- •Тест тапсырмалары
- •106. Бас бостандығын шектеу дегеніміз?
- •107. Қр Қылмыстық кодексінде көрсетілген жазаның қай түрі казір қолданылмайды?
- •108. Мүлікті тәркілеу дегеніміз?
- •122. Некені кию некеге тұруга тілек білдірушілер ахаж органыңа арыз берген күннен бастап канша мерзім өткен соң жүргізіледі?
- •123. Неке шарты дегеніміз не?
- •A) *қаңтардың
106. Бас бостандығын шектеу дегеніміз?
A) сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.
Б) екі айдан екі жылға дейін мерзімге белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі.
C) келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге әскери қызмет бойынша шектеу.
D) *соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтеледі.
E) аталғандардың барлығы.
107. Қр Қылмыстық кодексінде көрсетілген жазаның қай түрі казір қолданылмайды?
A) *өлім жазасы.
Б) түзеу жұмыстары.
C) мүлкін тәркілеу.
D) қамау.
E) бас бостандығынан айыру.
108. Мүлікті тәркілеу дегеніміз?
A) сотталган адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне уақытша алу.
Б) сотталған адамның меншігі болып табылатын мүлікті мемлекет оның түрмеден шыққанға дейін ұстап тұруы.
C) *сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу.
D) келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге әскери қызмет бойынша шектеу.
E) сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.
109. Қылмыстық-атқарушы заңдарда сотталған немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік тәркіленеді ме?
A) тәркіленеді.
Б) *тәркіленбеуге тиіс.
C) ҚР Үкіметі шешеді.
D) адвокат шешеді.
E) түрменің бастығы шешеді.
110. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды көрсетіңіз?
A) алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау.
Б) айыпкердің кәмелетке толмауы.
C) айыпкердің жүктілігі.
D) айыпкердің жас балалары болуы.
E) *аталғандардың барлығы.
111. Қылмыстык жауаптылық пен жазаны женілдететін мән-жайларды көрсетіңіз?
A) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы.
Б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру.
C) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың құрамында қылмыс жасау.
D) *шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге белсенді жәрдемдесу.
E) қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару.
112. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды көрсетіңіз?
A) айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды қылмыс жасауға тарту.
Б) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша қылмыс жасау.
C) жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты қылмыс жасау.
D) қорғансыз немесе дәрменсіз адамға қатысты қылмыс жасау.
E) *аталғандардың барлығы.
113. Аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау - бұл...
A) қажетті қорғану.
Б) *қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай.
C) қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай.
D) мәжбүрлі қажеттілік.
E) аталғандардың барлығы.
114. Қажетті қорғанудың құқықтык дұрыстығының шартын бұзу, аса кажеттілік қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайында қылмыс жасау - бұл...
A) қажетті қорғану.
Б) қылмыстық жауаптылық пеп жазаны ауырлататын мән-жай.
C) қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай.
D) *мәжбүрлі қажеттілік.
E) аталғандардың барлыгы.
115. Неке-отбасы қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік акт бұл
A) *«Неке және отбасы туралы» 1998 ж. 17 желтоқсандағы ҚР Заңы.
Б) ҚР-дағы «Жанүя» Заңы.
C) «Неке және отбасы туралы» 2000 ж. 1 желтоқсандағы кодексі.
D) ҚР Азаматтық кодексі.
E) ҚР Қылмыстық кодексі.
116. «Неке және отбасы туралы» ҚР-ның Заңы қай кезде қабылданды?
A) 30 тамыз 1995 ж.
Б) 25 казан 1990 ж.
C) *17 желтоқсан 1998 ж.
D) 16 шілде 1997 ж.
E) 1 қаңтар 1098 ж.
117. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін...
A) 19 жас.
Б) *18 жас.
C) 13 жас.
D) еркектерге 19 жас, әйелдер үштн 20 жас.
E) 15 жас.
118. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша АХАЖ органдары неке жасын канша жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін?
A) *екі жылдан аспайтын мерзімге.
Б) бес жылдан аспайтын мерзімге.
C) 4 жыл.
D) 3 жыл.
E) төмендегуге болмайды.
119. Араларында неке киылуына жол берілмейтін адамдар?
A) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың.
Б) тікедей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың.
C) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ аға-қарындастардың.
D) асырап алушылар мен асырап алғандардың.
E) *аталғандардың барлыгы.
120. Отбасы дегеніміз...
A) *некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тербиеге алудың өзгеде нысандарынан туындайтып мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдарь тобы.
Б) сату-сатып алу негізінде туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.
C) азаматтық құқықтарға ие болып міндеттер атқару қабілеттілігі.
D) азаматтық құқықтарға ие болып міндеттерді жүзеге асыру қабілеттігі бар адам.
E) дұрыс жауабы жоқ.
121. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке катынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ - бұл...
A) Отбасы.
Б) Жанұя.
C) Келісім-шарт.
D) *Неке.
E) Уақытша одақ.
