- •Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы
- •Сурет 1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру тұжырымындағы өзара қарым-қатынастағы жүйелі іс-әрекеттер
- •1. Шағын және орта бизнесті қолдау:
- •Сурет 2. Құқықтық базаны қамтамасыз етудің схемасы
- •4. Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру.
- •5. Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындау .
- •6. Кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау.
- •7. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу органдар жүйесін жетілдіру.
Сурет 2. Құқықтық базаны қамтамасыз етудің схемасы
Осы бөлімде Қазақстан Республикасындағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік еркіндігін қорғауға және мемлекеттік қолдауға бағытталған, қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жаңа заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісі қарастырылады. Сонымен қатар жалпы кәсіпкерлікті құқықтық тұрғыдан қолдау және қорғау тәжірибесі үйретіліп, кәсіпкерлер одағы мен бірлестігінің қатысуымен оларды дамыту және жетілдіру ұсыныстары беріледі.
2.2. Кәсіпкерлікті өндірістік ресурстармен қамсыздандыру (сурет 4).
Үкіметтің кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі саясаты жеке сектордың экономикадағы өсу қарқынын жеделдетуге қолайлы жағдай жасауға және оның нарыққа кіруін жеңілдетуге бағытталуы тиіс. Сондықтан да кәсіпкерлік құрылымдарының өкілдерімен бірге пайдаланылмаған өндірістік ғимараттар мен құрал-жабдықтарды, жер телімдері мен алаңдарды, аяқталмаған құрылыс объектілерін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына беру мақсатында санақтан, яғни инвентаризациядан өткізу керек.
Тұжырымдамада ұлттық бағдарламалардың іске асуына ат салысуы үшін шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары көрсетілген.
Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау ісінің маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсіпкерлік қоғамдағы табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды біріктіре отырып, инвестициялардың барынша тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Сол себептен шағын және ірі бизнес арасындағы ынтымақтастық жүйесін, яғни франчайзингті қалыптастыру мақсатына бағытталған мемлекеттік қаржыларды көбейту аса маңызды.
Шағын және орта бизнеске шетелдік компанияларды және жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржыларын тарту үрдістерін күшейту қажет.
Тұжырымдамада кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің осы саладағы басты жобаларды атқаруына қолдау көрсету мақсатында оларды мемлекеттік несиелермен қамтамасыз ету міндеті ұсынылған.
Тұжырымдамада шағын және орта бизнестің дамуына негіз болатын экономикалық ортаны жақсартуға бағытталған сақтандыру ісі, несие және салық жүйелеріне қажетті өзгерістерді енгізу қарастырылған.
Сондай-ақ, экономиканың барлық салаларында, әсіресе, халықтық тұтыну тауарлары мен азық-түлік өндірісінде шағын бизнестің дамуына мүмкіндік туғызатындай деңгейде салықтық алымдар мен міндетті төлемдер мөлшерін белгілей отырып, салық саясатында маңызды толықтырулар жасау қажет.
З. Әлеуметтік инфрақұрылымның саяси институттарын дамыту.
Кәсіпкерлікті институционалдық тұрғыдан қамтамасыз ету үрдісі барлық шаруашылық субъектілерінің жұмысына қолдау көрсететін және өндіріс өнімдерін өткізу, шикізатты алу, кәсіпорындар жұмысының тиімділігі мен сенімділігін арттыру және тәуекел деңгейін төмендету шараларын қамтамасыз етуге бағытталған нарықтық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыру және дамыту мақсатын көздейді. Әсіресе, нарықтық қатынастарға өту кезеңінде осы үрдісті жүзеге асыру мемлекетке құқықтық базаны құруға және оны қадағалауға мүмкіндік туғызады. Осы кезеңде мемлекет басшылығы экономиканы тұрақтандырып, әрі қарай дамыту үшін нарықтық инфрақұрылым қызметтерін толығымен қолдануға тырысады.
Кез келген кәсіпорынның, оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін банк торабына кіру және оның сапалы қызметтерін пайдалану мүмкіншілігі қалыптастырылуы тиіс. Сондықтан да Қазақстан Республикасында банк ісін дамыту міндетін атқару жоспарланып отыр.
Республикамызда шағын және орта бизнестің басты салаларын жалпы дамыту мен қолдау және банк несиелерін алу үрдістерін жеңілдету мақсатында маманданған мемлекеттік акционерлік банкілерді құру аса маңызды.
Сақтандыру жүйесі нарықтық институттарды дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Әсіресе, оның мәні шағын және орта бизнес саласында тәуекел күшейген жағдайда арта түседі. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет саласын сақтандыруға бағытталған компанияларға қолдау көрсетілуі тиіс.
Сақтандыру ісінің сенімділігі мен сапасын арттыру және сақтандырушының түрлі қиянатынан кәсіпкерлерді қорғау мақсатында сақтандыру компанияларының қызметін лицензиялау және тұрақты қадағалау көзделуде. Бұл үшін арнайы бақылау-реттеу органын құру қажет. Инвестициялық қызмет саласында, әсіресе, жекешелендіру ісінде аукциондар мен инвестициялық сауда орталықтары маңызды орын алу тиіс. Аталмыш орталықтар қандай да бір қозғалмайтын мүлікті немесе инвестициялық ресурсты сатып алуға ниет білдірген кез келген шаруашылық субъектісіне қызмет көрсетеді. Қазақстанның барлық облыстары мен ірі қалаларында осындай орталықтарды құру ұсынылады.
Қазіргі жағдайда көптеген кәсіпкерлер шағын және орта кәсіпорындар қызметіне қажетті құрал-жабдықтар мен қозғалмайтын мүліктерді тез арада сатып алу үшін жеткілікті қаржыға ие емес. Сол себептен өндірісті ұйымдастыру барысында лизингтік фирмалар мен компаниялар аукциондар мен инвестициялық саудаларды жүргізетін орталықтарда қызмет көрсете отырып, маңыздылығын арттыру тиіс. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті тиімді ұйымдастыру және жүргізу үшін консалтингтік, маркетингтік, инвестициялық, құқықтық және тағы басқа маманданған фирмалар мен компаниялардың қызмет көрсетуі керек. Қазақстанда аса қажетті болып табылатын осы саланың дамымағандығы салдарынан аталмыш қызметтерді ұсынатын шетелдік компаниялар мен фирмалардың бөлімшелерін ашуға мүмкіндік жасау қажет.
Сондай-ақ, экономиканың өзге салаларында да кәсіпкерлік құрылымды дамыту керек.
