Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.

5 -тақырып Бюджеттік жіктелу

  1. Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні және қурамы. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері

2. Бюджет түсімдерін жіктеу

3. Бюджет шығыстарын жіктеу

4. Бюджеттік бағдарламаларды және олардың әкімшіліктерін анықтау.

Бюджеттік бағдарламалардың түрлері

Бюджеттерді құрастыру мен атқару олардың нысанды та-ғайындауына сәйкес болуы үшін кірістердің қайнар көздерін регламентациялауы және бюджеттік қаражаттарды бюджетте қарастырылған шығындар көлемі мен бағыттарына сәйкес жұм-салуы тиіс. Кірістердің қайнар көздері мен бюджеттік ақша бөлу бағыттарын регламенттеу - ол бюджет құрастыру мен атқарудың міндетті шарты. Бұл шарт кірістер мен шығындарды топтау арқы-лы, яғни кірістерді формалар мен түрлері бойынша, ал шығындар-ды шаралар мен нысанды тағайындары бойынша біріктіру жолы-мен іске асырылады. Мұндай кірістер мен шығындарды топтасты-ру бюджеттік жіктеу деп аталады. Бюджеттік жіктеу бюджеттен нысанды қаржыландыру, бюджеттік қаражаттар пайдалануына қаржылық бақылау және бюджеттік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге мумкіншілік береді.

Бюджеттік жіктеудің негізі болып әлеуметті-экономикалық, ведомствалық және аумақтық белгілері бойынша кірістердің қа-лыптастыру мен құжаттардың жұмсалатын бағыттары және олар-дың құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіштер топтауы табылады. Бюджеттің кірістері мен шығьгадарының, оның тапшы-

лығын өтейтін кайнар көздерінің мұндай топтастыруы бюджетті құрастыру мен атқаруда пайдаланады, барлық деңгейдегі бюджет-тер көрсеткіштерінің салыстырмалығын қамтамасыз етеді және бюджеттік процеске ақпараттық технологиялар енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс бюджеттер-дің барлық деңгейлеріне бірдей және міндетті бірыңғай бюджет-тік жіктеу негізінде іске асырылады. Бюджеттік кодексте берілген анықтамаға сәйкес бірыңғай бюджеттік жіктеу - ол бюджеттің кірістері мен шығындарының функционалды, ведомствалық және экономикалық сипаттамалар бойынша және бюджеттің жіктеу объ-ектілеріне анықтамалық атаулар мен топтастырулық код бекітіл-ген міндеттілік топтастыру. Бірыңғай бюджеттік жіктеу бюджет түсімдерінің жіктеуі мен бюджет шығындарының функционалдық және экономикалық жіктеуінен түрады.

Бюджет жіктеуін құру принциптері бюджеттің кірістері мен шығындарының экономикалық мазмұны, ұлттық экономиканың құрылымы мен басқару жүйемен дәлелденеді. Кірістердің қайнар көздерін топтастыру мен бюджет шығындарының мақсаттарын анықтаудың негізгі мәні ең алдымен мұндай реттемел^ барлық бюджеттік процестің әрекеті мен тиімділігінің және қаржылық бақылаудың міндетті шарты арқылы қорытылады. Осыған байла-нысты бюджеттік жіктеу айқын және анық болуға және де кіріс-тердің экономикалық, ведомствалық, аумақтық қалыптасуы мен бюджеттік құжаттарды пайдалану бағыттары, олардың құрамы мен құрылымы жөнінде толық түсінік беруге тиісті.

Бюджеттің кірістері мен шығындарын детализациялау бюд-жетке кіретін мәліметтерді тексеру мен салыстыруын, ведомство-лар мен мекемелер бойынша түсімдер мен шығындардың динами-касы мен құрылымын анықтауын қамтамасыз етеді. Жіктеу бюд-жеттердің жалпы жиынтығын құруға, оларды талдауға, бюджетті атқаруы мен нысанды пайдалануын және қаржылық тәртіпті сақ-тауды бақылауға мүмкіншілік береді. Түтас айтқанда бюджеттік жіктеу бюджеттердің барлық түрлерін құру мен атқарудың бірік-кен әдістемелік негізі болып табылады.

Басқарудың жүйесі мен әдістерінің дамуына байланысты бюд-жеттік жіктеу де өзгереді және жетілдіріледі. Мысалы, Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап бюджет ағымдағы бюджет (ағымдағы шығындар) және даму бюджетіне (күрделі шығындар) бөлінеді. Бюджеттің мұндай формаларда болуы заңнамалармен мемлекетке жүктелген функциялардың орындауының нақты құнын бағалауға, елдің әлеуметті-экономикалық дамуына жұмсалған инвестиция көлемін анықтауға және бюджеттік бағдарламалар-ды бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, осы бюджеттер түрлері бойынша анықталған мәліметтерді басқару жүйесінде пайдалану бюджеттік ақша қаражаттарының нақты қозғалысын бағалауға және әлеуметті-экономикалық процестерді іске асыруға уақытымен әсер етуге, бюджеттік ресурстарды қалыптастыру мен жүмсау жөнінде дәлелді қорытындылар мен үсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Бюджет түсімдерін жіктеу

Түсімдерді жіктеу - ол Бюджеттік кодекс пен басқа да заң-намалық актілермен анықталған кірістерді қалыптастыратын қайнар көздерін белгілейтін барлық деңгейдегі бюджеттер кіріс-терінің топтастыруы. Белгілі сипаттар бойынша барлық деңгейде-гі бюджеттердің барлық түсімдері санаттарға (категориялар), сы-ныптарға, ішкі сыныптарға және ерекшеліктерге жіктеледі. Эко-номикалық белгілерге байланысты түсімдер санаттар бойынша топтасады, түсімдердің түрлері мен қайнар көздеріне байланысты сыныптар мен ішкі сыныптарға бөлінеді, төлем немесе түсімнің түрлеріне байланысты ерекшеліктер топтарын құрады.

Түсімдердің осы жіктеу топтарына алты таңбадан түратын топ-тасулық код беріледі. Бірінші таңба түсімдердің төлету әдісі бойын-ша бөлінетін белгісі арқыны олардың санатын көрсетеді. Мысалы, 1 деген цифр осы бөлімде салықтық түсімдерге жататын барлық төлем түрлері, 2 - салықтық емес түсімдер, 3 - негізгі капитал са-тудан түскен түсімдер, 4 - ресми трансферт түсімдері, 5 - берілген

бюджеттік несиелер өтеу мен қаржылық активтер сатудан түскен түсімдер және үкіметтік займдар бар екещнй| белгілері.

Келесі екі цифр түсімдердің түрлеріне байланысты сынып-тарға бөлінгенін көрсетеді. Мысалы, 01 - ол табыс салығы, 05 - ол тауарлар, қызметтер мен жүмыстар бойынша ішкі салықтар және басқалары. Содан кейін төлемнің нақты түріш байланысты ішкі сыныпты көрсететін бір цифр келеді. Мысалы, 1 - ол корпоратив-тік табыс салығы, 2 - акциздер, 3 - табиғаттық және басқа ресур-старды пайдалану жөніндегі түсімдер мен тағы басқалары. Соңғы екі цифр төлемнің кайнар көзі мен сол төлемнің нақты төлеушісін көрсететін ерекшелік белгісі. Мысалы, 01 — ол резиденттер - заң-ды тұлғалардан корпоративтік табыс салағы, 02 - ол резидент емес - заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы және т.б.

Барлық түсімдер бюджеттер деңгейлері арасында кірістер жік-теуіне сәйкес бөлінеді. Сондықтан Бюджеттік кодексте бюджеттің әрбір деңгейі бойынша сәйкестік түсімдер анықталып бекітілген. Мысалы, республикалық бюджет кірістерінің 1 санаты «Салықтық түсімдер» бойынша тағайындалған:

01 сынып - Табыс салығы;

1 ішкі сынып - Корпоративтік табыс салығы;

01 ерекшелік - Резиденттер - заңды тұлғалардан корпоратив-тік табыс салығы (код 101101);

02 ерекшелік - Резидент емес - заңды тұлғалардан корпора-тивтік табыс салығы (код 101102) және осылай жалғаса береді;

05 сынып - Тауарлар, жүмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар;

1 ішкі сынып - Қосымша құнға салық;

01 ерекшелік — Қазақстан Республикасының аумағында ендірілген тауарлар, орындалған жүмыстар мен көрсетілген қыз-меттер бойынша қосымша құнға салық (105101);

02 ерекшелік - Ресей Федерация аумағынан шыққан және импортталған тауарлардан басқа Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосымша құнға салық (код 105102);

04 ерекшелік - Резидент емес үшін қосымша құнға салық (код 105104) және осылай жалғаса береді;

2 ішкі сынып - Акциздер; ,

29 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ конденсатын қоса шикі мұнай (код 105229);

41 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағына им-портталған спирттің барлық түрі (код 105241) және осылай жалға-са береді;

3 ішкі сынып — Табиғаттың және басқа да ресурстарды пайда-ланғаннан түскен түсімдер;

02 ерекшелік - Үстеме пайдаға салынатын салық (код 105302);

05 ерекшелік - Бонустар (код 105305);

06 ерекшелік - Роялти (код 105306) және осылай жалғаса бе-реді;

06 сынып - Халықаралық сауда мен сыртқы операциялар бойынша салықтар;

1 ішкі сынын - Кедендік төлемдер;

02 ерекшелік - Сырттан енгізілетін тауарлар бойынша кеден-дік баж (код 106102) және осылай жалғаса береді;

07 сынып - Басқа да салықтар;

1 ішкі сынып - Басқа да салықтар (код 107109 республикалық бюджет түсімдері, код 107110 жергілікті бюджет түсімдері).

Бюджеттік жіктеуде осы жоғарыда келтірілген мысалға сәйкес басқа да түсімдер санаттары бөлінген.

Бюджет шығыстарын жіктеу

Бюджеттік шығындарды ашықтан-ашық белгілер бойынша жіктеу олардың экономикалық процестердегі рөлі мен мәнін ай-қындалуына себепші болады. Теория мен тәжірибеде бюджет шы-ғындарын жіктеу бірнеше белгілер арқылы іске асырылады. Ең алдымен бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік басқару деңгей-лері бойынша бөлуіне байланысты шығындардың аумақтық жік-теуін айырады (республикалық, облыс және аудан бюджеттерінің шығындары).

Бюджет шығындарын экономикалық жіктеуі бюджеттік і?ара-жаттарды жоспарлау мен пайдалануда маңызды мәні бар, себебі мұндай жіктеу бюджеттен экономиканың дамуы мен үлғаймалы қайта өндіріске қаражаттар бөлінуіне байланысты. Бұл белгі бойынша ағымдағы шығындар (ағымдағы бюджет) және іргелі шығындар (даму бюджеті) жекеленеді.

Ағымдағы шығындар болып мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен бюджеттік мекемелер-дің іс-әрекетін, трансферт формалар арқылы басқа бюджеттер мен экономика салаларына мемлекеттік жәрдем көрсетуді қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының бір бөлігі табылады. Тұрақты сипатта болатын мұндай шығындар көлеміне мемлекет-тік түтынуға жүмсалатын шығындар сомалары кіреді, яғни эко-номикалық және әлеуметтік инфрақұрылым мен экономиканың мемлекеттік салаларын үстауға, азаматтық және әскери сипаттағы тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, мемлекеттік мекемелердің ағымдағы шығындарын өтеуге.

Бюджеттің іргелі шығындары - ол инновациалық және инвес-тициялық іс-әрекетті қаржыландырумен байланысты мемлекеттің ақша қаражат шығындары. Олардың құрамына бекітілген инвес-тициялық бағдарламаларға сәйкес бөлінетін шығындар, бюджет-тік несие ретінде берілетін инвестициялық мақсаттағы қаражат-тар, құрылыс пен инфрақұрылым дамуына арналған шығындар, ғылым, адамша капитал және ақпараттық жүйе күру мен дамуына салынатын инвестициялар кіреді.

Бюджет шығындарын жіктеудің келесі маңызды белгісі - ол бюджет қаражаттарын функционалдық және ведомстволық бағыт-тар бойынша бөлу. Бюджеттік кодексте келтірілген анықтама бойынша бюджет шығындарын функционалдық жіктеуі маңын-да «республикада мемлекеттік саясатты іске асыру мен мемле-кет функцияларын орындауын көрсететін функционалдық және ведомствалық белгілер арқылы бюджет қаражаттарын жүмсау бағыттарын анықтайтын деңгейдегі бюджеттер шығындарын топ-тастыру» айтылады.

Бюджеттік кодекске сәйкес шығындар функционалдық топ, функционалдық ішкі топ (ішкі функция), әкімші, бағдарлама және

кіші бағдарламаларға бөлінеді. Түсімдер жіртеуі секілді бюджет шығындарының жіктеу деңгейлеріне де он үш белгіден тұратын код тағайындалған. Бюджеттік жіктеуде барлық шығындар сала-лық белгілер мен функционалдық бағыттарына байланысты 13 функционалдық топқа бірлестірілген және оларға екі цифрден тұратын код тағайындалған. Мысалы, 01 - ол жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, 02 - қорғаныс, 03 — қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, 04 - білім беру, 05 - денсаулық сақтау және т.б.

Келесі екі цифрдан тұратын код әрбір функционалдық топ ішіндегі бюджеттік қаражаттарды жүмсайтын нақты бағыттарды көрсететін функционалдық ішкі топ болады. Мысалға, 01 функ-ционалдық топ (жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер) келесі ішкі топтарға бөлінген: 01 - ол мемлекеттік басқарудың жал-пы функцияларын орындайтын өкілдік, атқарушы және басқа органдары; 02 - қаржылық іс-әрекет; 03 - сыртқы саясаттық іс-әрекет және т.б. Функционалдық 02 топ (қорғаныс) құрамына 01 - әскери мүқтаждар, 02 - төтенше жағдайлар бойынша жүмыстар ұйымдастыру және т.б. ішкі топтар кіреді.

Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, негіздеу мен іске асыруына жауапты мемлекеттік органдар сол бюджеттік бағдар-ламалардың әкімшісі болады және оларға үш цифрдан түратын код тағайындалады. Мысалға, 01 функционалдық топ, 01 ішкі топ бойынша келесі әкімшілер бөлінеді: 101 — ҚР Президентінің әкімшілігі: 102 - ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы; 104 - ҚР Премьер-министрінің кеңсесі және т.б. 02 функционал-дық топтың 01 ішкі тобы 208 - ҚР Қорғаныс министрлігі, 678 - ҚР Республикалық гвардиясы; 02 ішкі тобы 308 - Төтенше жағдайлар бойынша ҚР Агентігінің әкімгерлеріне бөлінеді.

Негізінде, әр түрлі министрліктерге, ведомстволарға, мемле-кеттік мекемелерге, басқа да заңды тұлғаларға бюджеттік ақша бөлумен байланысты бюджет шығындарын бірлестіру шығындар-ды ведомстволық жіктеу болып табылады.

Мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған бюджет шығындары негізінде бюджеттік бағдарламалар болып табылады және жіктеуде олар топтастыру-

лық код бойынша үш цифрмен белгіленеді. Басқаша айтқанда, бұл арада шығындар нысанды тағайындау бойынша жіктеледі, яғни ол бюджет қаражаттарын шығындардың нақты түрлерін өтеуге белінгеніне байланысты. Мысалға, 102 ҚР Парламент Шаруа-шылық басқармасының әкімгерлігіне 001 ҚР Парламенттінің іс-әрекетін қамтамасыз ету бюджеттік бағдарлама, ал 104 ҚР Пре-мьер-министр кеңсе әкімгерлігівз 001 ҚР Премьер-министрінің іс-әрекетін қамтамасыз ету бюджеттік бағдарлама бар.

Бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржы бөлудің анықты және нақты бағыттарын көрсететін бюджеттік кіші бағдарла-маларға жіктеуде топтастырулық код ішінде үш цифрлі белгі берілген. Мысалы, 102 әкімшілігінің 001 бюджеттік бағдарла-масында келесі кіші бағдарламалар бар: 001 — ол орталық орган аппараты; 007 — ол мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату; 009 - мемлекеттік органдарды материалды-техни-калық жабдықтау.

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет шығындарының экономикалық жіктеуіне анықтама берілген. Соған сәйкес, шығындардың экономикалық жіктеу маңында «бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік мекемелердің операцияларын керсететін бюджет шығындарының экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыруы» көрсетіледі. Осы топтастыруға сәйкес бюджет шығындары санаттарға (кате-горияларға), сыныптарға, ішкі сыныптарға және ерекшеліктерге бөлінеді. Санат шығындарды олардың экономикалық белгілірі бойынша ағымдағы және іргелі шығындарға бірлестіреді. Негізгі операциялар түрлері бойынша шығындар сыныптарға бірлеседі, мысалы, мемлекеттік қызметкерлер еңбекақысы, тауарлар сатып алу мен қызметтерді өтеу және басқалар. Сыныптар өз алдына ішкі сыныптарға бөлінеді, мысалы, тауарлар сатып алу мен қыз-меттерді өтеу сыныбы бойынша тауарлар сатып алу ішкі сынып, қызметтер сатып алу ішкі сынып және басқалары көрсетіледі. Әрбір ішкі сынып бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүргізетін операциялардың нақты түрін анықтайтын шығындар ерекшеліктері бар.

Бюджет шығындарын экономикалық жіктеуінің ерекшелікте-рінің түсінігі негізівде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығындарды нақты бағыттарға бөлуін көрсетеді. Мысалы, ағым-дағы шығындар бойынша 110 Еңбекақы атты ішкі сынып арқылы 111 ерекшелік негізгі еңбекақы төлемін көрсетеді. Ол дегеніміз мемлекеттік мекемелер жұмыскерлеріне өздерінің қызметтік мін-деттерін атқару үшін және біліктілік санаттарын есепке алумен бірге төлейтін ақшалай төлемдер. Бұл ерекшелік бойынша тұрақты сипатта болатын және заңнамалармен тағайындалған қызмет-тік айлыққа қосатын үстемелер есептеледі. Мұндай шығындар тізіміне олардың келесі түрлері кіреді: қызметтік айлық (тарифтік мөлшері); ғылыми дәреже, біліктілік сынып, мамандардың сы-ныптылығы, сыныптық мәртебе мен әскери дәрежеге қосымша төлемдер және тағы басқалар.

Бюджеттік бағдарламаларды және олардың әкімшіліктерін анықтау.

Бюджеттік бағдарламалардың түрлері

Нәтижесі ашықтан-ашық шекті түрде болатын, айқын, шы-найы және қол жететін мақсаты бар бюджеттік бағдарлама маңын-да мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару функцияларын іске асыру жөніндегі бюджет шығындары қарастырылады. Олар шығындар бағыттарын нақтылау мақсатымен бюджеттік ішкі бағ-дарламаларға бөлінуі мүмкін. Бюджеттік бағдарламалар елдің за-ңдары мен басқа да нормативтік актілерімен қарастырылған мем-лекеттік функцияларды ғана іске асырмайды, оған мемлекеттік, салалық және аймақдық бағдарламалармен анықталған әлеуметті-экономикалық даму мақсаттарын атқаруды қосады.

Бюджеттік бағдарламалар экономикалық нәтижелерге бай-ланысты ағымдағы немесе даму бюджеттік бағдарламалар болуы мүмкін. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар өз алды мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін атқару-ды қамтамасыз етуге арналған бюджеттің тұрақты шығындарын

көрсетеді. Бюджеттік даму бағдарламалар негізінде іргелі сипат-тағы үзақ мерзімді жобаларды іске асыруға бағытталған бюджет-тік инвестициялар болып табылады.

Бюджеттік бағдарламалар мемлекеттік басқару мен бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша бекітуіне байланысты республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып бөлінеді. Өз алды-на жергілікті бюджеттік бағдарламалар облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық, аудандық бюджеттік бағдарлама-ларға бөлінеді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімгері болып оларды жос-парлау, негіздеу мен іске асыруына жауапты және соларға жүктелген функциялар мен өкілдік арқылы анықталған мем-лекеттік органдар табылады. Олар бюджеттік қаражаттарды бюджеттік бағдарламалар паспорттарына сәйкес өздігінен пай-даланады және сол қаражаттарды нысанды және тиімді пайда-лануына жауапты болады.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімгері ре-тінде орталық мемлекеттік атқарушы органдар тағайындалады, бірақ олардың құрылымдық және аумақтық бөлімдері әкімші бола алмайды. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгері ретінде ҚР Үкіметі бекіткен жергілікті мемлекеттік басқарудың типтік құрылымына сәйкес анықталатын атқарушы органдар бо-лады.