Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№2 КРЕДИТ 206 кдс Жсіплі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
114.69 Кб
Скачать

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық академиясы

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

Тақырыбы:Қазақстанның салық жүйесі.

Орындаған: Жүсіпәлі М.

Тобы: 206 А-КДС

Қабылдаған:Қаратаева Ф.М.

Шымкент – 2013 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Салық:түрлері, және оның түсінігі.

  2. Қазақстан Республикасының салық жүйесі.

  3. Салық жіктемесі.

  4. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері.

  5. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Салық -  бүгінгі күннің өте  өзекті мәселесі. Еліміздің экономиксының өркендеп , халық тұрмысының жақсару негізінен салық  үлкен роль атқарады.  Салық кодексін дайындап -  жасаушылар халықтың салық  мәдениеті мен  кәсіборын  басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге тиімді түрде енгізіп, жүзеге асуын қадағаламайды.  Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрыңғы жүйеден  әлде қандай  тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп  жүргүзуге мүмкіндік берсе,  салық  төлеушінң салықшымен тікелей байланыс   орнатуына жол ашады. Тиімділігі – жолай бұрмаланбай  электронды құралдар арқылы тура есепке  алынады.  Сондықтанда  салық  төлеу барысында  әр түрлі келеңсіз  жағдайларға ( тамыр – танысқа арқа сүйеу,  салық көлемін жасырып қалу т.б.) жол берілмейді.  Салықтар шаруашылық  жүргізуші субьектілер мен  халық табысының қалыптасуындағы  қаржылық  қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы  дамыту және оны  тұрақтандыру барысында экономикалық тетік ретінде пайданылады.  Салық қоғам  өміріндегі орның айрықша  екенін  өз  жұмысымызда сөз етпекпіз. I бөлім. Салық оның  түрлері және түсінігі. 1.1. Салық туралы жалпы түсінік.  Салық  және басқа  төлемдер деп заң  актілерімен белгіленген тәртіпен  шарттарға  сәкес  төлеушілердің  бюджетке  немесе  бюджеттік емес  қорларға  міндетті түрде  жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу фкторы бола  отыра  салықтар  мына  жағдайларда жүзеге асырады. Бөлу жүйесінде пайда  болатын  қатерлерді жоюға  мүмкіндік  туғызады. Адамдардың  осы немесе  басқа  әрекеттерінің дамуын ынталандырады (немесе  ынталандырмайды).  Мемлекетке түсетін  салықтардың  алымдардың,  баждардың және басқа  төлемдердің ( бұдан кейін  салықтар)  жиынтығы  және  олардың  құрылуын  формалары  мен  әдістерінің жиынтығы  салық  жүйесін құрайды.   Салық  жүйесі  мемлекеттің  сәйкес  келетін  заңдылық  актілеріне негізделеді. Оның арқасында  салықтың  құрылуының  және  жиналуының нақты   әдістері,  яғни  салықтар  элементтері белгіленеді.  Салықтың субъктісі  немесе салық  төлеуші – заң арқылы  салық төлеу міндеті  артылған  адам.  Бірақ  салықтың  ауыртпалығы  бағалар  механизмі  арқылы  басқа  тұлғаға  жүктелуі   мүмкін.  Сондықтан  арнайы  салық  төлем  қызметін атқарушы -  салықты  ақиқат төлейтін тұлға, белгіленеді.  Салықтың объектісі -  салық есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы,  пайда,    құнды қағаздар,  жылжымайтын мүліктер т.б.).  Табыс көзі  - есебін салық  төленетін табыс.  Салық ставкасы – салық салыну  бірлігіне келетін  салықтың  көлемі (табыстардың  ақша  түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).  Тұрақты  прапорционалдық прогрессивтік салық  ставкалары болды. Тұрақты  ставкалар табыстар  көлемінің  мөлшеріне  байланысыты емес,  салым бірлігіне абсалюттік сомада белгіленеді.  Прапорционалдықтар -  салық  объектісіне, оның  жіктелінуіне байланысты  болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.  Прогресивтік ставкалар -  табыстың өсіп  отыруына байланыты прогресивттік салықтың орташа  ставкас өсіп отырады. Салық салуда  прогресивттік ставкасы бойынша  салық төлеуші табысының үлкен  үлесін төлейді. Прогресивтік салықтардың  зардабының үлкен табысы  бар  адамдар  тартады.  Регрессивтік -  табыстың өсіп  отыруына  сәйкес. Регрессивтік салықтардың үлкен  табыстары  барларға  пайданы, ал  табыстары  көп емес  физикалық   және  заңды  тұлғалар  үшін  өте  ауыр  келеді.   Салық  салу -  бұл табысты және қайнар  көздері  мемлекеттік құралдарды  толтыру  үшін  реттеуші  құрал. Мемлекет  пайда  болысымен  тарихи  салық  та  пайда  болды. Салық неше  ғасыр  бойы өмір  сүреді,   соншама  экономикалық теория оптималды салық салу  қағидасын  іздеуді  алғаш  рет  Адам Смит  қалыптастырған.  Қазіргі заманғы  салық жүйесі бірнеше  қағиданы  қолданады:   Жалпылай, яғни  табыс  табатын  барлық  экономикалық тұлғаларды дамыту;  Тұрақтылық, яғни  уақытында  салық мөлшері мен  салық түрінің тұрақтылығы;  Тең күштеу, яғни  салықты  салу  барлық  салық  төлеуші үшін  бірдей болуы керек;  Міндеттеме, яғни  салықтың  мәжбүрлігі  төлеммен құтқармау,  салықты  төлеуде және есептеуде тұлғаның  дербестілігі;  Әлеуметтік-әділеттілік, яғни  салық мөлшері және салық  жеңілдігін  құру, бұл аз  табысты  кәсіпорынға,  халыққа  аяушылық ықпал жасау;  Салық жүйесі мемлекеттің заң актілерінде негізделеді,  мұнда салық  элементтері  құралады.  Бұған кіретіндер: 1. Салық тұлғасы немесе  салық төлеуші, яғни  салық төлеу  міндетін артырған тұлға, ол  заңды және жеке тұлға бола алады. 2. Салық нысан,  яғни  табыс және мүлік,  осылардың салық  есептеу ( жалақы, табыс, бағалы қағаз,  қозғалмайтын мүлік).    Салық көзі – бұл қоғамның таза  табысты нысандарының тәуелдігін байланысыз салық салу.   Салық мөлшері -  салықтың  маңызды элементті, бұл элемент салым бірлігіне байланысты салық шамасын анықтайды. 1.2. Салық түрлері.  Төлем жасау,  қабілетіне  байланысты салықтар  тікелесі және жанама  болып  бөлінеді.  Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады.  Осыған жататындар:  Азаматтарға  салынатын табыс салығы және корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына  салынатын салық;  Мүлік салығы осының ішінде меншікке  (жерге,  қозғалмайтын мүлікке) әлеуметтік  сақтандыруға,  жалақы қорына және  жұмысшы  күшіне (әлеуметтік  жарнамалар деп аталатындар) салынатын  салықтар пайданы  шетелге  аударған  үшін  салынатын салықтар;.  Жанама салықтар  - бұл  белгілі  тауарлар  мен  қызметтерге  салынатын салықтар. Жанама  салықтар  бағаға  үстем жасалып алынады ( мысалы  акциздар). Бұлар жарым -  жартылай немесе толық тауар қызметтер  бағасына адарылады.  Жанама салқтардың негізгі  түрлері:  Үстеме  құнға  салынған салы  акциздер ( тауар немесе  қызметтердің   бағасына  қосылатын салықтар).  Мұрагерлік салық.  Жылжымайтын  мүліктермен  және  құнды қағаздармен  жасалатын  келісімдерге  салынатын  салық және  басқалар.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған. [1]

Салық жіктемесі

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.

Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар:

  • салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;

  • салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;

  • салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;

  • салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.

Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.