Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құқық нег ТЕСТ 300.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
329.73 Кб
Скачать

Тест тапсырмалары

1. Қазақстан Республикасының басқару нысаны.

A) *президенттік баскару нысанындағы біртұтас мемлекет.

Б) президенттік баскару нысанындағы федеративті мемлекет.

C) парламенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

D) монархиялық басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

E) монархиялықбасқару нысанындағы федеративті мемлекет.

2. Мемлекеттің пайда болуының күштеу теориясының негізін қалаушылар.

A) Покровский, Фильмер.

Б) Эпикур, Спиноза, Руссо.

C) * Гумпилович, Каутский, Дюринг.

D) Энгельс, Маркс.

E) Петражицкий, Гуто.

3. Мемлекеттің пайда болуының теологиялык теориясы былай деп түсіндіреді:

A) мемлекет бір тайпаның екінші тайпаны басып алуы нәтижесінде құрылды.

Б) мемлекет әлеуметтік эволюцияның жемісі, биологиялык организммен тепе-тең.

C) мемлекет табиғи жолмен пайда болды.

D) мемлекет тап күресі нәтижесінде пайда болды.

E) *мемлекет бұл Құдай еркінің жемісі.

4. Тұлғаның белгілі бір мемлекетпен саяси-құқықтық байланысы қалай аталады?

A) мәртебе.

Б) құзырет.

C) кепілдік.

D) *азаматтық.

E) заңдастыру.

5. Мемлекет егемендігі дегеніміз...

A) *мемлекеттік биліктің ішкі және сыртқы саясаты өз еркімен жүзеге асырудағы дербестігі мен тәуелсіздігі.

Б) қоғамда билік жүргізуге өкілеттік алған қабілетті бұқаралық саяси ұйымның бар болуы;

C) аумағы мен халқының болуы.

D) ел таңбасы, ән ұраныңың және туының болуы.

E) салық және салық жүйесінің болуы.

6. Абсолюттік монархияның белгісін көрсетіңіз?

A) билік монарх пен парламенттің қолында болады.

Б) *биліктің бірден-бір иесі монарх болып табылады.

C) мемлекеттегі жоғарғы билік тек парламентке ғана тиесілі болады.

D) монарх мемлекеттегі тек қана діни билігін жүргізеді.

E) халық елді басқару ісіне араласады.

7. Конституциялык монархияның белгісін көрсетіңіз?

A) биліктің бірден-бір иесі монарх болып табылады.

Б) *монархтың билігі парламент және конституциямен шектеледі.

C) мемлекеттегі жоғарғы билік тек монархқа ғана тиесілі болады.

D) президент мемлекеттегі барлық билікті жүргізеді.

E) халық елді баскару ісіне араласады.

8. Төменде аталған ойшылдардың қайсысы мемлекет және құқықтың пайда болуына катысты келісім теориясын ұстанды?

A) Конфуций.

Б) Аврелий Августин.

C) Аквинский.

D) *Гроций.

E) В. Фогель.

9. Мемлекеттік биліктің ел ішіндегі басымдылығы және елден тыс аумақтағы тәуелсіздігі деген белгі нышан калай аталады?

A) құқық субъектілігі.

Б) *мемлекет егемендігі.

C) құқық қабілеттілігі.

D) әрекет қабілеттілігі.

E) құқық шығармашылық ісі.

10. Мемлекеттің негізгі белгілері қандай?

A) астана, үрдістер, дін.

Б) өнеге, ізгілік.

C) *егемендік, аумағы, салық жүйесі.

D) жалау (ту), елтаңба, әнұран.

E) саяси партиялар, банк, қоғамдық ұйымдар.

11. Құқықтық мемлекеттің басты мақсаты қалай көрсетіледі:

A) мемлекеттің сыртқы саясаттағы ісін тәуелсіз деп бекіту.

Б) ел экономикасын көтеру.

C) *адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын барлық жеке тұлғалардың бостаңдықтары мен теңдігін тану мен оған кепілдік беру.

D) шекараны қорғау.

E) зейнетақы мен жәрдемақыны дер кезінде беру.

12. ҚР мемлекеттік рәміздері қатарына не жатады?

A) ҚР Конституциясы.

Б) ҚР аумағы.

C) ҚР картасы.

D) ҚР қолданатын мөрлері.

E) *ҚР мемлекеттік елтаңбасы, Туы, Әнұраны.

13. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясын кім қабылдады?

A) Парламент.

Б) Үкімет.

C) Конституциялық Кеңес.

D) Президент.

E) *республикалық референдум жолымен.

14. ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтаулар енгізіледі:

A) *Республикалық референдумда және Парламентпен.

Б) Үкіметпен.

C) Жоғарғы Сотпен.

D) Конституциялық Кеңеспен.

E) Сенатпен.

15. ҚР Конституциясында жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтайтын бөлім?

A) адам және қоғам.

Б) *адам және азамат.

C) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі.

D) жалпы ережелер.

E) адам және жеке тұлға.

16. ҚР 1995 жылғы Конституциясы кашаннан бастап заңды күшіне енді?

A) *1995 жылғы 30 тамыздан бастап.

Б) 1995 жылғы 1 қыркүйектен бастап.

C) 1996жылғы 1 қаңтардан бастап.

D) 1995 жылғы 5 қыркүйектен бастап.

E) 1998 жылғы 7 қазаннан бастап.

17. ҚР Конституциясының құрылымында қандай бөлім жок?

A) Адам және азамат.

Б) Үкімет.

C) Конституциялық Кеңес.

D) Соттар және сот төрелігі.

E) *Конституциялық Сот.

18. ҚР мемлекеттік рәміздеріне мыналар жатады:

A) *Әнұран, Ту. Елтаңба.

Б) Президенттің омырау белгісі.

C) «Алтын Қыран» ордені.

D) Республика астанасы.

E) Президентің резиденциясы.

19. ҚР-ның жер койнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, тағы баска табиғи байлықтары кімнің меншігіне жатады:

A) азаматтардың меншігіне.

Б) табиғатты қорғайтын ұйымдардың меншігіне.

C) сол аумақта тұратын халықтың меншігіне.

D) *мемлекеттік меншікке.

E) аталған құқықты мемлекеттен алғандардың меншігіне.

20. Мемлекеттегі биліктің бөлінуі нені білдіреді:

A) мемлекеттегі билік тармақтарының бір-біріне бағынуы.

Б) *биліктің тармақтары бір-бірінен тәуелсіз және бір-біріне бағынбайды, өздерінің жеке қызметтерін ғана атқарады.

C) билік тармақтары Конституциялық Кеңеске ғана бағынады.

D) билік тармақтары ҚР Президентіне бағынады.

E) биліктің тармақтары халыққа бағынады.

21. Құқыктық мемлекеттің басты мақсаты қалай көрсетіледі:

A) мемлекеттің сыртқы саясаттағы ісін тәуелсіз деп бекіту.

Б) ел экономикасын көтеру.

C) *адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, барлық жеке тұлғалардың бостаңдықтары мен тендігін тану мен оған кепілдік беру.

D) шекараны қорғау.

E) зейнетақы мен жәрдемақыны дер кезінде беру.

22. Қазакстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің қайнаркөзі:

A) *Халық.

Б) ҚР Президенті.

C) ҚР Парламенті.

D) ҚР Үкіметі.

E) ҚР Конституциялық Кеңесі.

23. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет болып саналады?

A) федеративтік республика.

Б) конфедерация мүшесі.

C) монархиялық.

D) *президенттік республика.

E) азаматтық қауымдастық.

24. ҚР Конституциясы (21 мамыр 2007 ж. өзгертулер мен толықтырулар) бойынша ҚР Президенті канша жылға сайланады?

A) 3 жылға.

Б) 6 жылға.

C) 5 жылға.

D) 4 жылға.

E) *7 жылға.

25. Атқарушы органның біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақтық дамыту мүдделерін және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді камтамасыз етеді...

A) мәслихат.

Б) депутат.

C) *үкімет.

D) департамент.

E) аудандық әкімат.

26. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері деп...

A) бұл әкімшілік құқықтық нормалар көрінісінің сыртқы нақты нысандары.

Б) өзара байланысты әкімшілік құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы.

C) *басқару саласындағы қоғамдык қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

D) өзінің құқықтық реттейтін әдісі.

E) арнайы субьектілердің жүйесі.

27. Нақты заңдык басқару бойынша шешім, ол келешекте пайда болатын барлық ұқсас істер үшін міндетті болады...

A) әкімшілік прецедент.

Б) *нормативтік құқықтық акт.

C) әкімшілік шарт

D) әдет-ғұрып.

E) әкімшілік құқықтық доктрина.

28. Әкімшілік құқық дегеніміз...

A) *мемлекеттік басқару аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

Б) жолдардың, тәсілдердің жиынтығы, солар арқылы басқару қатынастары реттеледі.

C) атқарушы билік субьектілері мен қоғамдык бірлестіктер арасындағы қатынастар.

D) басқару қатынастарының сапалық жағынан біркелкі тобын реттейтін біршама бөлектенген әкімшілік құқықтық нормалардың жиынтығы.

E) құқықтық құралдардың жиынтығы.

29. Әкімшілік құқықтың жүйесі қандай бөлімнен тұрады?

A) *жалпы және ерекше.

Б) арнайы және құзіретті.

C) мазмұны және сапасы.

D) салалық және салааралық.

E) жауаптардың бәрі дұрыс.

30. Әкімшілік құқықтық қатынастардың элементтері:

A) субъектілер.

Б) объектілер.

C) заңды айғақтар.

D) мазмұны.

E) *жауаптың бәрі дұрыс.

31. Әкімшілік құқықтык қатынастар:

A) әкімшілік құқық нормалары.

Б) белгілі бір нысаны бар.

C) әкімшілік құқық нормаларының негізінде пайда болған басқару қатынастары, олардың қатысушыларының субъективітк құқықтары мен заңдық міндеттері.

D) заңдық міндеттерді иеленуші болып табылады.

E) *жауаптың бәрі дұрыс.

32. Егер әкімшілік құқық бұзушылык жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқықка қарсы сипатын сезінсе, оның залалын алдын ала білсе, оған саналы түрде жол берсе әкімшілік құқық бұзушылык... жасалған деп танылады:

A) *қасақана.

Б) абайсызда.

C) немқұрайымдылықпен.

D) қаскүнемдікпен.

E) салақтықпен, менмендікпен.

33. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды салаларын алдын ала білсе, бірак жеңілдікпен ойлаған болса, ондай зардаптың болуын болжамаған болса әкімшілік құқық бұзушылық жасалған деп танылады:

A) қаскүнемдікпен.

Б) қасақана.

C) менмендікпен.

D) немқұрайымдылықпен.

E) *абайсызда.

34. Құқық бұзушының әрекетінде белгілі бір заңдық элементтер болған жағдайда ғана жатады:

A) әкімшілік жауаптылыққа.

Б) қылмыстық жауаптылыққа.

C) тәртіптік жауаптылыққа.

D) азаматтық жауаптылыққа.

E) *жауаптың бәрі дұрыс.

35. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген тәртіппен қолданылатын жауаптылықтың шарасы:

A) алдын алу шаралары.

Б) мәжбүрлеу шарасы.

C) *әкімшілік жаза.

D) жауаптылық.

E) тәртіптік шара.

36. Жергілікті өкілді органдар кім болып табылады?

A) *мәслихаттар.

Б) әкіматтар.

C) жергілікті соттар.

D) жергілікті прокуратура.

E) Ішкі істер органдары.

37. Жергілікті атқарушы органдар қандай жүйеге кіреді?

A) *атқарушы органдарының бірыңгай жүйесіне.

Б) өкілді органдарының бірыңғай жүйесіне.

C) прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне.

D) Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне.

E) аталғандардың барлығы.

38. Әкімдер өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қандай нормативтік құқықтық актілер қабылдайды?

A) *шешімдер мен өкімдер.

Б) заңдар.

C) нормативті қаулылар.

D) конституциялық заңдар.

E) аталғандардың барлығы.

39. ҚР-ның 20 жасқа толған азаматы депутаты болып сайлана алады:

A) сенаттың.

Б) Парламенттің.

C) *мәслихаттың.

D) аумақтық парламенттің.

E) аудандық сенаттың.

40. Әкімшілік жаза дегеніміз не?

A) қылмыс жасағаны үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Б) қылмыстық жауаптылық.

C) Қылмыстық кодексті бұзған адамға қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

D) *заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылык жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

E) дұрыс жауабы жоқ.

41. Мемлекеттік кызмет дегеніміз?

A) қызметшілердің жеке мекемелердегі міндеттер мен функцияларды іске асыруға бағытталған лауазымдык өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Б) *мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілегтігін атқару жөніндегі қызметі.

C) мемлекеттік қызметшілердің жоғары оқу орындарындағы педагогикалық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

D) мемлекеттік қызметшілердің акционерлік қоғамдағы іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

E) аталғандардың барлығы.

42. Аталғандардың қайсысы мемлекеттік кызметшіге жатпайды?

A) тергеуші.

Б) әкім.

C) прокурор.

D) *дәрігер.

E) жауаптың барлығы дұрыс.

43. «Администрация» сөзі латын тілінен аударғанда нені білдіреді?

A) соттау.

Б) *баскару.

C) құқық бұзу.

D) жазалау.

E) құқық.

44. Төмендегілердің ішінен мемлекеттік қызметшіні көрсетіңіз?

A) мұғалім.

Б) дәрігер.

C) *прокурор.

D) жатақхана коменданты.

E) жауаптың барлығы дұрыс.

45. Төмендегілердің қайсысы құқық корғау органдарына жатады?

A) *Прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары.

Б) Парламент, Сенат, Мәжіліс.

C) Үкімет, Ішкі істер минисгрлігі. Білім және ғылым минисгрлігі.

D) Президент. Сырткы істер министрлігі, Білім және ғылым министрлігі.

E) аталғандардың барлығы.

46. Ішкі істер органдарының негізгі міндеттеріне...

A) заңға қайшы озбырлықтан адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау.

Б) қоғамдык тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

C) қылмыстардың және құқықты бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу.

D) ұрланған мүлікті іздестіру.

E) *аталғандардың барлығы.

47. Керсетілгендердің қайсысы Ішкі істер органдарының негізгі міндеттеріне кірмейді?

A) *заңга қайшы озбырлықтан адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау.

Б) қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

C) қылмыстардың және құқықты бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу.

D) анықтау мен тергеу жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

E) ұрланган мүлікті іздестіру.

48. Ұлттык қауіпсіздік органдарының міндеттеріне не жатады?

A) *шетел мемлекеттері арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының кауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметін аныктау, алдын алу және тыю.

Б) Қазакстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды.

C) дау туған жағдайда Рсспублика Президентінің. Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалык референдум өткізу туралы мәселені шешеді.

D) сот төрелігін жүзеге асырады.

E) мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, ҚР Президенті жарлыктарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылык іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

49. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетуді және корғауды камтамасыз ететін орган.

A) Парламент.

Б) Конституциялық Кеңес.

C) Ішкі істер министрлігі.

D) *Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

E) Мемлекеттік шекара министрлігі.

50. Республиканың Бас ІІрокурорын кызметке кім тағайындайды?

A) *ҚР Президенті Сенат келісімімен.

Б) ҚР Премьер-министрі Парламенттің келісімімен.

C) ҚР Парламенгі.

D) Қаржы министрі.

E) ҚР халқы сайлайды.

51. Қазақстан Республикасында сот төрелігін кім жүзеге асырады?

A) *Соттар.

Б) Конституциялық Сот.

C) Парламегп.

D) Үкімет.

E) Прокуратура.

52. Сот билігі кімнің атынан жүзеге асырылады?

A) *Қазақстан Республикасының атынан.

Б) ҚР Президентінің атынан.

C) ҚР халқының атынан.

D) ҚР Парламентінің атынаы.

E) жауаптың барлығы дұрыс.

53. Судья - сот төрелігін іске асыру кезінде кімге бағынады?

A) *тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.

Б) халыққа тәуелді және заңға ғана бағынады.

C) тәуелсіз және Прокуратураға ғана бағынады.

D) Ішкі істер органдарына тәуелді.

E) Сыртқы істер органдарына тәуелді.

54. Конституцияға сәйкес Заңды қолданған кезде судья қандай принциптерді басшылыкка алуға тиіс?

A) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Б) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапка тартуға болмайды.

C) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнін өзгертуіне болмайды.

D) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы.

E) *жауаптың барлығы дұрыс.

55. Қанша жастан бастап және кімдер судья бола алады?

A) *жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және біліктілік емтиханың тапсырған азаматтар.

Б) отыз бес жасқа толған, жоғары зан білімі, заң мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар азаматтар.

C) жиырма бес жасқа толған. жоғары экономика білімі, мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар азаматтар.

D) ҚР Парламент депутаттары.

E) аталғандардың барлығы.

56. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету қандай қаражат есебінен жүргізіледі?

A) *республикалық бюджет қаражаты есебінен.

Б) ҚР Парламенті депутаттары қаражатынан.

C) ҚР Президенті қаражатынан.

D) ҚР халқы үй салып береді.

E) аталғандардың барлығы.

57. Кім мемлекет атынан заңдардың дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары кадағалауды жүзеге асырады?

A) *Прокуратура.

Б) Конституциялық Сот.

C) Парламент.

D) Үкімет.

E) Соттар.

58. ҚР Бас Прокурорының өкілеттік мерзімі.

A) 5 жыл.

Б) *6 жыл.

C) 3 жыл.

D) 1 жыл.

E) шексіз.

59. Қылмыстық істер бойынша анықтама жүргізу мен алдын ала тергеуді кім жүзеге асырады?

A) *Ішкі істер органдары.

Б) Сыртқы істер органдары.

C) соттар.

D) адвокаттар.

E) ҚР Президенті.

60. Азаматтық құқықтың пәні нені кұрайды?

A) *тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделіен өзге де мүліктік қатынастарды.

Б) мемлекет пен азаматтардың арасындағы қатынастарды.

C) азаматтың қоғамға қарсы қауіпті іс-әрекетін.

D) мемлекеттік органдар арасындағы қатынастарды.

E) мемлекетаралық қатынастарды.

61. Мүліктік қатынас дегеніміз?

A) *мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас.

Б) мемлекет пен азаматтардың арасындағы саяси қатынас.

C) мемлекеттік органдар арасындағы катынас.

D) мүлікті ұрлау, тартып алу, алдап алу жөніндегі катынас.

E) дұрыс жауабы жок.

62. Мүліктік емес жеке қатынастардың түрлері?

A) мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жок мүліктік емес жеке қатынастар.

Б) тек қана мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар.

C) *тек қана мүліктік қатынастарға байланысы жок мүліктік емес жеке катынастар.

D) мүлікті және мүлікті емес катынастар.

E) аталғандардың барлығы дұрыс.

63. Төмендегілердің қайсысы мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға жатпайды?

A) *азаматтың есімі, оның қадір-қасиеті.

Б) әдеби туындылар.

C) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар.

D) аудио-бейне туындылар.

E) драмалык және музыкалық-драмалык туындылар.

64. «Принцин» термині латын тілінен аударғанда нені білдіреді?

A) *«бастау», «негіз» дегенді білдіреді.

Б) «құқық» дегенді білдіреді

C) «заң» дегенді білдіреді.

D) «азаматтық» дегенді білдіреді.

E) «құқық жүйесі» дегенді білдіреді.

65. Азаматтық құқықтың субъектілерін көрсетіңіз?

A) заңды тұлға.

Б) жеке тұлға.

C) мемлекет.

D) акционерлік қоғам.

E) *аталгандардың барлығы.

66. Азаматтардың құқық кабілеттілігі дегеніміз?

A) азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті.

Б) *азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға кабілеттілігі.

67. Азаматтың құқық кабілеттілігі қай кезде басталады және тоқтатылады?

A) *ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.

Б) ол туған кезден басталып зейнеткерлік жасқа келген соң тоқтатылады.

C) кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін.

68. Азаматтардың әрекет кабілеттілігі дегеніміз?

A) *азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі.

Б) азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті.

69. Азаматтардың толық әрекет қабілеттілірі қай кезден пайда болады?

A) *кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін.

Б) ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.

C) ол туған кезден басталып зейнеткерлік жасқа келген соң тоқтатылады.

D) кәмелетке толғанда, яғни он төрт жасқа толғаннан кейін.

E) дұрыс жауабы жоқ.

70. Он төрт жастан он сегіз жаска дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді кімнің келісімімен жасайды

A) ҚР Президентінің.

Б) Мектеп директорының.

C) *ата-анасының.

D) Прокурордың.

E) аталғандардың барлығы.

71. Заңды тұлға дегеніміз?

A) меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі жоқ, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алмайтын ұйым.

Б) *меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

C) мемлекеттік билікті жүзеге асыратын, міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

D) мемлекеттік мекемелерде, органдарда қызмет атқаратын азамат.

E) Прокурор, судья, тергеуші.

72. Коммерциялық ұйым болып табылатын занды тұлғаны көрсетіңіз?

A) қоғамдық қор.

Б) діни бірлестік.

C) қоғамдық бірлестік.

D) *мемлекеттік кәсіпорын.

E) аталғандардың барлығы.

73. Заңды тұлғаның құқық кабілеттілігі қай кезде пайда болады?

A) ол туған кезден басталады.

Б) *ол құрылған кезде пайда болады.

C) кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін.

D) ол құрылған кезден бастап 1 айдан кейін пайда болады.

E) ол құрылған кезден бастап 1 жылдан кейін пайда болады.

74. Азаматтық құқықтың объектілерін көрсетіңіз?

A) *мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер.

Б) заңды тұлғалар. C) жеке тұлғалар.

D) ҚР азаматтары.

E) шет ел азаматтары.

75. Азаматтық құқықтағы мүліктік игіліктерді көрсетіңіз?

A) жеке адамның өмірі.

Б) *заттар, ақша, құнды қағаздар.

C) жеке өмірге қол сұқпаушылық.

D) автор болу құқығы.

E) аталғандардың барлығы.

76. Жылжымайтын мүлікке жататындарды көрсетіңіз?

A) жер учаскелері.

Б) үйлер.

C) ғимараттар.

D) *аталғандардың барлығы.

E) дұрыс жауабы жок.

77. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі кажет және жеткілікті болатын мәміле...

A) көпжақты мәміле деп есептеледі.

Б) біржақты мәміле деп есептеледі.

C) екіжақты мәміле деп есептеледі.

Көпжакты мәміле дегеніміз?

A) бір тараптың ерік білдіруі.

Б) екі тараптың ерік білдіруі.

C) үш немесе одан да көп тараптың ерік білдіруі.

78. Мәмілелер қандай нысанда жасалады?

A) тек қана ауызша.

Б) тек қана жазбаша.

C) жай, күрделі, жалпы, нотариалдық.

D) *ауызша және жазбаша.

E) ресми, биресми, нотариалды, мемлекеттік.

79. Қажетті лицензия алмай немесе лицензияның қолданылу күшінің мерзімі біткеннен кейін жасалған мәміле...

A) жарамды болады.

Б) жарамсыз болады.

C) заңды күшінде болады.

80. Қай кезде мәмілелер жарамсыз болып табылады?

A) он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле.

Б) есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле.

C) заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін ғана жасалған жалған мәміле.

D) зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәміле.

E) аталғандардың барлығы.

81. Сенімхат дегеніміз не?

A) бір адамның өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға берген ауызша уәкілдігі.

Б) *бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі.

C) мемлекеттік органның өзінен төмен тұрған органға нұсқауы.

82. Сенімхат қанша мерзімге берілуі мүмкін?

A) *үш жылдан аспауы керек.

Б) бес жылдан аспауы керек.

C) өмірбойы.

83. Берілген күні көрсетілмеген сенімхат...

A) *бір жыл бойы жарамды болады.

Б) екі жыл бойы жарамды болады.

C) жарамсыз болады.

84. Сенімхаттың күші қай кезде жойылады?

A) *сенімхат мерзімінің өтуі.

Б) сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы.

C) сенімхат берген адамның қайтыс болуы.

D) сенімхат берілген азаматтың қайтыс болуы.

E) аталғандардың барлығы.

85. ҚР Қылмыстық кодексі қай кезде қабылданды?

A) 1 қаңтар 1998 ж.

Б) *16 шілде 1997 ж.

C) 30 тамыз 1995 ж.

D) 7қазан 1998 ж.

E) 25 қазан 1990 ж.

86. Қылмыс дегеніміз не?

A) Азаматтық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет.

Б) жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті қылық.

C) Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынбаған айыпты қоғамдық қауіпі жоқ әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік).

D) *Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік).

E) жеке адамға, коғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік.

87. Қылмыс құрамының негізгі белгілері?

A) *объект, субъект, объективтік жағы, субъективтік жағы.

Б) объект, субъект.

C) объект, субъект, объективтік жағы.

D) объект, субьект, жаза, есі дұрыстық.

E) мүлік, зат, адамның өмірі.

88. Қылмыс құрамының субьектісінің негізгі белгілерін табыңыз?

A) *кінә.

Б) қасақана және абайсызда.

C) мүлік, зат, адамның өмірі.

D) іс-әрекет немесе әрекетсіздік.

E) есі дұрыстық, 16 жасқа толуы.

89. Қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілерін табыңыз?

A) қылмыстың заты.

Б) қасақана және абайсызда.

C) мүлік, зат, адамның өмірі.

D) іс-әрекет немесе әрекетсіздік.

E) есі дұрыстық, 16 жасқа толуы.

90. Қылмыстың субъектісі дегеніміз?

A) қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынас.

Б) объектіге зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет.

C) кінә, қасақаналық, абайсыздық.

D) *қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған және заңға сәйкес сол үшін мемлекеттің алдында қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілеті бар адам.

E) аталғандардың барлығы.

91. ҚР Қылмыстық кодексі қай кезде заңды күшіне енді?

A) *1 қаңтар 1998 ж.

Б) 16 шілде 1997 ж.

C) 30 тамыз 1995 ж.

D) 7қазан 1998 ж.

E) 25 қазан 1990 ж.

92. Заңның кері күші қай кезде болады?

A) *жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін кезде.

Б) әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін кезде.

C) жауаптылықты күшейтетін кезде.

D) жазаны күшейтетін кезде.

E) әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе осы әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын кезде.

93. Қылмысқа қатысу дегеніміз?

A) екі немесе одан да көп адамның абайсызда қылмыс жасауы.

Б) *қылмыстық қол сүғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынас.

C) екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы.

D) соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

E) жазалау катерімен тыйым салынған айыпты қоғамга қауіпті қылық.

94. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам...

A) *ұйымдастырушы.

Б) айдап салушы.

C) көмектесуші.

D) орындаушы.

E) дұрыс жауабы жоқ.

95. Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға баска адамдармен (коса орындаушылармен) бірге тікелей қатыскан адам...

A) ұйымдастырушы.

Б) айдап салушы.

C) көмектесуші.

D) *орындаушы.

E) дұрыс жауабы жок.

96. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам...

A) ұйымдастырушы.

Б) айдап салушы.

C) көмектесуші.

D) орындаушы.

E) *дұрыс жауабы жоқ.

97. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам...

A) ұйымдастырушы.

Б) *айдап салушы.

C) көмектесүші.

D) орындаушы.

E) дұрыс жауабы жоқ.

98. Қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам...

A) ұйымдастырушы.

Б) айдап салушы.

C) *көмектесуілі.

D) орындаушы.

E) дұрыс жауабы жоқ.

99. ҚР Қылмыстық кодексі канша бөлімнен тұрады?

A) *жалпы және ерекше. .

Б) жалпы және арнайы.

C) арнайы және ерекше.

D) жалпы, арнайы және ерекше.

E) дұрыс жауабы жоқ.

100. Қажетті корғану жағдайында қылмыскерге зиян келтіру, ягни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және баска да құқықтарын коғамдық кауіпі қол сұғушылықтан қылмыскерге зиян келтіру жолымен корғау кезінде, егер бұл орайда қажетті корғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса...

A) *қылмыс болып табылады.

Б) қылмыскерді жауапқа тартады.

C) қылмыс болып табылмайды.

D) екеуін бірдей камайды.

E) прокурор шешеді.

101. Заңмен корғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, коғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру дегеніміз бұл...

A) қажетті корғану.

Б) қажеттсіз қорғану.

C) *қылмыстан сақтану.

D) қасақана қорғану.

E) мәжбүрлі қажеттілік.

102. Жаза дегеніміз?

A) прокурордың үкімі бойынша тағайындалатын мәжбүрлеу шарасы.

Б) Парламенттің заңы бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

C) прокурордың санкциясы бойынша тағайындалатын мәжбүрлеу шарасы.

D) *соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

E) күдіктіні қамау үшін прокурордың санкциясы.

103. Төмендегілердің қайсысы жазаның мақсатына жатпайды?

A) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру.

Б) сотталған адамды түзеу.

C) сотталған адамның жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру.

D) басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру.

E) *сотталған адамның тән азабын шектіруді және оның қадір-қасиетін корлау.

104. Сотталғандарға тағайындалатын қосымша жазаның гүрін көрсетіңіз?

A) қоғамдық жұмыстарға тарту.

Б) түзеу жұмыстары.

C) *мүлкін тәркілеу.

D) қамау.

E) бас бостандығынан айыру.

105. Қоғамдық жұмыстарға тарту дегеніміз не?

A) *сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.

Б) екі айдан екі жылға дейін мерзімге белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі.

C) келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге әскери қызмет бойынша шектеу.

D) сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтеледі.

E) дұрыс жауабы жоқ.