
- •«Мемлекеттік бюджет» пәні бойынша лекциялар жинағы
- •2. Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде
- •3. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, олардың әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •1. Экономиканы басқару ретіндегі мемлекеттік бюджеттің рөлі мен мәні
- •3. Бюджеттің жалпымемлекеттік бақылау қуралы ретіндегі ролі мен мэні
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджеттік жүйенің түсінігі және экоиомикалық мазмұны. Бюджет түрлері мен деңгейі
- •Әдебиеттер:
- •1. Республикалық бюджеттің мазмұны мен мәні және оның кірістері мен шығыстарының қурылымы
- •2. Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындар құрылымының ерекшеліктері
- •3. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының тұжырымдамасы және аймақтық бюджетаралық теңестірудің механизмі
- •Әдебиеттер:
- •Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні және қурамы. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Бюджетаралық қатынастарды реттеуді мемлекеттік басқару түсінігі және құрылымы
- •2. Бюджетаралық қатынастар аумағындағы мемлекеттік басқару органдарының сипаттамасы
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджет түсімдері және олардың көздері
- •2. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мэні
- •3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- •2. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мэні
- •3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- •Әдебиеттер:
- •Салық түсімдерін болжау. Салықтүсімдері контингентінің есеп әдісінің сипаттамасы
- •2. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау
- •3. Халықаралық сауда және сыртқы операциялар бойынша салық түсімдерін болжау
- •2. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау
- •Әдебиеттер:
- •Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжау
- •2. Ерте берілген несиелерді өтеу мен мемлекеттік кепілі бар және үкіметтің кепілінде төленген талаптардан түсетін түсімдерді болжау
- •2. Ерте берілген несиелерді өтеу мен мемлекеттік кепілі бар және үкіметтің кепілінде төленген талаптардан түсетін түсімдерді болжау
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны мен жүйесі. Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері
- •2. Бюджет шығыстарыныц лимитін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар экімшіліктерінің бюджеттік отініш қңзуы және оларды қарау
- •3. Бюджет шығыстарын қайта қурылымындаудың негізгі бағыттары
- •2. Бюджет шығыстарыныц лимитін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар экімшіліктерінің бюджеттік отініш қңзуы және оларды қарау
- •3. Бюджет шығыстарын қайта қурылымындаудың негізгі бағыттары
- •Әдебиеттер:
- •1. Заңнама органдар мен қаржылық және фискалдық қызметті устауға байланысты бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •2. Фундаменталдық ғылыми-зерттеу мен сыртқы саясаттық іс-эрекетке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •3. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді бюджеттен қаражаттандыру жәие оларды пайдалауын бақылау
- •2. Фундаменталдық ғылыми-зерттеу мен сыртқы саясаттық іс-эрекетке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •3. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді бюджеттен қаражаттандыру жәие оларды пайдалауын бақылау
- •Әдебиеттер:
- •3. Мемлекеттік сот жүйесін реформалау және әскери реформанын негізгі бағыттары
- •3. Мемлекеттік сот жүйесін реформалау және әскери реформанын негізгі бағыттары
- •Әдебиеттер:
- •2. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері
- •3. Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі
- •4. Мемлекет қызметкерлері емес мемлекеттік мекемелер жүмыскерлершіц еңбекақы жүйесі. Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге еңбекақы толеу ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •1. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері. Медициналық мекемелердің қызметін жоспарлау және қаржыландыру
- •2. Халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жэрдем көрсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері
- •3. Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жумыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •2. Халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жэрдем көрсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері
- •3. Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жумыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •Көмекке арналған бюджет шығыстары
- •2. Қазақстан Республикасының азаматтарын элеуметтік қорғау. Мемлекеттік элеуметтік жәрдемақылар. Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар. Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар
- •3. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
- •4. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығындары және олардың қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды жергілікті бюджеттерде қалыптастыру ерекшеліктері
- •2. Тұрғын үй құрылысы және оның дамуы
- •2. Тұрғын үй құрылысы және оның дамуы
- •Әдебиеттер:
- •1. Ақпарат кеңістігі, спорт, туризм, мәдениет салаларындағы шаралар қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •2. Осы аумақтағы мекемелер іс-эрекетін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қалыптастыру
- •2. Осы аумақтағы мекемелер іс-эрекетін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қалыптастыру
- •Әдебиеттер:
- •1. Өнеркәсіп, қурылыс және жер қойнауын пайдалануға арналғаи шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •2 Аумақтағы инвестициялық жобалар мен оларды бюджет арқылы қаржыландыру механизмдері
- •2 Аумақтағы инвестициялық жобалар мен оларды бюджет арқылы қаржыландыру механизмдері
- •Әдебиеттер:
- •1. Көлік және коммуникацияның дамуын қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •Әдебиеттер:
- •1. Ауыл шаруашылығына арналған шығыстарды қалыптастыру және осы аймақты қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •2. Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстарды қалыптастыру
- •2. Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстарды қалыптастыру
- •Әдебиеттер:
- •2. Бірыңғай қазынашылық шот. Мемлекеттік мекемелер шоттары
- •2. Бірыңғай қазынашылық шот. Мемлекеттік мекемелер шоттары
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері. Бюджеттің профициті және оны пайдалану бағыттары
- •2. Қарыз алу саясаты мен механизмі. Үкіметтің борышы мен жергілікті атқарушы органдардың борыштарына сипаттама және оларды өтеуге арналған шығыстар
- •3. Мемлекеттік борышты басқару және мемлекеттің қунды қағаздар нарығындағы саясаты
- •2. Қарыз алу саясаты мен механизмі. Үкіметтің борышы мен жергілікті атқарушы органдардың борыштарына сипаттама және оларды өтеуге арналған шығыстар
- •3. Мемлекеттік борышты басқару және мемлекеттің қунды қағаздар нарығындағы саясаты
- •Әдебиеттер:
- •1. Республикалық бюджет жобасын қарау және бекіту тәртібі
- •2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі
- •2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі
2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.
3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.
4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.
6-тақырып Бюджетаралық қатынастарды реттеу механизмі
Бюджетаралық қатынастардың түсінігі мен принциптері және оларды реттеу формалары
2. Бюджетаралық қатынастарды реттеу әдістері
3. Бюджет жүйесінің деңгейлері арасында түсімдер мен шығындарды бөлісу
4. Жергілікті бюджеттердің реттеу формалары
Бюджеттік процестегі жоғары тұрған және төмен түрған бюд-жеттер деңгейлері арасындағы қатынастарды бюджетаралық қа-тынастар деп есептейді. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар келесі принциптерге негізделеді:
• облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюд-жеттерінің республикалық бюджетпен, аудан бюджеттерінің облыс бюджетімен арақатынастарындағы теңбе-тендік;
• түсімдерді шектеудің келесі критерийларын сақтай отырып оларды тиімді бөліп тарату;
а) сыртқы факторлардың әсерінен тәуелді емес және тиянақты сипаттағы салықтық пен салықтық емес түсімдерді төмен тұрған бюджеггер бойы бекіту;
ә) мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтер үшін төлем түрдегі салықтық және салықтық емес түсімдер осы қызметтерді қаржыландырған бюджеттің кірістеріне есепке алынады;
б) қайта бөлу сипаты мен бір қалыпты емес жайғастыру са-лықтық базасы бар салықтар бюджет жүйесінің неғүрлым жоғары деңгейлері бойынша бекіту;
в) салықтар мен басқа да міндетті түрдегі төлемдерді ең жоға-ры дәрежеде жиналуын қамтамасыз ету бюджет деңгейі бойынша бекіту;
г) айқын аумақтық байлауы бар салықтық база бойынша жи-налатын салықтарды жергілікті бюджеттер артынан бекіту;
• ҚР әкімшілік-аумақтық бірліктерінің минималды бюд-жеттік қамтамасыз ету деңгейлерін теңестіру;
• жергілікті атқарушы органдарының мөлшерлес деңгейдегі мемлекеттік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
• мемлекеттік қызметтерді неғүрлым тиімді және нәтижелі өндіру мен көрсетуді қамтамасыз ету мүмкіншілігі бар билік деңгейі бойынша бюджеттік қызметтерді бекіту арқылы оларды атқарудың максималды тиімділігі мен нәтижелігі;
• бюджеттік қызметтер сапасын жоғарлату мен олардың қажеттілігінің есебін жақсарту мақсатпен сол қызметтер-ді атқаруын бюджет жүйесінің неғүрлым төмен деңгейіне жүктеу арқылы бюджеттік қызметтерді көрсету деңгейін оларды алушыларға максималды жақындату;
• әрбір бюджет деңгейінің алынған ресми трансферттер мен несиелерді тиімді және мақсатты пайдалануына жауапкер-шілігі.
Негізінде бюджетаралық қатынастар жүйесі — ол басқару субъектілерінің әрекеттесуін реттейтін бас механизмдерінің бірі, яғни республикалық пен облыстық, облыстық пен аудан-дық билік деңгейлері арасындағы өзара әрекеті. Бұл жүйе өз алды принциптер, әдіс-тәсілдер мен қаржылық құралдар жиын-тығымен көрсетіледі. Олар әр түрлі бюджеттердің кірістері мен шығындарын қалыптастыруда пайдаланады және солар арқылы мемлекет бюджеттік өзара байланыстар мен бюджеттік ағын-дарды тағайындайды және бір ортаға топталған ресурстарды таратады.
Бюджетаралық қатынастар жүйесі заңмен айқын тағайын-далған мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттік пен функцияларды және бюджеттердің әр деңгейі бойынша шығын-дарды жіктеу, халыққа қызмет көрсетудің бірыңғай стандарт-тарын қамтамасыз ету, түсімдерді бюджет деңгейлері арасын-да бірыңғай тәртіпте бөлу және бюджетаралық қатынастарды анықтайтын әдістердің бірлікті және ашық болуына негізделеді.
Сонымен қатар бұл жүйе келесі негізгі мақсаттарды шешуін қамтамасыз етуге тиісті:
• мемлекет көрсететін қызметтер минимумын елдің барлық аумағындағы барлық азаматтарға кепілдемелі қамтамасыз ету;
• бюджеттердің барлық деңгейінің өзін-өзі қаржы жеткілік-тілігін қамтамасыз ету;
• бюджет деңгейлері арасындағы қаржылық ағындарды ретке келтіру;
• аумақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының бірқа-лыпты деңгейін қамтамасыз ету.
Бюджеттік кодексте бюджетаралық қатынастарды реттеу фор-малар түрлері ретінде келесілер көрсетілген:
• республикалық бюджет пен облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана бюджеттері арасында — ресми транс-ферттер мен бюджеттік несиелер;
• облыстық бюджет пен аудан, облыстық маңызы бар қала бюджеттері арасында - ресми трансферттер, бюджеттік не-сиелер мен кірістер бөлу нормативтер.
Бюджеттік реттеу бюджет ресурстарының нақты ағында-рын есепке алумен бірге іске асырылады. Бюджеттік ағындар бюджеттік ресурстарды пайдалану бағыттарына байланысты жоғары көтерілуші ағын мен төмен түсуші ағындарға бөлінеді. Жоғары көтерілуші ағын арқылы республикалық бюджет кіріс-тері қалыптасады, ал төмен түсуші ағын жоғары түрған бюд-жеттен төменгі бюджеттерге қаржылық ресурстардың қосымша түсімдерін қамтамасыз етеді. Сондықтан, әр ағынның қалыптасу қажеттілігіне байланысты оларды реттейтін нақты механизмдері анықталады.
Бюджет қаражаттарының жоғары көтерілуші ағынын реттеу механизмдері мемлекеттің салық саясатында анықталады және салықтық заңнамаларда бекітіледі. Бюджетаралық қатынастарды реттеу формаларын анықтағанда бюджеттердің әрбір деңгейлері бойынша салықтық потенциал, аймақтар бойынша бюджеттік мүқтаждықтарын объективтік бағалау нәтижелері, бюджеттік нор-мативтер және халықты мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз
етудің бірынғай стандарттары есепке алынады. Ал бюджетаралық қатынастарды реттеудің нақты формалары орта мерзімді фискал-дың саясатқа сәйкес тағайындалады.
Төмен түсуші ағын қозғалысын реттеу әр түрлі бюджеттік субсидиялау әдістерін (субвенция, дотация, бюджеттік несие, рес-ми трансфертер) пайдалану арқылы іске асырылады.
Дотация - ақшалай қосымша көмек - ол жоғары түрған бюд-жеттен төменгі түрған бюджеттер тапшылығын теңгеру үшін мығым тағайындалынған сомамен беріледі.
Субвенция - арнайы ақшалай көмек - ол жоғары түрған бюд-жеттен төменгі бюджеттерге қатаң мақсатпен тағайындалған ша-раларды қаражаттандыруға берілетін ақша құралдары.
Несиелік бюджет ресурстары - ол жоғары түрған бюджеттен төменгі бюджеттерге несие түрде пайызбен немесе пайызсыз мін-детті қайырылатын ақша құралдары. Бюджеттік несиелер заңна-малар мен бекітілген ережелерге сәйкес тек қана инвестициялық жобаларды іске асыруға беріледі.
Ресми трансферттер - ол гранттардан басқа ақысыз және қай-тарылмайтын бюджет түсімдері немесе бюджет шығындары.
Кірістерден алынатын пайыздық бөлектеулер нормативтері бірыңғай әдістеме пайдалану арқылы тағайындалады. Оларды есептеу әдістерін жергілікті мемлекеттік билік органдары жасай-ды, себебі кірістер бөлу нормативтері тек қана бюджет жүйесінің облыс және аудан деңгейлері арасында қолданылады.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу әдістері
Төмен түрған бюджеттерге қаржылық жәрдем көрсетудің бірыңғай әдістерін қолдану арқылы елдің әр түрлі аймақ түр-ғындары мемлекеттік қызмет түтынуының стандарттық бірынғай деңгейін қамтамасыз ету көлбеулі (горизонталды) бюджеттік теңестірудің маңызы болады. Сондыңтан көлбеулі бюджеттік теңестіру механизмі аумақтар бойынша мемлекеттік қызмет түтынудың деңгейі мен әрбір билік деңгейі үшін сол қызметтер-
дің құнын теңестіруі тиіс. Мұндай механизмнің әрекеті әр түрлі әдістер пайдалануына негізделеді.
Ең көп таралған әдіс - ол ресми трансферттер механизімін пайдалану. Олар жалпы сипаттағы трансферттер, мақсатты ағым-дағы трансферттер және дамуға арналған мақсатты трансферттер-ге бөлінеді. Мақсатты трансферттер мен несиелік ресурстар жер-гілікті атқарушы органдармен тек қана олардың мақсатты белгілеу-леріне сәйкес пайдаланады. Қаржылық жыл бойы пайдаланбаған немесе мақсатты емес белгілеулерге пайдаланған мақсатты транс-ферттер мен несиелік ресурстар сомалары міндетті түрде жоғары тұрған бюджетке қайтарылады.
Жалпы сипаттағы ресми трансферттер маңында бюджеттік субвенциялар мен бюджеттік алып тастау болады. Бюджеттік суб-венциялар ретінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома көлемінде жоғары тұрған бюджеттен төменгі бюд-жетке берілетін қаржы құралдары табылады. Олардың көлемдері жыл сайын абсолюттік сомамен тиісті жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер жергілікті бюджеттерді бюджет қаражаттарымен қамтамасыз ету мен стан-дарттык деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуге тең фискалдық мүмкіншілік беруді келбеулі теңестіруге бағытталады.
Жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемін есептеу әдісі, бюджеттік субвенциялар және бюджеттік алып тастаудың төлем тәртібі мен мерзімі үш жылға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемін есептеуде мемлекет бақылап реттей алмайтын аймақтар арасындағы объек-тивтік ерекшеліктер есептеледі.
Мақсатты ағымдағы трансферттер маңында жоғары түрған бюджеттен төменгі бюджетке берілетін бюджеттік алын тастау немесе субвенциялардан басқа бөлек бір ағымдағы бюджеттік бағ-дарламаларды іске асыруға арналған бекітілген сома көлеміндегі ресми трансферттер қарастырынады. Оларды тек қана мемлекет-тік, салалық және аймақтық бағдарламалар мен Үкімет немесе жергілікті атқарушы органдардың қорынан қаржыланатын шара-ларды орындауға беруге болады.
Дамуға арналған мақсатты трансферттер болып жоғары түрған бюджеттен төменгі бюджеттерге республикалық немесе облыс-тық инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға берілетін бекітілген сомалар көлеміндегі ресми трансферттер та-былады.
Кейбір бюджеттің өз кірістері мен басқа да бюджеттік реттеу құралдары жетпегенде оларға ағымдағы шығындарын өтеу үшін ақысыз және қайтарымсыз негізде дотация ретінде бюджет қа-ражаттары беріледі. Ал, егерде бюджетке немесе заңды тұлғаға ашықтан-ашық мақсатты шығындарын өтеуге ақысыз және қайтарымсыз негізде бюджет қаражаттары берілсе, онда олар суб-венция болып есептеледі.
Салықтық және бюджеттік заңнамалар бойынша болған өзгерістер арқылы бір бюджеттен басқа бюджетке қаражаттар беру, бюджет бекіткенде есептелмеген шығындарды қаражат-тандыру екіліктікті беру және бюджеттік өтемақыға шарттар болуына байланысты операциялар өзара есептесу болады. Бюд-жеттік өтемақы маңында билік органдарының шешімдері немесе әрекеттері нәтижесінде түсіп қалған кірістер мен қосымша пайда болған шығындарды өтеуге арналған бір бюджеттен басқа бюд-жетке беретін қаражаттар табылады.
Осы жоғарыңа келтірілген көлбеулі бюджеттік теңестіру әдістері барлық елдерде пайдаланады, бірақ олардың арақатына-сы, қолдану және есептеу әдістері барлық елдерде әр түрлі, себебі олар әр түрлі бюджетаралық қатынастар моделі қалыптасатын нақты экономикалық ахуалға сәйкес болады.
Бюджет жүйесінің деңгейлері арасында түсімдер мен шығындарды бөлісу
Бюджет жүйесінің деңгейлері арасында түсімдерді шектеу аймақтардың бюджеттік қамтамасыз етуін теңестіру мен жергілік-ті атқарушы органдар бір қалапты деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Түсімдерді шектеу сая-
сатының негізгі мақсаты - ол мемлекеттік фасқару деңгейлерінің барлығысын соларға жүктелген функцияларын толығымен іске асыру үшін жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде түсім-дерді шектеу принциптері тағайындалынған және мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттікті шектеуге сәйкес бар-лық түсімдер бюджет деңгейлері арасында бөлінген. Бюджет жүйесінің деңгейлері арасында түсімдерді шектеу негізіне келесі принциптер жатады:
• кірістердің тиянақтылығы, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейі бойынша завды түрде тиісті түсімдер бекітіледі және бюджеттік субвенциялар мен алымдардың көлемі ор-тамерзімді уақытқа тағайындалады. Бұл принцип жергілік-ті атқарушы оргавдардың салықтық потенциалды ұлғайту мен жергілікті бюджет шығындарын объективті жоспарлау жөніндегі құштарлықтарын қамтамасыз етеді;
• кірістердің жеткіліктілігі, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейінде мемлекеттік қызмет көрсетуді толығымен қам-тамасыз ететін қаржы құралдары бар болуы тиіс. Аймақ-тардың экономикалық дамуы үлкен саралаулы болғандық-тан, араларындағы салықтық база орналасуы бір қалыпты еместігіне байланысты түрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің деңгейі тең болуы әр түрлі реттеуші кірістер пайдалану арқылы іске асырылады;
• кірістерді реттеу формалары мен әдістерінің ынтымақты-лығы, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейіне қосымша кірістер беру бірыңғай негізде болуы тиіс. Мұвдай жағдай ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер пайдалану арқылы іске асады, ал облыс-аудан деңгейінде сонымен бір-ге кірістер бөлу нормативтер пайдалану арқылы. Кірістерді реттеу формаларын анықтау барысында әрбір бюджет дең-гейінің салықтық потенциалы мен аумақ бойынша объектив-ті бюджеттік қажеттілікті бағалауының нәтижесін есептеу және бекітілген натуралды нормаларды, яғни қажетті мате-риалды және материалды емес байлықты пайдалану немесе тұтынудың натуралды көрсеткіштерін қоддану қажет;
• мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейі мемлекеттік қызмет өндіру мен көрсету барысында ең жоғары нәтижені қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай жағдай мемлекеттік қызмет атқаруды бюджет жүйесінің ең төменгі деңгейіне бекіту арқылы іске асады, себебі олар сол қызмет алушылардың нақты қажеттілік-терін есептей және қызметтерді уақтылы әрі сапалы түрде көрсете алады.
Аймақтық бюджеттер кірістерін мемлекеттік реттеудің маңы-зы бюджет жүйесінің аумақтық буындары арасында түсімдерді бөлу. Мұндай бөліс осы буындардың әрбірі бойынша заңды түрде бекітілген шығындардың нормативтік бөлігіне кепілді және олардың арасында қосымша қаржылық құралдарды бөлу қажет-тілігі минималды болуына жеткізіуі тиіс. Ол үшін аймақтық бюд-жеттің кірістік бөлімін толығымен жергілікті билік органдары бақылауға тиісті, яғни жергілікті салықтар арқылы қалыптасуы.
Бюджеттердің тікшіл (вертикальды) теңестіру мәселесінің шешуін екі жақтан қарастыру қажет. Біріншіден, тікшіл теңестіру биліктің тиісті деңгейі бойынша бюджеттік өкілеттікті рационал-ды бөлу мен занды түрде бекітуді қарастыруы тиіс, яғни бекітілген мемлекеттік міндетті қызмет көрсету үшін олардың қаржылық қа-жеттілігін теңестіру. Екіншіден, биліктің әрбір деңгейі бойынша қаржылық мүмкіншілікті теңестіру қажеттілігін қарастыруы тиіс, яғни елдің салықтық потенциалын бөлудегі олардың жалпыүлт-тық түсімдердегі үлестік қатынастарын.
Сондықтан, тікшіл бюджеттік теңгерудің негізгі мақсаты - ол биліктің әрбір деңгейі бойынша бюджеттік өкілеттікті, ең алды-мен шығындық функцияларын іске асыруын қаржылық базамен қамтамасыз ету. Ал шығындық функцияларды бөлудің негізгі принциптері келесілерде түжырымдалады:
• жергілікті шектегі көрсететін мемлекеттік қызметтерді жер-гілікті билік беруі тиіс;
• бірнеше жергілікті түрғындар біржолы пайдаланатын қыз-меттерді биліктің облыс деңгейі көрсетуі тиіс;
• барлық елге тарайтын қызметтерді үкімет көрсетуі тиіс.
Тікшіл теңестіру механизімінің негізі болын, бір жағынан, ор-талық пен аймақтардың өкілеттіктеріне сәйкес болуы тиіс әрбір бюджет деңгейі бойынша нақты іс-әрекет саласын қаржыланды-руды занды түрде бекіту, екінші жағынан, орталық және аймақдық билік пен басқару органдары арасында бюджеттік жауапкершілік-ті шектеу табылады.
Мұндай механизмнің пайдалану негізі қоғамдық шығындар мен нәтижелердің арабайланысы неғұрлым тығыз болуына сәйкес жергілікті деңгейде көрсететін қызметтер сол деңгейде қаржы-ландыруы тиіс екеніне байланысты, себебі онда қызметтерді іске асыру тиімділігі мен шешім қабыпдау жауапкершілігі жоғарылай-ды. Бірақ бұл арада қызмет көрсету мен оларды қаржыландыру түсініктерін айқын айыра тану қажет, себебі көптеген қызметтер жергілікті деңгейде көрсетіледі, ал қаржыландыруы орталықтан болуы мүмкін.
Республика аймақтары мен орталық арасында бюджет-тік өкілеттілікті шектеу ең алдымен елдің Конституциясында тағайындалған барлық шаруашылық іс-әрекет аумағындағы бас-шылық ету пәні мен өкілеттілікті шектеуге байланысты. Бірақ мұнда биліктің әр деңгейлері арасындағы құзырларын бөлудің тек жалпы принциптері тағайындалған. Ал орталық және аймақдық басқару деңгейлері бойынша бекітілген функцияларын қаржылан-дыру механизмі регламенттелмеген.
Сондықтан, шығындарды бекіту мәселесінің негізі қызмет көрсету мен шығындарды қаржыландыру жөніндегі әр түрлі мемлекеттік функцияларды орындауын максималды дәрежеде қамтамасыз етуге қабілетті билік органын анықтау болып табы-лады. Бұл мәселені шешу мемлекеттің үш маңызды мақсатына жетуіж байланысты - ол экономиканың тұрақтылығы, шығындық функцияларды бөлудің әділеттілігі мен тиімділігі. Бюджеттік рет-теудің осы бастапқы ережелері дүрыс ойластырылып әдепті түрде жалпымемлекеттік және аймақтық саясат құрылымына енгізуінен көбінесе нақты баланс, мемлекеттің түтастық пен қоғам ахуалы-ның тұрақтылығы байланысты.
Тікшіл бюджеттік теңестіру негізінде және оның әдістері арқылы билік деңгейлері бойынша кірістік қайнар көздерді ра-ционалды бекіту мәселелері де шешіледі. Аумақтардың қаржы-лық дербестігін қамтамасыз ету тек қана бюджет жүйесінің деңгейлері арасында шығындырдың анықталған түрлерін іске асыру жөніндегі жауапкершілікті бөлу емес, ол сонымен қоса кірістер көздерін алуға нақты мүмкіншілікті қамтамасыз ету. Мұндай жүйенің әрекеті биліктің әр түрлі деңгейі бойынша қаржылық мүмкіншілікті теңгеруді қамтамасыз ететін тікшіл теңестіру механизмнің бір бөлігі амалының белгісі. Ондай амал әр түрлі әдістерді қолданып бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша салықтық және басқа да көздерді қайта бөлу арқылы іске асады.
Салықтық түсімдерді қайта бөліс бөлектеу нормативтер анықтау әдістері арқылы іске асуы мүмкіқ яғни салықтар-дың әрбір түрлерінің ашық белшегін заңды түрде тағайындауда түжырымдалады. Сонда, нақты бір салықтың осы ашық бөлшегіне сәйкес бөлігі жоғары түрған бюджетке түседі, ал басқа бір бөлігі - төмен түрған бюджеттің түсімі болады.
Бөлектеу нормативтерді тағайындағанда квоталау мен мөлшерлеме қосып жіберу әдістері пайдаланады. Квоталау әдіс маңында әкімшілік бірлік бойынша жиналған ашық салықтың қатаң тағайындалған пайыздық бөлшегін сол аумақта қалдыру қарастырылады. Бұл әдіетің ерекшелігі оның қарапайымдылығы мен жергілікті бюджеттер түсімдердің ашық белігіне ие болудың кепілдігінде. Мөлшерлеме қосып жіберу әдістің маңызы — ол жер-гілікті аумақтық басқару органдарға ашық мөлшермен шектел-ген көлемде республикалық салықтарға қосымша салық жинауға рүқсат беру. Бұл әдіс тиімділігі және қарапайымдылығымен ерек-шеленеді, себебі жергілікті органдар төлем қабілеттілігі бар салық төлеушілерді әшкерелеу мен төлемдердің мезгілінде түсуіне ын-таландырулы.
Жергілікті бюджеттердің реттеу формалары
Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйе-сінің бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құра-мына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толтырылмайды, сонымен қатар бюджеттік реттеу ме-ханизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілік-ті бюджеттердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметті-экономика-лық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мем-лекеттік қызмет көрсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігіне жеткізеді.
Сондықтан, аймақтардың экономикалық дамуы болымды айырымдауының себебінен кірістік база әркелкілік болғандықтан аумақтар тұрғындарға мемлекеттік сектор арқылы көрсететін қыз-меттер тең болуы үшін аймақтар бойынша бюджеттік теңестіруді қамтамасыз ету жөнінде белсенді саясат жүргізу қажет. Осындай саясат жүргізу механизмнің бірі ретінде жергілікті бюджеттер бойынша түрғындардың бір жанына есептейтін көлбеулі бюджет-тік теңестіру әдісі пайдаланады.
Бұл әдістің маңызы әр түрлі аймақтар мен аумақтар бойын-ша қаржылык жәрдем бөлудің бірыңғай қалыпты есептемелерін пайдалану арқылы түрғындардың мемлекеттік қызмет түтынуын бірыңғай стандарттық деңгейін қамтамасыз ету түжырымдайды. Мұндай саясат жүргізудің негізгі мақсаты - ол әрбір билік деңгейі бойынша соларға бекітілген мемлекеттік қызметті толық көрсетуін заңды түрде бекітілген ортамерзімдік болашақта тұрақты болатын кірістік қайнар көздерімен қамтамасыз ету.
1999 жылдан бері қолданып келе жатқан бюджеттік алым-дар мен субвенциялар арқылы іске асатын бюджетаралық реттеу механизмі бюджетаралық қатынастардың толығымен анықтауын қамтамасыз етпеді, әсіресе төмен түрған бюджеттерден түсетін
алымдардың бөлу нормативтерін немесе бюджетаралық транс-ферттердің көлемін жиі айқындау әрекеті. Осыған байланысты жергілікті деңгей әрекеттегі бюджеттік теңестіру жүйесіне бюдже-таралық трансферттерде есептеу әдісін бекіту және аймақтардың экономикалық дамуын ынталавдырушы басқа да өзгерістер жүргізілді.
Бірақ, оған қарамастан, жергілікті бюджеттер деңгейі арасын-да кірістерді бөліс жүйесі, жалпы бюджетаралық реттеу механиз-мі әлі де бір-бірімен қабыспайтын және тиянақсыз болуда. Жер-гілікті бюджеттерді атқару барысында олардың жиі айқындалуы мен әрбір облыс бойынша әр түрлі және үйлеспеген кірістер бөлу әдістері пайдалануы орын алады. Мәселен, әрбір аудан мен қала бойынша жылсайын тағайындалатын үлестіруге жататын кірістер-дің жекеленген түрлері мен олардың нормативтерін немесе аудан мен қалалар бойынша үлестіруге жататын кірістердің түрлері бірыңғай, ал бөліс нормативтері әр түрлі. Сонымен қатар, жыл-сайын кірістер бөлістің бірыңғай нормативтері тағайындалса да, оларды төлеушілер әр түрлі, немесе жылсайын барлық кірістерді аудан мен қалалар бюджеттерінің есебіне қосып, соңынан бюд-жеттік алымдарды тағайындау болады.
Осы кемшіліктердің әсерін жоққа шығару мен мемлекеттік шығындардың рационалдауын қамтамасыз ету мақсатымен Бюд-жеттік кодексте кірістер мен олардың қажеттілігі арасындағы тең-герудің әрекеттегі принциптерімен қатар жергілікті бюджеттердің бюджетаралық қатынастарын реттеу формасы ретінде кірістер бөліс нормативтері тағайындалған. Олар ортамерзімді фискал-дық саясаттың негізінде анықталады және тиянақты сипатта бо-лады. Бұл бірыңғай бюджеттік жіктеуде көрсетілген мемлекеттік басқару деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттікті бөлу нәтижесінде мүмкін болды.
Басқаша айтқанда, биліктің бір деңгейі бойынша іске асыры-латын белгілі бір функция және оны қаржыландыруын қамтамасыз ету сол билікке заңды түрде бекітіледі. Мұндай әдіс облыс пен аудан деңгейінде шығындық міндеттемелерді басқару деңгейлері бойынша өз еркімен ауыстыруға тыйым салады, нәтижесінде бюд-жеттік шығындарды жоспарлауға орайлы шарттар пайда болады.
Осыларға байланысты және шығындық өкуіеттікті бөліс жүйелігін қамтамасыз ету үшін Бюджеттік кодексте келесі ережелер қарас-тырылған:
• белгілі бір мемлекеттік функциялар орындалуы карасты-рылған заңнамалық актілерде басқару деңгейлері бойынша мемлекеттік органдардың құзыреті мен оларға бекітілген өкілеттік шығыс айқын анықталады;
» егерде мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлері қосымша функциялармен жүктелсе, онда заңнамалық ак-тілерде соларды іске асыруға қажетті қаржылық құралдар беруі қарастырылып бекітіледі;
• жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері мемлекеттік би-ліктің жоғарғы органдарының қабылдаған нормативтік ак-тілерінің нәтижесіндегі шешімдерді іске асыру үшін пайда болған жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге заңды түрде тағайындалған құқығы бар.
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттік шығысты шектеу нәтижесінде олардың функционалдық жауапкершілік-тері өзгеруіне байланысты Бюджеттік кодексте бюджетаралық қатынастар механизмі және сонымен қатар қаржылық қамтамасыз етулік мүқтаждықтары қайта қаралған. Осыған байланысты билік-тің барлық деңгейлері өздеріне жүктелген өкілеттіктері мен жа-уапкершіліктерін толығымен іске асыру үшін олардың әр біреуі бойынша салықтық және салықтық емес түсімдер бекіту қарасты-рынын, бюджетаралық қатынастарды реттеудің тиісті формалары анықталған. Мысалы, облыс және аудан деңгейлері бойынша са-лықтар тізбесі заңды түрде анықталған. Бұл, әрине, елдің мемлекет-тік біртұтас сипатына сәйкес.
Бюджеттердің дербестігі мен салықтардың жоғары жинау-ын қамтамасыз ету үшін салықтарды дүрыс және тиімді бөлу ең маңызды болып табылатын. Сондықтан мемлекеттік басқару дең-гейлері бойынша түсімдерді бекіту барысында оларды шектеудің келесі критерийлары есептеледі:
• түсімдердің тиянақтылығы, яғни жергілікті билік дең-гейлері бойынша түсімдері экономиканың өзгерістеріне шамалы тәуелді және тұрақты сипаттағы салықтар бе-
кітіледі. Мұндай бөліс негізінде орталық басқару дең-гейінің басқа деңгейлерге қарағанда елдегі экономикалық өзгерістерге әсері неғүрлым жоғары дәрежеде екені олар-дың сол езгерістердің қаржылық салдарына жауапты болу тиістілігіне байланысты;
• экономикалық тиімділік, яғни әрбір билік деңгейі бойын-ша түсімдердің көлемі осы билік деңгейінің жүмыс атқару тиімділігіне байланысты салықтар бекітіледі;
• салықтық база бөлістің біркелкілігі, яғни салықтық базаны жайғастыру әркелкілігі неғүрлым жоғары болса, соғүрлым жоғары деңгей бойынша тиісті салық енгізіледі және са-лықтық түсімдер орталықтандырылады. Аймақтар арасын-да салықтық базаны бөлудің әркелкілігі нәтижесінде сол аймақтардың бюджеттік қамтамасыз етуді теңестіруінің қажеттілігін анғарады, себебі салықтық ресурстары бар аймақтар тұрғындарының ахуалы басқа аймақтарға қа-рағанда біршама тәуір болады;
• әлеуметтік әділеттік, яғни қайта бөліс сипаттағы салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары деңгейлері бойынша бекітіледі;
• салықтық базаның икемділігі, яғни айқын аумақтың бай-ласуы бар салықтық базадан жиналатын және икемділігі жоғары емес салықтар биліктің төменгі деңгейлері бойын-ша бекітіледі;
• салықтық ауыртпалықтың экспорты, яғни биліктің жергілік-ті деңгейлері бойынша осы басқарып отырған аумақтың халқы мен кәсіпорындарға ауыртпалығы жатпайтын және ауыртпаушынық басқа аумақтардың салық төлеушілеріне түсетін салықтарды бекітуден бас тарту, себебі кері жағдай-да бюджеттік қызметтерді біреулер пайдаланады, ал оларды қаржыландыру басқалардан болады, нәтижесінде мұндай жағдай бюджеттік шығындардың тиімділік қабілеттілігіне мүмкіндік бермейді;
• бюджеттік алымдар мен шығындардың сәйкестігі, яғни мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерге төлем ретіндегі салықтық және салықтық емес алымдар қай
бюджеттен тиісті қызметтер қаржыландырылды ол сол
бюджетке туседі.
Жалпы айтқанда, бюджетаралық қатынастар реттеу жүйесінің өзін анықтауы басқарудың әрбір деңгейі бойынша өздік кіріс көздерін заңды түрде бекітуге байланысты. Мұндай әдістеме арқылы келесілер шешіледі:
• ортамерзімді уақытқа субвенциялар мен алымдар көлемін бекіту арқылы реттеу формаларына тиянақты сипат беру;
• ортамерзімді уақытқа әрбір аймақ бойынша нормативтер тағайындау арқылы бөліске жататын салықтар түрлерін анықтау. Бұл арада бюджеттік алымдар механизмін қолдан-бау мақсатпен, әр түрлі деңгейлер бойынша бюджеттерді теңестіру қарастырылады;
• республикалық бюджет кірістерінде атаулы салықтарды орталықтандыруды іске асыру. Бұл арада бюджетаралық қатынастар жоғары тұрған бюджеттерден төменгі бюд-жеттерге берілетін субвенциялар тағайындау арқылы рет-теледі.
Аймақтарға көрсететін қаржылық жәрдемнің нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатпен бюджетаралық трансферттерді жал-пы қажеттілікке беруден арнаулы және мөлшерлі трансферттер жүйесін қолдану қарастырылып келе-келе іске асыруда. Бюдже-таралық трансферттер берудің жаңа принциптеріне көшудің негізі болып іске асырылып жатқан мемлекеттік функцияларды басым-дылық дәрежелері бойынша міндетті, негізгі және қосынша фун-кцияларға топтау табылады. Мұндай құрылыстық негізінде мем-лекеттік органдардың барлық деңгейлерінің күшін міндетті және негізгі функцияларды іске асыруын шоғырландыру мен соған сәйкес бірінші кезекте бюджеттік қаржыландыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Міндетті функцияларды (мұндай функциялар мемлекеттік басқарудың барлык деңгейлерімен міндетті түрде атқарылады) қаржыландыру барлық ел бойы бірдей нормалар мен норматив-тер негізінде мемлекеттік бюджеттің ағымдағы шығындар арқылы іске асырылады және көбінесе секвестірлеуге жатпайды.
Негізгі функцияларды қаржыландыру мемлекеттік бюджеттің ағымдағы бағдарламалары және мемлекеттік мекемелердің ма-териалды-техникалық базаларын жақсарту мен жаңа құрылысқа бағытталған даму бағдарламалары арқылы іске асырылады.
Республикалық және жергілікті деңгейлер бойынша қосым-ша функциялар бюджеттік бағдарламалар арқылы қаржыланды-рылады, егерде ондай функциялар уақытша немесе бір жолғы сипатта болса. Бұл функцияларды толығымен қаржыландыруын қамтамасыз ету экономиканың ағымдағы жағдайы мен бюджет көрсеткіштерінің болжамына тәуелді болады.
Жоғарыда айтылған мемлекеттік функциялардың басымды-лық топтауына сәйкес төменгі бюджеттерге жәрдем қаржы беру екі категория арқылы болуы мүмкін - біріншіден, мемлекеттік басқарудың міндетті функцияларын қаржыландыруды қамтамасыз етуге арнаулы трансферттер түрінде, екіншіден, аймақтардың даму бағдарламаларын қаржылавдыруды қамтамасыз етуге инвестиция-лық трансферттер түрінде.
Бұл арада, төменгі тұрған бюджеттерге трансферттер ең алдымен олардың ағымдық шығындырын максималды өтеуге беру қарастырылады. Олардың көлемін есептеу негізінде нор-малар мен нормативтер арқылы тағайындалған тиісті аумақтар түрғындарына минималды әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету принципі жатыр. Осыған байланысты және мем-лекеттік басқару органдарының қаржыландыру қажеттілігіне нақты баға беру үшін бидіктің облыс және аудан деңгейлерінің типтік басқару құрылымы тағайындалынған. Ал аймақтардың даму бағдарламаларын қаржыландыруын қамтамасыз етуге ар-налған трансферттерді беру мемлекеттік аймақтық саясатының басымдылықтарын есепке ала іске асырылады. Осыған байла-нысты және жергілікті бюджеттердің дербестігін үлғайту үшін осы деңгейді қаржыландыру механизмі жетілдірілген.