
- •Социология ғылым ретінде
- •2.Әлеуметтік мобилділік: ұғымы және түрлері.
- •3. Социологияның зерттеу объектісі мен пәні.
- •4.Әлеуметтік құрылымның тарихи түрлері.
- •5. Социологияның құрылымы.
- •6. Әлеуметтік стратификация туралы ұғым.
- •7. Социологияның атқаратын қызметтері.
- •8. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
- •1) Қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп е атайды.
- •2) Тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы)
- •3) Тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар)
- •9. Социологияның басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы
- •10. Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы.
- •11. О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамасы
- •13. Әлеуметтанудың категориялары және оның әлеуметтану пәнінің қалыптасуындағы ролі
- •14. Әлеуметтанудың заңдары
- •15. Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі – хіх ғасырдың 40-жылдары
- •16. Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік ғылыми көзқарастары, ой-пікірлері
- •17. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік гуманистік көзқарастары, идеялары
- •18. Абай Құнанбаевтың әлеуметтік қоғам, адам, тұлға мәселесіндегі көзқарасы
- •19. Ахмет Байтұрсыновтың әлеуметтік, ағартушылық көзқарасы
- •20. Әлихан Бөкейхановтың әлеуметтік-саяси көзқарасы
- •21. Г.Спенсердің әлеуметтанулық теориясы.
- •1.Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
- •2.Әлеуметтік эволюция идеясы.
- •22. Ресейдегі әлеуметтанулық ілімнің дамуы, өкілдері
- •24. П. Сорокиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясы
- •25. Қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік институттар, қоғамдастықтар, топтар.
- •27.К.Маркстің әлеуметтанулық теориясы, артықшылықтары мен кемшіліктері
- •28. Тұлға, адам, индивид ұғымы. Тұлғаның әлеуметтік мәні
- •29. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасы.
- •30. Жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымы.
- •31. М.Вебердің әлеуметтанулық «түсіну», «ұғыну» теориясы
- •32.Тұлға жайындағы теориялар. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рольдер
- •34. Тұлғаның әлеуметтену процесі
- •35. Р. Мертонның әлеуметтанулық теориясы
- •36. Әлеуметтенудің түрлері мен агенттері.
- •37..Дарендорфтың «әлеуметтік шиеленіс» теориясы
- •41.Қоғам туралы ұғым. Мәні мен анықтамалары
- •42.Теориялық және эмпирикалық зерттеулер.
- •43. Қоғамның жіктелуі
- •44. Әлеуметтік бақылау.
- •45. Мәдениет- әлеуметтік танымның объектісі ретінде.
- •46. Әлеуметтік конфликт: түсінігі, түрлері және субъектілірі.
- •48. Әлеуметтік конфликт: кезеңдері мен шешу жолдары
- •49.Социологиялық зерттеудің бағдарламасы.
- •50.Девианттық мінез-құлықтың себептері, негізгі көзі.
- •51.Анкета - әлеуметтік мәлімет жинау әдісі ретінде.
- •52.Д.Беллдің қоғам дамуының «үш сатысы туралы» теориясы.
- •54. «Қазақстан-2030» стратегиясы ішкі саяси тұрақтылық туралы.
- •2. Аудандағы ұлттар бірлігі мен ішкі саясат тұрақтылықтың сақталуы мен әрі қарай нығаюы қоғамның бірлік күшімен байланысты.
- •56. Әлеуметтік статус:түсінігі, құрылымы
- •58. Әлеуметтік топтардың түрлері.
- •61. Әлеуметтік девиация.
- •65. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты мен мәні
- •66. Қоғамның демографиялық құрылымы
- •67. Қазақ халқының демографиялық даму тарихы
- •69. Қоғамның дамуы, қозғаушы күштері. «қозғалыс», «өзгеріс», «даму» ұғымдары
- •70. Э. Дюркгеймнің «аномия» концепциясы
- •71. М. Вебердің саяси әлеуметтану жайындағы көзқарасы
- •74. Маргинализацияның пайда болу себептері және оны жою жолдары
- •76. О. Конттың отбасы жайындағы көзқарасы
- •77. Неке дегеніміз не?
- •78. Отбасы әлеуметтік институт ретінде. Отбасының пайда болуы, түрлері. Отбасының қызметі
- •79. Отбасының тәрбиелік қызметі
- •80. Дін әлеуметтануы. Қоғамдағы діннің алатын орны.
- •81. Білім әлеуметтендірудің Әлеуметтік білім – теория мен практиканыњ бірлігінде қалыптасады.
- •86. Қоғамдағы нашақорлық мәселесі және онымен күрес.
29. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасы.
Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі –Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж.ж.). Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.
Э.Дюркгеймнің тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алады. Оның міндеті –тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмейді. Ол басқа қоғамдағы ғылымдарды ғылыми әдістемелер, теорияларымен қаруландырады.
Э. Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық (теория солидарности) теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі – “Қоғамдық еңбектің бөлінуі” арналған. Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.
Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде соционализм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады.
30. Жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымы.
Ал “жеке тұлға” түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша: “Жеке тұлғаның негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу” [1]. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен “жеке тұлға” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.
«Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолдануымызда «адам», «дара адам», «даралық» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін – «адам» түсінігі қамтиды. Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осындай жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажетттік - себеп аймағы – жеке адамның бағыт - бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс - әрекетік икемділігіне, оның қабілеті, білімі мен ептілігіне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ой сапаларымен байланысып жатады. Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады.