Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстарды қалыптастыру

Барлық деңгейдегі бюджеттер шығыстарының маңызды бап-тары болып қоршаған ортаны қорғауды қаржыландыру табыла-ды, себебі қоршаған ортаның экологиялық ахуалы тұрақты түрде қолдау қажеттілігін талап етеді. Өнімнің жаңа түрлерін, әсіресе химиялық және биологиялық өнімдерді өндіру, урбанизцияның дамуы, қалалар мен қала тұрғындардың өсуі табиғатқа өте зор әсер етеді және оның нәтижесі халық өмірінің шарттарына ықпалын тигізеді. Сондықтан, осы салада қажетті шаралар жүргізуді бюд-жеттік қаржыландырудың рөлі өте маңызды да және жылдан жылға артуда.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша шығыстарды қаржылан-дыру республикалық бюджет құралдары арқылы келесі бағыттар бойы іске асырылады:

Республикалық мәні бар айрықша қорғалынатын табиғи аумақтарды үстау;

• мемлекеттік табиғи-қорықтық қорларды орнына қайта келтіру;

• қоршаған ортаның мемлекеттік мориторингі;

• республикалық деңгейде табиғи сақтаулық шаралар;

• гидрометеорологиялық мониторинг;

• экологиялы қауіпті объектілерге мемлекеттік экологиялы сарапшылық жүргізу.

Жергілікті бюджет құралдары арқылы осы салаға арналған шығыстар келесі бағыттар бойынша қаржыландырылады:

• жергілікті мәні бар айрықша қорғаудағы табиғи аумақтарды ұстау мен қорғау;

• экологиялық бақылауды қамтамасыз ету;

• табиғи сақтаулық шаралар жүргізу;

• республикалық бюджеттен қаржыландырылатыннан басқа мемлекеттік экологиялы сарапшылыңты қамтамасыз ету; (

• айуандар әлемін қорғау.

Ел экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілік өз алды ұзақ мерзімді жобаларды бюджеттік қаржыландыруын та-лап етеді. Мұндай жобалар ресурс сақтықтаушы технологиялар енгізу, залалды заттарды шығаруын азайту, шаруашылықтық іс-әрекет нәтижелерінен жер, орман және су ресурстарын қорғауды қарастырады.

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.

24-тақырып Бюджеттің теңестірілуі. Бюджет тапшылығы. Профицит

1. Бюджеттің айқындалуы мен атқарылуының түсінігі және принциптері. Секвестр түсінігі

2. Бірыңғай қазынашылық шот. Мемлекеттік мекемелер шоттары

Бюджетті атқару маңында бюджеттік құралдарды жұмылдыру мен оларды пайдалану бойынша Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттері түсініледі. Бұл әрекеттеріне бюджетке түсімдерді қамтамасыз ету, бюджеттік ақшаларды жұмсау, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, бюджет тапшылығын қаржыландыру немесе профицитті пайдалану және бюджеттік процесті іске асырумен байланысты басқа да операция-лар жөніндегі шаралар кешені кіреді.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеггі орган болып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі табылады. Бюд-жеттік кодекске сәйкес бұл министрлігі республикалық бюджетті атқаруын қамтамасыз етеді және жергілікті бюджеттер атқаруына байланысты іс-әрекетті іске асырады.

Бюджетті атқару кассалық негізде және бюджет атқару прин-циптерінің талаптарына сәйкес іске асырылады. Бюджеті кассалық атқару деген ол бюджетке түсімдерді есепке алу мен бюджет-тен төлемдер төлеу жөнівдегі есеп-шоттағы барлық операциялар Қазынашылық (казначейлік) комитет немесе уәкілетті банк арқылы іске асырумен маңыздалады. Біздің елде бюджетті кассалық атқару Қаржы министрлігінің Қазынашынық комитетіне жүктелген.

Бюджеттік кодексте бюджетті атқарудың төрт принципі бел-гіленген - бюджеттік құралдарды мақсатты және бірқалыпты пайдалану, кассаның өз уақытындалығы мен ынтымақтылығы. Бюджеттік құралдарды мақсатты пайдалану принципі деген ол бюджеттік құралдар тек бюджеттік бағдарламалар паспорттары және мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық келісім-дерімен қарастырылған шараларға пайдалануы мүмкін екені-не маңыздалады. Бюджетті бірқалыпты атқару принципі жыл соңында телемдер көлемі көп болмауына байланысты бюджет-тік құралдардың қаржы жылы бойы бірқалыпта бөлінуі тиісті болуын талап етеді. Өз уақытындалық принцип бюджеттік құралдарды есепке алу мен пайдалану бойынша барлық операци-ялар белгіленген мерзімде іске асырылу тиіс болуын талап етеді. Кассаның ынтымақтылық принципі деген бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша барлық түсімдер мен қарастырылған шығындар бойы барлық төлемдерді есепке алу Ұлттық валю-та негізінде бірыңғай қазынашылық шоттан іске асыруына маңыздалады.

Бюджеті атқару процесінің барысында биліктің атқарушы органдары бюджеттік комиссиялар жасаған ұсыныстарды есеп-ке ала отырып бюджет көрсеткіштеріне өзгерістер мен түзетулер еягізулері мүмкін. Осындай тиісті қаржы жылғы республикалық бюджет жөніндегі заңға және жергілікті бюджеттер жөніндегі маслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен қосымшалар еягі-зу процесін бюджеттің айқындалу процесі деп аталады. Мұндай бюджеттің айқындалуы ең алдымен бюджеттер құралдары арқылы белгіленген көлемдерден артық қосымша шығындарды іске асыру үшін қажет. Бюджеттің айқындалуы келесі принциптерді сақтау арқылы іске асырылады:

• өз уақытындағы принципін, яғни бюджет сол мерзім-де айқындалуы керек, қай мерзімде ол бюджеттік бағ-дарламаларды тиімді іске асыруьгаа себепші болады;

• дәйектілік принципін, яғни бюджеттің айқындалу қажет-тілігі тиісті есептемелер және нормативті-құқықтық ак-тілермен расталуы тиіс;

• теңгерушілік принципін, яғни бюджет айқындалуы қандай болмаса да ол белгіленген бюджет тапшылығының мөлшерін өзгертпеуге тиіс.

Бюджеттік кодексте бюджет міндетті түрде айқындалуы қа-растырылған - олар: 1)егерде қабылданған немесе өзгертілген заңнамалық актілерге байланысты бюджетке түсімдер көлемі азай-са немесе бюджет шығыстарының көлемі өссе; 2)егерде бюджеті атқару процесінде бюджетке түсімдер көлемі олардың бекітілген жылдық көлемінің 10 пайызынан жоғары сомаға кемісе.

Әрбір бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет айқын-далудың бастамашылары ретінде республикалық және жер-гілікті бюджеттерге тиісті Үкімет және жергілікті атқарушы органдар болуы мүмкін, егерде бюджеттік құралдарды игеру нәтижелерін талдау осы бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылға қарастырылған жоспарлың тағайындамаларға өзгерістер, мен қосымшаларды енгізу қажеттілігін көрсетсе.

Республикалық немесе жергілікті бюджеттер айқындалуы ке-лесі шарттарды сақтаған жағдайда жіберіледі: а) бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жылдық кірістер жоспары 30% кем; ә) бірінші жарты жылдық жоспар - 60% кем; б) тоғыз айлың жоспар - 80% кем орывдалмауға тиіс. Республикалық бюджетке ятзілетін өзгерістер мен қосымшалар бойынша үсыныстарды Республикалық бюджеттік комиссия, ал жергілікті бюджеттерге — тиісті жергілікті бюджеттік комиссиялар қарайды. Осы бюджеттік комиссиялардың қорытындынарының негізінде айқындалынған бюджеттерді Парла-мент немесе тиісті маслихат қарайды және бекітеді.

Бюджеттерді түзету (корректировка) айқындалуға қарағанда биліктің өкілдік органдарында қарастыруды талап етпейді, се-бебі бұл кезде өзгерістер мен қосымшалар тиісті қаржы жылға қабылданған Үкіметтің республикалық бюджет жөніндегі заңды іске асыру жөніндегі қаулысына немесе жергілікті атқарушы орган-ның жергілікті бюджетті атқару жөніндегі шешіміне енгізіледі.

Республикалық бюджеті түзетудің негізі ретінде орталық мемлекеттік органдарды және оларға бағынатын мемлекеттік мекемелерді құру, қайта құру, жабу, функцияларын өзгерту, сондай-ақ Үкіметтік қарызды өтеу көлемінің есуі болуы мүмкін.

Жергілікті бюджеттерді түзету жоғары түрған бюджеттен қаржы жылға бөлінген қаржының және жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеудің көлемі өскен жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

Бюджеті айқындалу түсінігімен, яғни оның көрсеткіштерін өзгертумен тығыз байланысты секвестрдің түсінігі. Секвестр түсінігі бюджетті атқару барысында бекітілген түсімдер келемі қысқартылу себебінен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толығымен қаржыландырылмаған жағдайда бюджеттік құрал-дарды жүмсауға тыйым салу қажеттілікке маңыздалады. Секвестр механизмін пайдалану Үкімет немесе жергілікті атқарушы ор-ган шешімдері бойынша іске асырылуы мүмкін, егерде бюджет-тік бағдарламалар бойынша секвестр сомасы олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан аспаса, ал егерде он пайыздан асса, онда заң немесе маслихат шешімін қабылдау қажет.

Сонымен бірге, тиісті қаржы жылдың бюджеттік бағдар-маларының басымдылықтары мен әлеуметтік бағыттылығына байланысты республикалық бюджет жөніндегі заңмен немесе жергілікті бюджет жөніндегі маслихат шешімімен секвестрге жат-пайтын бюджеттік бағдарламалар тізімі белгіленеді, яғни мұндай бағдарламалар бойынша бекітілген бюджеттік көрсеткіштерді өзгертуге тыйым салынады.