
- •Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы
- •Сурет 1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру тұжырымындағы өзара қарым-қатынастағы жүйелі іс-әрекеттер
- •1. Шағын және орта бизнесті қолдау:
- •Сурет 2. Құқықтық базаны қамтамасыз етудің схемасы
- •4. Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру.
- •5. Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындау .
- •6. Кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау.
- •7. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу органдар жүйесін жетілдіру.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты іс-шараларды қарастыратын, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту тұжырымдамасы жасалды . Өйткені кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін тұжырымдамалы түрде шешу шағын және орта бизнес саласына бағытталған индустриялдық-инновациялық саясатты өңдеп жүзеге асыруда жіберілетін кейбір қателіктердің алдын алуға және жұмыс қарқынын үдетуге көмектеседі. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар да орта мерзімге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседі.
Аталмыш тұжырымдаманы жасау барысында құқықтық базаның өзара қатынасын және қаржылық-несиелік қолдау шараларын, сонымен қатар кәсіпкерлердің де, мемлекеттің де мүдделері ескерілген аймақтық аспектілермен нақты жобаларды қарастыратын қалыптастырушы, қамтамасыз етуші және қорытындылаушы бөліктерден тұрады.
Сурет 1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру тұжырымындағы өзара қарым-қатынастағы жүйелі іс-әрекеттер
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері:
Тұжырымдаманың мақсаты кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту стратегиялары мен оларды жүзеге асырудың нақты механизмдерін өңдеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей басты міндеттерді шешу қажет:
• құқықтық ресурстармен қамсыздандыру;
• өндірістік ресурстармен қамсыздандыру;
• нарықтық инфрақұрылымдар институттарын дамыту;
• кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
• кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін мамандарды дайындау;
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей басты міндеттерді шешу қажет:
• құқықтық ресурстармен қамсыздандыру;
• өндірістік ресурстармен қамсыздандыру;
• нарықтық инфрақұрылымдар институттарын дамыту;
• кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
• кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін мамандарды дайындау;
• кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау;
• кәсіпкерліктің мемлекеттік реттеу органдары жүйесін жетілдіру.
Тұжырымдамада мынадай кәсіпкерлікті дамыту шаралары қарастырылған:
1. Шағын және орта бизнесті қолдау:
а) индустрия саласында:
- дәстүрлі өндіріс салаларында шағын кәсіпорындарды дамыту;
- жаңа технологияларды игеру негізінде соңғы өнімді өндіру;
- қайта өңдеу өнеркәсіптер жүйесін дамыту.
ә) халықтық тұтыну тауарлары өндірісінде:
- отандық шикізатты қолдануға бағытталу;
- импортты алмастырушы тауарларды өндіру;
- экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару.
б) инновациялық қызмет саласында:
- ғылыми сыйымды өндірістерді ұйымдастыру және дамыту;
- шағын жаңашыл кәсіпорындар жүйесін, аймақтық инновациялық және технологиялық қолдау көрсету орталықтарын дамыту;
- көлік, байланыс, құрылыс салалары мен құрылыс материалдары өндірісінде технологиялық және зерттеу парктерін, сондай-ақ, бизнес- инкубаторларын құру.
2. Шағын және орта кәсіпкерліктің ірі бизнеспен үйлесімділігін нығайту.
2.1. Құқықтық базаны қамтамасыз ету.