Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология ғылым ретінде_0.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

48. Әлеуметтік конфликт: кезеңдері мен шешу жолдары

Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік шиеліністердің орын ағандығын байқауға болады. Біздің тілімізде “шиелініс” деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus-қақтығыс деген ұғымды білдіреді.

Шиеліністі, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды,, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады.

Шиелініс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды.

Әлеуметтік шиелініс” (социология конфликта) деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеліністі қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған.

Шиеліністер барлық қоғамдық ғылымдарға қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымында қалыптасты.

49.Социологиялық зерттеудің бағдарламасы.

Социологиялық зерттеу - методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалытехникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану. Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады: -зерттеуге дайындық; -бастапқы ақпаратты жинақтау; - жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау; - өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.

Барлау зерттеусоциологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді.

Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді.

Аналитикалық зерттеузерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондайақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады.

50.Девианттық мінез-құлықтың себептері, негізгі көзі.

Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «құқық бұзушыны» девиантты(ауытқыған) не делинквентті(қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды. Девиантты мінез құлықтың мәнің түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр.

Девиантты мінез-құлықтың себебі, негізгі көзі неде? Бұл сұраққа әр қаладағы ғалымдар, соның ішінде социологтар мен заңгерлер басын қатырды. Кеңестік тұжырымдамада таптық тамырдың мәнін ашуға басты назар аударылды: таптық қоғамда қылмыс қоғамдық қатынастардың өз құрылысынан туындап жатты. Таптық себептерге ерекше мән беру социализмде қылмыс жасауға арнайы себептер жоқ деген тұжырым жасауға итермеледі. Идеологияның жалаң қағидаларын жеңе отырып, біздің ғалымдар аймақтық, жастық, кәсіптік, әлеуметтік-таптық т.б сияқты әр түрлі заңдылықтарды ашып берді. Бүгінде мәселені зерттеушілердің көпшілігі әлеуметтік бастама кез-келген саналы мінез-құлыққа басым болатынына,оның жеке тұлға құрылымындағы биологиялық элементтермен терең өріліп жатқанына келіседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]