Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.

7-тақырып Бюджет жүйесін басқару механизмі

  1. Бюджетаралық қатынастарды реттеуді мемлекеттік басқару түсінігі және құрылымы

2. Бюджетаралық қатынастар аумағындағы мемлекеттік басқару органдарының сипаттамасы

3. Бюджеттік комиссия, оның құрамы мен жүмыс органдары

Қаржы категориясы, анықтама бойынша, өз алдына әр түрлі қоғамдық (қаржылық) қатынастарды дәлелдейді, ал сол қатынас-тарға мынадай жалпы сипаттар тән:

• олар ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді бөледі;

• олар қаржылық ресурстарды қалыптастыруға қатынасады;

• олар бөлістік процесті реттейді және бақылайды.

Осы жалпы сипаттар ерекшелікке байланысты әр түрлі қаржы-лық қатынастардан қалыптасатын бірыңғай қаржылық категория-ны құрастырады. Бүның бірі болып табылатын, өзінің ерекшелік-тері мен өзгешеліктері бар қаржылық қатынастар - ол бюджеггік қатынастар. Ал бюджеттік қатынастар бюджет жүйесінің негізі болғандықтан, бюджет жүйесін әр түрлі әдістер мен формаларды пайдаланып басқару қажет.

Бюджет жүйесі өз алды белгілі бір механизм, қаржылық қа-тынастардың күрделі кешені және экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді құралы, сондықтан да бюджетаралық қатына-стар саласындағы өзгерістерді оңтайлы түрде басқару қажеттілігі туады. Мұндай өзгерістер бюджеттердің барлық деңгейлерінің кірістері мен шығындары көлемдерінде орын алады. Мемлекет

әр түрлі принциптер, әдістер мен тәсілдерді пайдалана оты-рып, бюджетаралық қатынастар қалыптасу процестеріне әсер етеді. Мұндай әрекеттің нәтижесінде бюджеттік байланыстар түзетіледі, бюджеттік ағындар бағыттары реттеледі, қаржылық ресурстар бөліс пропорциялары тағайындалады, бюджеттік құралдарды іске асыру механизмі мен олардың арнайы тағайын-дануы анықталады. Осының бәрі бюджетаралық қатынастарды басқаруды қамтамасыз етеді.

Бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша қаржылық ағындардың қалыптасуы мен қозғалысының тәртібін және соған байланысты қатынастардың ұйымдастыруы мен өзара байланыста-рын іске асыруының әдіс-тәсілдерін әр түрлі заңнамалы актілерде бекіту негізінде бюджеттік реттеу механизімін құрастырады және солар арқылы билік пен басқару органдары өздерінің өкілдік және атқарушы екілеттіліктерін орындайды.

Мемлекеттік билік органдарының бюджетаралық қатына-стар жүйесіндегі құзыреті мен сол қатынастарды реттейтін меха-низмдері келесі заңнамалық базаның нормалары анықтайды:

• Қазақстан Республикасының Конституциясының;

• Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің;

• «Республикалық бюджет (тиісті жылға) жөнінде» Заңның;

• «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» Заңның;

• «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер жөнінде (Салықтың кодекс)» Заңның;

• «Республикалық және жергілікті бюджеттерді атқаруын бақылау жөнінде» Заңның;

• жергілікті бюджеттер жөніндегі маслихаттар шешімдері;

• бюджеттік процесті реттейтін басқа да нормативті құқықтық актілерді.

Бюджеттік кодекске сәйкес бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы мемлекеттік басқару құрылымына кіреді:

• Қазақстан Республикасының Президенті;

• Қазақстан Республикасының Парламенті;

• Республикалық бюджетті атқаруын бақылау жөніндегі Есеп комитеті;

• Қазақстан Республикасының Үкіметі;

• Экономикалық және бюджеттік жосцарлау жөніндегі Орта-лық екілетті орган;

• Бюджеті атқару жөніндегі Орталық өкілетті орган;

• Ішкі бақылау жөніндегі Орталық өкілетті орган;

• Маслихат;

• Жергілікті атқарушы орган.

• Бюджет жұйесін тікелей басқаруын орталық және жергілік-ті бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, ішкі бақылау си-яқты өкілетті органдар арқылы ҚР Үкіметі іске асырады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі елдің әлеуметті-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарын, мем-лекеттік бюджет көрсеткіштерінің ортамерзімді уақытқа болжа-мын жоспарлау мен тиісті қаржы жылға республикалық бюджет-тің жобасын қалыптастыру жөніндегі функцияларды іске асыра-тын орталық атқарушы орган.

Қаржы министрлігі бюджетті атқару, бюджеттік есеп пен есеп беру және мемлекеттік ішкі қаржыны бақылау жөніндегі функция-ларды іске асыратын орталық атқарушы орган. Бюджет жүйесінің төменгі деңгейлері бойынша тиісті функцияларды іске асыра-тын маслихаттар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілетті құрылымдары.

Бюджетаралық қатынастар аумағындағы мемлекеттік басқару органдарының сипаттамасы

Біздің елдін қаржыларын басқару бас органдары ретінде Эко-номика және бюджеттік жоспарлау мен Қаржы министрліктері тағайындалған. Олар өз іс-әрекеттерін ҚР Конституциясы мен заңцарына, ҚР Президенті мен Үкіметтің актілеріне, басқа да нормативті құқықтық актілер мен тиісті министрліктер жөніндегі Ережелерге сәйкес атқарады. Бұл министрліктердің мемлекеттің қаржылық басқарудағы рөлі мен мәні олардың орындайтын фун-кцияларының маңыздылығы мен шешетін мәселелер көлемімен анықталады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі - ол орта-лық атқарушы орган. Республиканың әлеуметті-экономикалық даму басымдылықтарын тиімді іске асыруға себепші болатын мемлекет-тік жоспарлау жүйесін құрып дамыту оның негізгі міндеті. Минис-трлік жөніндегі Ережемен келесі мақсаттары анықталған:

• республиканың әлеуметті-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен стратегиялық басымдылықтарын қалыптас-тыру;

• халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясаты, мемлекеттің ақша-несиелік саяса-ты мен әлеуметті-экономикалық даму басымдылықтары әрекеттерімен байланысты мемлекеттік фискалды, бажшы және бюджеттік инвестициялық саясатты қалынтастыру;

• экономика секторлары бойынша мемлекеттік активтер басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

Бюджеттік қатынастар аумағындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мақсатқа сәйкес Министрлік келесі функцияларды атқарады:

• стратегиялық және ортамерзімді экономикалық пен бюд-жеттік жоспарлау жүйені жетілдіру;

• бюджеттік процесті методологиялы басқарушылың;

• бюджеттік инвестициялық басымдылық жобалар тізімін қа-лыптастыру;

• бюджеттік несиелеу, мемлекеттік және мемлекеттің кепілін-дегі қарыз алу мен борышты жоспарлау мен талдауын іске асыру;

• республиканың әлеуметті-экономикалық даму жоспарының ортамерзімді жобасын жасау;

• үкіметтің фискалды саясатының ортамерзімді жобасын жа-сау;

• тиісті қаржы жылына республикалық бюджет жөніндегі заң-ның жобасын жасау, бюджетке өзгерістер мен қосымшалар енгізу;

• тиісті қаржы жылдың республикалық бюджет жөніндегі завды іске асыру ретіндегі үкіметтің қаулысының жобасын жасау;

• төтенше мемлекеттік бюджетті жарау;

• үшжылдық мерзім бойына арналған бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемі жөніндегі заң-ның жобасын жасау;

• бірыңғай бюджеттік жіктеу жобасын жасау;

• қаржыландырудың жылдық жоспарын жасау және бекіту;

• мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау мен әлеуетті-экономикалық даму-дың ортамерзімді жоспарларын жасау және іске асыруын әдістемені қамтамасыз ету;

• бюджеттік инвестицияларды жасауды ұйымдастыру мен іске асыруына мониторинг жүргізу және әдістемені қамтамасыз ету;

• мемлекеттік қаржы мен мемлекеттік меншікті басқару сала-сындағы мемлекеттік саясаттың басымдылықтарын анық-тау;

• республикалық және жергілікті бюджеттер арқылы іске асырылатын бюджеттік инвестициялар жөнінде жиынтық ақпарат дайындау және үкіметке үсыну;

• заңнамалармен жүктелген басқа да функциялар. Министрліктің бюджеттік қатынастар саласындағы мем-

лекеттік саясатты іске асыру аумағындағы функциялары ке-лесілер:

• республикалык және жергілікті бюджеттерге түсімдерді болжамдау;

• мелекеттік және салалық бағдарламалар, бюджеттік бағ-дарламалар, бюджеттік инвестициялар мен гранттарды іске асыру тиімділігін бағалау;

• республикалық бюджет арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штаттық кестелеріне талдау жүргізу:

• мемлекеттік және салалық бағдарламаларды атқару бойын-ша жалпы бақылау жүргізу;

• республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға эко-номикалық сараптама жүргізу;

• заңнамалармен жүктелген басқа да функциялар.

Министрліктің құқықтық ахуалы өзіне жүктелген функция-ларды іске асыруды қамтамасыз ететін заңнамалармен тағайын-далған құқықтарымен дәлелденеді. Министрліктің құқығы бар:

• мемлекеттік әлеуметті-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша үкіметке ұсыныстар енгізуге;

• орталық және жергілікті атқарушы органдардың ортамер-зімді жоспарларды іске асыруына мониторинг жүргізуге;

• мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды әрі іске асы-ру қажеттілігі жөнінде үкіметке үсыныстар енгізуге;

• мелекеттік органдарға өз құзыреті бойынша ақпараттық ма-териалдар дайындау мен үсынуға;

• өз құзыреті бойынша нормативтіқ құқықтық актілер дайын-дау мен шығаруға;

• өз құзыреті бойынша мемлекеттік органдардан, заңды және жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды алуға;

• тексеру мен сараптама жүргізуге және кеңес беруге орта-лық пен жергілікті атқарушы органдардың мамандары мен тәуелсіз сарапшыларды қатыстыруға;

• заңнамалармен жүктелген басқа да құқықтарға.

Қаржы министрлігі де республиканың орталық атқарушы органы. Ол негізінде бюджетті атқару, мемлекеттік қаражаттар-ды пайдалану мен банкроттық процедураларды бақылау, бухгал-терлік есеп жүйесі мен қаржылық есеп беруді реттеу жөніндегі іс-әрекеттерді атқарады. Министрліктің алдына келесі мақсаттар қойылған:

• бюджетке салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер мен түсімдер түсуін, міндетті зейнетақы төлемдерін толығы-мен және уақытында аударуын, Ұлттық қорға түсімдерді аударуын қамтамасыз ету;

• республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару, бухгал-терлік есеп, есеп беру мен аудит жүргізу жөнінде әдістемелі басқарушылық;

• өз құзыреті бойынша республикалық және жергілікті бюд-жеттердің құралдарын тиімді және арнаулы пайдалануын бақылау;

• мемлекеттік меншікті басқаруын.ұйымдастыру және оның тиімділігін ұлғайту;

• мемлекеттік салықтық саясатты дайындау мен іске асыруы-на қатысу;

• банкроттық процедуралар жүргізу мен ауқатсыз борышқор-ларды соттан тыс жабу процедураларын мемлекеттік бақы-лау;

• алкогольды өнім және этил спиртін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу;

• өз құзыреті бойынша елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

• өз құзыреті бойынша халықаралық ынтымақты іске асыру;

• заңнамалармен жүктелген басқа да мақсаттар. Министрлікке заңнамаларға сәйкес келесі іс-әрекеттер жүктелген:

• республикалық бюджетті және жергілікті бюджеттерді атқаруды қамтамасыз ету;

• келесі қаржы жылына республикалық бюджет жобасын, мем-лекеттік пен басқа да бағдарламалар, стратегиялың және ор-тамерзімдік әлеуметті-экономикалық даму жоспарлары мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жасауына қатысу;

• мемлекеттік бюджетке кірістер түсу саласындағы мемле-кеттік саясаттың басымдынықтарын анықтау мен бюджетке түсімдер көлемін болжамдауға қатысу;

• өз құзыреті бойынша мемлекеттік қаржы мен мүлікті басқа-ру саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдылықтары мен мақсаттарын анықтауға қатысу;

• мемлекеттік қаржы, фискалдық саясат пен мемлекеттік мүлік аумақтарында заңнамаларды қолдану процестерін талдау және соларды жетілдіру жөнінде үсыныстар жасау;

• мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі қарыздың ра-ционалдылығын және мемлекеттік борышты басқаруды қамтамасыз ету;

• заңнамалармен тағайындалған тәртіп бойынша шикізаттық сектор ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігін Ұлттық қорға аудару;

• өз құзыреті бойынша бюджетті атқару, бухгалтерлік есеп пен аудит, қаржылық бақылау мен мемлекеттік мүлікті басқару жөнінде нормативтік құқықтық актілер жобасын жасау немесе қабылдау;

• өз құзыреті бойынша екі жақтан салық салуды жібермеу жөніндегі халықаралық салықтық келісімдер, сауалдар арқылы өкілетті орган функцияларын атқару;

• жер қойнауын пайдалану жөніндегі кілісімдерге салықтық сараптама мен келісімдік шарттарды орындауға бақылау жүргізу;

• мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу мен өз құзыреті бойынша республикалық және жергілікті бюджет-терді атқару жөнінде есеп беру тәртібін жасау;

• жергілікті бюджеттер мен мемлекеттік мекемелердід шот-тарын жүргізу және шоттар бойынша ауыстыру операция-ларын іске асыру;

• республикалық бюджет бойынша қаржыландырудың жиын-тық жоспарына өзгерістер енгізу және бекіту;

• республикалық бюджетте қарастырылған сомалар мөл-шерінде шығындарды қаржыландыру және несиелендіру;

• Ұлттық қорды қалыптастыру мен атқару жөніндегі іс-әрекет бойынша ақпараттарды қоса республикалық бюд-жетті атқару жөнінде жылдық есеп, мемлекеттік бюджетті атқаруын жүрісі бойынша айлық, тоқсандық, жылдық ақ-парат пен мемлекеттік қаржы жөнінде статистикалық есеп дайындау;

• республикалық бюджет тарапынан қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығындар құруының дүрыс-тығын, үкіметтік және басқа да займдар мен мемлекеттік меншіктегі мүліктерді арнаулы пайдалануын бақылау:

• республикалық және жергілікті бюджеггерді атқаруын тал-дау мен бақылау;

• өз құзыреті бойынша аудиторлық іс-әрекетті лицензиялау мен бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы өкілетті ор-ган функцияларын атқару;

• ¥лттық банктегі қазынашылық комитетінің тиісті шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияла-рының есебі мен жүргізуі және заңнамалар сақтауды тексе-руін ұйымдастыру;

• үкіметтік займдардың қаржылық шарттарын анықтау және жергілікті атқарушы органдардың займдар алуын келісу;

• үкімет жүктеген өкілеттіліктерге сәйкес келіссез жүргізу, үкіметтік займдар жөніндегі келісімшарттарға қол қою, үкіметтің мемлекеттік эмиссиялық құнды қағаздарды шы-ғару, резиденттерге мемлекеттік емес займдарға мемлекет-тік кепіл беру;

• үкіметтік займдарды алу, пайдалану, өтеу мен қызмет көрсету және резиденттердің мемлекеттік кепіліндегі мем-лекеттік емес займдары бойынша міндеттемелерін орында-уын қамтамасыз ету;

• үкіметтің шешімдеріне сәйкес және республикалық бюд-жетте қарастырылған мемлекеттік бағдарламалар мен басқа да шаралардың инвестициялық жобаларын несие-лендіру;

• үкіметтік сыртқы займдар жөніндегі келісімшарттарды бекітуге қажетті құжаттарды дайындауға қатысу;

• республикалық бюджеттке соңғы қарыз алушылар мен екінші деңгейдегі банктар үкіметтік займдарды қайтару жөніндегі ішкі несиелік келісімшарттар жобаларын дайын-дау және сол құралдарды төлету жөніндегі жүмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

• бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсуін және міндетті зейнеттік ақыларды уақытында және толығы-мен төлеуін реттейтін заңнамаларды сақтауын бақылау;

• ¥лттық банкпен келісуінше барлық займдар мен гранттар-ды пайдалануын қамтамасыз ететін екінші деңгейдегі банк-терді және мемлекеттік құнды қағаздарды шығару бойынша алғашқы делдардар, менеджерлер мен басқа да әріптестерді конкурстік негізде іріктеп алу;

• мемлекеттік кірістер жөніндегі мемлекеттік есеп берудің формалары мен әдістерін жетілдіру;

• алкогольдік өнімдер мен этил спиртін өндіруі мен айналы-мына мемлекеттік бақылау;

• өз құзыреті бойынша лотерейлер ұйымдастыру мен жүр-гізуге байланысты іс-әрекет пен оның басқа түрлерін заңна-малармен тағайындалған тәртіппен лицензиялау;

• бюджетке төлейтін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектерді мәжбүрлік түрде төлету жүмыстарын ұйымдастыру;

• оз құзыреті бойынша салықтық құқықты бүзу жөніндегі күрес сауалдары маңындағы республиканың халықаралық міндеттемелерін атқару;

• заңнамалармен жүктелген басқа да функциялар. Министрліктің өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын

іске асыру үшін заңнамалармен тағайындалған тәртіп бойынша құқығы бар:

• мемлекеттік органдар, басқа да ұйымдар мен жеке тұлға-лардан қажетті ақпараттар сұрау мен алуға;

• ез құзыреті бойынша барлық мемлекеттік органдар, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалармен атқаруға міндетті норма-тивтік құқықтық актілер шығаруға;

• министрліктің құрамындағы мемлекеттік ұйымдар мен ко-митеттердің бүйрықтары мен басқа да актілерін болдырмау немесе бөгелтуге;

• акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік енші мен респуб-ликалық меншіктегі басқа да мүліктерді билеу, пайдалану және заңнамалы актілермен тағайындалған орайда иелік істеуге;

• министрліктің құрамына кіретін республикалық мемлекет-тік кәсіпорындарға мемлекеттік басқару органның функция-ларын іске асыруға;

• өз құзыреті кіретін сауалдар бойынша халықаралық ұйым-дармен ынтымақтастықты іске асыруға;

• үкіметтің тағайындаған тәртібімен тиімді жайғастыру ар-қылы бірыңғай қазыналық шот пен қазыналық комитеттің корреспондентік шоттағы ағымдағы қалдықтарға басқару-ды іске асыруға;

• бюджеттік заңнамалармен қарастырылған орайда бюд-жеттік кұралдарды қайта алу мен қаржыландыруды тоқ-татуға;

• жергілікті атқарушы оргавдардан облыс, Астана мен Ал-маты қалаларының бекітілген бюджеттер жөнінде және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемле-кеттік мекемелерден оларды атқару бойынша айлық есеп мәліметтерін алуға;

• асыл металл мен асыл тастарды сақтауды ұйымдастыру, басқару және есебін іске асыруға;

• ұлттық және шетел валюталары бойынша банктік операци-ялардың бөлек түрлерін іске асыруға;

• заңнамалармен жүктелген басқа да құқықтарға. Экономика және бюджеттік жоспарлау мен Қаржы министрліктерінің қызметіне басшылық ететін ҚР Президенті тағайындап және орнынан алатын тиісті Министрлер. Олар министр-ліктердің жұмысын ұйымдастырып, басқарады және барлық жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін арнайы жауапкершілікті болады. Бұл мақсатта Министр министрлік бойынша:

• өзінің орынбасарлары мен құрылымдың бөлімшелер басшы-ларының міндеттемелері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

• заңнамаларға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындай-ды және қызметтен босатады;

• заңнамаларға сәйкес қызметкерлерге тәртіптілік шаралар қолданады;

• өз құзыреті бойынша құрылымдық бөлімшелер жөнінде ережелер бекітеді:

• үкімет тағайындаған штаттық сан көлімінде министрліктің штаттық саны мен құрылымын бекітеді;

• барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда ми-нистрлікті көрсетеді;

• жүмыс регламентін бекіту және бүйрықтар мен басқа да жарлықтарға қол қоюға;

• әрекеттегі заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді атқаруға.

Министрдің жанында кеңесші орган ретінде Алқа құрылады. Оның саны мен дербестік құрамы министрліктің құрылымдық бөліктемелер басшылары арасынан министрмен бекітіледі.

Осы министрліктердің қызметтерін ұйымдастырудың басқа да сауалдары, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндет-темелері, белімшелердің құзыреті мен өкілеттіліктері тағайын-далған тәртіп бойынша бекітілген және осы министрліктердің іс-әрекеттерін қамтамасыз ететін жүмыс регламенттері мен депар-таменттер, комитеттер мен құрылымдық бөлімшелері жөніндегі ережелер арқылы реттеледі.

Бюджеттік комиссия, оның құрамы мен жүмыс органдары

Бюджеттік кодекске сәйкес келесі қаржылық жылға уақыты-мен сапалы түрде бюджет жобасын жасау және оны анықтау мен атқару жөнінде үсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсаты-мен бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша тұрақты негіз-де бюджеттік комиссиялар құрылады. Республикалық бюджеттік комиссияға келесі мақсаттар қойылған:

• республиканың әлеуметті-экономикалық дамуының ор-тамерзімді уақытқа жасалған ортамерзімді жоспары не-гізінде мемлекеттік және республикалық бюджеттердің негізгі көрсеткіштерінің үшжылдық мерзімге болжамда-рын анықтау;

• келесі қаржы жылдың республикалық бюджет жобасының көрсеткіштерін қарау және анықтау:

• мемлекеттік пен республикалық бюджеттің алдағы үшжыл-дық мерзімге және келесі қаржылық жылға республикалық бюджет жобасының негізгі болжам көрсеткіштерінің мем-

92 ♦ Мемлекеттік бюджет

лекеттік және салалық бағдарламалар мен әлеуметті-эко-номикалық дамудың ортамерзімді жоспарға сәйкестігін анықтау;

• келесі қаржы жылдың республикалық бюджетін айқындалу жөнінде ұсыныстар дайындау;

• республикалық бюджеттік бағдарламаларды орындау жүрі-сінің мониторинг нәтижелерін қарау және соларға ұсы-ныстар жасау.

Бюджеттік комиссия өзіне жүктелген мақсаттарға сәйкес ке-лесі функцияларды орындайды:

1. Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарап, мыналарды анықтайды:

• алдағы үшжылдық мерзімге елдің мемлекеттік бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін;

• алдағы үшжылдық мерзімге республикалық бюджеттің бол-жамдық керсеткіштерін;

• республикалық бюджеттің түсімдерін;

• республикалық бюджеттің тапшылығын (профициттін);

• тиісті қаржы жылдың соңына үкіметтік борыштың ли-митін;

• тиісті қаржы жылға берілетін мемлекеттік кепіл лимитін;

• республикалық бюджеттен облыс бюджеттеріне берілетін субвенцияларды:

• республикалық бюджеттік бағдарламалар (оның ішінде ин-вестициялық жобалар) әкімшілері бойынша ағымдағы жыл-да іске асырылатын жобалардың есебімен бірге республи-калық бюджет шығындарының лимитін;

• республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджет-тік бағдарламалар бойынша жоспарлап отырған қаржы жылы өтейтін кредиторлық берешектер көлемін;

2. Шикізаттық сектор ұйымдарының түсімдер көлемін анық-тау мен соларды соңынан комиссияның жүмыс органы үкіметке бекітуге аігізу үшін олардың тізімін қарайды;

3. Ағымдағы жылы іске асырылатын жобалар есебімен бірге алдағы үшжылдық мерзімге республикалық бюджеттен қаржылан-дырылатын инвестициялық жобалар, оның ішінде экономикалық

жоспарлау жөнівдегі орталық атқарушы орган енгізген облыстар мен Астана және Алматы қалаларында іске асырылатын жобалар-дың тізімі мен көлемдерін қарайды және анықтайды;

4. Жергілікті бюджеттердің болжам көрсеткіштері бойын-ша облыс және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен комиссияның жүмыс органы арасын-дағы келіспеушіліктерді қарайды және реттеуші шешімдер қа-былдайды;

5. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік тапсырыстары жөніндегі комиссия жұмыс орга-нының түжырымын қарайды және солар бойынша шешімдер шығарады;

6. ¥лттық қордан алдағы қаржы жылғы республикалық бюджет жобасына арнайы трансферттер енгізу жөніндегі үсы-ныстарды қарайды;

7. Алдағы қаржы жылғы республикалық бюджет жобасын қа-райды және анықтайды;

8. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар жобаларын қа-райды және қаржыландыру көздері мен мерзімі бойынша бағдар-ламалық шараларды қаржыландыру көлемі жөнінде түжырым береді;

9. Келесі үсыныстарды қарайды және жасайды:

• бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын айқындалу мен оларды әрі қарай іске асыру жөнінде;

• тиісті қаржы жылыңа республикалық бюджетті айқындалу жөнінде;

10. Республиканың заңнамаларына сәйкес басқа да функция-ларды іске асырады.

Бюджеттік комиссиялардың өздерінің мақсаттарына сәйкес келесі құқықтары бар:

• орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен әрекеттесуге және комиссияның мақсаттарын іске асыру үшін жүмысқа мамандар мен сарапшыларды шақыруға;

• өз құзыретіне жататын сауалдар бойынша үсыныстар енгі-зуге және шешімдер қабылдауға;

лекеттік және салалық бағдарламалар мен әлеуметті-эко-номикалық дамудың ортамерзімді жоспарға сәйкестігін анықтау;

• келесі қаржы жылдың республикалық бюджетін айқындалу жөнінде ұсыныстар дайындау;

• республикалық бюджеттік бағдарламаларды орындау жүрі-сінің мониторинг нәтижелерін қарау және соларға ұсы-ныстар жасау.

Бюджеттік комиссия өзіне жүктелген мақсаттарға сәйкес ке-лесі функцияларды орындайды:

1. Комиссияның жүмыс органы дайындаған материалдарды қарап, мыналарды анықтайды:

• алдағы үшжылдық мерзімге елдің мемлекеттік бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін;

• алдағы үшжылдық мерзімге республикалық бюджеттің бол-жамдық көрсеткіштерін;

• республикалык бюджеттің түсімдерін;

• республикалық бюджеттің тапшылығын (профициттін);

• тиісті қаржы жылдың соңына үкіметтік борыштың ли-митін;

• тиісті қаржы жылға берілетін мемлекеттік кепіл лимитін;

• республикалық бюджеттен облыс бюджеттеріне берілетін субвенцияларды:

• республикалық бюджеттік бағдарламалар (оның ішінде ин-вестициялық жобалар) әкімшілері бойынша ағымдағы жыл-да іске асырылатын жобалардың есебімен бірге республи-калық бюджет шығындарының лимитін;

• республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджет-тік бағдарламалар бойынша жоспарлап отырған қаржы жылы өтейтін кредиторлық берешектер көлемін;

2. Шикізаттық сектор ұйымдарының түсімдер көлемін анық-тау мен соларды соңынан комиссияның жүмыс органы үкіметке бекітуге еягізу үшін олардың тізімін қарайды;

3. Ағымдағы жылы іске асырылатын жобалар есебімен бірге алдағы үшжылдық мерзімге республикалық бюджеттен қаржылан-дырылатын инвестициялық жобалар, оның ішінде экономикалық

жоспарлау жөніндегі орталық атқарушы орган енгізген облыстар мен Астана және Алматы қалаларында іске асырылатын жобалар-дың тізімі мен көлемдерін қарайды және анықтайды;

4. Жергілікті бюджеттердің болжам көрсеткіштері бойын-ша облыс және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен комиссияның жүмыс органы арасын-дағы келіспеушіліктерді қарайды және реттеуші шешімдер қа-былдайды;

5. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік тапсырыстары жөніндегі комиссия жүмыс орга-нының түжырымын қарайды және солар бойынша шешімдер шығарады;

6. ¥лттық қордан алдағы қаржы жылғы республикалық бюджет жобасына арнайы трансферттер енгізу жөніндегі үсы-ныстарды қарайды;

7. Алдағы қаржы жылғы республикалық бюджет жобасын қа-райды және анықтайды;

8. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар жобаларын қа-райды және қаржыландыру көздері мен мерзімі бойынша бағдар-ламалық шараларды қаржыландыру көлемі жөнінде түжырым береді;

9. Келесі үсыныстарды қарайды және жасайды:

• бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын айқындалу мен оларды әрі қарай іске асыру жөнінде;

• тиісті қаржы жылыра республикалық бюджетті айқындалу жөнінде;

10. Республиканың заңнамаларына сәйкес басқа да функция-ларды іске асырады.

Бюджеттік комиссиялардың өздерінің мақсаттарына сәйкес келесі күдықтары бар:

• орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен әрекеттесуге және комиссияның мақсаттарын іске асыру үшін жүмысқа мамандар мен сарапшыларды шақыруға;

• өз құзыретіне жататын сауалдар бойынша үсыныстар енгі-зуге және шешімдер қабылдауға;

• заңнамалар тағайындаған тәртішен мемлекеттік және басқа ұйымдардан комиссия сауалдарын шешуге қажетті матери-алдарды сұрауға және алута;

• комиссия максаттарын іске асырумен байланысты сауалдар бойынша комиссия отырыстарына мемлекеттік органдар-дың бірінші басшыларын шақырып тывдауға.

Бюджеттік комиссия құрамына төраға, оның орынбасары, хатшы және комиссия мүшелері кіреді. Бюджеттік комиссиялар-дың жұмыс органдары ретінде орталық немесе жергілікті бюд-жеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органдар болады. Мысалы, Республикалық бюджеттік комиссияның жұмыс органы функ-циялары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелген.