Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕСТ дұрыс жауапсыз - Фармация-360 каз (2013-20...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
364.75 Кб
Скачать

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ЕМТИХАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР ТІЗІМІ

«Бекітемін»

«Life sciences» ОД

ОҮК төрайымы

доцент Битанова Э.Ж.

____________________

«Келісілген»

«Life sciences» ОД

директоры

Юсупов Р.Р.

_____________________

2013-2014 Оқу жылындағы «Фармация» мамандығы бойынша

1 Курс студенттеріне арналған «Физиология» пәнінен тест сұрақтары

1. А-альфа типті жүйке талшықтарымен қозудың өту жылдамдығы

  1. 3-18 м/сек

  2. 70-120 м/сек

  3. 0,5-3 м/сек

  4. 40-70 м/сек

  5. 15-40 м/сек

2. Гальванидің бірінші тәжірибесін жасау тәсілі

  1. бақаның артқы екі аяғын «балкончигінің» мыс сымына ілу

  2. жүйке-ет препаратының жүйкесімен бұлшық еттің зақымдалған және зақымдалмаған жерін тұйықтау

  3. жүйке-ет препаратынның жүйке талшығын екінші жүйке-ет препаратына жиырылып жатқан бұлшық етіне қою

  4. электродты жүйке–ет препаратының зақымданбаған жеріне қою

  5. электродты жүйке–ет препаратының зақымданған жеріне қою

3. Қозғыштығы ең жоғарысы

  1. синапстар

  2. көлденең жолақты қаңқа еттері

  3. көлденең жолақты жүрек бұлшық еті

  4. жүйке талшықтары

  5. тегіс бұлшық еттер

4. Тітіркендіргіштердің әсеріне жауап ретінде организм тіндерінің қозу жағдайына келу қасиеті

  1. өткізгіштік

  2. жиырылғыштық

  3. эластикалық

  4. пластикалық

  5. қозғыштық

5. Қозуды туғызатын тітіркендіргіштің ең аз мөлшері

  1. реобаза (қозу табалдырығы)

  2. әсердің пайдалы уақыт

  3. хронаксия

  4. аккомодация жылдамдығы

  5. лабилділік

6. Электрлік синапстардың физиологиялық қасиеті

  1. қозуды екі жақты өткізу

  2. қозуды бір жақты өткізу

  3. синапстық кідіру

  4. тез қажығыштық

  5. төмен лабилділік

7. «С» типті жүйке талшықтары бойымен қозудың өту жылдамдығы

  1. 1-3 м/сек

  2. 3-18 м/сек

  3. 15-40 м/сек

  4. 40-70 м/сек

  5. 70-120 м/сек

8. «В» типті жүйке талшықтары бойымен қозудың өту жылдамдығы

  1. 1-3 м/сек

  2. 3-18 м/сек

  3. 15-40 м/сек

  4. 40-70 м/сек

  5. 70-120 м/сек

9. Актин-миозин кешенінің түзілуіне кедергі болатын ақуыздар

  1. актин, тропомиозин

  2. миозин, тропомиозин

  3. тропомиозин. тропонин

  4. актомиозин

  5. тропонин, актомиозин

10. Қажудан соң жұмысшы бұлшық еттердің қалпына келуі үшін оңтайлы жағдайлар

  1. толық тыныштық

  2. қосымша жүктемелер

  3. белсенді демалыс

  4. стрестік әсерлер

  5. күшейтілген тамақтану

11. Деполяризация фазасына себепкер қозғалыс

  1. К жасушаға

  2. К жасушадан

  3. Na жасушаға

  4. Na жасушадан

  5. Na қозғалысының тоқтауы

12. Бұлшық еттің жеке жиырылу уақыты (сек)

  1. 0,06

  2. 0,01

  3. 0,05

  4. 0,12

  5. 0,10

13. Миелинді талшықтардың қозуды өткізу жылдамдығы ең төмен болатын типі

  1. А–альфа

  2. А-бета

  3. А-гамма

  4. В

  5. С

14. Бұлшық ет жиырылуындағы негізгі рөлді орындайтын иондар

  1. Na

  2. K

  3. Cl-

  4. Ca2

  5. Mg2

15. Парабиоздың себебі

  1. лабилділік пен қозғыштықтың төмендеуі

  2. лабилділіктік пен қозғыштықтың артуы

  3. лабилділіктің төмендеуі, қозғыштықтың артуы

  4. лабильділік өзгермейді, қозғыштықтың артуы

  5. лабилділіктің төмендеуі, қозғыштық өзгермейді

16. Заттардың жасуша мембранасы арқылы АТФ қуатын жұмсай отырып электрлік-химиялық градиентке қарсы тасымалдану механизмі

  1. осмос

  2. жай диффузия

  3. фильтрация

  4. белсенді емес транспорт

  5. белсенді транспорт

17. Электромиография – бұл мыналардың биопотенциалдарын тіркеу

  1. асқазанның

  2. жүректің

  3. бұлшық еттердің

  4. тыныс мүшелерінің

  5. қан тамырларының

18. Цитоплазма мен жасуша мембранасының сыртқы беткейі арасындағы трансмембраналық потенциалдар айырмашылығы

  1. тыныштық потенциалы

  2. әрекет потенциалы

  3. із потенциалы

  4. жергілікті жауап

  5. генераторлық потенциал

19. Жасушалардың тітіркендіргенде пайда болатын мембраналық потенциалдың шапшаң тербелісі