Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.

4-тақырып Жекелеген бюджет түрлерінің сипаттамасы мен экономикалық мазмұны

1. Республикалық бюджеттің мазмұны мен мәні және оның кірістері мен шығыстарының қурылымы

2. Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындар құрылымының ерекшеліктері

3. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының тұжырымдамасы және аймақтық бюджетаралық теңестірудің механизмі

Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің бірінші де-ңгейі болып республикалық бюджет табылады. Республика-лық бюджетте анағұрлым ақша қаражаттарын орталықтандыру мемлекеттің тиімді қаржы саясатын іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда ақша ресурстарымен маневр жа-сау, оларды ел мен аймақтардың әлеуметті-экономикалық дамуы-ның басымдылық бағыттарын қаржыландыруға жұмсау, экономи-калық дамушылықты ынталандыруға мүмкіншілік туады. Ақша ресурстарын орталықтандыру мемлекет тарапынан жылдан-жылға ұлғайатын әлеуметтік шығындарды қаржыландыруға, мемлекет-тік займдар бойьгаша пайыздар төлеу мен мемлекеттік борышты өтеуге, қорғаныс қабілеттілігі мен қоғамдық тәртіпті бекініс ету мен мемлекеттік баскару аппаратын ұстау және басқа да шығын-дарды өтеуге мүмкіндік береді.

Айтылғандай, анықтама бойынша республикалық бюджет өз алдында Бюджеттік кодексте бекітілген салықтық және басқа түсімдер арқылы калыптасатын орталыктандырылған ақша қо-рын құрайды. Ол орталық мемлекеттік органдар мен оларға жа-татын мемлекеттік мекемелердің функцияларын орындау мен

мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған. Республика-лық бюджет, қаржы ресурстар терімшілдіктің негізгі құралы болғандықтан, мемлекеттік билікке өз уәкіліктігін шынайы іске асыруға, экономиканы, инвестициалық белсендікті реттеу мен ынталандыруға, ал бастысы - әлеуметтік саясатты орындауға мүмкіншілік береді.

Республикалық бюджет, өз алды биліктің бір тарауымен жаса-лып, екіншісімен бекітілетін едәуір жеке құжаттар ретінде болған-дықтан, қолданбалы, бірақ маңызды функция орындайды - ол мемлекет таңдаған ел басқару стильді іске асырады. Республика-лық бюджетте мемлекетке қажетті қаржы ресурстары мен барлық резервтер көлемі саналады, сондықтан осы бюджет арқылы елдің қаржы ахуалы, қаражаттар жүмсаудың нақты бағыттары, салалар, аймақтар мен әрекет салалары бойынша шығындыр арақатынасы анықталады. Осыған байланысты республикалық бюджеттің эко-номикалық саясатты іске асыру құралы ретіндегі мемлекеттік мәні мен экономикалық рөлі білінеді.

Республикалық бюджеттің мазмұны оның құрамындағы ерек-ше экономикалық формалар болуымен шарттанады, яғни кіріс-тер (түсімдер) және шығындар. Осы формалар арқылы ақша құралдарының орталықтырылған қорын қалыптастыру мен пайда-лануы іске асырылады. Кірістер мен шығындардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметті-экономикалық шарт-та жүргізіп жатқан орта мерзімді фискалдық саясатты іске асы-ру бағыттарына сәйкес. Кірістерді қалыптастыру мен бюджеттік күралдарды жүмсау формалары мен әдістері де осыған сәйкес бо-луы тиіс.

Республикалық бюджет кірістер құрылымы Бюджеттік ко-декс ережелеріне сәйкес салықтық және салықтың емес түсімдер, негізгі капитал сатудың түсімдері мен ресми трансферттер-ден көрсетіледі. Бұл кірістер салықтық заңнамалар мен елдің әлеуметті-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының маңызды макроэкономикалық керсеткіштер негізінде анықтала-ды. Республикалық бюджеттің кірістер саясаты салықтық саясат

және кірістер құрылымы мен түсімдер болжамының өзгерістер есебімен құрылады.

Республикалық бюджеттің шығыстар құрылымы Бюджет-тік кодекске сәйкес келесі шығыстар бағыттарынан қалыпта-сады:

• жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге жүмсалатын;

• қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікке жұмса-латын;

• құқықтық, соттық, қылмыс іс-атқарушы әрекетке жұмса-латын;

• білім беруге жұмсалатын;

• денсаулық сақтауға жүмсалатын;

• әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік жәрдемге жұм- ( салатын;

• тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жұмсалатын;

• мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігіне жұмса-латын;

• өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалануға жұм-салатын;

• көлік және коммуникацияға жұмсалатын;

• табиғатты қорғау іс-шаралары және ауыл, орман, су, балық шаруашылықтарына жұмсалатын.

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде мемле-кеттік төтенше бюджет енгізуі қарастырылған. Оны қолданудың негізі ретінде ҚР Президентінің республика аумағында төтенше жағдай енгізу жөніндегі шешімі. Төтенше бюджет мемлекеттің барлық қаржы ресурстарынан қалыптасады және оны енгізген уақытта республикалық бюджет жөніндегі Заң мен басқа деңгей-дегі бюджеттер жөніндегі шешімдер өз күшін жояды.

Қазіргі кезеңдегі экономиканың дамуьгаа байланысты респуб-ликалық бюджеттің рөліне өте үлкея мән беріледі, себебі ол мем-лекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі құралы ретінде пайдаланады және экономиканы қаржылық реттеу мен оның бәсеке қабілеттілігін жетілдіруге маңызды әсерін тигізеді.

Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындар құрылымының ерекшеліктері

Жергілікті бюджеттер жүйесі мемлекеттік құрылымдық пен тиісті әкімшілік-аумақтық бөлімге негізделеді. Жергілікті бюджет-тер республиканың бюджеттік жүйесінің екінші деңгейі және об-лыс, ресггублика маңындағы қала, астана, аудан, облыс маңындағы қала бюджеттерін құрайды. Бұлардың барлығы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша биліктің жергілікті органдары өз функ-цияларын орындауды қаржылық қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады.

Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының құры-лымы республикалық бюджеттікіндей Бюджеттік кодекс ереже-лерімен анықталған, бірақ әлдебір ерекшеліктері бар. Ол ерек-шеліктері әрбір мемлекеттік басқару деңгейі бойынша ездерінің өкілеттіктерін іске асыру мақсатта тұрақты кірістік қайнар көздерді бекіту мен билік құрылымдардың өкілеттіктерін шектеу және бюджетаралык қатынастарды жетілдіруге сәйкес бюджеттер деңгейлері арасында шығындарды бөлумен шарттасады. Шығын-дық өкілеттікті бөлудің жүйелігін қамтамасыз ету мақсатта басқа-ру деңгейлері бойынша мемлекеттік органдардың белгілі функци-ялар орындау құзыреттері анықталып оларға шығындық өкілеттік бекітіледі.

Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының тұжырымдамасы және аймақтық бюджетаралық теңестірудің механизмі

Жергілікті бюджеттердің теңестірулігін қамтамасыз ететін, трансфертердің ортамерзімдіктұрақты нормативтеріне ыегізделген бюджетаралық қатынастар моделін құрғанда, жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен басқа шеттен алып пайда-ланудың қажеттілігі болмайды. Сонымен бірге әкімшілік-бюджет-

тік реформаның басымды бағыттарын іске асырудың мүмкіндігі туады, яғни ауылды жерлерде, аудан маңындағы қалаларда тиімді жергілікті басқаруды ұйымдастыру мен олардың институционал-дық және функционалдық бекінісі.

Осы мақсаттарда ауылдар мен шағын қалаларда әкімнің аппа-раттарын қалыптастыру және оларға заңды тұлғалар мәртебесін беру қарастырылған. Мұндай шара жергілікті әкімдіктерге же-келенген мүлік бөлу және олар өз аттарынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелер табу және іске асыру жөнінде құқықпен тағайындауды үйғарады. Мысалы, бұл шара арқылы тиісті аумақтарда заңнамалармен берілген жер қатына-старын реттеу жөніндегі құқықты қамтамасыз ету іске асыры-лады.

Жоғарыда айтылған шаралар ауылдар мен шағын қалалар әкімдерінің шаруашылық және экономикалық салалар бойынша шешімдер қабылдау уәкіліктіктерін кеңейтеді және ең төменгі деңгейдегі басқарудың қаржылық дербестігін қамтамасыз етеді, себебі олардың бюджеттік бағдарламалары аудан бюджетінің құрамында тиісті маслихаттармен бекітіледі де тек солар арқылы өзгертіледі.

Аймақтық саясатты жетілдіру мен мемлекеттік басқа-ру деңгейлері арасында уәкіліктікті шектеу мақсатымен ауыл мен шағын қала басқару деңгейлерінің функциялары кеңей-тіледі. Жекелеп айтқанда, оларға келесі қосымша функциялар жүктеледі:

• елді мекендерді көріктендіру, жасылдандыру және санитар-лық тазарту жөніндегі жүмыстарды ұйымдастыру;

• зираттар мен басқа қабырлау орындарды тиісті қалыпта үстау жөніндегі қоғамдық жүмыстарды ұйымдастыру;

• өртке қарсы қауіпсіздік пен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылауын іске асыру;

• жер мен су пайдалануын реттеу және елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жөніндегі жүмыстарды ұйымдастыру;

• заң бекіткен тәртіп бойынша әкімшілік-аумақтық бірлікке берілген коммуналдық меншікті басқару.

Келешекте республикада жергілікті өзін-өзі басқару негіздерін қалыптастыру жоспарлануда. Бүгінгі күні мұндай институттарды енгізу бірсыпыра мәселелер шешуіне тіреліп түр. Мысалы, билік-тің ауылдық органдар деңгейінде басқарудың нақты механизмдері қалыптаспаған, кірістердің өздік қайнар көздері белгіленбеген, меншік мәселелері шешілмеген.

Бюджеттердің түрлері мен деңгейлері арасындағы өзара бай-ланыс аймақтық бюджетаралық теңестіру механизмі арқыны іске асырылады. Бұл механизмнің маңызы - ол бюджеттік жүйенің буындары арасында кірістер мен шығындарды бөлу процесі, ал мұндай бөлудің негізін жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетпен және аудандық бюджеттердің облыс бюджеттері ара-сындағы арақатынастарының теңбе-тендік принципі құрастырады. Мұндайды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған қаржы шығындардың нормативтер мен жергілікті бюд-жеттерге көрсететін қаржылық жәрдем нормативтерін есептейтін біріккен әдіс және салықтар есептеу мен төлеудің біріккен тәртібі пайдаланады.

Жергілікті бюджеттердің шығындары мөлшерлес кірістермен қамтамасыз етуі тиіс, ал кірістер Бюджеттік кодекске сәйкес әр түрлі салықтық және салықтық емес түсімдер арқылы қалыпта-сады. Әр мемлекеттердің бюджеттік жүйелерінде жергілікті бюд-жеттердің кірістері бекітілтен және реттеуші кірістерге бөлінеді. Бекітілген кірістердің негізін өздік кірістер құрайды, яғни заңды түрде әрбір бюджеттер бойынша бекітілген, биліктің тиісті дең-гейлерінің салықтары мен басқа да түсімдері түсіндіріледі. Реттеу-ші кірістердің негізін заңнамалармен бекітілген үзақмерзімді нор-мативтер арқылы салықтар мен басқа да төлемдерден пайыздық түрде белініп тиісті бюджетке түсетін кірістер құрайды.

Өзіндік кірістер - ол заңмен бекітілген тәртіп бойынша то-лық немесе мығым бекітілген бөлігі ретінде тұрақты немесе үзақмерзімді негізде тиісті бюджетке түсетін кірістер. Мысалы, Бюджеттік кодекске сәйкес корпоративтік салық пен қосымша құнға салық толығымен республикалық бюджет кірісі ретінде бекітілген.

Аумақтардың экономикалық дамуын қамтамасыз ету мен жергілікті бюджеттердің теңгерушіліктерін бюджеттік реттеу мақ-сатында оларға жоғары тұратын бюджет деңгейінен кірістердің кейбір түрлерінің бөлімі бөлінеді. Мұндайда белектеу норматив-тері төменгі тұрған бюджеттер бойынша біріккен немесе әр түрлі болуы мүмкін. Бұл нормативтер бюджеттік деңгейдің осы кіріс-терді беріп отырған өкіліктік органымен анықталады. Мысалы, Бюджеттік кодекске сәйкес әлеуметтік салық облыс маслихаты бекіткен кірістер белу нормативтер арқылы облыс бюджеті мен аудан бюджетіне түседі.

Нормативтер арқылы төменгі тұрған бюджеттерге берілетін кірістер реттеуші функцияларын толық және енебойы орындай алмайды, себебі әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік экономикасы бойынша салықтық потенциал ерекшеліктерін, инфрақұрылым-ның дамуын және басқа да әсер ететін факторларды анықтау өте қиын. Сондықган аймақтық бюджетаралық теңестіру бюджеттік реттеудің басқа да формалары аркылы іске асырылады. Осы мақ-сатта трансферттер жіберу, дотациялар, субвенциялар мен субси-диялар бөліну механизмдері пайдаланады.

Жалпы сипаттағы ресми трансферттерді, яғни бюджеттік субвенция мен бюджеттік алып тастауды пайдалану, аймақтар бойынша стандарттық деңгейге жету мен халыққа мемлекет-тік қызмет тепе-тең болу мақсатта бюджеттік қамтамасыз ету деңгейін теңестіруге мүмкіндік береді. Бюджеттік субвенция мен алып тастау көлемі абсолюттік түрде үш жылдық мерзімге бекітіледі.

Бюджеттік кодексте жергілікті бюджеттердің шығындар құрылымы анықталған, ал бюджеттен ақша беру осы шығын-дарға сәйкес бюджеттік қаржыландыру арқылы іске асырыла-ды. Қаржыландыру - ол бюджеттік қаражаттарды оны алушы-ларға бөліп шығару. Оны ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді:

• тиімділік (ең аз шығындармен ең көп нәтиже);

• адрестік (қаражаттарды пайдаланудың нысандық сипаты);

• бақылаулық (қаржы бақылауды іске асыру);

• қайтарылмайтындық (қаражаттар бюджетке қайтарылусыз шартта берілу);

• ақысыздық (қаражаттар пайыз немесе басқа түрлі төлемсіз шаргщ Іэерілу).

Бюджеттік қаржыландырудың белгілі екі әдісі бар - «нетто-бюджет» жүйесі арқылы және «брутто-бюджет» жүйесі арқылы. Бірінші әдістің маңызы - ол тек қана бюджетте анықталын бекітіл-ген шығындар бойынша қатал түрде ақша қаражаттарымен қам-тамасыз ету. Екінші әдіс бюджеттен толық қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдарды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуде пайдаланады. Бұл арада осы әдістер бойынша бюджеттік қаржыландыру формалары ретінде бюджеттік мекемелерге қаржы бөлу, төмен түрған бюджеттер мен заңды және жеке тұлғаларға трансферттер, жалгерлік капиталға инвестициялар, бюджеттік бағдарламалар бойынша алынатын тауар, атқарылатын қызмет пен жүмыстарға бөлінетін қаражаттар болуы мүмкін.

Аймақтық қаржыландырудың ерекшелігі болып нысанды ағымдағы трансферттерді пайдалану табылады. Олар тек қана бюджеттік субвенциялар мен алып тастаудың есебінде есептел-меген аймақтық бюджеттік бағдарламалар бойынша шараларды орындауға беріледі. Төмен түрған бюджеттерге трансферттер арқылы міндетті түрде төлемақы беріледі. Нысанды ағымдағы трансферттер сомалары республикалық немесе облыс бюджеттер-де бекітіледі.