
- •Берілгені: Нұсқаның номері- 61 Модуляцияның түрі- цифрлық амплитудалық модуляция (цам)
- •1 Байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы
- •1 Сурет- Цифрлық модуляция сигналдардың
- •2 Сурет- Байланыс жүйесінің жалпы құрылымдық сұлбасы
- •2 Аналогтық сигналды цифрлық сигналға түрлендіру
- •3 Сурет- ацт-тің құрылымдық сұлбасы
- •4 Сурет- ацт шығысындағы цифрлық икм сигналдың
- •3 Жұптыққа тексеретін түзетуші кодпен кодтау
- •5 Сурет- Жұптыққа тексеретiн (9,8) кодтың кодердің
- •6 Сурет- Жұптыққа тексеретiн (9,8) кодтың кодердің шығысындағы
- •4 Тактылық жиілігi мен тактылық интервалын есептеу
- •5 Модуляция жылдамдығы мен ақпаратты тарату жылдамдығын есептеу
- •6 Модулятордың құрылымдық сұлбасы
- •7 Сурет- цам модулятордың құрылымдық сұлбасы
- •Цам модулятордың жұмыс алгоритмі 2 кестеде келтірілген.
- •8 Сурет- цам модулятордың әр түрлі нүктелеріндегі
- •9 Сурет- цам сигналдың спектрлік диаграммасы
- •7 Демодулятордың құрылымдық сұлбасы
- •10 Сурет- цам сигналдардың оптимальдік когерентсіз
- •11 Сурет- цам демодулятордың әр түрлі нүктелеріндегі
- •8 Сигналдың амплитудасын анықтау
- •9 Кодтық комбинацияны қате қабылдауының ықтималдылығын есептеу
- •10 Байланыс арнасының өткізгiштiк қабiлеттiлігін анықтау
5 Сурет- Жұптыққа тексеретiн (9,8) кодтың кодердің
құрылымдық сүлбасы
6 Сурет- Жұптыққа тексеретiн (9,8) кодтың кодердің шығысындағы
цифрлық сигналдың уақыттық диаграммасы
4 Тактылық жиілігi мен тактылық интервалын есептеу
Цифрлық, жұптыққа тексеретiн түзетуші кодпен кодталған сигналдың элементтің ұзақтығы, дискреттеу интервалы мен кодтың жалпы ұзындығымен анықталады. Элементтің ұзақтығын- Ттакт тактылық интервалы, ал элементтерді тарату жиілігін- Fтакт тактылық жиілігі деп атайды. Төменде келтірілген есеп-теулері- теоретикалық есептеулер. Олар қажетті қосымша қызметтік арналар-сыз, бірарналы тарату жүйелер үшін жарайды. Есептеулерде, дегенмен, түзету-ші кодпен кодтауы есепке алынған.
Fтакт=Fд∙n және Ттакт=1/Fтакт, (5)
немесе,
Ттакт=Тд/n және Fтакт=1/Ттакт, (6)
Есептеулер:
Fтакт=40∙103∙8=320∙103 Гц=320 кГц; Ттакт=1/(320∙103)=3,125 мкс.
5 Модуляция жылдамдығы мен ақпаратты тарату жылдамдығын есептеу
N- арналы тарату жүйесiндегi В модуляция және R ақпаратты тарату жыл-дамдықтарын анықтау кезінде, келесілерді ескергенi дұрыс:
- N арналық сигналдарды тарату үшін, жүйенің тарату циклы құрамында N арналық интервалдарды және синхросигнал мен басқа кызметтiк сигналдар-ды тарату үшiн бiр қосымша арналық интервалды ұстау керек;
- жүйесіндегi В модуляция жылдамдығы, секунданың iшiнде таратып бе-рiлетiн элементтердiң санына, яғни тарату жүйесінің тактылық жиiлiгiне тең;
- тактылық жиілігiн анықтау кезінде, арналық интервалында санақтың n- элементтік кодтық комбинациясын таратып берілетінін есте сақтау керек;
- тарату жүйесіндегі ақпаратты тарату жылдамдығы, дискреттеу жиілігi мен элементтің энтропиясын ескерумен, ақпаратты тасымайтын қызметтiк сиг-налдардың (қосымша арналық интервалда таратып берілетін қызметтік сигнал-дары, санақтардың кодтық комбинацияларындағы жұптыққа тексеретiн кодтың тексеруші элементтері) элементтерiн ескерусіз есептеу керек;
- дискреттеу интервалында, ақпаратты тасыйтын арналық сигналдар са-нақтардың N k-элементтiк кодтық комбинациялары таратып берiледi.
Қарапайым жағдай үшін бір қызметтік арнаны алайық. Онда, N-арналы ЦТЖ-дегі В модуляция жылдамдығы (техникалық жылдамдығы) және R ақпа-ратты тарату жылдамдығы (ақпараттық жылдамдығы):
В=Fд∙n∙(N+1), (7)
R=Нэл∙Fд∙k∙N (8)
мұндағы Нэл- элементтің энтропиясы (элемент ішіндегі ақпараттың орта саны).
Элементтердің шығу ықтималдықтары бірдей деп алсақ, р(1)=р(0), Нэл= =Нэл.макс=1 бит/эл және R=Fд∙k∙N, бит/с.
Есептеулер:
В=40∙103∙8∙(1+1)=640∙103 Бод=288 кБод.
R=40∙103∙7∙1=280∙103 бит/с=280 кбит/с.
6 Модулятордың құрылымдық сұлбасы
7 Сурет- цам модулятордың құрылымдық сұлбасы
Гтас - тасушы сигналдың генераторы: Sтас(t)=Uтасcos(тас·t);
- сигналдар көбейткіші.
Цам модулятордың жұмыс алгоритмі 2 кестеде келтірілген.
2 кесте
Символ |
Модулятор кірісіндегі бастапқы ақпараттық сигналы Uцк(t) |
Модулятор шығысындағы модуляцияланған сигнал S(t) |
0 |
U0(t)=0 |
S0(t)=0 |
1 |
U1(t)=Uимп |
S1(t)=Sтас(t)=Uтасcos(тас·t) |
Модулятордың әр түрлі нүктелеріндегі сигналдардың уақыттық диаграм-малары 8 суретте келтірілген. ЦАМ сигналының спектрлік диаграммасы 9 су-ретте келтірілген.
ЦАМ сигналдың спектрiнiң енi тікбұрышты бейне импульстiң (модуля-циялайтын сигналдың) спектрінің енінен тәуелді, бейне импульс спектрінің ені оның Ттакт ұзақтығымен (Fтакт жиілігімен) анықталады. ЦАМ сигналдың спектрi-нiң енiн жеңілдеткен формуламен анықтауға болады:
FЦАМ=2/Ттакт, немесе FЦАМ=2Fтакт. (9)
Есептеулер: FЦАМ=2320∙103=640∙103 Гц=640 кГц.