- •Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы
- •Сурет 1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру тұжырымындағы өзара қарым-қатынастағы жүйелі іс-әрекеттер
- •1. Шағын және орта бизнесті қолдау:
- •Сурет 2. Құқықтық базаны қамтамасыз етудің схемасы
- •4. Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру.
- •5. Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындау .
- •6. Кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау.
- •7. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу органдар жүйесін жетілдіру.
4. Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру.
Кәсіпкерлік құрылымдардың сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі сыртқы экономикалық байланыстарды реттеуге, барлық кәсіпкерлер үшін теңдей жағдай жасауға және олардың шетелдік капиталды алып, тиімді қолдануын қамтамасыз етуге бағытталу керек.
Осыған байланысты төмендегідей шараларды атқару ұсынылады:
шағын және орта кәсіпорындарға шетелдік серіктестерімен іскерлік байланыстарды орнатып, ортақтаса бизнес жүргізуіне және лизингтік компаниялардың қатысуымен шетелдік технологиялар мен құрал-жабдықтарды (ноу-хау) кешенді түрде жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыруына қолдау көрсету, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік субъектісіне сыртқы сауда қызметін дербес жүргізу құқығын беру;
шағын және орта бизнесті дамытудың басты бағыттары бойынша техникалық-экономикалық негіздермен қамтамасыз етілген инвестициялық жобаларға жеңілдетілген шетелдік несие беру жолдарын қарастыру;
• экспорттық тауарларды өндіретін кәсіпорындарды ынталандыру шараларын атқару және импорттық, экспорттық өнімдерді шығаруға лицензия бере отырып, кәсіпкерлік құрылымдарға жеңілдік жасау;
• ішкі нарыққа бағытталған өндірістерді мемлекеттік несиемен көптеп қамтамасыз ету және жеңілдетілген салық жүйесін қолдану;
• шетелдік инвестициялар туралы заңдарда шағын және орта бизнестегі шетелдік инвестицияларды сақтандыру ерекшеліктері жөнінде қосымша тәртіпті орнату.
5. Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындау .
Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарын қалыптастырудың ең маңызды элементі нарықтық экономикалық білімі бар мамандарды дайындау болып табылады. Әрбір кәсіпкер табысқа жету үшін маркетинг, қаржылық менеджмент, бизнесті басқару және т.б. пәндерді жетік білу тиіс. Мұнымен қоса, кәсіпкерлік қызметтің өте қажетті, абыройлы және пайдалы іс екендігі жөнінде қоғамдық ой-пікірді қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік білім беру шараларын жүзеге асыру керек.
Осыған байланысты білім және кеңес беру орталықтарын ұйымдастыру арқылы төмендегідей міндеттерді атқару көзделуде:
кәсіпкерліктің негізгі бағыттары бойынша оқытушы мамандарды жетілдіру;
кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін кызметкерлерді дайындау;
• шетелдік ғылыми орталықтар мен компанияларда білім алу және кәсіби деңгейін жақсарту үшін мамандар арасында конкурс өткізу.
Үкіметтің нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі саясатының маңызды міндеті - жастарды білім беру жүйесінің барлық кезеңдерінде бизнесті жүргізу біліктілігіне баулу болып табылады. Осыған байланысты, оқу бағдарламаларына бизнес және кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарды енгізу жөнінде ұсыныс жасау көзделуде.
6. Кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау.
Нарықтық инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болып табылатын акпараттық қамсыздандыру ісінің кәсіпкерлікті дамытудағы орны ерекше. Сондықтан ақпараттық қамсыздандыру мен құқықтық, статистикалық, ғылыми-әдістемелік, конъюнктуралық және ұйымдық қызметтерді қамтитын мемлекеттік жүйені орнату; әрбір потенциалды кәсіпкерді барлық қолданыстағы заңдық актілер, нормативті құжаттар, экономикалық және конъюнктуралық мәліметтер туралы хабардар етуге мүмкіндік беретін кеңейтілген ақпараттық орталықтар жүйесін құру қажет. Мұндай орталықтар барлық жергілікті әкімшіліктер құрамынан ашылып, республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуы тиіс.
Кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дамыту үшін шетелдік тәжірибеге негізделген ғылыми-әдістемелік оқу құралдары мен материалдарын басып шығару керек.
Қазіргі таңда шаруашылық-қаржылық қызметті реттейтін, қолданыстағы заңдық және нормативтік актілер пакеті мен өзге де жарғы, келісім-шарт секілді құжаттарды бір орталықтан жариялау сәті туындап отыр.
Қоғамдық ойды қалыптастыру және жағымды имиджді құру үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсіпкерлікті үгіттеу керек.
