Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі

Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту және атқару Бюд-жеттік кодекс ережелері мен басқа да нормативтік актілермен реттеледі. Осы актілерге сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республика Үкіметінің тапсырмасы бойынша тамыз айының 15 жұлдызына дейін облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне сол жергілікті бюджет кіріс-теріне жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан бөлінетін түсімдердің жобаланған мөлшерлерін хабар етеді,

Сонымен бірге жалпы мемлекеттік бағдарламаларды кар-жыландыру мен жергілікті атқарушы органдар қажетті болған оқиғада пайдалануға арналған несиелердің мүмкіндік сома-лары және де жергілікті екілдік пен атқарушы органдардың басқару аппараттарын үстауға арналған шығындардың лимитіне республикалық бюджет құралдарынан бөлінетін шамаланған со-малар жеткізіледі.

Содан соң, осы көрсеткіштер және өздерінің болжамдық мәліметтері, яғни аумақтар бойынша жасалған олардың даму болжамдары мен бағдарламалары негізінде, жергілікті атқарушы органдар келесі қаржылық жынға өз бюджеттерінің болжамдық көлемдерін дербес анықтайды. Осы маңда облыс және аудан арасындағы салықтар мен кірістерді бөлуді облыс өкілдікті органның келесі қаржы жыддың облыс бюджеті жөніндегі шешімі-не сәйкес сол облыстың өкілдік органы белгілейді.

Тиісті жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының теңестілігі үшін жауапкершілік толығымен жергілікті өкілдік және атқарушы органдарға жүктеледі, сондай-ақ төменгі бюджеттер-ді құру, бекіту және атқару процесіне мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың араласуы жіберілмейді. Жер-гілікті бюджеттердің барлық параметрлері бірыңғай бюджеттік жіктелуге сәйкес анықталады.

Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының келесі қаржы жылдың бюджеттерінің жобасы тиісті маслихаттар талқылауға

ағымдағы жылдың қазан айының 15 жүлдызына дейін еягізілуі қажет. Бұл бюджеттер «Республикалық бюджет жөніндегі» Заң өз күшіне енгеннен кейін екі апта ішінде бекітілуі тиіс. Ал аудан мен облыстық маңызы бар қала атқарушы органдары ағымдағы жылдың караша айының 1 жұлдызына дейін тиісті маслихатта талқылауға өз бюджеттерін енгізілуі қажет және ол облыс бюд-жеті қабылданғаннан кейін екі апта ішінде бекітілуі тиіс. Егерде белгіленген уақытта жергілікті бюджет жобасы бекітілмесе, онда жергілікті атқарушы орган келесі жылдың 1 тоқсанына жергілікті қаржы жоспарын қабылдау жөнінде шешім шығаруға құқы бар.

Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері аудан мен облыстық маңызы бар қала бюджеттері бекітілгеннен кейін бір апталық мерзімде бюджеттік жоспарлау және атқару орталық органдарына облыстар, Астана мен Алматы қалаларының жиынт тық бюджеттерін, тиісті жылға жергілікті бюджеттерден қар-жыландырылатын жергілікті инвестициялық жобалар мен бағ-дарламаларды, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының жер-гілікті атқарушы органдарының қарыздарын өтейтін шығындар көлемін үсынады.

3. Экономикалық жіктеудің ерекшеліктері бойынша шығындар есебін қалынтастыру тэртібі

Республикалықжәнежергіліктібюджеттердіңкелесіқаржылық жыл жобасын жасау үшін мемлекеттік мекемелер бағдарламалар әкімшіліктеріне шығыстардың экономикалық жіктеуінің әрбір ерекшеліктері бойынша бюджеттік шығындардың есептемелерін ұсынады. Мұндай есептемелерді құру үшін мемлекеттік мекеме-лер келесілерді қодданады:

• бірыңғай бюджеттік жіктеуді, оның ішінде шығындардың экономикалық жіктеуін;

• бюджет шығындарының экономикалық жіктеу ерекше-ліктерінің құрылымын;

• орташа мерзімдік әлеуметті-экономикалық даму жоспарға сәйкес тиісті кезеңнің болжамдық көрсеткіштерін;

• заңнамалық және нормативтік актілермен белгіленген әре-кеттегі нормалармен және нормативтермен.

Экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша шығындар есептемелері, мысалы, келесі формалар арқылы құрылады:

• 01-111 форма мемлекеттік бюджет арқыны ұсталатын мем-лекеттік органдар жүмыскерлерінің негізгі еңбекақы шы-ғындарын есептеу үшін арналады;

• 10-111 форма прокуратура органдары қызметкерлерінің не-гізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады;

• 11-111 форма құқық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Қаржы полиция агенттігі органдарының және кеден қызметі жүмыскерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады;

• 12-111 форма әскери қызметкерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады.

Осы формалар бойынша есептемелер үшін ҚР Президенттінің «Әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Төтенше жағдайлар агенттігі органдарының және прокуратура органдары жүмыскерлерінің категориялары бойынша қызмет тізілімдемелерін бекіту женіндегі» және «Мемл екеттік бюд-жет арқылы үсталатын республикалық органдар жүмыскерлерінің бірыңғай еңбекақы жүйесі жөніндегі» Жарлықтары (2001ж. 25 на-урыз №575 және №576) негіз болады.

Әскери қызметкерлер мен ішкі істер органдары қызмет-керлерінің жинақтаушы зейнетақы қорларға аударылатын міндет-ті зейнетақы жарнамаларын есептеу үшін 01-114 форма арнала-ды. Мемлекеттік мекемелер жүмыскерлерінің әлеуметтік салык төлеу шығындарын есептеу үшін 01-121 форма қолданылады. Бұл формада салық салынатын еңбекақы қоры, әлеуметтік салық мөлшерлемесі мен жылғы салық сомасы белгіленеді. Ал балан-старында автокөлік құралдары бар мемлекеттік мекемелер сол автокөлік құралдарының иелері ретіндегі азаматты-құқықтық жа-уапкершіліктік міндетті сақтықтың жарнамаларын есептеу үшін 01-125 форманы пайдаланады.

Денсаулық сақтау мекемелерінгн басқа мемлекеттік мекемелер барлық шығындардың ішінде тамаққа арналған шығындарын есеп-теу үшін 01-131 форманы толтырады. Бұл формада тамақ азықтарын алушылардың атауы, азық нормасы және азықтанатындардың орта-ша жылдық саны көрсетіледі. Мысалы, білім беру мекемелерінде азықтанатывдар болып оқушылардың орташа жылдық саны есепте-леді, әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерде-тұрғындардың орта-ша жылдық саны, әскери және оған теңестірілген органдар мекеме-лерівде — әскери қызметкерлердің орташа жылдық саны.

Әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының қызметкер-лері, әскери оқу орындарының курсанттары және тағы басқа теңестірілген қызметкерлер мемлекеттік бюджет құралдары арқылы арнайы киім-кешек және басқа да заттық мүлік бұйымдарымен қамтамасыз ету қаржыландырылады. Осыларды сатып алуға, тігуге және жөндеуге арналған шығындарды есептеу үшін тиісті мемлекеттік мекемелер 01-134 формасын пайдалана-ды. Бұл формада киім-кешек пен басқа да арнайы заттық мүлікті алушылардың атаулары мен олардың орташа жылдық саны, белгі-ленген норма мен шығындардың барлық сомасы көрсетіледі.

Мемлекеттік бюджет құралдары арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің барлық шығындары жоғарыңа көрсе-тілген экономикалық жіктеудің ерекшеліктеріне сәйкес арнайы формалар толтыру бойынша есептеледі. Сол формалар бойынша шығындарды есептеу мемлекеттік мекемелердің іс-әрекеттерін реттейтін әр түрлі нормативтік актілер ережелеріне негізде-леді. Мысалы, ел ішіндегі қызмеггік іссапарларға бағытталған шығындарды есептеу үшін 01-136 форма толтырылады. Бұл арада есептемелер негізі ретінде «Мемлекеттік бюджет арқылы үстайтын мемлекеттік мекемелер жүмыскерлерінің ҚР шегінде-гі қызметтік іссапарлар Тәртібін бекіту жөніндегі» Үкімет өкімі (2000 ж. 22 қырқұйек №1428) қолданылады. Ал егерде қызметтік іссапар шетелге бағытталса, онда мемлекеттік мекеме 01-137 фор-маны толтырады және шығындар есептеуі «Шетел валютасында іссапарлық шығындарды өтеу жөніндегі» Қаржы министрлігінің бүйрығына (1998 ж. 16 қараша №534) негізделеді.

Мемлекеттік мекемелерге сырттан көрсетілген әр түрлі кыз-меттерді өтеуге арналған шығындарын есептеу үшін де арнайы формалар белгіленген. Мысалы, байланыс қызметтерін өтеу үшін шығындар 01-142 форма арқылы есептеледі, ал көлік қызметтерін өтеуге арналған шығындар сомасын есептеу үшін 01-143 форма толтырылады. Сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік мекемелерге атқарылған жүмыстар мен көрсеткен қызметтерді өтеуге бағытталған шығындар сомасын есептеуге 01-149 фор-ма арналған. Бұл формада жасалған есептемелер шығындардың жалпы сомасымен бірге олардың негізгі түрлері бойынша келесі көрсеткіштер арқылы келтіріледі:

1. Заңды түлгалар үшін:

• қызмет көрсету мен жүмыс атқаруға қатынасқан жүмыс-керлердің еңбекақысы;

• іссапарға арналған шығындар;

• бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті тө-лемдер;

• басқа да салықтар;

• материалдармен мүліктену;

• электроқуат пен жылудан басқа коммуналдық қызмеггер;

• электроқуат;

• жылу;

• байланыс қызметі;

• көлік қызметі;

• негізгі құралдардың ағымдагы жөвдеуі;

• ғимараттарды үстау мен күту;

• басқа да шығындар. 2. Жеке түлгалар үшін:

• қызмет көрсету мен жүмыс атқаруға қатынасқан жүмыс-керлердің еңбекақысы, сондай-ақ оның еңбекақысынан үсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорға міндетті төлем;

• іссапарға арналған шығындар;

• материалдармен мүліктену;

• көлік қызметі.

Тағы бір арнайы форма- ол заңды тұлғалардың залалын өтеуге оларға бағытталған ағымдағы трансферттер бойы шығындарын есептеуге арналған үш бөлімнен қалыптасатын 01-311 форма. Бірінші бөлімде - занды тұлғаның шаруашылық әрекетін іске асырудан алынатын табыстарының жалпы сомасы көрсетіледі. Екінші бөлімде — ағымдағы сипаттағы шығындардың негізгі түрлері бойынша есептелген барлық шығындардың жалпы сома-сы көрсетіледі. Үшінші бөлімде - заңды тұлғаның табыстарынан асып түскен шығындар сомасы, яғни бюджет құралдары арқылы өтелетін шығындар көрсетіледі.

Заңды тұлғалар үсынатын осы форма бойынша есептемелер негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері залалдарды етеуге арналған ағымдағы трансферттер бойынша шығындарды есептеу үшін 01-311 жиынтық форманы құрады да оны Қаржы ми-нистрлікке немесе жергілікті қаржы органдарға ұсынады.

Шығындардың экономикалық жіктеуінің басқа ерекшеліктері бойынша есептемелер еркінше формалар арқылы құрылады. Бюд-жеттік өтініштер қалыптастырғанда осы формалар бойынша есеп-темелер тек қана болжамдық жылға құрылады.

Жоғарыда белгіленген формалар бойынша есептемелер не-гізінде мемлекеттік мекеме бағдарламалары бойынша жиынтық есептемелер формасын құрады. Бұл формада шығындардың жалпы сомасы және оның ішінде шығындардың экономикалық жіктеуінің әрбір ерекшеліктері бойынша болжамдық жылдың шығындар сомалары көрсетіледі. Және де осы формада еткен қаржы жылғы нақты мәліметтер, ағымдағы қаржы жылғы анық-талған жоспар және келесі үш жылдың болжамдық мәліметтері келтіріледі.

Мемлекеттік мекемелер осы форманы шығындардың экономи-калық жіктеуінің барлық ерекшеліктері бойынша шығындар есеп-темелерін қоса бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне тапсырады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері мемлекеттік мекемелердің жиынтық есептемелері формасының негізінде бағдарламалар мен ішкі бағдарламалар бойынша жиынтық есептемелер формасын құрып, Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органдарға үсынады.