
- •Жоспары:
- •Макарон өнімдеріне жалпы сипаттама.
- •Қосалқы шикі заттар және су.
- •Макарон өнімдерін шығару технологиясы.
- •Макарон өнімдерін өндіру процестеріндегі негізгі операциялар
- •Макарон қамырын даярлау.
- •Макарон өнімдерінің ассортименті.
- •Түтікшелі макарон Таспа тәріздес макарон Жіп тәріздес макарон
- •Әр түрлі пішіндегі макарон
- •Шығаратын макарон өнім түрлері келесідей
Макарон өнімдерінің ассортименті.
Макарон өнімдерінің ассортименті 130 астам аттан тұрады. Ұн сапасы мен сортына байланысты А.Б.В топтарына 1,2, классқа бөлінеді. А - қатты бидайдан, Б - шынылы жұмсақ бидайдан, В -наубайханалық бидай ұнынан, 1 класс - жоғары сорт, 2 класс - 1 сорт дегенді білдіреді. Макарон өнімдерін олардың пішіндеріне байланысты 4 типке бөледі: түтікше, жіп тәрізді, таспа тәрізді және әр түрлі пішінді.
Түтікшелі макарон Таспа тәріздес макарон Жіп тәріздес макарон
Сонымен бірге әрбір типтегі бұйымдар ұзындығы, ені немесе диаметрі және басқа көрсеткіштер бойынша көптеген түрлерге жіктейді. Түтікше бұйымдар фоармасы бойынша подтипы және сыртқы диаметірінің өлшемі бойынша түрге бөлінеді. Макарон - қабырғасы қалыңдығы 1,5 мм аспайтын тура кесілген түтікшелер. ¥зындығы бойынша олар қысқа және ұзын болады. Сыртқы диаметрі бойынша: соломка (4 мм аспайды), ерекше (4,1-ден 5,5 мм дейін) және кәдімгі (5,6 дан 7 дейін) және әуесқойлық (7 мм жоғары) түрлеріне бөлінеді, Қысқа түтікшелер сыртқы пішіні 1,5 тен 4 см дейін ұзындықтағы қисық немесе тура түтікшелер.
Әр түрлі пішіндегі макарон
Олардың келесідей түрлері бар: түтікше, ерекше, жиырылған ерекше, көп қырлы жай және т.б. Қанатшалар көлденең қимылы түтікшелер, олардың ұзындығы Зтен 10 см дейін. Жіп тәрізді бұйымдарға вермишель жатады. Олар қысқа (ұзындығы 1,5см аспайды) және ұзын(20см-ден аз) болады. Диаметрі бойынша вермишелдің келесі түрлері болады .Өрмекші. (0,8мм), жіңішке(1,2мм), кәдімгі(1,5мм) және әуесқойлық (Змм аспайды). Таспа тәрізді бұйымдарға кеспелер жатады. Өлшемі мен пішініне байланысты олар әр түрлі болады: тегіс немесе бұдырлы, шеті тегіс, иірілген, ара тәрізді. Түтікше макаронды, вермешельді және кеспелі оралған түрде және орамаланған түрінде шығарады. Олардың массасы мен өлшемі шектелмейді. Пішінді өнімдерге матрицаның ерекше қималы тесіктерден престеу арқылы немесе алфавит, жүлдызша, сақина, ұшбұрыш және т.б пішінділерді баспалау арқылы алады. Олардың өлшемі нормаланбайды, бірақ максималды қалындығы баспаланған үшін 1,5 мм аспау керек; престелген үшін Змм. Емдәмдік және балалар тағамына арналған макарон өнімдеріне байланысты бағытталған жарма –ұнтақ жарма типі майда макарон өнімдері жатады. Қоспа ретінде оған цезий, темір, глицерфосфаты, В1, В2, РР витаминдері қосылады. Бағытталған жарма жағымды дәмдік қасиеттерге ие, витамин қосылғандықтан сарғыш крем түсті, белок мөлшері 20 пайызға жоғары, амин қышқылдық құрамы жақсартылған. Оны ұнтақ бидай жармасы орнына сүтті ботқа және көже дайындауға қолданылады және ұнтақ жармаға қарағанда биологиялық құндылығы жоғары және тез дайындайды. Белоксыз өнімдер жүгері және аминопектинді фосфаты крахмал негізінде байытқыштар қосып өндіріледі. Олар кальций глицерофосфаты мен В тобы витаминдермен байытылған жарма түрінде өндіріледі. Белоксыз өнімдер фенолкотонуриямен ауыратын балаларға, гипопротейнді және аглютенді емдік тамақтанудағы ересек адамдарға арналған. Белоксыз макарон өнімдері ақтүсті, сынуына ұнды консистенцияға ие. Көкеніс қоспалары: томат, шпинат, сәбіз қосылған макарон өнімдерінің минералды құрамы жоғары