
- •I.Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •Пәннің мақсаты мен міндеттері:
- •Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •Білімді бақылау және бағалау.
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік балдарды бөлу
- •Оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі
- •Студенттер білімін бағалау
- •Модуль бойынша бақылау жүргізуге және аралық аттестацияға арналған сұрақтар тізімі
- •Курстың саясаты пен процедурасы
- •Берілетін материалдардың мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •1 Дәріс. Кіріспе. Геофизика, оның тақырыбы (зерттеу объектісі) және әдістері.
- •2 Дәріс. Магниттік барлау. Магниттік барлаудың физикалық, геологиялық негіздері.
- •Магнитті дипольдің өрісі.
- •Ядролық-прецессиялық (протонды) магнитометрлер.
- •Квантты магнитометрлер.
- •4 Дәріс. Магниттік барлаудың қолданылуы
- •Ауырлық күшінің қалыпты мәні.
- •Ауырлық күші редукциясы.
- •Ауырлық күшінің аномалиясы.
- •5 Дәріс. Таужыныстардың тығыздығы.
- •Гравитациялық барлауда өлшенетін параметрлер.
- •Гравиметриялық түсірулер әдістемесі.
- •Жердегі гравиметриялық түсірулер.
- •6 Дәріс. Гравиметриялық түсірулер мәліметтерін өңдеу.
- •7 Дәріс. Электрлік барлау. Электрлік барлаудың физикалық-геологиялық негіздері.
- •8 Дәріс. Тұрақты ток өрісіне негізделген электрлік барлау әдістері.
- •9 Дәріс. Сейсмикалық барлау.
- •Геологиялық ортада серпінді толқындардың тарауының теориясы негіздері. Серпінділік теориясы негіздері.
- •Серпінді толқындар.
- •Геометриялық сейсмика негіздері.
- •5. Сейсмикалық сәуле ұғымы.
- •10 Дәріс. Сейсмикалық толқындардың типтері.
- •Сейсмикалық орта мен шекаралар.
- •Сейсмикалық барлаудың аппаратурасы және жүргізу әдістемесі. Сейсмикалық барлаудың аппаратурасының жалпы сипаттамасы.
- •Серіппелі толқындар көздері.
- •Жазу мен қайта шығару арналары.
- •Сейсмикалық барлау жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Теңіздік және тағы басқа сейсмикалық барлау түрлерін жүргізу әдістемесі.
- •12 Дәріс. Сейсмикалық барлаудың мәліметтерін өңдеу, интерпретациялау. Сейсмикалық барлаудың мәліметтерін өңдеу. Оның мағынасы және нәтижелері.
- •Сейсмикалық барлау мәліметтерін сандық интерпретациялау. Сандық интерпретациялаудың мағынасы мен қорытынды нәтижелері.
- •Белгілі шағылдырушы және сындырушы шекаралар үстіндегі көп қабатты қатқабаттарда толқындардың жылдамдықтарын анықтау.
- •Сейсмикалық барлаудың қолданылатын облыстары.
- •Инженерлік-гидрогеологиялық сейсмикалық барлау.
- •13 Дәріс. Радиометрия ядролық геофизика Ядролық геофизиканың физикалық-химиялық және геологиялық негіздері.
- •Радиоактивтілік туралы жалпы мәліметтер. Табиғи радиоактивтілік.
- •Ядролық-физикалық қасиеттердің жалпы сипаттамасы.
- •Таужыныстар мен орталардың негізгі нейтрондық қасиеттері ретінде олардың нейтрондарды жұту және шашырату қабілеттері саналады. Таужыныстар мен рудалардың радиоактивтілігі.
- •14 Дәріс. Радиометрияның жалпы сипаттамасы.
- •Барлаудың радиометриялық әдістері оларды жүргізу әдістемесі. Түсіру нәтижелерін бейнелеу.
- •2. 3 Зертханалық жұмыстар жоспары.
- •2.4 Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысы (соөн) шеңберіндегі сабақтар жоспары
- •3. Тапсырма. Дұрыс геометриялық пішінді магниттелген денелерге арналған тура есепті шешу.
- •10. Тапсырма. Таужыныстарда серпінді толқындардың тарау жылдамдықтары.
- •13. Тапсырма. Ядролық геофизиканың аппаратурасы мен әдістері..
- •14. Тапсырма. Үңгілердің қабырғаларын және таужыныстар үлгілерін радиометриялық зерттеу.
- •15. Тапсырма. Гамма-түсірулермен шешілетін міндеттер.
- •Дұрыс жауаптар кодтары
- •2.7 Өткен материалдар бойынша емтихандық сұрақтар тізімі
- •2.8 Глоссарий
13. Тапсырма. Ядролық геофизиканың аппаратурасы мен әдістері..
Өткізу түрі. Тренинг, сұрақ-жауап.
Әдістемелік ұсыныстар. Спектрлік және интегралдық тіркеу аспаптары.
Әдебиет.
1 нег. [540-544], 2 нег. [302-335], 4 нег. [257-268], 6 нег. [201-273],
14 қос. [216-310].
14. Тапсырма. Үңгілердің қабырғаларын және таужыныстар үлгілерін радиометриялық зерттеу.
Өткізу түрі. Тренинг, сұрақ-жауап.
Әдістемелік ұсыныстар. Ядролық-геофизикалық сынамалау.
Әдебиет.
6 нег [42-155], 2 нег [302-335], 4 нег [279-289],
16 қос [10-168].
15. Тапсырма. Гамма-түсірулермен шешілетін міндеттер.
Өткізу түрі. Тренинг, сұрақ-жауап.
Әдістемелік ұсыныстар. Таужыныстардың гамма-сипаттамаларының ерекшеліктері.
Әдебиет:
6 нег [210-273], 2 нег [304-308], 4 нег [268-275],
17 қос [3-351].
2.5 Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) шеңберіндегі сабақтар жоспары
1. Тапсырма. Іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері және оның геологиялық ғылымдар жүйесіндегі орны.
Әдістемелік ұсыныстар: Геофизикалық әдістердің зерттеу объектілері, әдістердің түрлері, басқа геологиялық әдістермен байланысы.
Әдебиет. 1 нег. [9-25], [581-296], 4 нег. [5-11], нег. [3-7], [81-82], 3 нег. [10-22]
2. Тапсырма. Магниттік барлаудың физикалық-геологиялық негіздері.
Әдістемелік ұсыныстар: Жердің магнит өрісі. Индукциялық және қалдық магниттелу. Жердің магнит өрісі кернеулігінің өлшем бірлігі.
Әдебиет. 1 нег. [219-279], 4 нег. [4-34], 2 нег. [8-23], 3 нег. [33-55],
2 қос. [13-84]
3. Тапсырма. Магниттік барлауды жүргізу әдістемесі.
Әдістемелік ұсыныстар: Магниттік барлаудың әдістемесі, онда қолданылатын аппаратура, аэромагнитті түсірулер әдістемесі.
Әдебиет. 1 нег. [219-279], 4 нег. [11-59], 2 нег. [31-80], 3 нег. [33-55],
2 қос. [89-297]
4. Тапсырма. Гравитациялық барлаудың физикалық-геологиялық негіздері.
Әдістемелік ұсыныстар: Ауырлық күші, оның потенциалы. Геоид деген не? Буге редукциясы.
Әдебиет. 1 нег. [98-214], 2 нег. [70-98], 3 нег. [82-103], [137-139], 3 нег. [59-78],
4 қос. [10-56]
5. Тапсырма. Гравитациялық барлауда енгізілетін түзетулер.
Әдістемелік ұсыныстар: Фай түзетуі мағынасы. Буге түзетуі мағынасы. Түзетулерді енгізудің мағынасы.
Әдебиет. 1 нег. [98-214], 4 нег. [70-98], 2 нег. [82-103],
4 қос. [10-56]
6. Тапсырма. Гравитациялық барлаудағы тіркеуші құралдар.
Әдістемелік ұсыныстар: Гравиметрлер, олардың типтері, астатикалық гравиметрлер, жұмыс принципі, гравитациялық өрістердің өлшенетін параметрлері.
Әдебиет. 1 нег. [118-214], 4 нег. [80-98], 2 нег. [103-137],
3 қос.[60-278]
7. Тапсырма. Электрлік барлаудың физикалық-геологиялық негіздері.
Әдістемелік ұсыныстар: Геоэлектрлік қима. Таужыныстардың электрлік қасиеттері.
Әдебиет. 1 нег. [296-314], 4 нег. [104-157], 2 нег. [141-215], 3 нег. [82-126],
8 қос. [3-18], 7 қос. [17-110], 5 қос. [3-9]
8. Тапсырма. Электрлік барлау жіктемесі.
Әдістемелік ұсыныстар: Табиғи және жасанды өрістер. Электрлік барлау әдістерінің жіктемесі.
Әдебиет. 1 нег. [219-279], 4 нег. [110-144], 2 нег. [151-208],
5 қос. [9-348], 3 қос. [28-413], 7 қос. [38-469]
9. Тапсырма. ВЭЗ-дің мағынасы.
Әдістемелік ұсыныстар: ВЭЗ арқылы шешілетін геологиялық міндеттер, қондырғы түрлері, нәтижелерді бейнелеу.
Әдебиет. 1 нег [343-352], 4 нег [115-118], 2 нег [173-180],
5 қос [76-162], 7 қос [220-237], [294-365], 3 қос [97-101]
10. Тапсырма. Сейсмикалық барлаудың физикалық-геологиялық негіздері.
Әдістемелік ұсыныстар: Таужыныстардың серпінді қасиеттері. Ортада толқындардың тарау жылдамдықтары. Сейсмикалық толқындардың түрлері.
Әдебиет. 1 нег. [401-431], 4 нег. [163-170], 2 нег. [216-227],
2 қос. [13-57]
11. Тапсырма. Геометриялық сейсмика.
Әдістемелік ұсыныстар: Шағылған толқындардың өту жолдарының сұлбасы. Сынған толқындар изохрондары. Гюйгенс-Френель заңдары.
Әдебиет. 1 нег. [469-494], 4 нег. [170-192], 2 нег. [230-258],
1 қос. [105-141]
12. Тапсырма. Таужыныстардың серпінді қасиеттері.
Әдістемелік ұсыныстар: Пуассон коэффициенті нені сипаттайды? Юнг модулі нені сипаттайды ? Ламе тұрақтылары сипаттамасы.
Әдебиет. 1 нег. [404-431], 4 нег. [160-164], 2 нег. [216-226],
1 қос. [13-57]
13. Тапсырма. Ортада толқындардың тарау жылдамдықтары.
Әдістемелік ұсыныстар: Қума толқындардың жылдамдығын анықтау формуласы. Көлденең толқындардың жылдамдығын анықтау формуласы. Олардың ара қатынасын анықтайтын формулалар.
Әдебиет. 1 нег. [176-192], 2 нег. [261-277],
3 қос. [105-141]
14. Тапсырма. Радиометрияның физикалық-геологилық негіздері.
Әдістемелік ұсыныстар: Радиоактивті ыдырау қандай параметрлермен сипатталады? Альфа-, бета бөлшектер сипаттамалары.
Әдебиет. 1 нег. [525-551], 4 нег. [240-285], 2 нег. [282-298], 6 нег. [7-124]
15. Тапсырма. Радиометриядағы өлшем бірліктер.
Әдістемелік ұсыныстар: Радиоактивтіліктің, доза қуатының, ағын тығыздығының өлшем бірліктері.
Әдебиет. 1 нег. [525-544], 4 нег. [241-257], 2 нег. [283-298], 6 нег. [66-124]
2.6 Білімді бақылауға арналған жауабы келтірілген тесттік сұрақтар.
1. Сейсмикалық сәуле деген не?
A) Толқынның уақыт өрісінің изохрондарына перпендикуляр сызықтар.
B) Толқынның шебі жылжитын бағыт.
C) Толқын тарайтын ең қысқаша жол.
D) Толқын ең аз уақытта тарайтын жол .
E) Толқын тарайтын жол.
2. Қандай ортаны серпінді деп атауға болады?
A) Бастапқы құрылысы қалпына келетін.
B) Құрылысы тығыздалған орта.
C) Тығыздалу мен бұзылу орын алған орта.
D) Бұзылу орын алған орта.
E) Бұзылусыз тығыздалған орта.
3. Ауыспалы бұрыш қай формуламен анықталады?
A)
Sin α /
=
Sin β/
.
B)
Sin α = (
/
).
C) Sin α=( / ).
D) Sin β / = Sin α/ .
E) Sin β / = Sin α/ .
4. Қай таужыныстарда толқындардың тарау жылдамдығы төмен?
A) терригенді.
B) карбонатты .
C) гидрохимиялық.
D) метаморфтық.
E) атқылама.
5. Көрінетін жылдамдықты анықтайтын формула.
A)
B)
C)
D)
E)
6. Сесмикалық толқын годографы:
A) Толқын жолының уақытпен байланысы.
B) Толқынның жүріп өту уақытының бақылау нүктесі координатасымен байланысы.
C) Толқынның жүріп өту уақытының сейсмикалық шекара тереңдігімен байланысы.
D) Толқынның жүріп өту уақытының оның жылдамдығымен байланысы.
E) Толқын жылдамдығының бақылау нүктесі координатасымен байланысы.
7. Уақыт қимасы деген не?
A) (to; x) координаталарындағы жуықталған геологиялық қима.
B) (to; x) координаталарындағы дәл геологиялық қима.
C) Уақыт масштабында көрсетілген синфазалық осьтері түзуленген сейсмикалық трассалар жиынтығы.
D) (to; x) координаталары бойынша жекелеген профильдердегі жердің геологиялық құрылысы.
E) Қабаттар арасындағы шекаралар ерекшеліктері бейнеленген қима.
8. Сейсмикалық барлау әдістемесі дегенді қалай түсінесің?
A) Далалық жұмыстардың міндеттерін шешуге ең қолайлы түсіру түрін, әдісін, өріс көзін, аппаратурасын, бақылаулар жүйесін, зерттеуді ұйымдастыру жолдарын таңдау.
B) Өріс көзі мен қабылдау пункттерінің орналасу тәртібі.
С) Зерттеу ауданын өріс көзімен толық қамту жүйесі.
D) Профильдегі жұмыс технологиясы.
E) Профильдерде сейсмикалық жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу.
9. Магниттік барлаудың кері есебін шешуді таңдау әдісімен «қолмен» орындағанда қолданылатын палетка авторы:
А) Г.П. Тафеев;
В) Д.С. Миков;
С) Н.А. Иванов;
D) А.А. Непомнящих;
Е) Г.И. Гринкевич.
10. Таңдау әдісін қолданғанда априор белгілі болуы тиіс параметр:
A) h;
B) H;
C) θ; D) H-h; E) α.
11. Магниттік барлауда өлшенген шама қандай шамамен салыстырылады?
A) Әрбір келесі нүкте шамасымен;
B) Әрбір кейінгі нүкте шамасымен;
C) Бақылау пункті шамасымен; D) Учаскедегі кез-келген нүкте шамасымен; E) Учаскенің орталық нүктесі шамасымен.
12. ММП-203 магнитометрінде қолданылатын ток көзі:
A) аккумулятор 6,75 В;
B) аккумулятор 12 В;
C) элементтер 1,5 В; D) аккумулятор 24 В; E) элементтер 0,25 В.
13. Қандай міндетті магниттік барлаумен шешу тиімді?
A) тұз күмбезін контурлау;
B) тас бокситтерді іздеу;
C) гранитоидтардың түрлі фазаларын карталау; D) кварцты құмдардың линзаларын карталау; E) өртке төзімді саздарды іздеу.
14. Қай рудаларды іздеуде магниттік барлау тікелей әдіс болады?
A) мыс рудалары;
B) қорғасын- цинк рудалары;
C) магнетитті рудалар; D) қалайы рудалары; E) мыс-цинк рудалары.
15. Магниттелу механизмі бойынша мұнай қай топқа жатады?
A) диамагнетик;
B) парамагнетик;
C) ферромагнетик; D) антиферромагнетик; E) ферримагнетик.
16. Соңғы тұжырымдар бойынша материктік аномалиялар өріс көздері тереңдігі:
A) 100 км;
B) 500 км;
C) 1000 км; D) 3000 км; E) 6000 км.
17. Гравитациялық барлаудың теориялық негізі:
А) Бүкіләлемдік тартылыс заңы.
В) Еркін құлау заңы.
С) Ньютонның 1 заңы.
D) Ньютонның 2 заңы.
E) Ньютонның 3 заңы.
18. Далалық өлшеу жұмыстарында ауырлық күші үдеуінің қай өлшем бірлігі қолданылады?
А) 1/сек.
В) 1/сек2.
С) Гал.
D) мГал.
E) Н.
19. Профильдердің ара қашықтығы неге байланысты?
А) Түсіру қадамына
В) Дененің құлау бұрышына
С) Дененің созылу ұзындығына
D) Дененің еніне
E) Өлшеу аспабы дәлдігіне
20. Гравитациялық аномалия деген не?
А) Өлшенген шама
В) Барлық түзетулер шамасы
С) Аралық қабат үшін түзету шамасы
D) Қалыпты шамадан ауытқыған шама
E) Биіктік үшін түзету шамасы
21. Гравиметрлердің жұмыс істеу принципіне қарай бөлінуі?
А) математикалық және физикалық
В) статистикалық және динамикалық
С) серпінді және серпінсіз
D) жоғары және төменгі дәлдіктегі
E) тұрақты және тұрақсыз
22. Дененің қай қасиеті гравитациялық барлауда негізгі болып саналады?
А) салмақ
В) масса
С) тығыздық
D) магнит қабылдағыштық
E) магниттелу
23. Табиғи радиоактивтіліктің азаю реті:
А) әктас – құмтас– саз
B) құмтас – әктас – саз
C) саз – құмтас – әктас
D) әктас– саз– құмтас
E) құмтас– саз– әктас
24. Жұтылған доза өлшем бірлігі
А) Рентген
B) Зиверт
C) Рад
D) Грей
E) Кулон
25. Уақыт бірлігіндегі сәулелену дозасының шамасы:
А) Сәулелену қуаты
B) Есептеу жылдамдығы
C) Сәулелену интенсивтілігі
D) Жартылай ыдырау периоды
E) Дозаның қуаты
26. Радиоактивтіліктің өлшем бірлігі
А) Бк
B) 1/см 2 ·сек
C) мкЗв/сағ
D) мкР/сағ
E) К
27. Қай геофизикалық әдіс электрлік-магниттік өрісті өлшейді?
А) Сейсмикалық барлау
В) Радиометрия және ядролық геофизика
С) Электрлік барлау
D) Магниттік барлау
Е) Гравитациялық барлау
28. Полярлану коэффициенті қай формула бойынша есептеледі?
А)
В)
С)
D)
Е)
29. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі?
А) м.
B) см
C) Омм
D) Омсм
E) Омм2
30. ВЭЗ-дің үш қабаттық қисығының типі:
А) АBCD
B) XYZH
C) ABMN
D) HKAQ
E) NKAQ