
- •Зертханалық жұмыс Желілер түрлері. E-mail ашу. Хат алмасу. Интернеттен мәлімет іздеу. Электрондық пошта
- •3.1. Интернетті іске қосу;
- •3.2. Адрестік қатарға http://www.Mail.Ru теріп, Enter пернесін басу;
- •Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
- •Хабар -Құру
- •Файл-Жіберу
- •Файлды-Жіберу
- •Бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыс
- •Жеке тақырыпта Web қосымшасын жасау.
- •Төмендегі программаның тексін Блокнот текстік редакторында теріп, құжатты Задание 5.Html деген атпен сақтаңыз. Кестені жасауда қолданылатын барлық тегтерді меңгеріңіз.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
Зертханалық жұмыс Желілер түрлері. E-mail ашу. Хат алмасу. Интернеттен мәлімет іздеу. Электрондық пошта
Мақсаты:
Электрондық поштамен жұмыс істеп үйрену;
Электрондық хат жазу тәртібін үйрену;
Электрондық хаттарды оқуды үйрену;
Электрондық хатқа жауап жіберуді үйрену;
Электрондық хатқа файлды тіркеп үйрену.
Электрондық пошта немесе e-mail - интернеттің жиі қолданылатын мүмкіндіктерінің бірі. Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар кез келген адам e-mail деген атпен белгілі хабарламаларды жөнелтіп, қабылдай алады. Күн сайын дүние жүзінде миллиондаған хабарламалар жөнелтіледі және қабылданады.
Хабарларды жіберіп, қабылдай алу үшін электронды поштамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық жабдықтар қажет. Олар не бүкіләлемдік торап құрамына кіреді, не компьютердегі Microsoft Outlook бөлек бағдарлама болып табылады. Бағдарламалардың бұл екі түрі де бірдей жұмыс істейді және мынадай қадамдарды көздейді:
Хат жазу, Жөнелту батырмасын шерту арқылы бағдарлама хабарламаны сандық пішімге ауыстырады;
Сандық хабарлама Интернет арқылы пошталық серверге жетеді;
Пошталық сервер Outlook Express қабылданған поштаны жинап, сұрыптайды да, жекеленген адрестерге жібереді.
Электрондық пошта жұмысы кәдімгі поштаға өте ұқсас. Онда да жеткізу қызметі, пошта жәшіктері, мекенжайлар мен хаттар бар. Электронды хат санаулы секундтар ішінде жеткізіледі.
Пошта жәшіктерінің атаулары мынадай көрністе болады:
ат@үйшік, мұндағы ат (Логин) – пошта серверінде тіркелу кезінде көрсетілген бірегей ат. үйшік таңдаған пошта серверін (www.mail.ru) көрсетеді. Үйшік атауы кем дегенде нүкте арқылы бөлінген екі бөліктен тұрады. Олар жоғары деңгей үйшігі және екінші деңгейлі үйшік: mail.ru, rambler.ru, ok.kz және т.б.
1-тапсырма. Жеке пошта мекенжайын алу (www.mail.ru сервері).
1.1. Интернетті іске қосу;
1.2. Адрестік қатарға http://www.mail.ru теріп, Enter пернесін басу;
1.3. Ашылған терезедегі пошта бөлігіндегі Аты (латын әріптерімен жазылады) және құпия сөз өрістерін толтыру (1-сурет);
1- сурет.
1.4. Поштаға тіркеу гиперсілтемесін шерту;
1.5. Ашылған Тіркеу терезесінде анкета толтыру;
1.6.
батырмасын шерту;
1.7. Ашылған сұқбат терезеге Білім туралы (Орта, Арнаулы, Жоғары) анкетаның бірін толтыру (толтырмай өткізіп жіберуге де болады).
2-тапсырма. Хаттарды әзірлеу, жөнелту.
2.1. Хат жазу гиперсілтемесін шерту;
2.2. Электронды хаттың негізгі элементтерін толтыру (2-сурет):
2-сурет.
Кімге: қабылдап алушының электронды мекен жайы;
Көшірме: осы хаттың көшірмесін жөнелткіңіз келген өзге қабылдап алушының электронды мекен жайы көрсетілетін өріс;
Жасырын көшірме: кәдімгі көшірмеден аумайды, тек бір айырмашылығы – хаттың көшірмесін өзге қабылдап алушыға жіберілгенін адресат білмейді;
Тақырып: қабылдап алушының компьютеріндегі жаңа хаттар тізімінде пайда болатын сіздің хатыңызда талқыланатын мәселе.
Файлдар: файлдар тіркеу (сіз электронды хабарламаға сызбалық кескіндер, дыбыс, бағдарламалар, құжаттар, т.с.с. бұрынан бар файлдарды тіркей аласыз);
Қарапайым мәтін (хат өрісі): сіз хабарлама әзірлейтін аумақ. Барлық өрістерді толтырып болған соң, Жөнелту батырмасын шерту.
3-тапсырма. Хатты қабылдап алу, оған файлды тіркеп, жауап қайтару.