Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұңғыларды бұрғылау УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
29.19 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.Тұрысов атындағы Геологиялық барлау институты

«Ұңғымаларды бүрғылау технологиясы және техникасы» кафедрасы

Оқу - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

«Ұңғымаларды бұрғылау» пәні бойынша

050706 «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау» мамандығы үшін алматы 2007

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ «Пайдалы қазбалардың кен орындарының геологиясы және барлау» 050706 мамандығының студенттеріне арналған «Ұңғымаларды бұрғылау» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен.

Құрастырушылар – Ратов Б.Т., Аршидинова М.Т.

Алматы: ҚазҰТУ, 2007.

Құрастырушылар:

Ратов Боранбай Товбасарович, "Ұңғымаларды бұрғылау технологиясы және техникасы" кафедрасының доценті, т.ғ.к.

Аршидинова Махирам Турғанқызы, "Ұңғымаларды бұрғылау технологиясы және

техникасы" кафедрасының аға оқытушысы

Аңдатпа

«Ұңғымаларды бұрғылау» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ҚР МЖБС-ның мазмұнында, кәсіби сипаттамасына, мамандықтың типтік және жұмыс жоспарына, дайындау бағытына байланысты орындалған және оқылатын пәннің негізгі мазмұнын береді.

Студенттің оқу-әдістемелік кешені білім алу мақсатында қойылған жетістіктер мен курстың мақсаттарын, оларды оқу барысында бұрғылау және тампондау сұйықтарының түрлері мен олардың қолдану аймақтарын нақтылап түсіндіруге және игеруге арналған. Студенттердің таңдап алған мамандығын меңгеру үшін білімі мен біліктілігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

© Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2007

1. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus

    1. Оқытушы туралы мәліметтер:

Сабақ беретін оқытушылар – Ратов Боранбай Товбасарович, доцент, Аршидинова Махирам Турғанқызы, аға оқытушы.

Телефон: 92-77-80, ішкі 2-63.

Мекен-жайы:050013, Алматы, Сәтбаев көшесі 22, Мұнай ғимараты,711

    1. Пән туралы мәліметтер:

Атауы – Ұңғыларды бұрғылау.

Кредит көлемі – 3

Өткізу орны – 808 МҒ

1 - кесте

Оқу жоспарынан көшірме

Бір аптадағы академиялық сабақтар көлемі

Бақылау түрі

Курс

Семестр

Кредит

Дәрістер

Зертхана-лық сабақтар

СӨЖ

СОӨЖ

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

3

6

3

2

1

3

3

9

Емтихан

1.3. Алдыңғы реквизиттер: жоғары математика, физика, қолданбалы механика (материалдар кедергісі, машина және механизмдер теориясы, машина бөлшектері, теориялық механика және т.б.), жалпы геология, петрография және кристаллография, бұрғылау үрдісінің теориялық негіздері

1.4. Соңғы реквизиттер: "Ұңғымаларды бұрғылау" пәні "Қатты пайдалы қазбаларға ұңғы бұрғылау", "Гидрогеологиялық және инженерлік ұңғылар бұрғылау","Жуу сұйықтары мен тампонаж материалдары" және "Бағыттап бұрғылау " және т.б. сияқты арнайы пәндерді оқу үшін негізгі болып табылады.