Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2 Аумақтағы инвестициялық жобалар мен оларды бюджет арқылы қаржыландыру механизмдері

Өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану аумағы бойынша инвестициялық іс-әрекеттер реттеуді мемлекет мақсатты бюджеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларға бюд-жет құралдарын белу арқылы іске асырады. Осындайға арналған ақша қаражаттар сомасы жыл сайын бекітілетін бюджеттер шығындарының құрамында қарастырылады. Ал республикалық бюджеттен ақысыз негізде бөлінетін мемлекеттік инвестицияларды беру мемлекеттік және салалық бағдарламалар ішіндегі өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану мен құрылыс объектілері бойынша бел-гіленген басымды жобаларға сәйкестік іске асырылады.

Инвестициялық бағдарламаларды қаржыландырудың негізгі механизмі ретінде бюджеттік несиелендіру пайдаланады. Оның саясаты экономика аумағында шешім қабылдау процедураларына қойылатын талаптармен дәлелденеді. Бюджеттік несиелендірудің мақсаты экономика салаларында бәсекелестікті қалынтастыру мен дамыту болғандықтан, ол мемлекеттік немесе салалық даму бағдарламалары арқылы іске асырылады және мезгілдік рамка-лары бар. Сондықтан ең алдымен бюджеттік несиелер -республикалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен қаржы агенттігі мәртебесі бар даму институттарды несиелеу жәнг жергілікті инвестициялық жобаларды қаржынандыруға беріледі.

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.

22-тақырып Көлік және байланысты қаржыландырудағы бюджеттің рөлі

1. Көлік және коммуникацияның дамуын қаржыландырудағы бюджеттің рөлі

2. «Көлік және коммуникация» функционалдық топ бойынша бюджет шығыстарын қалыптастыру және оларды қаржыландыру

Көлік және коммуникация - ол өндірістік және аймақаралық байланыстарды қамтамасыз ететін, сондай-ақ халықтың ерсілі-қарсылы жүру мен ақпарат мұқтаждықтарын қанағаттандыратын салалар. Көлік пен коммуникация инфрақұрылым саласына жат-қандықтан, олар қоғам мен экономиканың барлық салаларымен өте тығыз қарым-қатынаста. Сондықтан осы инфрақұрылымның дамуы жеткілікті болмаған себептен экономиканың басқа салалары да тиімсіз болуы мүмкін, ал ол нәтижесінде елдің экономикалық даму қарқынын төмендетуге әкеледі.

Демек, бұл салалардың тұрмысты қамтамасыз етулік маңыз-ды мәнін есептей отырып, олардың іс-әрекетін мемлекет өз жағынан қолдайды және сонымен бірге реттейді. Мемлекеттік реттеу бағалық реттеу әдісі, міндетті түрде қызмет керсететін тұтынушынар категорияларын белгілеу, жеңілдіктер тізімі мен оларды бюджеттік қаржьіландыру көздерін белгілеу арқылы іске асырылады.

Мемлекеттің қазіргі уақытта жүргізіп жатқан қаржы саясаты экономика салаларын қаржыландыруға арналған шығыстар үлесін төмендетуге бағытталған. Бірақ, көлік пен коммуникацияның стратегиялық, экономикалық және әлеуметтік мәнін есептей отыра, осы салаларды қаржыландыруда бюджеттің рөлі әлі де маңызды және де зор. Бюджет құралдары көлікті қайта құрылымдауына арналған шараларды іске асыруға, тарифтік жүйені жетілдіру-ге және осы салалар бойынша мақсатты инвестициялық бағ-дарламаларды орындауға бағытталады.

Бюджет құралдары арқылы автокөлік жолдарын дамы-ту жүмыстары мен темір жол және су көлігі, азаматтық авиа-ция және байланыс аумақтарындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру қарастырылады. Бюджет құралдары сондай-ақ почталық байланысты дамыту мен жаңғыртуға, оның қаржылық жағдайын түрақтандыруға, әлеуметті қорғаудағы азаматтарға әр түрлі өтемақылар төлеуге пайдаланады. Жалпы айтқавда көлік пен коммуникация аумағы бойынша бюджет шығыстары олардың қоғам мен экономика мүқтаждықтарына тиісті техникалық ахуал-дары түзелуін қамтамасыз ететін бағыттарда қарастырылған.

2. «Көлік және коммуникация» функционалдық топ бойынша бюджет шығыстарын қалыптастыру және оларды қаржыландыру

Бюджеттік кодексте келік пен коммуникацияның үстау мен дамуын қаржыландыруға арналған барлық шығыстары бюджеттік жіктелуге сәйкес «Көлікжәнекоммуникация» атты функционалдық топта көрсетіледі. Бюджет құралдарын бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша жүмсау бағыттарында айтарлықтай ерекшеліктері бар, ал бұл арада еске сала кететін - ол қаржыландырудың негізгі үлесі республикалық бюджетке түседі. Бұл бюджет арқылы келесі бағыттар қаржыландырылады:

• халықаралық және республикалық мәні бар автокөлік жолдарының құрылысы, оларды жаңалау, жөндеу және үстау;

• су көліктерінің іс-әрекетін ұйымдастыру және реттеу;

• кеме қатынасын қамтамасыз ету мер кеме жузетін жолдар-ды ұстау;

• теңіз жолдарын навигациялық, гидрографиялық қамтамасыз ету;

• әуедегі және судағы транспорты мемлекеттік реттеу;

• әлеуметті маңызы бар облысаралық қатынас бойынша жо-лаушы тасмалдауды ұйымдастыру;

• магистралды темір жолдарды дамыту;

• аэроғарыштық іс-әрекет;

• радиожиілікті спектр мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі.

Облыс деңгейінде «Көлік және коммуникация» атты фуйк-ционалдық топ бойынша бюджеттік құралдар әлеуметті мәні бар ауданаралық немесе қалааралық қатынастар бойы жолаушы тасмалдауды ұйымдастыруын етеу үшін және сондай-ақ облыстық мәні бар автокөлік жолдар құрылысы, жаңалауы, жөндеуі мен ұстауына пайдаланады.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет-терінде осы топ бойынша шығындар жергілікті мәні бар автокөлік жолдар құрылысы, жаңалауы, жөндеуі мен ұстауына және әлеу-метті мәні бар ішкі қатынастар бойы жолаушы тасмалдауды ұйымдастыруына қарастырылады. Ал аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінде аудандық (қалалық) мәні бар автокөлік жолдарын ұстауға, жөндеуге, жаңалауға және құрылысына арналған шығындардан басқа ауыл ішіндегі (қала ішіндегі) және аудан ішіндегі қоғамдық жолаушы тасымалдауды ұйымдастыруға арналған шығындар қарастырылған.

Осы барлық шығындарды қаржыландыру бюджеттік жіктелу-ге сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер құралдары арқылы іске асырылады. Қаржыландырудың көлемі мен құры-лымы жыл сайын республикалық бюджет жөніндегі Заңмен және жергілікті бюджеттер бекіту жөніндегі тиісті маслихаттар шешім-дерімен белгіленеді.