
- •«Мемлекеттік бюджет» пәні бойынша лекциялар жинағы
- •2. Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде
- •3. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, олардың әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •1. Экономиканы басқару ретіндегі мемлекеттік бюджеттің рөлі мен мәні
- •3. Бюджеттің жалпымемлекеттік бақылау қуралы ретіндегі ролі мен мэні
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджеттік жүйенің түсінігі және экоиомикалық мазмұны. Бюджет түрлері мен деңгейі
- •Әдебиеттер:
- •1. Республикалық бюджеттің мазмұны мен мәні және оның кірістері мен шығыстарының қурылымы
- •2. Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындар құрылымының ерекшеліктері
- •3. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының тұжырымдамасы және аймақтық бюджетаралық теңестірудің механизмі
- •Әдебиеттер:
- •Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні және қурамы. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Бюджетаралық қатынастарды реттеуді мемлекеттік басқару түсінігі және құрылымы
- •2. Бюджетаралық қатынастар аумағындағы мемлекеттік басқару органдарының сипаттамасы
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджет түсімдері және олардың көздері
- •2. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мэні
- •3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- •2. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мэні
- •3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- •Әдебиеттер:
- •Салық түсімдерін болжау. Салықтүсімдері контингентінің есеп әдісінің сипаттамасы
- •2. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау
- •3. Халықаралық сауда және сыртқы операциялар бойынша салық түсімдерін болжау
- •2. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау
- •Әдебиеттер:
- •Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжау
- •2. Ерте берілген несиелерді өтеу мен мемлекеттік кепілі бар және үкіметтің кепілінде төленген талаптардан түсетін түсімдерді болжау
- •2. Ерте берілген несиелерді өтеу мен мемлекеттік кепілі бар және үкіметтің кепілінде төленген талаптардан түсетін түсімдерді болжау
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны мен жүйесі. Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері
- •2. Бюджет шығыстарыныц лимитін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар экімшіліктерінің бюджеттік отініш қңзуы және оларды қарау
- •3. Бюджет шығыстарын қайта қурылымындаудың негізгі бағыттары
- •2. Бюджет шығыстарыныц лимитін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар экімшіліктерінің бюджеттік отініш қңзуы және оларды қарау
- •3. Бюджет шығыстарын қайта қурылымындаудың негізгі бағыттары
- •Әдебиеттер:
- •1. Заңнама органдар мен қаржылық және фискалдық қызметті устауға байланысты бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •2. Фундаменталдық ғылыми-зерттеу мен сыртқы саясаттық іс-эрекетке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •3. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді бюджеттен қаражаттандыру жәие оларды пайдалауын бақылау
- •2. Фундаменталдық ғылыми-зерттеу мен сыртқы саясаттық іс-эрекетке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •3. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді бюджеттен қаражаттандыру жәие оларды пайдалауын бақылау
- •Әдебиеттер:
- •3. Мемлекеттік сот жүйесін реформалау және әскери реформанын негізгі бағыттары
- •3. Мемлекеттік сот жүйесін реформалау және әскери реформанын негізгі бағыттары
- •Әдебиеттер:
- •2. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері
- •3. Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі
- •4. Мемлекет қызметкерлері емес мемлекеттік мекемелер жүмыскерлершіц еңбекақы жүйесі. Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге еңбекақы толеу ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •1. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері. Медициналық мекемелердің қызметін жоспарлау және қаржыландыру
- •2. Халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жэрдем көрсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері
- •3. Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жумыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •2. Халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жэрдем көрсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері
- •3. Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жумыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •Көмекке арналған бюджет шығыстары
- •2. Қазақстан Республикасының азаматтарын элеуметтік қорғау. Мемлекеттік элеуметтік жәрдемақылар. Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар. Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар
- •3. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
- •4. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығындары және олардың қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды жергілікті бюджеттерде қалыптастыру ерекшеліктері
- •2. Тұрғын үй құрылысы және оның дамуы
- •2. Тұрғын үй құрылысы және оның дамуы
- •Әдебиеттер:
- •1. Ақпарат кеңістігі, спорт, туризм, мәдениет салаларындағы шаралар қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •2. Осы аумақтағы мекемелер іс-эрекетін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қалыптастыру
- •2. Осы аумақтағы мекемелер іс-эрекетін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қалыптастыру
- •Әдебиеттер:
- •1. Өнеркәсіп, қурылыс және жер қойнауын пайдалануға арналғаи шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •2 Аумақтағы инвестициялық жобалар мен оларды бюджет арқылы қаржыландыру механизмдері
- •2 Аумақтағы инвестициялық жобалар мен оларды бюджет арқылы қаржыландыру механизмдері
- •Әдебиеттер:
- •1. Көлік және коммуникацияның дамуын қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •Әдебиеттер:
- •1. Ауыл шаруашылығына арналған шығыстарды қалыптастыру және осы аймақты қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •2. Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстарды қалыптастыру
- •2. Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстарды қалыптастыру
- •Әдебиеттер:
- •2. Бірыңғай қазынашылық шот. Мемлекеттік мекемелер шоттары
- •2. Бірыңғай қазынашылық шот. Мемлекеттік мекемелер шоттары
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері. Бюджеттің профициті және оны пайдалану бағыттары
- •2. Қарыз алу саясаты мен механизмі. Үкіметтің борышы мен жергілікті атқарушы органдардың борыштарына сипаттама және оларды өтеуге арналған шығыстар
- •3. Мемлекеттік борышты басқару және мемлекеттің қунды қағаздар нарығындағы саясаты
- •2. Қарыз алу саясаты мен механизмі. Үкіметтің борышы мен жергілікті атқарушы органдардың борыштарына сипаттама және оларды өтеуге арналған шығыстар
- •3. Мемлекеттік борышты басқару және мемлекеттің қунды қағаздар нарығындағы саясаты
- •Әдебиеттер:
- •1. Республикалық бюджет жобасын қарау және бекіту тәртібі
- •2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі
- •2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі
2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.
3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.
4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.
2-тақырып Мемлекеттік бюджет - экономиканы басқару құралы ретінде
1. Экономиканы басқару ретіндегі мемлекеттік бюджеттің рөлі мен мәні
2. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтіи басқа да қаржылық құралдар арасындағы ролі
3. Бюджеттің жалпымемлекеттік бақылау қуралы ретіндегі ролі мен мэні
4. Қаржылық ресурстарды бөлудің сандық жэие сапалық сипаттары
Мемлекеттік бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар секілді мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің ұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады. Бюджетті экономикалық басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің дамуына бағытталған, онын тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің мүқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген. Бюджеттік қатынастарды пайдалану құқықтық формада болғандығы оған өте үлкен ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.
Экономикада тауарлы-ақша қатынас болғандықтан экономикалық пропорциялар екі формада көрініс табады, яғни натуралды-заттық және құндық (ақшалай). Натуралды-заттық форма қоғамдық ендірістің құрылымдық бөлімдері арасында материалды-техникалық құралдарды бөлуі мен оларды жүмыс күшімен қамтуды, ал құндық форма ақшалай қаражшащй,йілудідпро.псфдияларың анықтауды қарастырады. Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік болуының салдарынан қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттейтін мүмкіншілік болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Құндылық құралдарды (қаржы, бюджет, несие және т.б.) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономиканың салалық және аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады. Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру, экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады, себебі бюджет негізі - бюджеттік қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен оның тиімділігін жоғарлату мүдделерініц алуан-алуан бағытында пай-даланады.
Мемлекеттік бюджетті - экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен ролі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшілігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады.
Экономиканың дамуына байланысты оны басқару құралы ретінде бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғүрлым ірі болса, соғүрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте маңызды.
Бюджеттің релі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдалаігудың мүмкіншілігі болады. Бюджеттік механизм — ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға мемлекеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта белуді қамтитын әдіс-тәсілдердің жүйесі.
Бюджеттік механизмнің объективтік негізі. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөлу қатынастар процестері болып табылады. Экономикалық категория ретіндегі бюджеттің өзінің ішкі құрылымы бюджеттік механизмнің ішінде әр түрлі тізбектер бар екенін дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттік механизм құрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты бюджеттік қатынастар топтары және соларға сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әр түрлі формалары мен әдістерін енгізеді. Сол себепті бюджеттік механизмде бюджеттік қатынастар көрінісінің формаларына тәуелді келесі құрылымдық тізбектерді бөлуге болады, олар: ақша қаражаттарын мемлекет тарапына жүмылдыратын әдістер; әр түрлі іс-әрекет салаларына бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет қалыптастыратын тәртіп пен формалар; ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу және олармен маневр жасайтын әдістер.
Бюджеттік механизмнің жоғары айтылған тізбектері өз алдына сәйкес элементтерден қалыптасады. Мысалы, ақша қаражаттарды жүмылдыратын бюджеттік механизм салықтық және салықтық емес қаржы ресурстар түсетін әдістермен сипатталады және өздерінің әлпеттерін нақты кіріс түрлерімен (қосымша құнға салық, акциздер, мүлік салығы және т.б.) іске асырылады. Мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарға бюджеттік қаражаттар жіберу механизмі әр түрлі пршщиптер негізі мен бюджеттік ақша берудің әр түрлі формарлары арқылы іске асырылады. Қаржы ресурстарын ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу механизмі бюджет жүйесінің сәйкестік буындары тарапына бюджет қаражаттарының белгілі бөлігін бекіту мен бюджеттік реттеудің әр түрлі әдістерімен сипатталады.
Бюджеттік механизмнің әр құрылымдық буыны мен элемен-тіне ездерінің орындайтын міндеттеріне сәйкес функционалдық ерекшеліктері тән. Бірақ, бюджеттік механизмнің буындары мен элементтері өздерінің қатыстылы дербестігіне қарамай біртұтас болып қызмет атқарады, яғни барлық құрылымдық буындар мен элементтердің езара байланысты әрекеттері бюджеттік механизм-нің бірыңғай іс-әрекеттін қамтиды.
Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік механизмді белсенді түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес экономиканың салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруде, жалпы барлық ресурстар түрлерін тиімді пайдалануда елеулі рөл атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану формаларында экономиканы басқарудың құралы ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық құжат, экономикалық түтқа және ынта түрлерінде интегралды әсер етеді.
Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтіи басқа да қаржылық құралдар арасындағы ролі
Бюджет қаржылық жоспар ретінде, бір жағынан, экономика салалары мен іс-әрекет салаларының қаржылық жоспарларына негізделеді, ал екінші жағынан, ол көбінесе оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті елдің негізгі қаржы жоспары деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалық табиғатына қайшы келмейді. Себебі, «мемлекеттік бюджет» термині өз сипатына байланысты екі әр түрлі түсінікте қолданылады, біріншісі - бөліп түратын қатынас саласына жатады, екіншісі - адамзат іс-әрекет процесінде пайдаланатын объективтік форманы көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы жоспары ретінде болуы бюджеттік қатынастың ерекшелігіне байланысты, яғни қоғамдық енімді құндық бөлістің -бюджеті. Экономиканы реттейтін басқа қаржылық құралдар арасындағы бюджеттің релі өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Бюджеттің ерекшеліктері ретінде келесілерді ай-туға болады:
• бюджет мемлекеттің қолында ұлттық табыстын бір бөлегін оңашаландыруға байланысты қайта беліс қатынастарының ерекше экономикалық формасы және табыстың сол белігін бүкіл қоғам мен оның әрбір аумақтарыныц мүқтаждықтарын қамтуға пайдаланады;
• бюджет арқылы ұлттық табыс немесе сирек - ұлттық бай-лық экономика салалары, ел аумақтары мен қоғамдық іс-әрекет салалары арасында қайта бөліс атқарылады;
• бюджеттік қайта бөліс пропорциялары қаржының басқа буындарына қарағанда көбінесе үлғайтылған қайта өнді-рістің жалпы мүқтаждарымең және қоғам дамуының әр тарихи кезеңінде оның алдында түрған міндеттемелерімен анықталады;
• бюджеттік қайта бөліс аумағы мемлекеттік қаржы құрамын-да орталық орынды қалайды, себебі бюджет қаржының басқа буындарымен салыстырғанда бастапқы дәрежеде.
Бюджеттік қатынастың бөлістік сипаты мемлекетке бюджет-тік экономикаға әсер ететін нақты түтқа меи қоғамдық ілгерлік-ке ынта рстінде пайдалануға мүмкіншілік береді — бұл аспектіде бюджеттің әрекеті басқа құндық түтқаларымен (баға, несие және
т.б.) бір типті. Бірақ мемлекеттік бюджет қоғамдық өнімді құндық бөліс саласында бастапқы дәрежеде болғандықтан бұл оны эк:о-номиканы басқарудың орталандырылған жалпымемлекеттік құралына - республиканың негізгі қаржы жоспарына айналдыра-ды. Бұл дәрежеде бюджет қаржы ресурстарының бөлігін ортала:н-дыру негізінде мемлекет қарастырған әлеуметтік-экономикалық дамуды қаржыландыруын қамтиды, екіиші жақтан қосымша ріе-зервтер айқындау мен сапалық көрсеткіштерді жақсартуға белсе:н-ді әсерін тигізеді.
Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы буындары арасын-дағы орны мен мәнін келесідей анықтауға болады. Біріншіден, бюджеттің қаржы жүйесінің басқа буындарынан айырмашы-лығы — ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында пайдаланатын қоғамдық енім құнының бір бөлігінің айналымымен байланысты бөліс қатынастардың кең комплексінің бейнеленуі. Бұл мемлекетке бюджет арқылы бар-лық ел ауқымында құндық бөліс процестерін орталандыра басқа-руға мүмкіншілік береді. Екіншіден, бюджет барлық кірістер мен шығыстардың басқа баланстары, қаржы жоспарлар, несиелік және кассалық жоспарлармен тығыз байланыста. Үшіншіден, мемлекеттік бюджет қалыптастыру процесінде макроэкономи-калық, қаржылық және өндірістік көрсеткіштер талданады және анықталады, қаржы-несиелік жүйенің барлық буындарының бай-ланыстары үйлестіріледі, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері қаржы және несие ресурстары-мен түжырымды қиыстыруға жетеді.
Бюджеттіц жалпымемлекеттік бақылау қуралы ретіндегі ролі мен мэні
Бюджеттің көптеген байланыстарын қамтамасыз ететін бгад-жеттік көрсеткіштердің нақты-адрестік сипаты оларды экономика салаларындағы іс-әрекет жағдайын бақылау мақсатына пайдала-нуға негіз тудырады. Бюджеттік керсеткіштер арқылы қоғамдық
қайта өндірістің барлық оның сатыларындағы жүрісі мен шаруа-шылықты жүргізудің барлық кезеңдері мен деңгейінің әр түрлі процестерді қадағалауға болады. Бюджет көрсеткіштерін орын-дау дәрежесі экономикада болып жатқан процестердің жүрісін көрсетіп, сондағы жаратымды және жаратымсыз беталыстарды анықтайды.
Мемлекеттік бюджет арқылы жүргізетін жалпымемлекеттік бақылау қаржы бақылау түрінде іске асырылады. Бұл мемле-кеттің экономикалық және қаржылық саясатын іске асыруға арналған әсершіл құрал Қаржылық бақылау барлық деңгей-дегі бюджеттерді қалыптастыру процесінде және де оларды орындау, жөнінде есеп пен есеп беруді жүргізу, мемлекет-тің активтері мен гранттарын пайдалану және т.б. бюджеттік әрекеттерде іске асырылады. Бұл бақылау уақытша шара емес, ол үнемі жүргізіледі және экономиканы басқарудың барлық ұйымдастырушы жүмысының ажырағысыз құрамдық бөлігі бо-лып табылады.
Қаржылық бақылауды іске асырудың объективтік негізі болып бюджеттің экономикалық категория ретіндегі бақылау функция-сы табылады. Мемлекеттік бюджеттің бақылау функциясының әрекеті кең шекара мен бәрін қамтушы сипатпен айрықша таны-лу, соған негізделген бюджеттік бақылауда тек қана қоғамдық өнім құнын бюджеттік бөліс саламен шектелмей бірталай аумаққа әсерін тигізеді. Сондықтан, қаржылық бақылауы экономиканың барлық саласындағы іс-әрекет жағдайы жөнінде пайымдауға мүмкіншілік береді. Оның іс-әрекет процесінде бюджеттің атқа-руы, ақша қаражаттарының уақытымен және толық түсуі, оларды тиімді пайдалаігуы тексеріледі.
Демек, қаржылық бақылау жүргізу негізінде әрбір субъек-тілер мен жалпы мемлекет бойынша барлық ресурстарды пай-далану бақылауын іске асыру болады. Сонымен бірге бюджеттік процеске қатысушылардың нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау мен бюджеттік қаражаттар арқылы іске асы-рып жатқан шаралардың негізділігі мен экономикалық тиімділігі тексеріледі.
Қаржылық ресурстарды бөлудің сандық жэие сапалық сипаттары
Қаржылық ресурстарды бюджет арқылы бөлудің қоғамдық өндіріске әсері сандъщ және сапалың жақтарымен сипатталады. Сандың жагы бюджет арқылы қайта бөлінген қаржы ресурстары-ның үйлесімдері мен деңгейі бойынша білінеді. Қаржы ресурстары түсінігі ретінде мемлекет пен шаруашылық субъектілердің ақша қаражаттарының жиынтық қоры болғандықтан, олардың өсуінің негізгі факторы болып жалпы ұлттық табыстың үлғаюы табылады. Мемлекеттің қаржы ресурстарының сандық мөлшері жиынтық қаржы баланста көрсетілуі мүмкін. Мұндай балансқа бюджеттік жүйшің барлық ресурстарына қоса ¥лттық қор ресурстары мен барлық меншік формадағы шаруашылық субъектілерінің ресурс-тары жатады.
Бюджет арқылы бөлінетін қаржы ресурстардың экономикаға тигізетін әсерінің сапалық сипаты келесілермен сипатталады: біріншіден, мемлекет бюджеттік қаражаттар салымының бағытта-рын пайдаланады; екіншіден, мемлекет осы қаражаттарды эконо-мика дамуының қосымша ынта ретінде және оларды жүмылдыру мен елдің экономикалық өсуін жетілдіру, өндіріс тиімділігін жоғарлатуға жүмсау әдістерін қолданады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық ынта ретінде басқа эко-номикалық ынталардан айыратын белгілі ерекшелігі бар. Бюджет-тің экономикалық ынта ретіндегі рөлі тек қана бюджеттік қатынас-тар ұйымдастыру формалары арқылы кәсіпорындарды неғүрлым жоғары экономикалық нәтижеге жетуін құштарлау емес, оның рөлі ең алдымен бас шаруашылық субъектінің, яғни мемлекеттің мүдцелерін іске асырудағы бюджеттің әрекетімен байланысты. Егер қаржы ресурстарды бюджеттік қайта бөліс арқылы ғылыми-техникалық прогресс тездетілсе, қоғам өндірісінің салалық және аумақтық құрылымы жетілдірілсе, экономикалық өсудің фак-торлары белсендірілсе, онда бұл арада бюджеттің экономикаға тигізген тек сандық әсері ғана емес, мұнда бюджет барлық қоғам өндірісінің экономикалық рента ретінде сипатталады.