыс Азия елдері
- •14. Үндістан
- •15. Иран. Ауғанстан
- •16. Түркия
- •17. Азиядағы Араб елдері
- •18. Африкадағы Араб елдері
- •19. Тропиктік және Оңтүстік Африка елдері
- •20. Екі соғыс аралығындағы халықаралық қатынастар
- •21. Екінші дүниежүзілік соғыс
- •22. Ұлыбритания
- •23. Франция
- •24. Германия Федеративтік Республикасы
- •25. Италия. Испания. Португалия. Грекия
- •26. Солтүстік Еуропа елдері
- •27. Еуропалық ықпалдастық және Еуропа Одағы
- •28. Орталық және Оңтүстік – Шығыс Еуропа елдері
- •29. Америка Құрама Штаттары. Канада
- •30. Латын Америкасы елдері
- •33. Жапония
- •34. Қытай Халық Республикасы
1. Бірiншi дуниежузiлiк соғыс
1. Бірінші дүниежізілік соғыс неден туындады? ірі капиталистік мемлекеттердің арасындағы қайшылықтардың шиеленісуінен туындады
2. Германия, Австро-Венгрия және Италия одағына қарсы 1907 жылы Аглия, Франция және Ресей мемлекеттері не құрды? Антанта одағын
3. Германия, Австро-Венгрия және Италия елдері арасында Үштік одақ әскери бірлестігі қашан ұйымдасқан болатын? 1882 жылы
4. Негізгі қайшылық кімдер арасында болды? Ұлыбритания мен Германия арасында
5. Соғыстың негізгі себептері мен соғыстың мақсаттары? Англия мен Франция Германияның Африкадағы отарларын және Таяу Шығыстағы Осман империясының жерін басып алуды көздеді
6. Австро-Венгрия үкіметі кімді басып алды? Сербияны
7. 1914-1918 жылдардагы соғыс империялистік,басқыншылық,екі жақтан да қандай соғыс болды? әділетсіз соғыс
8. 1914 жылы 28 маусымда Австро-Венгрия тағының мұрагері, кім қаза тапты? эрцгерцог Франц Фердинанд
9. 1914 жылы 28 маусымда Австро-Венгрия тағының мұрагері, эрцгерцог Франц Фердинанд қайда қаза тапты? Сараева қаласында
10. Германия императорының соғысқа итермелеуімен Австро-Венгрия 23 шілдеде Сербияға не жіберді? ультиматум
11. Оның жауабын күтпей, осы жылы 28 шілдеде Австро-Венгрия Сербияға не жариялады? соғыс жариялады
12. 1914 жылы 4 тамызда неміс әскерлері қандай жоспар бойынша Бельгия арқылы Францияның жеріне баса-көктеп кірді? "Шлиффен жоспары"
13. Неміс әскерлері Париж маңына жақындап келіп,қанша шақырымда қашықтықта тоқтады? 40 шақырым қашықтықта
14. Батыс майданда қандай өзеннің бойында қырғын шайқастар өтіп жатты? Марна өзені
15. Бұл шайқаста екі жақтан қанша зеңбірек қолданып, қанша жауынгер қатысты? 7 мыңнан астам зеңбірек, 2 млн-нан астам жауынгер
16. Германия империализімінің қандай жоспары іске аспай, тығырыққа тірелді де, соғыс ұзаққа созылды? "қауырт соғыс"
17. Қашан Италия соғыстың барысында Антанта елдерімен жақындасып, Австро-Венгрияға соғыс жариялады? 1915 жылы мамырда
18. Қашан Германия алғаш рет химиялық қару қолданды? 1915 жылы 22 сәуірде
19. Германия алғашқы рет химиялық қаруды қайда қолданды? Ипр қаласында
20. 2 мамырда басталған немістер шабуылы қанша айға созылды? 5 айға
21. Батыс майдан шептерінде ірі шайқастар кашан болды? 1915 жылғы көктем және жаз айларында
22. 1915 жылы ағылшын-француз әскери тобының ең ірі соғыс әрекеті нені басып алуға бағыттады? Мәрмәр теңізі мен Дарданелл бұғазын
23. 150 мың әскері оққа ұшырағаннан кейінгі Антантаның әрекеті? Антанта жағы қайта шабуылға шығуға шамасы келмей, соғыс әрекетін тоқтатты
24. Германия армиясының Шығыс майдандағы жеңістерінен кейінгі әрекеттері? 1915 жылғы қазанда Болгария Антантаға қарсы соғыс жарияды
25. Германия, Австро-Венгрия, Түркия және Болгариядан тұратын не құрылды? Төрттік одақ
26. Соғыс қимылдары Батыс майданға қашан ауысты? 1916 жылы қазанда
27. Ақпан айында Германия кимге қарсы шабуыл бастады? Францияға
28. Ақпан айында Германия Францияға қарсы қайда шабуыл жасай бастады? Верден қамалына
29. Ол шайқас тарихқа қандай атпен белгілі болды? Верден қырғыны
30. Верден бекінісіне қанша снаряд атқыланды? 2 млн
31. Сомма шайқасының ерекшелігі? ағылшындар мен француздар тарихта тұңғыш рет танктерді қолданды
32. Төрттік одақтың әлсіздігі қашан белгілі бола бастады? 1914-1916 жылдард
33. Германияда неше жастан барлық ер адам еңбек етуге міндеттелді? 17-ден 70 жаска дейінгі
34. 1914-1915 жылдарда халықтың қарсылығынан не басым туссе бастады? патриоттық пиғылдар
35. 1916 жылдан бастап не қайта өрши бастады? митингілер, ереуілер
36. Жиын кезінде қандай транспаранттар желбіреді? " Жойылсын соғыс! "
37. Батыс Еуропа қалаларында ереуілшілер қандай ұранды көтерді? " Біз бітімді тілейміз! "
38. Қашан АҚШ Германияға қарсы соғыс жариялады? 1917 жылы 6 сәуірде
39. Батсы Еуропа майдандарында қаншама АҚШ солдаттары соғысты? 2 млн-нан астам
40. Неше күн ішінде Антанта әскерлері немістердің майдан шебін бұзды? 1 күн ішінде
41. Антанта әскерлері немістердің қанша дивизиясын талқандап, ірі табысқа жетті? 16 дивизия
42. 1918 жылдың қыркүйек айында уақытша бітімге кімдер қол қойып, жеңілгендіктерін мойындады? Болгария - Түркия - Австро-Венгрия
43. 1918 жылы 11 қарашада Германия мен Антанта мемлекеттері арасында уақытша бітімге қол қойылды қай жерде? Компьен орманында
44. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ең ірі оқиға? Бірінші дүниежүзілік соғыс
45. Соғысқа қанша мемлекет қатысты? 38 мемлекет
46. Екі әскери одақтың әскер қатарына қанша адам шақырылды? 74 млн адам
47. 1919 жылы 18 қаңтарда Парижде нені бастады? бітім конференциясын
48. Конференцияның негізгі мақсаты? Германиямен бітім шартын дайындау болды
49. Кондеренцияға кім жетекшілік етті? АҚШ президенті
50. Вильсон талабымен Ұлттар Лигасы Жарғысына не енгізілді? мандат
51. Репарация ұғымы? орнына келтіру
52. Версаль шарттына қол қашан қойылды? 1919 жылы 28 маусымда
53. Версаль шарттына қолды кім қойды? Германия делегациясы
54. Версаль бітімшартын бекітуден бас тартқан кім? АҚШ сенаты
55. Вашингтонда конференция қашан өтті? 1921-1922 жылдары
56. Вашингтон конференциясына қандай мемлекеттер қатысты? АҚШ, Англия, Жапония, Франция, Италия, Бельгия, Португалия, Голландия, Қытай мемлекеттері
57. Конференция отырыстары немен аяқталды? 3 негізгі келісімшартқа қол қоюмен
58. Версаль-Вашингтон жүйесі қашан ыдырай бастады? 1929-1933 жылдары
59. Версаль-Вашингтон жүйесі не себепті ыдырай бастады? дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың қысымына шыдай алмай