Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otbasy__1179__1201__1179_y_1179_ty_1179__1179_a...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
99.84 Кб
Скачать

АҚ »Астана Медицина Университеті»

Құқық негіздерімен сот медицтна кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Отбасы құқық негіздері

Орындаған: Раис.Л 101ЖМ

Тексерген: Какимжанова.Н.Т

Астана 2012 жыл

Жоспар:

  1. Отбасы

    1. Отбасы құқығы дегеніміз

    2. Отбасы құқық қатынастарының субъектілері, Объектілері

  2. Неке отбасы заңдары

    1. Неке

    2. Неке қыю

    3. Куәландыру жолдары

  3. Балалар жөніндегі ата аналардың міндеттері:

    1. Қамқоршылық

    2. Қазақстан Республикасының призидентінің 3.6 жолдауы

    3. Әйел құқығын қорғау

  4. Жас отбасы

    1. Жас отбасылардың мемлекет тарапынан қолдауы

    2. Студенттік отбасылар

5. Дені сау отбасы

Отбасы

Отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың озге де нысандарын туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Ата аналар мен балалардың өзара құқықтары мен міндеттері баланың заңда белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.

Отбасы құқығы дегеніміз неке туысшылық қамқоршылық бойынша мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін ережелердің жиынтығы ОТБАСЫ.

Отбасы құқық қатынастарының субъектілері:

  1. ерлі зайыптылар;

  2. балалар

  3. басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары;

  4. заңмен белгіленген басқа да адамдар.

Объектілері:

  1. отбасының мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар;

  2. некені қиюдың тәртібі мен шарттары және оны жою;

  3. ата анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасына орналастыру және т.б болып табылады

Неке отбасы заңдары :

Некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оларды жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;

Отбасы мүшелерінің: ерлі зайыптылардың , ата аналар мен балалардың арасындағы, ал неке отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстармен өзге адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік және қатынастарды реттейді;

Ата анасының қамқорлығынысз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;

Азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртәппен ақылы қызмет қөрсету тәртібін реттейді. Бұл мәселелер негізінен ҚР «Неке және отбасы туралы» 17желтоқсан 1998ж заңмен реттеледі.

Неке

Неке ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы.

Неке қыю

тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын мемлекет органдарының кітабына жазылады да, некені кию некеге тұруға тікелей білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органдарына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім откен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу органдары бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай откенге дейін некені қиюға, сондай ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуге мүмкін.

Ерекше мән жайлар болған кезде(жүкті болу, бала тууы, бір тараптың қміріне тікелей өауып төнуі және басқа ерекше мән жайлар) неке отініш берілген күні қиылуы мүмкін.

Некені қию үшін некеге отыратын адамдардың өзара келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Неке жасы Қазақстан Республикасының заңы бойынша 18 жас болып беріледі. Дәлелді себептер юолған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдарынеке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата аналары, не қорғаншылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады.

Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты нотариуспен расталған, некеге тұратындардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болыптабылады.

Куәландыру жолдары:

Баланың анасы екнедігін шешесінің медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде АХАЖ белгілейді. Бір бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады;

Өзара некеде тұрмаған әке шешеден туған баланың тегі әкесі мен шешесінің азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органға бірлесіп берген арызымен анықталады. Мұндай мойындау болмаған күнде баланың әкесі, сот арқылы анықталады.

Өзара некеде тұрған әке мен шеше қай қайсысының болса да арызы бойынша туу туралы кітапқа баланың ата анасы болып жазылады. Некеде тұрмаған анадан бала туған кезде, егер ата анасының бірлесіп берген арызы немесе соттың шешімі болса, шешесінің фамилиясы бойынша жазылады, ал баланың әкесінің аты, фамилиясы және ұлты баланың шешесінің айтуы бойынша жазылады.

Әке мен шешенің, өз балалар жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей болады. Сондықтан ата аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата ананың келісуі бойынша белгіленеді. Неке жойылған немесе некені заңсыз деп танылған жағдайда, балалар туған кезде алған кезде алған тегін сақтайды.

Балалардың ұлты ата анасының ұлтымен белгіленеді. Егер ата анасының ұлты түрліше болса, баланың ұлты оның қалауы бойынша оған төлқұжат берген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен жазылады.

Балалар жөніндегі ата аналардың міндеттері:

Балаладды тәрбиелеу; балалардың күш қуатын дамыту; оларды міндетті түрдке оқыту балаларды пайдалы еңбекке үйретіп өсіру; жасы толмаған балаларын және көмекке мұқтаж, еңбекке қабілеті жоқ балаларын асырау.

Ал көмек көрсетуден, алимент төлеуден бас тартқан жағдайда мәселе сот арқылы шешеді.

Жасы толмаған балаларға мынадай мөлшерде алимент өндіріліп алынады: бір балаға төрттен бірі, екі балаға үштен бірі, үш және одан да көп балаға әкесінің немесе шешесінің табысының тең жартсы.

Балалармен қарым-қатынас

Отбасында балалардың дүниеге келуі бұл— ерлі-зайыптыларды оларға деген ортақ махаббат пен қамқорлық сезімдері байланыстыратын ең маңызды уақыт.   Бірақ мәселе тек қана баланы асырау мен киіндіруде емес.  Ф. М. Достоевскийдің мынадай бір мәнді айтқан пікірі бар: «Адамның өмірінде балалық шақтан алып өткен жылы, ашық, мейірімді естеліктерден  басқа маңызды, керекті, пайдалы ештеңе жоқ. Ол отбасында қалыптасып, ауыр сәттерде көмегін тигізед». Тек қана тату отбасы баланың жеке басына игілікті ықпалын тигізе алады. Ата-аналардың баланың жеке басын қалыптастырудағы ықпалы әсіресе, оның өмірінің бірінші жылдарына келеді. Ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынастар нақышы  әдетте жас өспірімдік жасқа қарай қалыптасады мысалы: сенімділік немесе түпкілікті бақылау негізіндегі қамқорлық немесе достық қатынастары. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың мінез-құлық үлгісі:

  • Демократтық ата-аналар баланың мінез-құлығындағы дербестілік пен тәртіптілік қасиеттерін бағалайды. Олар балаға оның құқықтарын шектемей, сонымен бірге міндеттемелерін орындауын талап етумен қатар, өмірдің кез-келген салаларында дербестілік танытуына құқық береді. Жылы сезімдер мен саналы қамқорлыққа негізделген бақылау, жасөспірімдерді онша өршелендірмей, оны жиі неге белгілі бір нәрсені дұрыс не бұрыс істеу керек деген түсініктемелерге еліктіреді.   Есейгендіктің мұндай жолмен қалыптасуы әдетте күйзеліссіз және тартыссыз өтеді.

  • Өктемшіл ата-аналар жасөспірімнен сөзсіз бағынуды талап етіп, және өздерінің тыйым салу мен нұсқауларының себептерін түсіндіруді қажет деп санамайды. Олар баланың өмірін толық қадағалап, сонымен қатар мұны әдепсіз де жасауы мүмкін. Мұндай отбасыларда тәрбиеленетін балалар әдетте тұйықталып, ал ата-аналармен қатынастары жуықтаудан гөрі алыстайды. Егер жоғары дәрежедегі талап пен бақылау  балаға деген эмоционалды суық қатынаспен қатар келсе, онда жағдай тым асқынады.  Мұндай жағдайларда қатынастың толық жоғалуы сөзсіз.   Қатал және енжар ата-аналары бар балалардың  тағдыры тым ауыр болады. Олар адамдарға сирек сеніп, қатынас жасауда қиындық көріп, жиі қаталдық танытады. Жасөспірімдер бүлікшілігіне  қарамастан, олар ата-аналарын тірек ретінде қажетсініп, бағдар жасауға болатын ересек, жауапты адам қылығының үлгісін көруі тиіс.

Қорғаншылық пен қамқоршылық ата анасының қамқорлығынсыз қалған мысалы жетім балалар балаларды асырау, тәрбиелеу және білім беру мақсатында, сондай ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді;

Қамқоршылық – 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасы толмағандарға, денсаулық жағдайына байланысты құқықтарын өздігінен жүзеге асыра алмайтын жасы толмағандарға, денсаулық жағдайына байланысты құқықтарын өздігінен жүзеге асыра алмайтын жасы толмағандарға, сондай ақ спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынып кету салдарынан әрекет қабілеттілігі шектелген деп сот таныған азаматтарға белгіленеді. Негізгі қорғаншылық және қамқоршылық органдарына ауылдық, селолық, поселкілік, аудандық, қала ішіндегі аудандық, қалалық әкімшіліктер жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]