Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.

28-тақырып Бюджеттік бақылауды ұйымдастыру

  1. Қаржылық бақылаудың мазмұны мәні және міндеттері

  2. Бақылаудың принциптері, стандарттары, типтері мен түрлері, оны жүргізу формалары мен әдістері. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары

  3. Сыртқы бақылауды ұйымдастыру

  4. Ішкі бақылауды ұйымдастыру

Мемлекеттің ақша ресурстарының жасалуы, бөлісуі және пайдалануы бойынша іс-әрекет нормативті-құқықтың актілерге негізделеді және олармен реттеледі. Осы іс-әрекеттің заңдылығын қамтамасыз етудің маңызды және қажетті құралы болын мемле-кеттік бақылау және оның құрылымдық бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылаудың маңызы мен қажет бо-луы негізінде ақша құралдары қорын жасалуы, бөлісуі мен пай-далануына байланысты экономикалық қатынастарды әлпеттейтін және экономикалық категория болатын қаржыларын бақылау функциясымен дәйектеледі.

Бюджеттік кодексте қаржылық бақылауға мынадай түсінік беріледі: «Мемлекеггік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) -ол мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеггерді атқару, есебі мен атқару жөнінде есептілік жүргізу, оларды атқаруын бағалау, гранттарды, мемле-кет активтерін, мемлекеттің кепіліндегі заемдарды, мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатудан түскен және олардың билігінде қалатын ақшаларды пайдалану бойын-ша іс-әрекетін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігін тексеру».

«Мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі» ұғымына ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджет түсімдерін телету

мен бақылауына жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық ұйымдары, бюджет құралда-рын алушылар, мемлекеттің гранттарды, активтерді, мемлекеттің кепіліндегі заемдарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жатады.

Негізінде қаржылық бақылауды іске асыру, біріншіден, барлық шаруашылық субъектілердің қаржылық заңнамалар мен қаржылық тәртіпті сақтауларын бақылау женіндегі арнайы құрылған орган-дардың заңнамалы реттелген іс-әрекетін маңыздайды. Екіншіден, қаржылық бақылау- ол қажеттілігі қоғамдық дамудың объективтік мүқтаждарымен дәйектелген қаржылық процестерді басқарудың міндетті элементі және маңызды функцияларының бірі, себебі қоғамдық қаржы құралдарын басқару қоғамныц алдында өзінің жауапкершілігін құштар етеді.

Қаржылық бақылаудың негізгі мақсаты - бюджетке ақша құ-ралдарынын, түсуін максималдау, оларды ашық түрде иайдала-нуын қамтамасыз ету және мақсатсыз жүмсамауды жібермеу. Осы негізгі мақсатты және қаржылық бақылаудың мазмұнын келесі мәселелерді шешу ашып көрсетеді:

• бюджетке құралдардың толық және өз уақытында түсуін тексеру;

• бюджет құралдарын тиімді, мақсатты және үнемді пайдала-нуын тексеру және талдау;

• қаржылық бақылау объектілерінің қаржылык міндеттеме-лерін орындауды тексеру;

• қаржылық бақылау объектілерінің қаржылық тәртіп пен қаржы операциялар тәртібінің, ақша құралдардың есепте-мелері мен сақтауының орындалуларын тексеру.

Қаржылық бақылаудың маңызы, бір жағынан қаржылық бақылау объектілерінің қаржылық іс-әрекетте заңнамалы белгі-ленген тәртіпті сақтауды тексерумен, екінші жағынан осы объек-тілердің жүргізіп жатқан қаржы операцияларының тиімділігі мен экономикалық қажеттілігін, олардың қоғам, жалпы мемлекет мақсаттарына сәйкестігін тексерумен дәйектеленеді.

Басқару жүйесінің қажетті бөлігі болып табдылатын қаржылық бақылауды жүргізу - бақылау объектілерінің нақты ахуалы жөнінде толық ақпарат алуға мүмкіншілік береді. Ал мұндай ақпарат арқылы объектілердің іс-әрекет нәтижелерін бағалауға, жіберілген ауыткулар мен олардың салдарын, жалпы айтқанда басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтауға болады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің дамуы мен жетіл-діруі республикада халықаралық тәртіптерге сәйкес, бірақ ¥лттық экономиканың даму ерекшеліктері мен әр түрлі деңгейдегі мемле-кеттік органдардың іс-әрекеттерін есептей отырып және әрекеттегі әдіс-тәсілдерді, құралдар мен әдістемелік шешімдерді сақтаумен іске асырылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау өз алды билік пен басқарудың арнайы органдарының мемлекеттік қаржы ресурстарын қалып-тастыруына байланысты ақша құралд арының қозғалысын, олардың толық және өз уақытында түсуі мен мақсатты пайдалануын тексе-руді іске асыру үшін экономикалы-құқықтық барлығы әрекеттерін көрсетеді. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың зацнамалық негіз-дері Конституцияда бекітілген және Бюджеттік кодекстің арнайы ережелерімен реттелген.

Мемлекеттік қаржылық бақылау келесі типтерге жіктеледі:

• сәйкестікті бақылау, яғни бақылау объектілері қызметтері-нің әрекеттегі заңнамалар талаптарына сәйкестігін тексеру және бағалау;

• қаржылық есептілікті бақылау, яғни бақылау объектілерінің қаржылық есептіліктерін өз уақытында құру мен үсынуды және олардың сенімділігі мен дәйектілігін тексеру, бағалау;

• тиімділікті бақылау, яғни бақылау объектілерінің респуб-ликалық немесе жергілікті бюджеттердің құралдарын, мем-лекеттің активтері мен мемлекеттің кепіліндегі заемдар-ды, мемлекеттік мекемелердің тауарлар, қызметтер мен жүмыстарды атқарудан түскен ақшаларды, гранттарды пайдалануының үнемділігін, нәтижелілігін және өнімділігін тексеру мен бағалау.

Мемлекеттік қаржылық бақылау тексерілетін мәселелердің арнауы мен көлеміне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

• кешендік бақылау, мұнда жаппай әдіспен бақылау объек-; тінің белгіленген уақыт мезгіліндегі барлық іс-әрекеті тек-

серіледі және бағаланады;

• тақырыптық бақылау, мұнда жаппай әдіспен бақылау объектінің белгіленген уақыт мезгіліндегі әрбір мәселелері бойынша іс-әрекеті тексеріледі және бағаланады;

• қарама-қарсылың бақылау, мұнда операциялар бірлігімен өзара байланысты құжаттар салыстыру негізінде үшінші тұлғалардың тексеріліп жатқан мәселе шегіндегі бақылау объектісінің өңкей ара қатынастары тексеріледі және баға-ланады.

Бақылаудың критерийлар бойынша жіктелген келесі форма-лары анықталады:

• жүргізу регламенті бойынша — сыртқы (міндетті), ішкі (ын-талы);

• жүргізу уақыты бойынша - алдын ала, ағымдағы (оператив-

тік), кейііігі;

• -бақылау субъектілері бойынша - президенттік, биліктің

өкілдік органдарын, биліктің атқарушы органдарын, қаржы органдарын, ведомстволық, ішкі фирмалық, аудиторлық;

• бақылау объектілері бойынша - бюджеттік, салықтық, ва-шоталық, чесиелік, сақтандырушылық, инвестициялық, ке-дендік, ақша массасын бақылау.

Бақылау объектілерінің қаржылық әрекеттерін ыртқы (мін-детті) бақылау заңнамаға сәйкес іске асырылады, ал ішкі (ынта-лы) бақылау заңмен реттелмейді, бірақ қаржыларды басқарудың

Басқару жүйесінің қажетті бөлігі болып таб^шатын қаржылық бақылауды жүргізу — бақылау объектілерінің нақты ахуалы женінде толық ақпарат алуға мүмкіншілік береді. Ал мұндай ақпарат арқылы объектілердің іс-әрекет нәтижелерін бағалауға, жіберілген ауытқулар мен олардың салдарын, жалпы айтқанда басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтауға болады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің дамуы мен жетіл-діруі республикада халықаралық тәртіптерге сәйкес, бірақ Ұлттық экономиканың даму ерекшеліктері мен әр түрлі деңгейдегі мемле-кеттік органдардың іс-әрекеттерін есептей отырып және әрекеттегі әдіс-тәсілдерді, құралдар мен әдістемелік шешімдерді сақтаумен іске асырылады.

Мемлекеттік каржылық бақылау өз алды билік пен басқарудың арнайы органдарының мемлекеттік қаржы ресурстарын қалып-тастыруына байланысты ақша құралдарының қозғалысын, олардың толық және өз уақытында түсуі мен мақсаггы пайдалануын тексе-руді іске асыру үшін экономикалы-құқықтық барлығы әрекеттерін көрсетеді. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың зацнамалық негіз-дері Конституцияда бекітілген және Бюджеттік кодекстің арнайы ережелерімен реттелген.

Мемлекеттік қаржылық бақылау келесі типтерге жіктеледі:

• сәйкестікті бақылау, яғни бақылау объектілері қызметтері-нің әрекеттегі заңнамалар талаптарына сәйкестігін тексеру және бағалау;

• қаржылық есептілікті бақылау, яғни бақылау объектілерінің қаржылық есептіліктерін өз уақытында құру мен ұсынуды және олардың сенімділігі мен дәйектілігін тексеру, бағалау;

• тиімділікті бақылау, яғни бақылау объектілерінің респуб-ликалық немесе жергілікті бюджеттердің құралдарын, мем-лекеттің активтері мен мемлекеттің кепіліндегі заемдар-ды, мемлекеттік мекемелердің тауарлар, қызметтер мен жүмыстарды атқарудан түскен ақшаларды, гранттарды пайдалануының үнемділігін, нәтижелілігін және өнімділігін тексеру мен бағалау.

Мемлекеттік қаржылық бақылау тексерілетін мәселелердің арнауы мен келеміне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

• кешендік бақылау, мұнда жаппай әдіспен бақылау объек-; тінің белгіленген уақыт мезгіліндегі барлық іс-әрекеті тек-

серіледі және бағаланады;

• тақырыптық бақылау, мұнда жаппай әдіспен бақылау объектінің белгіленген уақыт мезгіліндегі әрбір мәселелері бойынша іс-өрекеті тексеріледі және бағаланады;

• қарама-қарсылық бақылау, мұпда операциялар бірлігімен өзара байланысты құжаттар салыстыру негізінде үшінші тұлғалардың тексеріліп жатқан мәселе шегіндегі бақылау объектісінің өңкей ара қатынастары тексеріледі және баға-ланады.

Бақылаудың критерийлар бойынпіа жіктелген келесі форма-

лары анықталады:

• жүргізу регламенті бойынша - сыртқы (міндетті), ішкі (ын-

талы);

• жүргізу уақыты бойынша - алдын ала, ағымдағы (оператив-

тік), кейінгі;

• .бақылау субъектілері бойынша - президенттік, биліктің

өкілдік органдарын, биліктің атқарушы органдарын, қаржы органдарын, ведомстволық, ішкі фирмалық, аудиторлық;

• бақылау объектілері бойынша - бюджеттік, салықтық, ва-люталық, несиелік, сақтандырушылық, инвестициялық, ке-дендік, ақша массасын бақылау.

Бақылау объектілерінің қаржылық әрекеттерін ыртқы (мін-детті) бақылау заңнамаға сәйкес іске асырылады, ал ішкі (ынта-лы) бақылау заңмен реттелмейді, бірақ қаржыларды басқарудың қажетті механизмі болып табылады. Бгоджеттік кодекс бойын-ша сыртқы бақылау ретінде Есеп комитеті мен маслихаттардың ревизиялық комиссияларының іске асыратын мемлекеттік қар-жылық бақылау, ал ішкі бақылау болып орталық уәкілетті орган мен жергілікті тиісті органдардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының ішкі бақылау қызметтерімен іске асырылатын мем-лекеттік қаржылық бақылау табылады.

Бақылаудың алдын ала формасы бюджеттік құралдар арқылы ұсталатын мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ субсидиялар, несиелер, Үкіметтің кепілін алушылардың рсспубликалық және жергілікті бюджеттер құралдарын пайдалану жобаларын жасау мен қарау сатыларында іске асырылады.

Бақылаудың ағымдағы формасы бақылау объектілердің бюд-жеттен бөлінген құралдарды пайдалану бойынша қаржы операци-яларын жүргізу сатысында қолданылады. Бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджет құралдарын өз уақытында, мақсатты және тиімді пайдалануын, сондай-ақ пайд алану жөніндегі есептер сенімділігінің кейінгі бақылауы осы құралдармен қаржы операциялар жүргізу қорьггындысы бойынша іске асырылады.

Қаржылық бақылау әр түрлі әдістер пайдалану арқылы жүр-гізіледі. Солардың ішіндегі ең көп тараған әдістің бірі - ол ревизия, тексеріс, қайта қарау аіты әдіс, яғни бақылау объектісінің қаржы-шаруашылық әрекетін толық тексеру. Ревизия жүргізу процесінің мақсаты - бақылау объектісінің қаржылық іс-әрекеттінің заңдылығын, дүрыстығын, мақсаттылығын және соның нәтиже-сінің тиімділігін дәлелдеу.

Тексерілетін мәселелердің мақсаты мен келеміне байланыс-ты ревизиялар жоспарлы және жоспарлы емес, толық және бірен-сарандаған, кешенді және тақырыптық түрлерде болуы мүмкін. Ре-визияларды негізінде мемлекеттік бақылаушы органдар жүргізеді, бірақ оны ведомстволық ішкі бақылаушы қызметтер мен мемле-кеттік емес бақылаушы органдар жүргізуі мүмкін.

Деректі және камералді тексеру әдісі бақылау объектісі үсынған есептік құжаттарды оқып-білу негізінде қаржылық іс-әрекеттің жеке мәселелерін қарастыру мен соның нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылдауға қолданылады. Бақылау әдісі ретінде сондай-ақ бақылау объектісі-нің қаржылық жағдайын талдау әдістері де пайдаланады. Бұл арада қаржылық және бухгалтерлік есептілік мәліметтерін талдай отырып, бақылау объектісі қаржылық әрекетінің нәтижелері, мен-шікті капиталмен қамтамасыз ету мен оны тиімді пайдалануына баға беріледі.

Бақылау объектісінің қаржылық жағдайын анықтау мен оның даму бағыттарына баға беру үшін бірсыпыра қаржылық және экономикалық көрсеткіштер арқылы жүргізілетін тексері-лу әдісі пайдаланады. Тағы бір бақылаудың әдісі - қадағалау атты әдісті бақылаушы органдар қаржылық әрекеттің белгілі бір түрін іске асыру үшін лицензия алған бақылау объектінің сол іс-әрекеті тағайындалған тәртіптер мен нормативтерге сәйкестігін тексеру мақсатпен пайдаланады. Бақылау объектілердің бюджет құралдарын пайдалаігу мен олардың қаржылық жағдайларына тұрақты бақылау мониторинг әдісін қолдану арқылы іске асырылады.

Ел Президенті мен Парламенті жағынан мемлекеттік қаржы-лық бақылау қаржылық іс-әрекетке жататын завдар қабылдағанда, республикалық бюджет жобасын қарау мен бекітуде және оны атқару жөніндегі есепті бекітуде іске асырылады. Республикалық деңгейде қаржылық бақылауды өкілдік биліктің тиісті құры-лымдары - Сенат пен Мән<ілістің комитеттері мен комиссиялары, ал жергілікті деңгейде - маслихаттардың тиісті ревизиялық ко-миссиялары жүргізеді.

Мемлекеттік бақылаушы органдардың іс-әрекеттерінің тиім-ділігін қамтамасыз ету мақсатпен республикада республикалық және жергілікті бюджеттерді атқаруын бақылау жүйесінің Даму тұжырымдамасы қабылданған. Түжырымдаманы қабылдау республикалық және жергілікті бюджеттерді атқаруын бақылау түсінігін халықаралық талаптарға сәйкес анықтаудың объектив-тік қажеттілігі, нормативтік құқықтық актілерді жасау мен бекіту, құқықтық актілердің әрекеттеріне байланысты объектілер мен са-лаларды белу мәселелерімен дәйектеледі.

Тұжырымдама келесі негізгі мақсаттарды шешуге бағыттал-ған:

• республикалық және жергілікті бюджеттерді атқарудың бақылау жүйесінің әрі қарай дамуы, оның нормативтік ба-засын қалыптастыруына мемлекеттік реттеуді тағайындау, ең алдымен халықаралық нормаларға сәйкес бақылаудың негізгі принциптері мен стандарттарын және жалпы әдістемелік жұмысты ұйымдастыру,

• республикалық және жергілікті бюджеттерді атқарудың бақылау жүйесін жетілдіру арқылы мемлекеттік меншіктегі мүліктерді тиімді пайдалану мен экономика саласындағы құқықты бүзумен күресу үшін алдын ала шаралар қа-былдау;

• республикалық және жергілікті бгоджеттерді атқаруды бақылаудың ақпараттық жүйесін жетілдіру мен бірыңғай әдістемелік база құру;

• республикалық және жергілікті бюджеттерді атқарудың бақылау жүйесін іске асырудағы мемлекеттік органдар-дың уәкілеттілігін айқын бөлу және қосарланушылықты жою;

• республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару жөнін-дегі барлық мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің ашықтығы мен барлық салық төлеушілер мен жүртшы-лыққа кең жариялылықты қамтамасыз ету;

• республикалық және жергілікті бюджеттерді атқарудың бақылау жүйесін ресурстық қамтамасыз етуін сапалы және сандық жетілдіру.

Бұл Түжырымдама бақылаулық іс-әрекеттің жаңа түрін, яғни Есеп комитетінің эксперті-аналитикалық жұмысын енгізуді қарастырады. Мұндай жүмыс есепті-аналитикалық тексерудің бірнеше түрінен қалыптасады, оның ішінде бюджеті атқару про-цесінде қабылданатын шешімдердің дәйектілігін, бюджет ре-сурстарын тиімді пайдалануын және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің қаржылық ахуалын талдау.

Есеп комитеті, Үкімет сенім берген органдар мен тиісті маслихаттардың ревизиялық комиссиялары ресііубликалық және жергілікті бюджеттер атқаруына сыртқы бақылауды іске асыра-тын мемлекеттік органдар.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы 1996 жы-лы ҚР Конституциясына сәйкес тұрақты әрекеттегі және тіке-лей Президентке бағынатын мемлекеттік орган ретінде құрылған республикалық бюджеті атқаруын бақылау жөніндегі Есеп ко-митеті болын табылады. Бұл комитеттің іс-әрекеті сыртқы ба-қылауды жүргізудің тәртібін тағайындау мен мемлекеттік қар-жыльіқ бақылау стандарттарын жасау, бекіту және оларды сақ-тауын бақылауды іске асыруға бағытталады.

Бекітілген Ережеге сәйкес Есеп комитеті белгіленген тәр-тіппен алынған ақпарат пен жүргізілген тексеріс шараларды тал-дау негізінде комитеттің жүмысы жөнінде тоқсан сайын Прези-дентке ақпарат үсынады, сондай-ақ Парламентке жылдық есеп береді. Бұл есеп өзінің мазмұны мен сипаты бойынша Үкіметтің республикалық бюджеті атқару женіндегі есебіне түжырым бола-ды, сондықтан Есеп комитетінің жылдық есебі Парламенттің бірге отырысында бекітіледі.

Есеп комитетінің негізгі мақсаты - ол республикалық және тетенше мемлекеттік бюджеттерді атқару мен қабылданған шешімдерді орындауын бақылауды іске асыру. Бюджеттік ко-декс ережелеріне сәйкес Есеп комитетінің құзыретіне мыналар кіреді:

• республикалық бюджетті атқару маңында сыртқы бақылау жүргізу тәртібін тағайындау;

• ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірге мемлекеттік қаржылык бақылаудың стандарттарын жасау, бекіту және оларды сақтауды іске асыру;

• республикалық бюджеті атқару жөніндегі заңдар мен басқа да нормативтік актілерді орындауына бақылау;

• бюджетке құралдардың толық түсуі^мен олардың пайда-лануының заңдылығын бақылау;

• мемлекеттік бағдарламаларды орындауға бөлінген кұрал-дардың мақсатты жұмсауын тексеру;

• төтенше мемлекеттік бюджетті атқарудың бақылауын іске асыру;

• бақылау шараларының нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің атқаруына бақылауды іске асыру;

• заңнамаларға сәйкес басқа да уәкілдіктерді іске асыру. Есеп комитетінің қаулы түрде ұсынатын шешімдері мен та-

лаптары барлық мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және лауа-зымды тұлғаларға міндетті.

Есеп комитетінің тағы бір маңызды мақсаты - ол бюджеггік іс-әрекетке сыртқы және ішкі аудитті іске асыру. Сондықтан бұл комитеттің функциясына сыртқы бюдокеттік аудитті жүргізудің нақты әдістерін және мемлекеттік мекемелердің ішкі аудитінің әдістерін анықтау кіреді. Бұл арада аудитің әр түрлі әдістері мен түрлері пайдалануы мүмкін, мысалы, әрекеттегі нормативтік ере-желерді сақтауын анықтау мақсатпен ішкі тексеруді немесе мем-лекеттік шығыстардың тиімділігін жалпы бағалау мен оларды оңтайландыру жөнінде үсыныстар жасау үшін сыртқы тексеруді пайдалану.

Есеп комитеті мен маслихаттардың ревизиялық комиссияла-ры салық және басқа мемлекеттік органдардың республикалық және жергілікті бюджеттерге заңнамалармен қарастырылған түсімдерді толық және өз уақытында түсуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттерін бақылайды. Бұл арада тексеру мен талдау пәні болып тек қаржылық есептіліктер мәліметтері қана емес, сонымен қоса есептіліктің басқа да тиісті түрлері табыла-ды, себебі олай болмаса республикалық және жергілікті бюд-жеттер құралдарын мақсатты және тиімді пайдалануын бағалау мүмкін емес.

Есеп комитеті мен маслихаттардың ревизиялық комиссиялары тексеруді бақылау объектісінің құралдары арқылы емес, бюджет құралдары арқылы жүргізеді. Сондықтан бұл органдардың тексе-

руі объективті, дәйекті, кешенді және жүйелі сипатта болады. Не-гізінде Есеп комитеті мен ревизиялық комиссиялар өздерінің не-гізгі мақсаты мен функцияларын тексеру мен талдау барысында, оның ішінде ұлттық компаниялар мен мемлекеттік капитал үлесі бар басқа шаруашылық субъектілері бойынша аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар жасаған аудиторлық түжырымдар негізінде іске асырады.

Ішкі бақылауды бюджеттік кодекске сәйкес ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен ішкі бақылау қызметтері жүргізеді. Үкімет тағайындаған уәкілетті мемлекеттік орган республикалық бюджет құралдарын пайдалануына ішкі бақылау мен жергілікті бюджеттерді атқаруға сыртқы бақылауды іске асы-рады. Әкімшіліктер тағайындаған мемлекеттік орган жергілікті бюджеттердің құралдарын пайдалануына ішкі бақылауды іске асырады.

Мемлекеттік органдар мен мекемелердің ішкі бақылауы іш-кі әкімшіліктік бақылаудың бөлігі ретінде саналады. Орталық уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттер құ-ралдарын пайдалануының ревизиялары мен тексерулерін жүр-гізудің тәртібі мен мезгілін белгілейді.

ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекет-тік сатып алу Комитеті ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган болады. Ол ез құзыреті шегі бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерді атқаруына байланысты бақылауды іске асырады. Бұл Комитет облыстар мен Астана және Алма-ты қалаларындағы аумақтық бөлімдерімен бірге қаржылық бақылаудың бірыңғай жүйесін құрады.

Комитет ұйымдастырушы-құқықтық формада зақды тұлға реінде болады және өз іс-әрекетін заңнамалы-нормативтік ак-

тілерге сәйкес атқарады. Комитетке қойылған мақсаттарға сәйкес келесі функциялар жүктелген:

• мемлекеттік қаржылық бақылау объектілердің іс-әре-кеттері заңнамаларға сәйкестігінің ішкі бақылауын іске асырады;

• республикалық бюджетті атқаруды бақылау аумағындағы орталык мемлекеттік органдарының ішкі бақылау қызмет-терінің әрекеттерін үйлестіреді;

• орталық мемлекеттік органдардың жүргізетін бақылаудың тиімділігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді;

• Есеп комитеті мен маслихаттардың ревизиялық комиссия-ларына бақылау жүргізу бойынша тиісті актілерді және тиісті бюджеттерді атқаруын бақылау жөнінде жоспарлар-ды бағыттайды;

• республикалық және жергілікті бюджеттердің күралдарын мақсаттсыз және тиімсіз пайдалануын анықтап жібермеу үшін және басқа мемлекеттік қаржы ресурстарын заңсыз пайдалануына қарсы шаралар қолданады;

• республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару бойын-ша бақылау аумағындағы кадрлерді қайта дайындау мен біліктіліктерін жоғарлатуды ұйымдастырады;

• заңнамалармен жүктелген басқа да функцияларды атқа-рады.

Комитет өз функциялары мен мақсаттарын орындау үшін ке-лесі бақылауларды іске асыруға құқы бар:

• республикалық және жергілікті бюджеттер құралдары ар-қылы үсталатын мемлекеттік мекемелердің бюджеттік заң~ наманың талаптарын сақтауын;

• республикалық бюджетке бюджеттік заңнамамен қарас-тырылған барлық кірістердің толық және өз уақытында түсуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың іс~ әрекеттерін;

• өз құзыретіне кіретін мәселелер аумағында республикалық мемлекеттік мүліктерді сатып алу, сату жөне жалға беру келісімдер бойынша міндеттемелерді атқаруын;

• республикалық бюджеттен берілген құралдарды, оның ішін-де несиелер мен мемлекеттің кепіліндегі заемдарды мақ-сатты пайдалануын;

• республикалық бюджет құралдарын, оның ішінде мем-лекеттік тапсырыс бойынша республикалық бюджеггік бағдарламалар әкімшіліктері алғандардын тиімді пайдала-нуын;

• республикалық бюджет құралдары арқылы үсталатын мем-лекеттік мекемелердің қаржылық есептіліктерін.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі бюджеттік заңнаманың талаптарын бүзу себептері мен бекітіл-ген республикалық бюджеттік бағдарламалардың экономикалық тиімділігі мен қажеттілігіне Комитеттің баға беруге күқы бар.

Сондай-ақ Комитеттің бақылау объектілері мен ішкі бақылау кызметтерінен белгілеген уақытта қажетті құжаттар, анықтамалар, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқаруына бақылау жүргізумен байланысты мәселелер бойынша ауызша немесе жаз-баша түсініктемелер, жоспарлар, есептер жөне басқа да қажетті ақпараттар сүрауға және алуға құқы бар.

Комитет өз отырыстарында республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару бойынша анықталған бүзу фактілері жөнінде бақылау объектісінің л ауазымды тұлғаларын тынд ауға, бюджеттер-ді атқаруын тексеруге тиісті мамандарды қатыстыруға және бюд-жеттерді атқару мәселелерімен байланысты барлық құжаттармен танысуға құқы бар.

Сонымен катар, Комитеттің уәкілеттілігіне нормативтік құ-қықтық базаны және бақылау жүргізу әдістемелерді жетілдіру мәселелері бойынша шаралар жасау, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттері берілген мемлекеттік органдарға сол қоғамдардың ревизиялық комиссиялары құрамына мемлекет-тік бақылау органдарының қызметкерлерін енгізуді үсыну кіреді.

Комитеттің тексеріс нәтижелері бойынша актілер құруға және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұйымдар мен мекемелердің лауазымды тұлғалары міндетті түрде атқару үшін жазба бұйрықтарды бағыттауға, ал оларды құқық қорғау ор-гандарға берген жағдайда бақылау объектісі бойынша барлық құжаттарды қоса беруге құқы бар.