Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Қарыз алу саясаты мен механизмі. Үкіметтің борышы мен жергілікті атқарушы органдардың борыштарына сипаттама және оларды өтеуге арналған шығыстар

Бюджеттік кодекске сәйкес ҚР Үкіметі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан, шетел мемлекеттері мен халықаралық қаржы ұйымдардан құралдарды қарызға алуды іске асырады. Заемдық іс-әрекет нәтижесінде мемлекеттік борыш пайда болады. Мем-лекеттік борыш маңында ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік заемдар мен қарыздық міндеттемелер бойынша өздеріне алған міндеттеме-лері табылады.

Белгіленген уақытқа анықталатын мемлекеттік борыш сыртқы және ішкі мемлекеттік борыштар сомаларынан қалыптасады. Сыртқы мемлекеттік борыш — ол сыртқы мемлекеттік займдар мен басқа да қарыздық міндеттемелер бойынша көбінесе шетел валю-тасында болатын Қазақстан Республикасының резиденттері емес займ берушілер алдындағы Үкімет пен Ұлттық банктің міндетте-мелері. Ішкі мемлекеттік борыш - ол ішкі мемлекеттік займдар мен басқа да қарыздық міндеттемелер бойынша ұлттық валютасында болатын Қазақстан Республикасының займ берушілер резидент-тері алдындағы Үкімет, Ұлттық банк және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері.

Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін іске асыратын құралдарды шеттен алып пайдалану республикалық бюджет қаражаттарымен қамтамасыз етіледі. Құралдарды шеттен алып пайдалану механизмі ҚР Үкіметімен белгіленеді және оның инвестициялық басымдары мен қаржы шекарасын анықтау, сон-дай-ақ шамаланған Үкіметтік займдардың тізбесін қалыптастыру негіздерінде іске асырылады. Мемлекеттік шеттен алып пайда-лану құралдарының көлемі тиісті жылға республикалық бюджет жөніндегі занда белгіленген Үкіметтік борышты өтеуге арналған бюджет құралдарының көлемі және Үкіметтік борыш лимитімен шектеледі. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган іске асыратын борышты етеу, мемлекеттік құнды қағаздарды са-тып алу тәртібін ҚР Үкіметі анықтайды.

Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астананың жер-гілікті атқарушы органдары шеттен алып пайдалану құралдарын Үкіметтен, ал аудандар, облыс маңындағы қалалар - жергілікті об-лыс атқарушы органдардан қарызға алады. Бұл заемдар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мен кассалық айырылысты өтеу үшін тиісті бюджеттер тапшылықтарын қаржыландыруға пайдаланады. Осы заемдардың да көлемі тиісті жергілікті ат-қарушы органның борышын етеуге арналған жергілікті бюджет құралдарының көлемі және борыштың белгіленген лимитімен шектеледі. Бюджеттік кодеске сәйкес жергілікті атқарушы орган борышының лимит мөлшері жергілікті бюджет кірістерінің 25%-

ын құрайды, ал борышты өтеуге арналған шығыстар көлемі тиісті жылғы бюджет кірістерінің 10%-нан аспауға тиіс. Борыштар бойы шығыстар маңында құралдарды шеттен алын пайдалану шарт-тарымен қарастырылған есепті мерзімдегі төленетін сыйақы, комиссиондық, айынтық және басқа да төлемдер жиынтығы бо лады.

Мемлекет қарыз алушы болған жағдайдағы оның заңды немесе жеке тұлғалармен экономикалық арақатынастары өз алды мемлекеттік заемдарды көрсетеді. Шеттен алып пайдала-ну маңында заемдық құралдарды жүмылдыру жөнінде шешім қабылдаудан басталатын сол заемды жүмылдыру, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету процестері жатыр. Бұл процесс сон-дай-ақ келіссөз, міндеттемелерді атқару кепілі мен қамтамасыз ету, заем бойынша келісімшарт хаттау мен қол қою, қажет бол-са оны ратификациялау, заемді алу, оның есебі мен пайдалану процедулалары және де екі жақтың міндеттемелерін атқаруына талдау мен бақылау жасауды ішіне алады.

Мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі шеттен алып пайдалану Бюджеттік кодекстің ережелеріне (192 б. 1 п) сәйкес іске асырылады. ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы мемлекеттік шеттен алып пайдалану, ал ҚР резиденттерінің заңнамаларға сәйкес өздерінің дербес қарыз алулары мемлекеттік емес шеттен алып пайдала-ну болады. Бұларды заңды тұлғалар заемның тиісті келісім-шарт формасы ретінде хаттаумен мемлекеттік кепіл маңында жүмылдыруларына болады. Мемлекеттік ұйымдар мен қазналық кәсіпорындардың мемлекеттік емес шеттен алып құралдарды пайдалануға құқылары жоқ. Жергілікті атқарушы органдар құралдарды шеттен алып пайдалануды заем жөнінде келісімшарт жасау арқылы іске асырады.

Мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі шеттен алып пай-далану процесінің субъектілері болып келесілер табылады:

• ҚР Үкіметінің атынан бюджеті атқару және экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар, жергілікті атқа-рушы органдар, донор елдер, халықаралық қаржы және экономикалық институттар, ҚР резиденттері, атқарушы агенттіктер, мемлекеттік даму ұйымдары;

• мемлекеттің кепіліндегі шеттен алып пайдалану маңында ҚР резиденттері мен резидент еместер, ҚР Үкіметінің аты-нан бюджеті атқару мен экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар, атқарушы агент-тіктер, мемлекеттік даму ұйымдары.

Шеттен алып пайдалану қарыз алушыға қатынасы бойынша ҚР Үкіметінің мемлекеттік займдары, ҚР Ұлттық банкісінің мем-лекеттік заемдары және жергілікті атқарушы органдардың мемле-кеттік займдары түрлеріне бөлінеді.

Қарыздык капитал нарығына байланысты мемлекеттік сыртқы және ішкі заемдарды айырады. Шеттен алып пайдаланудың фор-масына байланысты мемлекеттік заемдар мемлекеттік эмиссия-лық құнды қағаздар шығару мен заем жөнінде келісімшарт ұйғарыстыруға бөлінеді. Әрекет мерзіміне байланысты мемлекет-тік эмиссиялық құнды қағаздар қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орташа мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) болулары мүмкін. Олар құжаттық және құжаттық емес формада, номиналды және дисконттық бағада, бекітілген және бекітілмеген сыйақы мөлшерлемелерде болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы займдары женінде келіссез жүргізу, келісімшартқа қол қою тәртібін, Үкімет атъшан шығарылатъш мем-лекеттік эмиссиялық құнды қағаздарды шығару, орналастыру, ай-налысы мен өтеу тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді. Үкіметтің атынан займдарды жүмылдандыру және мемлекеттік эмиссиялық құнды қағаздарды шығаруды олардың әрбір келісімшарт немесе түрі бойын-ша Үкіметің шешімі негізінде бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілепі орган іске асырады. ҚР Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық құнды кағаздарының көлемдерін, мерзімдерін және эмиссия шарт-тарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган

анықтайды, ал мұндай құнды қағаздардың эмитенті болып бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатпен сыртқы шеттен алып пайдалануды іске асырады. Жүмылдырылған құралдар (бағдар-ламалық займдар мен ҚР еврооблигациялар эмиссиясынан алын-ған құралдардан басқа) инвестициялық жобаларды іске асы-руға бағытталады. Сыртқы заемдарды іске асыру жанында рес-публикалық бюджеттен қосқаржыландыруға бөлінген құралдар заем жөніндегі келісімшартта белгіленген салықтар мен алымдар және басқа да шығындарды төлеуге бағытталады.

Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатпен ҚР Үкіметі мемлекеттік эмиссиялык құнды қағаздар шығару арқылы ішкі шеттен алып пайдалануды іске асырады. Үкімет шеттен алып пай-далануды оның қаржылық шекарасын белгілеу мен инвестициялық басымдыларын анықгау және басымдылық инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру негіздерінде іске асырады.

Шеттен алып пайдаланудың қаржылық шекарасын белгілеу келесі процедураларды құрайды:

• экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орта-лық уәкілетті орган Ұлттық банкпен бірге орташа мер-зімдік фискалдық саясат құрамында үшжылдық мерзімге макроэкономикалық көрсеткіштерді жасау;

• экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі ор-талық уәкілетті орган Ұлттық банкпен бірге және бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қатынасымен макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде алдыңғы үш-жылдық мерзімге қабылданған Үкіметтік шеттен алып пай-далану мен борышының болжамын және ахуалын жылсай-ын бағалау;

• алдынғы үшжылдық мерзімге қабылданған Үкіметтік шет-тен алып пайдалану мен борышының болжамын және аху-алын жылсайынғы бағалау негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органың Үкіметтік борыштың деңгейі мен жоспарлап отырған жылдағы оны өтеу көлемін анықтауы.

Шеттен алып пайдаланудың инвестициялық басындыларын анықтау келесі процедураларды құрайды: *

• әлеуметті-экономикалық дамудың орташа мерзімдік жос-пары мен орташа мерзімдік фискалдық саясат басымды-лары негізінде жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті ор-ган Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың шеттен алып пайдалану мен мемлекеттің кепіліндегі қарыз алудың инвестициялық басымдыларын анықтау;

• заңнамалармен белгіленген тәртіп бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың үпіжылдық мерзімгі инвестициялық жобалар, сондай-ақ мемлекеттін кепілін-дегі заемдар құралдары арқылы қаржыландырылатын ин-вестициялық жобалар тізбесіне (әрі қарай - Тізбелер) енгізу ушін ұсынылған жобаларды дайындау, сараптама жасау, таңдаумен байланысты шараларды жүргізу;

• жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Тізбе-лерге енгізу үшін үсынған жобалар базасын қалыптастыру және оларды кодификациялау;

• жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Тізбелерге енгізу үшін үсынған жобалардың мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың инвестициялық басымдылар сәйкестігіне экономикалық бағалау жүргізу.

Тиісті қаржы жынғы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатпен үсынылған Үкіметтік заемдар базасын қалыптастыруы жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келесілерді анықтауын қарастырады:

• бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен бірге әре-кеттегі сыртқы заемдар құралдарының түсу жылдық көлемі мен тізбесін;

• бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті және құштар мемле-кеттік органдармен бірге сыртқы заемдар жөніндегі қол қоюға дайын келісімшарттар бойынша жылдық құралдар түсу шамаланған көлемі мен тізбесін;

• республикалық бюджет тапшынығын сыртқы кездер, қор-ланған ішкі борыш қалдығы мен қарыздық капиталдың

ішкі нарығы арқылы қаржыландыруды талдау негізінде шамаланған ішкі шеттен алып пайдалану көлемі мен қаржы құралдарын,

• шеттен алып пайдаланудың басқа да шамаланған көздері мен құралдарын.

Республикалық бюджет тапшылығының берілген көлемін үсынған көздер мен құралдар бойынша қаржыландырудың бол-жамдық есептемелерін жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган іске асырады. Сондай-ақ осы орган Үкіметтік борышты өтеуге бағытталған құралдар көлемін, Үкіметтік борыштың ли-митін аныңтайды. Есептемелер сосын бюджеттік комиссияға үсынылады.

Үкіметтік заем жүмылдыру жөнінде Үкіметтің шешімін дайындау мақсатпен жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті ор-ган мүдделі министрліктер және ұйымдармен бірге келесілерді іске асырады:

• тиісті жылда жаңа Үкіметтік заемдар арқылы қаржылан-дыруға шамаланған жобалардың қаржылық сипаттамала-рына талдауды;

• бар мүмкіншіліктер бойынша инвестициялық жобаны қар-жыландыру жөнінде принципті үсыныстар дайындауды;

• Үкіметтік заем арқылы жобаны қаржыландыру сызба бойын-ша үсыныстар дайындауды;

• Үкіметке жобаны қаржыландыру жөнінде үсыныстар дайындауды.

Жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Үкімет заемды жүмылдыру жөнінде шешім қабылдайды. Бұл шешімде келесілер белгіленеді:

• Үкіметтік шеттен алып пайдалануды іске асырудың форма-сы мен көлемі;

• республика жағынан келіссөзде қатынасушылар - ресми тұлғалар мен мемлекеттік органдар құрамы мен уәкілет-тілігі;

• займға байланысты келіссөз жүргізу мен құжаттарға қол қою тәртібі.

Заем жөнінде келісімшарт ұйғару формадағы Үкіметтік шет-тен алып пайдалануға дайындық келесі шараларды жүргізуді та-лап етеді:

• қаржыландыруға ұсынылған жоба мен заем шарттары бойынша несие берушілермен келіссөз ұйымдастыру мен жүргізу;

• шарттардың қаржылық шек қоюға сәйкестігі мен тиімділігін бағалау;

• заемжөніндекелісімшартжобасыменқосымшақұжаттарды дамыту;

• заем құралдарын пайдалану, оны өтеуін қамтамасыз ету жөніндегі қатынастарды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органың заем құралдарын алушылар мен қаржы агенттермен арақатынастарын реттейтін құжаттарды істеу және хаттау.

Мемлекеттік эмиссиялық құнды қағаздарды қарыздық капи-талдар халықаралық нарығына шығару формадағы Үкіметтік шет-тен алып пайдалануға дайындық ұшін нарықтар мен партнерлер анықтау бойынша шаралар ұйымдастыру мен жүргізу және белгі-ленген талаптарға сәйкес керекті құжаттар істеу қажет.

Қол қойылған заем жөніндегі келісімшарттарды бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Үкіметтік қарыздық міндеттемелер тізілімінде тіркейді. Үкіметтік заем жөніндегі келісімшарт ұйғарудан немесе мемлекеттік құнды қағаздар эмис-сиясы бойынша құжаттарға қол қойғаннан кейін ҚР Әділет минис-трлігі заемның заңнамалық актілерге сәйкестігі жөнінде құқықтық тұжырым хаттайды.

Заемдар мен несие берушілер жөніндегі атқарушы агенттер міндетті түрде ұсынатын ақпараттар негізінде бюджеті атқару жөніндегі орталықуәкілетті органың Үкіметтік заемдар құралдарын алу мен пайдалануының есебі және жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органың Үкіметтік заемдар арқыны жобаларды іске асыруының бақылауы жүргізіледі. Атқарушы агенттердің ақпарат ұсыну формалары мен мерзімдерін бюджеті атқару және жоспар-лау жөніндегі уәкілетті органдар тағайындайды.

Қазақстан Ресігубликасы Үкіметінің заемдарын күту және өтеу тиісті жылга республикалық бюджет жөніндегі Заңда қа-растырылған құралдар арқылы Ұлттық банк бойынша бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган іске асырады.

Мемлекеттік кепіл азаматты-құқықтық міңдеттемелерді қам-тамасыз ету әдістерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл кепіл бойы Қазақстан Республикасы, оның Үкіметі, Үкіметтің тапсыр-масымен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кепіл берілген тұлға үшін оның үшінші тұлға алдындағы міндеттеме-леріне жауапты екені жөнінде жазбаша міндеттеме береді.

Мемлекеттік кепіл бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен заем беруші арасьюда жазбаша түрде кепіл келісімшарт үйғару немесе заем берушіні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік емес заем бойын-ша кепіл міндеттемелерін қабылдаған жөнінде жазбаша ескерт-пе негіздерінде беріледі. Бюджетте қаралған құралдар көлемінде мемлекеттік кепілді атқару заем берушінің талабы бойынша бас-талады, егерде заем алушы оны белгіленген төлем мерзімінде толығымен өтемесе. Мемлекеттік кепіл бойынша міндеттемелерді атқару бөлінген бюджет құралдары келісімде анықталған мерзім ішінде тағайындалған сыйақы мөлшерлемемен қайтарылуы тиіс.

Мемлекетпен кепілденген заемдарды өтеу мен күту бюджеттік комиссиямен анықталады және тиісті қаржы жылы республикалық бюджеті іске асыру жөніндегі Үкіметтің актысына қосымша бола-ды. Заем алушылар үшін мемлекеттің кепіліндегі заемдар бойын-ша өтеу және күту процедураларын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган іске асырады.

Жергілікті атқарушы органдардың шеттен алып пайдалану маңында төменгі түрған басқару органдары жергілікті бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін жоғарғы түрған органдардан

заемдар алу түсініледі. Сондықтан облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы ор-гандары өздерінің бюджеттерінің тапшылығын бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатпен өтеу және кассалық айырылысты жабу үшін Үкіметтен заем алу түрінде шеттен алып пайдалануды іске асырады. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары осындай мақсаттарға облыс оргавдарынан заем алу түрде шеттен алып пайдалануды іске асырады.

Жергілікті атқарушы органдардың шеттен алып пайдала-нуы белгіленген борыш лимитімен және сол борышты өтеуге бағытталған жергілікті бюджет құралдары көлемімен шекте-леді. Осы белгіленген лимит пен көлем шамасында жергілікті атқарушы орган Үкіметпен келісілген аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалар-дан және тиісті жылдағы республикалық бюджет жөніндегі заңда бекітілген инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен заемдық құралдарды жүмылдыруды іске асыруы мүмкін. Мұндай шеттен алып пайдалану жергілікті атқарушы органдармен заем жөніндегі келісімшарт немесе осы органдардың құнды қағаздарын шығару формаларында іске асы-рылады.

Заемдар құралдары арқылы іске асыруға жататын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жергілікті атқарушы орган-дар анықтайды. Олармен осы бағдарламаларды іске асыру үшін жүмылдырылатын заемдарды өтеуге жеткілікті қаржы ресур-старын қалыптастыру қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджет құралдары арқылы жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу мен күту тәртібі Үкіметпен анықталады.

Жергілікті өкілдік органда қарауға бағытталатын әрбір аймақтық инвестициялық бағдарлама бойынша жергілікті атқа-рушы орган техника-экономикалық құжаттамаларды, есептеме-лер мен дәйектемелерді дайындайды. Тиісті жергілікті бюджеттің заемдық құралдары арқылы қаржыландырылуы өкілдік органмен келісіленген аймақтық инвестициялық бағдарламалар жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органда қаралады.

Аймақтық инвестициялық бағдарлама жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның жаратымды тұжырымы болу және жергілікті атқарушы органың борыш өтеуге бағытталған жергілік-ті бюджет құралдарының көлемі мен борыш лимитіне сәйкес болу талаптарды орындаған жағдайда Үкіметпен келісілінеді.

Үкіметпен келісіленген аймақтық инвестициялық бағдар-ламаны қаржыландыру мақсатпен жергілікті атқарушы органдар мүмкіндік несие берушілер іздестіруді іске асырады, заем алу шарттары мен сызбалар жөнінде алдын ала келіссөз жүргізеді, заем женінде келісімшарт жобаларын дайындайды, мемлекеттік эмиссиялық құнды қағаздар шығару және оларды орналастыру, өтеу жөнінде үсыныстар жасайды.

Заемның қаржылық шарттарына сараптама жүргізу барысында үсыныстардың белгіленген шек қоюларға сәйкестігі анықталады, жүмылындырылатын заемның қарыздық ахуал мен сол заем бойы міндеттемелерді орындауды қамсыздандыруға әсері талданады.

Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік құнды қағаздар эмис-сиясын оларға Ұлттық банк ұлттық сәйкестендірулік нөмір беру және шарттарын бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті ор-ганмен келісілінген жағдайда іске асырады.

Негізгі борышты өтеу және заемдарды күту тиісті жергілікті бюджеттерде қарастырылады. Жергілікті атқарушы орган шеттен алып пайдалану нәтижесінде жиырылатын борыштың тіркеуін, мониторинг пен басқаруын ұйымдастырады және іске асырады. Заемдардың өтеуі мен күтуі тиісті жылға жергілікті бюджеттерде қарастырылған құралдар есебінен Ұлттық банкпен келісу бойын-ша екінші деңгейдегі банктер арқылы іске асырылады.

Белгіленген мерзімде және қажетті көлемде заемдарды өтеу мен күту бойынша төлемдерді дайындауы мен іске асыруын қамтамасыз ету мақсатпен жергілікті атқарушы органдар несие берушілердің шоттары мен басқа да төлемдер жүргізу үшін қажетті құжаттар өз уақытында түсуін ұйымдастыру жөнінде жүмыстар жүргізеді. Сондай-ақ осы органдар ұсынылған құжаттардағы көрсеткіштердің дүрыстығы мен келісімшарттарда қарастырылған шарттарға сәйкестігін бақылауды іске асырады.

Жергілікті атқарушы органдардың берышына мониторинг іске асыру барысында заемдарды өтеу мен күту бойынша жа-салған төлемдердің есебі жүргізіледі. Талап еткен көлемде не-сие берушілердің шоттарына ақша аудару жергілікті атқарушы органдармен заемдар жөніндегі келісімшарттарда анықталған төлемдер жасау мерзімінде Ұлттық банкпен келісілінгең екінші деңгейдегі банк арқылы қамтамасыз етіледі. Жергілікті атқарушы орган заемды мемлекеттік құнды қағаз эмиссиясы формасын-да жұмылдыру Үкімет белгілеген тәртіппен және жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен сол эмиссияның мер-зімі, қаржылық және басқа да шарттарын міндетті түрде келісу арқылы жасалады.