
- •«Мемлекеттік бюджет» пәні бойынша лекциялар жинағы
- •2. Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде
- •3. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, олардың әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •1. Экономиканы басқару ретіндегі мемлекеттік бюджеттің рөлі мен мәні
- •3. Бюджеттің жалпымемлекеттік бақылау қуралы ретіндегі ролі мен мэні
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджеттік жүйенің түсінігі және экоиомикалық мазмұны. Бюджет түрлері мен деңгейі
- •Әдебиеттер:
- •1. Республикалық бюджеттің мазмұны мен мәні және оның кірістері мен шығыстарының қурылымы
- •2. Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындар құрылымының ерекшеліктері
- •3. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының тұжырымдамасы және аймақтық бюджетаралық теңестірудің механизмі
- •Әдебиеттер:
- •Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні және қурамы. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Бюджетаралық қатынастарды реттеуді мемлекеттік басқару түсінігі және құрылымы
- •2. Бюджетаралық қатынастар аумағындағы мемлекеттік басқару органдарының сипаттамасы
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджет түсімдері және олардың көздері
- •2. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мэні
- •3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- •2. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мэні
- •3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- •Әдебиеттер:
- •Салық түсімдерін болжау. Салықтүсімдері контингентінің есеп әдісінің сипаттамасы
- •2. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау
- •3. Халықаралық сауда және сыртқы операциялар бойынша салық түсімдерін болжау
- •2. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау
- •Әдебиеттер:
- •Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжау
- •2. Ерте берілген несиелерді өтеу мен мемлекеттік кепілі бар және үкіметтің кепілінде төленген талаптардан түсетін түсімдерді болжау
- •2. Ерте берілген несиелерді өтеу мен мемлекеттік кепілі бар және үкіметтің кепілінде төленген талаптардан түсетін түсімдерді болжау
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны мен жүйесі. Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері
- •2. Бюджет шығыстарыныц лимитін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар экімшіліктерінің бюджеттік отініш қңзуы және оларды қарау
- •3. Бюджет шығыстарын қайта қурылымындаудың негізгі бағыттары
- •2. Бюджет шығыстарыныц лимитін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар экімшіліктерінің бюджеттік отініш қңзуы және оларды қарау
- •3. Бюджет шығыстарын қайта қурылымындаудың негізгі бағыттары
- •Әдебиеттер:
- •1. Заңнама органдар мен қаржылық және фискалдық қызметті устауға байланысты бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •2. Фундаменталдық ғылыми-зерттеу мен сыртқы саясаттық іс-эрекетке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •3. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді бюджеттен қаражаттандыру жәие оларды пайдалауын бақылау
- •2. Фундаменталдық ғылыми-зерттеу мен сыртқы саясаттық іс-эрекетке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •3. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді бюджеттен қаражаттандыру жәие оларды пайдалауын бақылау
- •Әдебиеттер:
- •3. Мемлекеттік сот жүйесін реформалау және әскери реформанын негізгі бағыттары
- •3. Мемлекеттік сот жүйесін реформалау және әскери реформанын негізгі бағыттары
- •Әдебиеттер:
- •2. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері
- •3. Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі
- •4. Мемлекет қызметкерлері емес мемлекеттік мекемелер жүмыскерлершіц еңбекақы жүйесі. Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге еңбекақы толеу ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •1. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері. Медициналық мекемелердің қызметін жоспарлау және қаржыландыру
- •2. Халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жэрдем көрсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері
- •3. Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жумыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •2. Халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жэрдем көрсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері
- •3. Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жумыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •Көмекке арналған бюджет шығыстары
- •2. Қазақстан Республикасының азаматтарын элеуметтік қорғау. Мемлекеттік элеуметтік жәрдемақылар. Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар. Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар
- •3. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
- •4. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығындары және олардың қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды жергілікті бюджеттерде қалыптастыру ерекшеліктері
- •2. Тұрғын үй құрылысы және оның дамуы
- •2. Тұрғын үй құрылысы және оның дамуы
- •Әдебиеттер:
- •1. Ақпарат кеңістігі, спорт, туризм, мәдениет салаларындағы шаралар қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •2. Осы аумақтағы мекемелер іс-эрекетін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қалыптастыру
- •2. Осы аумақтағы мекемелер іс-эрекетін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қалыптастыру
- •Әдебиеттер:
- •1. Өнеркәсіп, қурылыс және жер қойнауын пайдалануға арналғаи шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •2 Аумақтағы инвестициялық жобалар мен оларды бюджет арқылы қаржыландыру механизмдері
- •2 Аумақтағы инвестициялық жобалар мен оларды бюджет арқылы қаржыландыру механизмдері
- •Әдебиеттер:
- •1. Көлік және коммуникацияның дамуын қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •Әдебиеттер:
- •1. Ауыл шаруашылығына арналған шығыстарды қалыптастыру және осы аймақты қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •2. Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстарды қалыптастыру
- •2. Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстарды қалыптастыру
- •Әдебиеттер:
- •2. Бірыңғай қазынашылық шот. Мемлекеттік мекемелер шоттары
- •2. Бірыңғай қазынашылық шот. Мемлекеттік мекемелер шоттары
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері. Бюджеттің профициті және оны пайдалану бағыттары
- •2. Қарыз алу саясаты мен механизмі. Үкіметтің борышы мен жергілікті атқарушы органдардың борыштарына сипаттама және оларды өтеуге арналған шығыстар
- •3. Мемлекеттік борышты басқару және мемлекеттің қунды қағаздар нарығындағы саясаты
- •2. Қарыз алу саясаты мен механизмі. Үкіметтің борышы мен жергілікті атқарушы органдардың борыштарына сипаттама және оларды өтеуге арналған шығыстар
- •3. Мемлекеттік борышты басқару және мемлекеттің қунды қағаздар нарығындағы саясаты
- •Әдебиеттер:
- •1. Республикалық бюджет жобасын қарау және бекіту тәртібі
- •2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі
- •2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі
2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.
3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.
4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.
27-тақырып Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың рөлі
Бюджетті атқарудағы қазынашылықтың рөлі және қазынашылық атқарудың негізгі принциптері
2. Қазынашылықтың негізгі құқықтары, функциялары, мақсаттары, оның қурылымы және аумақтық органдары
3. Бюджетті қазынашылық атқарудың негізгі процедуралары мен технологиясы
4, Қазынашылық рұқсат беру меи кірістерді бірыңғай қазынашылық шотқа апарудың тэртібі
5. Бюджетті қазынашылық атқарудағы телекоммуникациялық компьютерлік
жүйе. Қазынашылықты жаңғырту және оның негізгі элементтері
Республикамызда бюджетті қазынашылық атқаруды енгіз-генше мемлекеттік бюджеттің атқаруын Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк іске асыратын. ¥лттық банктің есеп айыру-кассалық орталықтары бюджет құралдары арқылы қаржыландырылатын ұйымдарға қызмет көрсететін, ал Қаржы министрлігі Ұлттық банк ұсынатын ақпараттар негізінде есептілікті қалыптастыру. Нарықтық экономикаға өту барысында мемлекеттік қаржыларды тиімді басқару қажеттілігі бюджетті атқару жөнінде бірыңғай ор-ган құруды талап етті. Сондықтан, 1994 жылы ҚР Президенттінің Жарлығы негізінде республикалық бюджетті атқару мен жергілікті бюджеттерге есеп айыру-кассалық қызмет көрсету мақсаттарымен қазынашылық жүйе құрылды. 1995 жылы облыстар мен аудан-дарда оның аумақтық органдары ұйымдастырылды. Сол жылдың соңында Қаржы министрлігінің құрамында Қазынашылық коми-тет ұйымдастырылды.
1996 жылы Ұлттық банктің есеп айыру-кассалық орталық-тарының базасында Республикалык Бюджеттік Банк құрылын, сол арқылы республикалық бюджетті атқару мен жергілікті бюджеттерге есеп айыру-кассалық қызмет көрсету толығымен Қазынашылыққа ауысты. Сол жылы ¥лттық банкте республикалық
бюджет үшін Бірыңғай қазыналық шот пен екінші деңгейдегі бан-ктерде қазынашылықтың аумақтық органдарының корреспондент-тік шоттары ашылды. Осы шоттар арқылы қазынашылық органдар бюджетті атқару жөніндегі банктік операциялар мен қолма-қол ақша төлеумен байланысты операцияларды жүргізу бойынша өз өкілдіктерін іске асырады.
Қазынашылық іс-әрекеттің негізгі мазмұны қаржы жыл бойы бекітілген кірістер алу мен қарастырылған шығыстарды іске асы-ру процестері түсінілетін бюджетті атқару барысында көрінеді. Осы іс-әрекеттің маңызды құрылымдық элементі болып, негізінде кассаның бірлестік принципі жатқан, бюджетті кассалық атқару табылады. Бұл принциптің мағынасы барлық бюджеттік құралдар ¥лттық банктегі бірыңғай қазынашылық шотқа түсіп, сол шоттан барлық шығыстар орындалуын түжырымдайды.
Демек, бюджеті қазынашылық атқару жүйесі сол атқару процесінде пайда болатын ақша құралдарының кірістік және шығыстық ағымдарын бір шотта шоғырландыруға мүмкіншілік жасайды.
Қазынашылықтың негізгі құқықтары, функциялары, мақсаттары, оның қурылымы және аумақтық органдары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашы-лық комитеті сол министрліктің құрылымы мен құзыреті шегін-дегі ведомство болады және ол арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларды іске асыруға талап етіледі. Бұл орган республикалық бюджетті атқаруын күту, мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік мекемелерді есеп айыру-кассалық күту және мем-лекеттік бюджет құралдарын мақсатты пайдалануын алдын ала және ағымдағы бақылау бойынша салалар аралық үйлестіруді атқарады.
Өз іс-әрекетінде Қазынашылық ҚР Конституциясына, ҚР Заңдарына, ҚР Президентінің Жарлықтарына, ҚР Үкіметінің Өкімдеріне және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге негіз-деледі. Қазынашылық мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтың формадағы заңды тұлға болады және оның іс-әрекетін қаржыландыру тек қана республикалық бюджет құралдары арқылы іске асырылады.
Қазынашылықтың негізгі мақсаттары:
• республикалық бюджеті кассалық атқаруды ұйымд астыруын өрістету және бақылау;
• мемлекеттік бюджеті есеп айыру-кассалық құтуін өрістету, оның ішінде ақылы қызмет көрсетуден, депозиттік сома-лардан және демеушілік пен қайырымдылық жәрдемнен түскен құралдар бойынша шоггарды;
• бюджет жүйесіндегі бухгалтерлік есеп пен есеп беруді және қазынашылық органдар жүйесіндегі ішкі аудитті дамыту мен жетілдіруге қатынасу;
• республикалық және өз құзыреті шегінде жергілікті бюд-жеттердің құралдарын тиімді және мақсатты пайдалануды бақылауын қамтамасыз ету;
• қазынашылықтың мемлекеттік ақпараттык жүйесінің іс-әре-кетін қамтамасыз ету.
Қазынашылық белгіленген тәртіп бойынша келесі фунісция-ларды орындайды:
• мемлекеттік бюджеттің атқарылуын күту;
• кезекті қаржы жылғы бюджеттік арнауларға сәйкес рес-публикалық бюджет шығыстарын қаржыландыру;
• республикалық бюджеттің қолма-қол ағымдарын болжам-
дау;
• мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарының есебін қамтамасыз ету;
• республикалық және жергілікті бюджеттер арасында мем-лекеттік салықтар мен төлемдерді белуін қамтамасыз ету және оларды әр деңгейдегі бюджеттер бойынша есепке қосу;
• мемлекеттік мекемелер тапсырысы бойынша ақша аудару мен олар үсынатын құжаттарға бақылауды іске асыру;
• мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі сыртқы за-емдарды өтеу мен күту байланысты ақша аударуын іске асыру;
• екінші деңгейдегі банктер мен лицензиялары бар басқа мекемелер арқылы мемлекеттік мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
• республикалық бюджеті атқару жөнінде бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жүргізу мен іске асырудің тәртібін дайын-дау және жергілікті бюджеттерді кассалық атқару жөнінде Қаржы министрлік пен жергілікті атқарушы органдарға ақпарат үсыну;
• бағдарламалар, ішкі бағдарламалар мен ерекшеліктер бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкім-шілік-мекемелеріне бөлінген лимиттері мен өндірілген кассалық шығыстар жөнінде ай сайын ақпарат үсыну;
• ¥лттық банктегі Қазынашылықтың тиісті банктік шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияла-рын тіркеу, жүргізу және бақылау;
• бюджет жүйесіндегі бухгалтерлік есеп пен есеп берудің және қазынашылық органдар жүйесіндегі ішкі аудиттің тәртібін дайындау және бекіту;
• халықаралық келісімшарттар, өзара шарттар мен келісілім-дер дайындауға қатынасу;
• банктік салымдар мен құнды қағаздарға орналастыру ар-қылы кіріс алу мақсатпен қазынашылықтың шоттары бойынша ағымдағы қалдықтарын басқару;
• мемлекеттік мекемелердің бюджеттік ақшалар арқылы жа-салған азаматты-құқықтық келістерін тіркеуді іске асыру;
• асыл металдар нарығының ахуалын талдау және олармен ішкі және сыртқы нарықта операциялар жүргізу;
• республикалық және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің құралдарын мақсатты пайдалануға алдын ала және ағымдағы бақылауды іске асыру;
• республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару нәти-жесі жөніндегі ақпарат дайындауға қатынасу;
• республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістік жә-не шығыстық шоттарының ахуалы жөнінде күн сайынғы ақпарат дайындау;
• республикалық бюджеті атқару жөніндегі оперативтік, айлық, тоқсандық және жылдық есеп беруді дайындау;
• мемлекеттік құралдарды мақсатты және тиімді пайдалану мен қаржылық тәртіпті сақтаға бағытталған үсыныстар жа-сау;
• қазынашылықтың аумақтық органдар жұмысының тә-жірибесін талдау және қорытындау, оны жетілдіру жө-нінде ұсыныстар жасау, олардың іс-әрекетіне тексе-ру, анықталған кемшіліктерін жою жөнінде шаралар қабылдау;
• шетелдік қазынашылықтардың ұйымдастыруы мен іс-әре-кеттерінің тәжірибелерін оқу және оны пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
• қазынашылық пен оның аумақтық органдар қызметкер-лерінің біліктіліктерін жоғарлатуын ұйымдастыруға қаты-насу;
• заңнамалармен рұқсатталған басқа да функцияларды ат-қару.
Негізгі мақсаттарын іске асыру мен өзінің функцияларын орындау үшін қазынашылық заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша келесі құқықтары бар:
• бюджеттік ақша алатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіп-орындардан республикалық және жергілікті бюджеттер атқаруын ұйымдастыру үшін қажетті ақпараттар мен мә-ліметтер алуға;
• бюджеттік ақша алатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіп-орындардан қажетті болған жағдайларда бухгалтерлік есеп-тілікті сұрауға;
• бірынғай қазынашылық шот пен ¥лттық және шетел валю-таларында банктік шоттары болуға;
• қазынашылық органдар шоттарындағы ағымдағы қалдық-тарды тиімді орналастыру арқылы оларға басқаруды іске асыруға;
• республикалық бюджет шығыстарын қаржыландыруды іске асыруға;
• қазынашылықтың іс-әрекеті мен оның мақсаттарын орын-дауды ұйымдастыруға байланысты нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру женінде ұсыныстар енгізуге;
• мемлекеттік қаржы болжамдарын қалыптастыруға;
• республикалық бюджеті атқару жөнінде есеп беруді және жергілікті бюджеттерді атқару жөнінде ақпарат жасауға;
• ұсынылған есептілікке сәйкес бекітілген сомадан тыс құралдарды жұмсау бойынша мемлекеттік мекемелер қабылдаған міндеттемелеріне ағымдағы бақылауды іске асыруға;
• мемлекеттік қаржы құралдарын мақсатты пайдалануына ал-дын ала және ағымдағы бақылауды іске асыруға;
• мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жөніндегі заң-наманы сақтау бойынша ағымдағы бақылауды іске асы-руға;
• қаржылық есептіліктегі мемлекеттік мекемелер бұзушылық-тарын әшкерелеу арқылы әкімшіліктік құқықты бұзу жө-нінде хаттамалар жасауға және оларды қарауға қаржылық бақылау органдарына бағыттауға;
• қаржылық бақылау органдарының ұсыныстары бойынша мемлекеттік мекемелердің заңсыз пайдаланған ақшаларын талассыз тәртіппен бюджетке төлетуді өндіруге;
• бюджеттік құралдарды мақсатты емес пайдалану жағдайда қазынашылық төлем операцияларын атқаруды тоқтатуға, ақша жүмсауға тыйым салуға;
• бюджет жүйесінің бухгалтерлік есебі мен есептік және қазынашылық органдардың ішкі аудиті бойынша басшылықты іске асыруға;
• қазынашылық органдар мамандарын қайта даярлау жұмыс-тарын ұйымдастыруына қатынасуға;
• тұрақты әрекеттегі әдістемелік кеңес және уақытшалық жұмыс топтарын құруға;
• өз құзыреті шамасында нормативтік құқықтық актілер қабылдау мен оларды атқаруын бақылауға,
• мемлекеттік бюджет құралдары және тек қана соның қатынасы арқылы Ұлттық және шетел валютасымен банк-тік операцияларды (оларды атқаруын үшінші тұлғалар беру құқықсыз) іске асыруға, яғни заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу мен жүргізу, депозиттар қабылдау, ауыстырмалық операциялар (заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару бойынша тапсырмаларын орындау), есеп-қисап операциялар (заңды және жеке тұлғалардың век-сельдері мен басқа борыштық міндеттемелерінің есебі), заемдық операциялар (ақшалай формада несиелер беру), заңды және жеке тұлғалар тапсырмалары бойынша есепте-мелерді және заңнамаларға сәйкес басқа да операциялар-ды іске асыру.
Бюджетті қазынашылық атқарудың негізгі процедуралары мен технологиясы
Әрекеттегі заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік орган-дардың өздерінің құзыреттері шамасында іске асырылатын және бекітілген республикалык. пен жергілікті бюджеттерді атқаруға бағытталған жүйелі әрекеттері бюджетті атқару жөніндегі қаржылық процедуралары болады. Бюджеттерді атқару кассалық негізде бірыңғай шоттар жоспары мен заңнамалық актілерге сәйкес ашылған бірыңғай қазынашылық шот, мемлекеттік мекеме шоттары мен басқа шоттар арқылы іске асырылады.
Тапшылықты қаржыландыру бойынша бюджетті атқару бюджет шығыстарының түсімдерінен нақты асырылу сомасын өтеу мен несиелеуді қамтамасыз ететін шараларды іске асыру-ды тұжырымдайды. Республикалық бюджет тапшылығын қар-жыландыру көздері ҚР Үкіметі анықтайды.
Үкімет пен жергілікті уәкілетті атқарушы органдардың бюд-жеттерді атқару жөніндегі актілерін бекіткеннен кейін екі апта ішінде Қаржы министрлігі мен жергілікті уәкілетті органдар қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрады және бекітеді. Маслихат тиісті қаржы жылдың жергілікті бюджетін бекіткен-ге дейін мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржы-ландыру жоспарлары жергілікті жылдық бюджет жобасының } бөлігі шамасында қалыптасады.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жиын-тық жоспарлары келесі шарттар негізінде қалыптасады:
• міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарлары бюджеттік бағдарламалар әкімші-ліктері Қаржы министрлігі мен жергілікті уәкілетті орган-дарға үсынған және бекітілген қаржыландыру жоспар-ларындағы сомаларға сәйкес болуы тиіс;
• бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша мін-деттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жиынтық жос-парлардың жылдық сомасы Үкімет пен жергілікті уәкілетті органдар бекіткен сомаларға сәйкес болуы тиіс;
• жоғары түрған бюджеттерден төменгі бюджеттерге бері-летін ресми трансферттер мен несиелердің жылдық сомала-рын ай сайынғы бөлуі төменгі деңгейде түрған мемлекеттік басқару үсыныстарына сәйкес болуы тиіс;
• төменгі түрған бюджеттерден жоғарыға берілетін ресми трансферттер мен* несиелер қайтару сомалары төменгі түрған бюджеттердің міндеттемелері мен төлемдерін қар-жыландыру жиынтық жоспарында сол көлемдері мен сол айларда, қайсылары жоғары түрған бюджеттер түсімдерінің жиынтық жоспарында көрсетілгендеріне сәйкес есептелуі тиіс;
• бюджет түсімдерінің жиынтық жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспары күтіліп отыр-ған ақша түсімдері көлемінің есебімен қоса жыл басынан үдемелі жинағымен жыл мен айлар бойы теңгерушілікте болуы тиіс.
Тиісті қаржы жылға республикалық# бюджетті бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде облыстар, Астана мен Алматы қала-ларының жергілікті атқарушы органдары Қаржы министрлікке республикалык бюджеттен берілетін ресми трансферттердің бекітіл-ген сомаларының ай сайынғы бөлу мен республикалық бюджетен бұрын берілген несиелер қайтару сомаларын тапсырады.
Облыстар бюджеттерін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аудандардың жергілікті уәкілетті органдары облыстардың уәкілетті органдарына облыс бюджеттерінен аудан бюджеттеріне берілетін ресми трансферттер сомаларының ай сайынғы бөлу со-маларын тапсырады.
Қаржы министрлігі мен облыстар, Астана мен Алматы қа-лалары жергілікті атқарушы органдары тиісті бюджеттерді бекіт-кеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде осы облыстар мей қала-лардың жергілікті уәкілетті органдарына республикалық бюджет жөніндегі заңда және маслихаттар шешімінде бекітілген көлемі шамасында бюджеттік алымдар сомаларының ай сайынғы бөлу сомаларын ұсынады.
Қол қойылып, мөрмен расталған қаржыландырудың жиынтық жоспарларын шығыстардың ведомстволық және экономикалық жіктеуі бойынша Қаржы министрлігі мен жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктеріне, ал олар ведостволық мемлекеттік мекемелеріне береді.
Жергілікті бюджет бойынша қаржыландырудың бекітілген жиынтық жоспарының бір данасын жергілікті уәкілетті орган оны бекіткеннен кейін екі жүмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық органына үсынады. Бұл құжатты уақытында тапсыруы-на жауапкершілікті болатын тиісті жергілікті уәкілетті орган бас-шысы.
Мемлекеттік мекеме қаржыландырудың жиынтық жоспар-ларын бекіткеннен кейін бес жүмыс күні ішінде сол мекеменің міндеттемелері мен төлемдерін қаржыландыру жоспарын бекітіл-ген, қол қойылған, мөрмен расталған түрде қазынашылықтың аумақтық органына тапсырады. Заңнамаларға сәйкес бұл құжаты уақытында тапсырмаған үшін жауапкершілік тиісті мемлекеттік мекеменің басшысына жүктеледі.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді тиісті қар-жы жылы анықтау мен атқару процесі барысында оларды қар-жыландырудың жиынтық жоспарына езгерістер енгізу ҚР заң-дарының, Президент жарлықтарының, ағымдағы жылда қабыл-данған Үкімет өкімдерінің, жергілікті өкімдік және атқарушы ор-гандар актілерінің және тағы басқа тиісті қаржы жылы қабылданған және сол жылғы бюджеттерге қатынасы бар номативтік құқықтық актілердің негізінде іске асырылады.
Қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуде келесі шарттарды сақтау қажет:
• тиісті қаржы жылғы өткен айлары үшін қаржыландырудың жиынтық жоспары, рүқсат ету мен кассалық шығындар со-маларына өзгерістер жібермеу;
• әрбір ай мен жалпы жыл бойы түсімдердің шығыстардан арттыруын немесе теңцігін сақтау;
• жоспарлы арнаулар, рүқсат ету мен кассалық шығындар со-малары арасындағы сәйкестікті сақтау;
• қабылданған, бірақ та орындалмаған міндеттемелерді есеп-теу;
• тындырымды құжаттарды есептеу.
Республикалық бюджетті атқару барысында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері рүқсат ету берілген бірақ та пайдаланбаған қалдықтарды қайта үлестіру бюджеттік бағдарлама әкімшілігінің анықтамасы негізінде мемлекеттік ме-кемелерге олардың бюджет құралдарын мақсатты пайдаланбаған үшін қолданатын санкцияяар есебімен жүзеге асырынады.
Экономикалық жіктеудің ерекшеліктері бойынша жоспарлық арнаулар мен рүқсат етулерді кішірейту жоспар мен қабылданған міндеттемелер сомаларының арасындағы айырмашылық шама-сында істелуі мүмкін. Экономикалық жіктеудің тиісті ерекшелік-тері бойынша жоспарлық арнауларды үлғайту оларды басқа ерек-шеліктер бойынша кішірейту арқылы бюджеттік бағдарламаның жылдық сомасы шамасында іске асыруы мүмкін.
Егерде ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджет жөніндегі заңға немесе жергілікті бюджет жөніндегі жергілікті екілдік органың шешіміне өзгерістер енгізу бюджеттік арнаулар-
ды, рұқсат ету мен солар арқылы істелген кассалық шығындарды бір бюджеттік бағдарламадан басқа бюджеттік бағдарламаға ауыс-тыруын талап етсе, онда мемлекеттік мекеменің сұранымы бойын-ша белгіленген заңнамалық тәртіппен келісімшарттардың қайта тіркеуі жүргізіледі.
Қазынашылық рұқсат беру меи кірістерді бірыңғай қазынашылық шотқа апарудың тэртібі
Қазынашылық рұқсат беру маңында бюджетті атқару жө-ніндегі уәкілетті органың бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне белгіленген тәртіппен белгіленген формада құжат беру болып та-былады. Бұл құжатта қабылдауға рұқсат берілетін міндеттемелер мөлшерін анықтайтын бюджеттік құралдардың көлемі көрсетіледі. Тиісті құжаты бюджеттік бағдарлама әкімшілігі ведомстволық мемлекеттік мекемеге береді. Бұл рұқсаттар ағымдағы жылдың желтоқсан айының 31 жұлдызына дейін әрекетте болады.
¥лттық банктің лицензиясы бар және салық төлеушілерге қызмет көрсететін ұйымдар ¥лттық валютамен қабылданған бюджет түсімдерін Бюджет, Салық кодекстері мен басқа заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес Бірыңғай қазынашылық шотқа, ал шетел валютасымен қабылданғандарды Қаржы министрлігінің валюталық шотына аударады. Мемлекет-тік мекемелер бюджет түсімдерінің ауыстырылуын электрондық төлем құжаттары негізінде Қаржы министрлігі белгілеген фор-ма немесе заңнамалық актілерге сәйкес белгіленген басқа фор-ма арқылы іске асырылады.
Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен облыс бюджеттері-нен республикалық бюджетке аударатын бюджеттік алымдардың күнделікті сомасын тиісті қаржы жылға республикалық бюджет жөніндегі заңда бекітілген мөлшері шамасында анықтайды. Жер-гілікті уәкілетті орган аудан бюджеттерінен облыс бюджетіне аударатын бюджеттік алымдар сомасын тиісті қаржы жылға тиісті
облыс бюджеті жөніндегі маслихаттың шешімінде бекітілген сома шамасында жеткізеді және күнделікті бюджеттік алымдар аудару женіндегі ақпаратты Қаржы министрлігінің аумақтық органына тапсырады.
Қаржы министрлігінің аумақтық органы белгілеген тәртіп бойынша тиісті облыс бюджетінен республикалық бюджет-ке бюджеттік алымдарды аударуға қаржылық рүқсат береді, ал жергілікті уәкілетті орган аудан бюджетінен тиісті облыс бюд-жетіне бюджеттік алымдарды аударуға қаржылық рүқсат бе-реді. Бұл органдар сонымен бірге бюджеттік алымдардың артық немесе кем төленген сомалары мен тиісті жергілікті бюджеттің тиісті бақылаулық шоттағы қалдықтарын анықтайды, күнделікті бюджеттік алымдарды аудару жөніндегі ақпаратты айқындап, анықтама қалыптастырады және оны тиісті жергілікті уәкілетті органға жеткізеді.
Бюджетті қазынашылық атқарудағы телекоммуникациялық компьютерлік
жүйе. Қазынашылықты жаңғырту және оның негізгі элементтері
1996 жылы қазынашылықты жаңғырту жоба бойынша даму және қайта құру Халықаралық банкі жабдықтар арқылы компьютерлік бағдарлама сатып алу үшін ақша қаражаттарын бөлініп, автоматталған қазынашылық жүйе құруының бірін-ші кезеңі басталған. Осы жобаны енгізу нәтижесінде бюджетті қазынашылық атқарудың телекоммуникациялық компьютерлік жүйесі құрылды.
Бұл жүйе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкте ашылған Бірыңғай қазынашылық шотка негізделеді. Осы шот арқылы бюд-жет түсімдері мен бюджет шығыстары бойынша операциялар және процедуралық шоттармен байланысты мемлекеттік мекемелердің
| ақылы қызмет көрсету мен басқа да әрекеттерінен түскен құралдар
1 арқылы жүргізілетін операциялар көрсетіледі.
Қазынашылық жүйе жұмысының фуңкционалдық сызба-сы Бюджеттік кодексте белгіленген бюджеті атқару сатыларына сәйкес және ол келесілерді құрайды:
1) Қаржы жылға бюджеттер бекітілген заңнамалық актілер-ді іске асыру жөніндегі құжаты қабылдау және бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту;
2) Бюджеті қаржыландырудың жиынтық жоспары мен бюд-жеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жоспарларын құру және бекіту;
3) Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері мен ведомстволық мемлекеттік мекемелерге рұқсат етуді беру;
4) Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы;
5) Төлемдерді өткізу;
6) Бюджеті атқару бойынша операциялардың есебі;
7) Бюджеттік бағдарламаларды бағалау.
Мәліметтерді бір ортаға топталған технологиялық жөндеу бойынша жүйенің функционалдылығы іске асырылады. Жүйеде осыған байланысты қазынашылықтың әр түрлі бөлімдерінде түрлі үлгілердің жүмыс істеуі қарастырылған. Сондықтан қазынашылық жүйе деңгейлері бойынша оның функционалдылығының бөлінуі келесідей болады:
1. Қазынашылықтың орталық деңгейінде мынадай модульдер өз функцияларын атқарады:
• бас кітап;
• бюджет түсімдерін басқару;
• рүқсат етуді беру;
• қолда бар ақшаны басқару;
• қазынашылық және төлемдік жүйелер арасындағы Интер-фейс;
• мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі борыш пен неси-елеу есебі;
2. Қазынашылықтың облыс деңгейінде келесі модульдер функ-цияларын атқарады:
• бюджет түсімдерін басқару;
• рүқсат етуді беру;
• міндеттемелерді басқару және бақылау;
• активтердің есебі;
• мемлекеттік борыш пен несиелеу есебі;
3. Қазынашылықтың аудан деңгейінде мынадай модульдер өз функцияларын атқарады:
• рүқсат етуді беру;
• міндеттемелерді басқару және бақылау;
• активтердің есебі;
• мемлекеттік борыш пен несиелеу есебі. Қазынашылық жүйенің функционалдылыгы келесі модульдер
сипаттамаларынын құрылады:
1. Орталық қазынашылықта жүргізілетін және онда бюджетті атқару бойынша барлық операциялар автоматтытүрде көрсетілетін бас кітап модулі. Оған кіреді:
а) келесі элементтерден түратын шот жоспарының құры-лымы:
• бюджеттің түрі — республикалық, облыстық, аудандық;
• мемлекеттік мекеменің коды - бюджеттік бағдарламаның коды және оның ведомстволық мекемесінің реттік нөмірі;
• мемлекеттік мекеменің мекен-жайы;
• қаржы жыл басындағы бюджеттік бағдарламалар мен ішкі бағдарламалардың коды;
ә) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жос-парларын жүргізу:
• жүйеде бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерін қаржы-ландыру жиынтық жоспарлары мен мемлекеттік мекемелер-дің міндеттемелері мен төлемдерін қаржыландыру жоспар-лары жүргізіледі. Олар қаржы жылының айлары бойынша ведомстволық және экономикалық жіктеу арқылы бекітіл-ген бюджеттер мен бюджеттік бағдарлама паспорттарына сәйкес қалыптасады. Жоспарларға ағымдағы жыл ішівде өзгерістер енгізу мүмкіншілігі бар. Міндеттемелер жоспар-лары бюджеттік бағдарламаларды берілген рүқсат ету ша-масында атқару бойынша мемлекеттік мекемелер міндет-темелер қабылдау үшін, ал төлемдерді қаржыландыру жос-парлары — қабылданған міндеттемелер бойынша төлемдер жүргізу үшін пайдаланады.
2. Бюджет түсімдерін басқару Модулще кіреді:
а) орталық қазынашылықта жүргізілетін республикалық бюд-жет пен облыс бюджеттер арасында бюджет түсімдерінің үлестіруі мен есебі;
б) облыс қазынашылығында жүргізілетін облыс пен аудан бюджеттері арасында түсімдердің үлестіруі мен есебі;
3. Қазынашылық және қаржылық рүқсат етулерді беру мо-дулі:
• ағымдағы айға қазынашылық пен жергілікті қаржы орган-дары бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бағдарлама паспорттары мен қаржыландырудың жиынтық жоспарла- ; рына сәйкес тауарлар, жүмыстар, қызметтер алу бойынша міндеттемелер қабылдау үшін оларға рүқсат ету беріледі. Әкімшіліктер рүқсат ету сомаларын ведомстволық мемле-кеттік мекемелерге үлестіреді. Рүқсат етулер мемлекеттік мекемелер бюджеттерде бекітілген міндеттемелерден артық міндеттемелер қабылдамау үшін беріледі; л
4. Жабдықтаушылар анықтағыш негізіндегі мемлекеттік ме-кемелер алатын тауарлар, жүмыстар, қызметтер жөніндегі мін-деттемелерін бақылау және басқару модулі. Бұл модульде көр-сетіледі:
• тауарлар, жүмыстар, қызметтер алу жөнінде сүраным қалын-тасуы мен міндеттемелерді бақылау. Міндеттемелер қабылдау процесін бақылау бюджеттік бағдарламаиъщ бекітілген пас-портына сәйкес берілген рүдсат ету шамасында мемлекеттік мекемелер қалыптастырған тапсырыс негізінде іске асырыла-ды. Тапсырыста алынатын тауарлардың бағасы, көлемі, жалпы құны, оларды жеткізу мерзімі, шығыстардың ведомстволық және экономикалық жіктеуінің коды көрсетіледі. Тапсырыс қазынашылықтың аумақтық органына үсынылады, бюджеггік бағдарлама паспортының мәліметтеріне сәйкестігі тексеріледі, шарттарға сай болса бекітіліп жүйеге енгізіледі;
• міндеттемелерді тіркеу. Жүйе автоматты түрде бекітілген тапсырысқа сәйкес тауар алу тапсырысты қалынтастырады және бекітеді. Мемлекеттік мекеме тапсырысты алғаннан кейін тауар алу жөнінде өзіне міндеттеме қабылдауы мүм-кін. Жүйе жүргізілген бақылаудан кейін міндеттемені тір-кейді;
5. Төлемдерді басқару модулі:
• мемлекеттік мекеме жабдықтаушыдан тапсырысқа сәйкес тауар жеткізуін дәлелдейтін құжаттар қабылдайды;
• мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органы-на тауар жеткізуді дәлелдейтін құжаттармен бірге төлем құжатын үсынады. Төлем құжаттың бекітілген тапсырысқа, жеткізу кестесіне және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарға сәйкестігі тексеріледі, сондай-ақ бюджеттік жік-теу кодтары, төлем арнауы да тексеріледі. Сәйкес болған жағдайда құжат бекітіледі, кері жағдайда - мемлекеттік ме-кемеге қайтарылады;
• қолда бар тиісті бақылау шотының шамасында орталық қазынашылық төлемдерді қалынтастырады және оны төлем жүйесіне жібереді;
6. Қолда бар басқару модулі. Бұл модуль мемлекеттік мекемелердің төлемдерді қаржыландыру жоспарына сәйкес қабылданған міндеттемелерін қаржыландыру үшін қажетті қолда бар ақшаны анықтауға бағытталады. Жүйе ай бойы қабылданатын міндеттемелер мен шамаланған төлемдер бойынша бюджеттік құралдар қажеттілігін анықтайды. Сондай-ақ бұл модуль жетіс-пейтін ақша қаражаттарды өтеуін қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылдау мен түсімдердің шығыстардан артыруы бойынша құралдарды баскару үшін қолданылады. Жүйе автоматты түрде жүргізілген операциялардың нәтижесі мен бақынаулық шоттардың қалдықтарына банктік тексеру жүргізеді. Тексеру кейін бюджет құралдарын жүмсау жөніндегі операциялар автоматты түрде Бас кітапта көрсетіледі.
7. Активтерді басқару модулі. Бұл модуль бойынша:
• активтердің мүліктену көзі, орналасқан жері, арнауы мен категориялары бойынша жіктеуі жүргізіледі;
• активтердің есебі ауыстырмалық операциялар сатылары-мен жүргізіледі. Жүйе әрбір мүліктенген актив бойынша пайдалану мерзімін тағайындайды, активтерді бір мемле-кеттік мекеме балансынан басқаның балансына ауыстыра-ды, белгіленген тәртіппен активтердің есептен алуын іске асырады.
8. Мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі борыш пен неси-елеу есебінің модулі:
• мемлекеттік борыш пен несиелеу және мемлекеттің кепілін-дегі борыш жіктеуі несиелер мен заемдар түрлері бойынша жүргізіледі;
• мемлекеттік борыш пен несиелеу және мемлекеттің кепілін-дегі борыш есебінің жүргізуі заем жөніндегі келісім шарт-тарына сәйкес іске асырылады;
• мемлекеттік борыш пен несиелеудің негізгі сомаларын күту мен өтеуді модуль процедураларына сәйкес жүйе іске асы-рады.
9. Есептілік жүргізу бойынша модулі:
• бұл модуль мемлекеттік қаржы басқару бойынша өз уа-қытында шешім қабылдау үшін қажетті бюджетті атқару жөніндегі күнделікті, ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайынғы есептік формаларды нақты уақытта алып отыруға мүмкіншілік береді.
Бюджетті атқаруда функционалды және технологиялық компьютерлі сызбаларды пайдалану республика қазынашылық жүйенің дамығанын көрсетеді және мемлекеттік қаржыны басқаруының тиімділігін қамтамасыз етеді.
Бюджеттік заңнамалармен бюджеттерді атқару жөніндегі есеп беруді қарау мен бекіту қарастырылған. Бюджетті атқару бойынша есеп беруді бюджеттік ақша алушылар мемлекеттік мекемелері мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері есептемеліктерінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган дайындайды.
Бюджетті атқару жөніндегі барлық есеп берулерді құру негізі болып бюджеттік есеп табылады. Бюджеттік есеп — ол бюджеттік операциялар жөнінде ақшалай түрде ақпараттарды жинау, тіркеу және қорытудың ретке салынған үздіксіз деректі жүйесі. Бюд-жеттік есепті жүргізу тәртібін бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тағайындайды.
Ауыстырмалық операциялар мен олардың есебі Ұлттық банкте ашылған Бірыңғай қазынашылық шотта жүргізіледі. Бұл шот бақылаулық шоттар мен мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы бюджет құралдарының қалдықтарын құрайды. Бюджеттік кодекске сәйкес тек қана бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын мемлекеттік мекемелердің шоттары келесілер:
• бюджеттік ақшалармен жасалатын операциялардың есебі үшін арналған бюджеттік шот;
• тауарларды (жүмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын ақшалардың мемлекепік мекемелер қарамағында қалатын-дарының түсуі мен жүмсауының есебі үшін арналған шот;
• жеке және заңды тұлғалардан қайырымдылық пен демеу-шілік түрде түсетін ақшалардың түсуі мен жүмсауының есебі үшін арналған шот;
• мемлекеттік мекемелердің уақытша иелігіне түсетін ақшаларды есепке алу үшін арналған депозиттік шот;
• бюджеттік инвестициялық жобаны күту үшін арналған ше-тел валютасындағы арнайы шот;
• бюджеттік инвестициялық жобаның шетел валютасындағы арнайы шотқа Ұлттық валютадағы шот;
• бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мерзімін-де ақшаларды есепке алу мен пайдалану үшін арналған жаңғырмалы шот;
• шетел валютасымен операциялар жүргізу үшін арналған шетел валютасындағы шот;
• мемлекеттік мекеменің айрықша шығыстарын жүргізуге қажетті ақшаларды есепке алу мен жүмсау үшін арналған нақтылық қаржыландыру шоты.
Осы шоттардың мәліметтері бойынша бюджетті атқару жө-ніндегі есептемелердің барлық түрлері құрылады. Есептемелер-ді дайындаушылар бойынша бюджетті атқару жөніндегі есеп берулер төрт түрге бөлінеді. Олар:
1) мемлекеттік мекемелердің есеп беруі;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің есеп беруі;
3) бюджеті атқару жөніндегі уәкілетті органның есеп беруі;
4) үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың есеп беру-лері.
Барлық есеп берулер 'бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен күрылады және ұсынылады. Республикалық бюджетті атқару жөніндегі есеп берудің құру мен үсыну тәртібін ҚР Президенті тағайындайды.
Бюджетті атқару жөніндегі есеп беру келесі талаптарды сақтау арқылы құрылуы тиіс:
• нақтылық, яғни атқарылған бюджеттік операциялар есебі қателіксіз және дүрыс болуы;
• толығу, яғни есеп беруде барлық қажетті ақпарат болуы;
• сәйкестік, яғни есеп беру құруда Бюджеттік кодекс пен басқа да нормативтік актілер ережелерінің сақталуы.
іп іипа
Республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару женіндегі есеп беруді ұсыну, қарау және бекіту
Республикалық бюджетті атқару женіндегі орталық уәкілетті ор-ган өткен қаржы жылғы республикалық бюджетті атқару бойынша жылдық есепті ҚР Үкіметіне, бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органына ұсынады. Бұл республикалық бюджетті атқару жөніндегі жылдық есеп беру бекітілген, анықталған, түзетілген республикалық бюджетті және оның кассалық атқаруын көрсетуі тиіс. Есепке қосымша ретін-де түсіндірме хат және бюджеттің түсімдері бойынша атқаруы мен республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мен олардың тиімділігінің бағалауы жөнінде аналитикалық есеп қоса тіркеледі.
ҚР Үкіметінің Парламент пен Есеп комитетіне ұсынған өткен қаржы жылғы республикалық бюдокетті атқару жөніндегі жылдық есеп Мәжіліс пен Сенатта Есеп комитетінің тұжырымын алғаннан кейін қаралып, Парламент палаталарының бірлескея отырысын-да бекітіледі. Ал облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерін атқару жөніндегі есептер Бюджет кодексында белгіленген тәртіппен тиісті Маслихаттар сессияларында қаралып бекітіледі.
Бюджеттік көрсеткіштерді экономикалық талдау
Қаржы және салық органдары, қазынашылық және бақылаушы органдар мен басқа да ведомстволар жүргізетін бюджеттік кер-сеткіштерді экономикалық талдау бюджеттік процестің маңызды бір элементі болып табылады. Бұл талдау барлық кезендерде жүргізіледі - бюджетті қалыптастыруда, қарауда, бекітуде және атқаруда. Мұндай талдау арқылы бюджеттік керсеткіштердің дәйектемілігі, құрылымдық, динамикалық өзгерістер мен басқа да параметрлері анықталады. Қазіргі кезеиде бюджеттерді болжамдық қалыптастыруға көшу және барлық деңгейдегі бюджеттерді реттеу мен бюджетаралық қатынастарды құру мәселелерін шешуге бай-ланысты экономикалық талдаудың мәні мен қажеттілігі күшейе түсуде.
Бюджеттік көрсеткіштерді талдаудың әдістері мен кезендері, сондай-ақ ақпараттарды еңдеу мен зерттеу әдістері жалпы экономикалық талдаудың талаптарына негізделеді. Мұндай талдау жүргізу барысында жүйелік, объективтік, нақтылық және опера-тивтік принциптер сақталуы тиіс. Талдау жүргізудің тізбектілігін келесі кезеңдер түрінде болуы мүмкін:
1) қажетті мәліметтерді тексеру, жинақтау және топтау;
2) талдау жасау - көрсеткіштерді салыстыру, өзгерістердің се-бептерін, факторларын анықтау, көрсеткіштер арасындағы өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктерді әшкерелеу;
3) қорытындылар мен түжырымдар қалыптастыру;
4) талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар жасау.
Бюджет процесінің әр түрлі кезеңдерінде талдау бағыттары-ның ез ерекшеліктері бар. Мысалы, бюджеті қалыптастыру маңында Парламент комиссиялары бюджеттік көрсеткіштер есептемелерінің заңнамаларға, шығыстардың мемлекетпен кепіл-денген әлеуметтік нормативтерге, қаржылық қамтамасыз ету көлемдердің белгіленген болжамдар мен экономика секторлары және әлеуметтік салалардың даму пропорцияларына сәйкестігін талдайды, ал қазынашылық органдар бюджеттердің деңгейлері бойынша кірістердің түсуі мен бөлуін, бюджет құралдарын нақты пайдалану мен басқа да көрсеткіштерді талдайды.
Бюджет атқаруының бірқатар жекеше және аса жете талда-уы жүргізіледі, себебі бұл арада жалпы қорЫтындылар мен қоса бюджетік кірістер мен шығыстар бойынша атқаруының жеке нәтижелерін талдау әдістемелерін пайдалануы мүмкін. Жалпы әдістемеге талдаудың жалпы мақсаттарын анықтау, мәліметтерді жинау мен олардың дүрыстығы мен сенімділігін алдын ала тексе-ру, бюджеттік көрсеткіштердің динамикасы мен атқару деңгейін салыстыру, белгіленген көлемдердің ауытқуларына факторлық талдау кіреді.
Талдаудың жеке әдістемесі өзінің нақты пайдалануын бюд-жет деңгейіне, кірістер түрлері мен шығыстардың бағыттарына, талдау объектісі бойынша толық ақпаратпен қамтамасыз ететін мәліметтердің саны мен сапасына және оларды тексеру тәсілдеріне, сондай-ақ талдау нәтижелері бойынша болжамды тұжырымдарға байланысты табады.
Талдаудың әрбір әдісінің өз мағнасы бар, бірақ та экономи-ка-лық талдау қорытындыларының нықтылығы мен іскерлігі сол әдістерді кешенді пайдалануына байланысты. Олар, бір-бірін то-лықтыра отырып, бюджеті кірістері мен шығыстары бойынша атқару процесінде әр түрлі көрсеткіштер арасывда пайда болатын күрделі тәуелділіктер мен байланыстарды ашуына себепші болады.
Кірістер бойынша бюджеті атқару маңында салықтар, алым-дар және басқа да төлемдер шектелімдерін (конингенттерін) жұмылдыру және оларды бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бөлу түсіндіріледі. Бюджеттің кірістік бөлімінің атқаруын талдаудың бас мақсаты - ол кірістер түсімінің резервтерін іздеу, яғни жалпы мемлекеттік және жер-гілікті салықтар контингенті мен олардың жинастырушылығын үлғайту.
Шығыстар бойынша бюджеті атқару маңында бюджетте Қа-растырылғанжәне бюджеттіктізімдемеге сәйкес шығыстарды қар-жыландыру табылады. Бюджеттің шығыстық бөлімінің атқаруын талдау барысында бюджеті жалпы, шығыстардың түрлері бойын-ша, теменгі тұрған бюджеттер бойынша, әрбір бөлімдер бойын-ша, бюджеттік мекемелер түрлері мен бюджеттік бағдарламалар бойынша атқаруларының қорытындылары зерттеледі. Сонымен қатар, бөлінген құралдарды тиімді пайдалану мүмкіншіліктері анықталады, оларды жүмсаудың мақсаггы сипаттары тексеріледі және мекемелер мен бюджеттік бағдарламалардың құралдардағы мұқтаждықтарын қамтамасыз ету дәрежелері бағаланады.
Әдеттегіндей талдау процесінде бекітілген және анықталған бюджеттердің керсеткіштерінің деңгейін, көлемін және оларды нақты орындауын көрсету үшін тиісті кестелер жасалады. Бұл ара-да ауытқулардың себептері мен көрсеткіштерді сипаттайтын басқа да мәлімеггер анықталады.
Бюджеттік көрсеткіштерді талдау нәтижелерін биліктің екілдік және атқарушы органдары қаржы-бюджеттік саясатты қалынтастыру мен іске асыру, бюджет құралдарын тиімді жүмсау мен бақылауды бағалау, кірістер резервтерін анықтау бойынша шешімдер қабылдау үшін пайдаланады.