Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Қазақстан Республикасының азаматтарын элеуметтік қорғау. Мемлекеттік элеуметтік жәрдемақылар. Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар. Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде жәрдемақылар ма-ңызды орын алады. Республика азаматтары мүгедектікке байла-нысты, асыраушы адамнан айрылып калу орайда және жас шама-сына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ мемлекеттік адрестік әлеуметтік жәрдем алуға құқықтары бар. Жәрдемақы төлемдері республикалық бюджет құралдары арқылы іске асырылады, тек қана мемлекеттік адрестік әлеуметтік жәрдем төлемдері жергілікті бюджеттер құралдарынан төленеді.

Республикалық маңызы бар қалалар, астана және аудан бюд-жеттер құралдары арқылы әлеуметтік жәрдем мен әлеуметтік қамтамасыз ету көрсетіледі, яғни келесілер:

• баспаналық жәрдем көрсету жөніндегі телемдер;

• мүқтаж азаматтарға үйлерінде әлеуметтік жәрдем;

• анықталған мекен-жайы жоқ тұлғаларды әлеуметтік икем-

делу;

• ата-анасыз қалған балалар мен жетімдерге, мүгедектер мен қарияларды әлеуметтік қамтамасыз ету;

• халықты еңбекпен қамтамасыз ету;

• жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша азамат-тардың жеке категорияларына әлеуметтік жәрдем жасау.

Облыстық бюджет құралдары арқылы ата-анасыз қалған ба-лалар мен жетімдерге, мүгедектер мен қарияларға әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі төлемдер ісқе асырылады.

Жәрдемақы тағайындау жөніндегі белгіленген құжаттар қо-сымша етініш жәрдемақыға құқы бар тұлғаның түрған жерінде-гі жергілікті халықты әлеуметтік қорғау органына үсынылады. Жас шамасы бойынша жәрдемақы өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Асырушы адамнан айрылып қалуына байланыс-ты жәрдемақы. Осы жәрдемақыны алуға марқұмның асырауында болған жанүясының мүгедек мүшелерінің құқы бар.

Мүгедектік бойынша жәрдемақы тұлғаның мүгедектігі жү-мыс істегеніне немесе істемегеніне, жүмыс уақытында немесе жүмыстан кейін болғанына қарамастан мүгедектік анықталған күннен бастап тағайындалады. Бұл жәрдемақыға құқықтары бар-лар келесі мүгедектер:

• жедел қызметтегі әскери қызметкерлер санынан;

• ішкі істер органдарының басқарушы және қатардағы әскери қызметкерлер санынан;

• жарақаттан кейін мүгедек болған әскери қызметкерлер са-

нынан;

• төтенше экологиялық жағдайдан кейінгі мүгедектер. Жоғарыда келтірілген барлық мүгедектерге айлық жәрдемақы

мөлшері олардың мүгедектік топтарына сәйкес айлық есептемелік көрсеткіш негізінде белгіленген саны арқылы тағайындалады. Мүгедектік бойынша жәрдемақы жүмыс істеушілерге толық көле-мінде төленеді. Егерде Мемлекеттік орталық және жинақтаушы зейнетақы қор арқылы төленетін барлық жәрдемақы көлемі мүгедектік бойынша төленетін айлық жәрдемақы көлемінен

аз болса, онда мүгедектік бойынша жәрдемақы зейнетақылық төлемдерге тиісті қосымша ретінде беріледі.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақы - ол азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған ақшалай төлемдер. Осы жәрдемақы жө-ніндегі арнайы Заңға сәйкес ай сайын республикалық бюджет құралдары арқылы және алатын еңбекақыға тәуелсіз төленеді. Бұл жәрдемақы алу құқық 1998 ж. 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан азамаггарға берілмейді. Жәрдемақы мелшері 8 айлық есепте-мелік көрсеткіш көлемінде тағайындалады және зейнетақы төлем жөніндегі Мемлекеттік орталықпен төленеді.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы - ол әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға басқа жәрдемақы түрлерінен тәуелсіз бері-летін ақшалай төлемдер. Бұл жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйеге кіреді және оны алуға құқы бар азаматтарға өз алды ай сайын төленетін ақша. Арнайы мемле-кеттік жәрдемақы алу құқығы заңнамалық және нормативтік ак-тілермен белгіленген азаматтарда бар. Жәрдемақының мөлшері айлық есептемелік көрсеткіш негізінде белгіленген саны арқылы тағайындалады.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құңы бар тұлға өзі тұрған жеріндегі жергілікті уәкілетті органға белгіленген қажетті құжаттар қосымша өтініш ұсынады. Жәрдемақыны тағайындау мен төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Оны төлеу жәрдемақы алу құқы пайда болған уақыттан бастап ай сайын және жәрдемақы беру шарттары сақтау мерзімі бойынша төленеді.

2005 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтық жөнінде» атты Қазақстан Республикасының Заңы қолданады. Бұл Заңда азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бір формасы ретінде міндетті әлеуметтік сақтықтың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздері белгіленді және ол мемлекет, жұмыс беруші мен жұ-мыскер араларындағы әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі жа-уапкершілікті бөлу жүйесін құрудың нормативтік базасы ретінде іске асырылады.