Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.

18-тақырып Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік

Көмекке арналған бюджет шығыстары

  1. Зейнетақы төлеу аумағындағы бюджеттің рөлі мен мемлекеттің саясаты. Зейнетақымен қамтамасыз етудегі бюджет шығыстарын қалыптастыру

2. Қазақстан Республикасының азаматтарын элеуметтік қорғау. Мемлекеттік элеуметтік жәрдемақылар. Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар. Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар

3. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры

4. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығындары және олардың қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар басы-нан бастап әлеуметтілік бағдардағы реттеленетін Ұлттық нарық жүйесін құруға бағытталған. Экономика дамуының әлеуметтік бағыттылығының бір көрінісі болып елдің қаржы ресурстарын орталықтандыру мен қайта бөлісі табылады.. Осының салдары-нан мемлекет, әр түрлі механизмдерді пайдалана отырып, нақты мұқтажды азаматтарға жәрдемақы төлеу арқылы адрестік әлеу-метті кемек көрсетеді. Мысалы, 2005 жылы әлеуметтік қамта-масыз ету бағдарламаларды қаржыландыруға арналған респуб-ликалық бюджеттің шығындар көлемі ішкі жалпы өнім құнына шаққандағы деңгейі 4,4%-ға жетті.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнын оның әлеу-меттік көмек көрсету мен әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-әрекет қосындысы қалыптастырады. Әлеуметтік сая-саттың маңызы мемлекеттің нақты әлеуметтілік функцияларын іске асыруда көріністі болады.

Әлеуметтік экономиканы мемлекеттің барлық экономикасы-ның дамуынан бөлек қарастыруға мүмкін емес, себебі әлеуметтік саланың іс-әрекетте болуының басты шарты — ол бұл саланы қаржылық қамтамасыз ету. Әлеуметтік саланы қаржыландыруды нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі жөніндегі мәселе-лермен бірге қарастыру қажет, себебі экономикалық реформалар-да мемлекет пен нарықтың әсер салаларын шектеудің өте маңызды мәні бар. Мемлекеттік араласу ауқымдары нақты елге тән ерек-шеліктер, дәстүрлер және әлем экономикасының бүгінгі дамуы-мен анықталады.

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизімінің объек-тивтік кемшіліктерін жеңу үшін қажетті экономиканы мемлекет-тік реттеу формалары мен мемлекеттің араласу ауқымдары түрлі болуы мүмкін.

Біріншіден, ол мемлекеттік реттеудің тек қорғау функциясын атқару ретінде болатын, ал қайта бөлу іс-әрекеті жалпы мини-малды шығындарды қаржыландырумен шектелетін мемлекеттің араласуының минималды формасы. Мұндай әдістеме мемлекет-тік қаржылық реттеудің механизмдерін пайдаланудың шекарасын шектейді, сондықтан әлеуметтік саланың көптеген мәселелері мемлекет көмегімен шешілуі мүмкін емес.

Екіншіден, ол мемлекеттік реттеудің нарықтық механизмге кірісуі, демек, соған бағынатын мемлекеттің араласуының тікелей емес формасы. Бұл арадамемлекеттің белгілі және күмән емес функ-цияларын бөліп айтуға болады, олар құқықтық базаны қамтамасыз ету, бәсекелестікті қорғау, кірістерді қайта бөлу, ресурстарды бөлуді корректілеу, экономиканы түрақтану мен экономикалық өсуді ынталандыру. Демек, мемлекет өзіне экономикалық және әлеуметтік салалар арасындағы қарама-қарсылықты реттеу мін-деттемелерін жүктеген. Біздің республикада экономиканы мемле-кеттік реттеудің осы формасы іске асырылуда.

Үшіншіден, ол мемлекеттік реттеудің нарықты өзіне бағын-дырған, орталықтандырылған жоспарлау арқылы экономикаға шексіз әсерін тигізетін мемлекеттің араласуының тікелей фор-масы.

Мемлекеттік араласудың барлақ формалары басқа іс-әрекет түрлерімен қоса бөліп және қайта бөліп тұратын іс-әрекет түрі арқылы іске асырылады. Ал бұл іс-әрекет көбінесе мемлекеттік бюджет арқылы көріністе болғавдықтан мемлекеттің әлеуметтік саясаты іске асыру негізі бюджет болады. Сондықтан, мемлекеттің өз әлеуметтік функцияларын қамтамасыз ету шығындары рес" публикалық және жергілікті бюджет құралдары арқылы әре-кеттенеді.

Демек, халыққа керсететін әлеуметтік қызметтер деңгейі бюджеттің қалыптасуы мен атқаруына байланысты, ал өз алды-на әлеуметтік салаға жұмсалатын бюджеттік құралдар деңгейі, олардың алға қойылған мақсаттарды тиімді атқару қабілеттілігі маңыздылық шамада мемлекеттің бюджеттік саясатының жалпы принциптеріне әсерлі.

Қазақстан Республикасында қазіргі шарттарға сәйкес әлеу-меттік саланың әр түрлі институттары жұмыс атқаруда. Олардың барлығы халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін жүйені құрады. Бұл институттар өз іс-әрекеттерінде мүгедектерге, кәрлігі жеткен-дерге, көп балалы және толық емес жанұяларға, сондай-ақ басқа да мұқтаж азаматтар категорияларына әр түрлі әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бұлардың іс-әрекеттері тиісті заңнамалық және норма-тивтік актілер ережелеріне негізделеді.

Қазақстан Республикасы азаматтарының зейнеақылық қам-тамасыз етуге құқықтары бар. Бұл аумақтағы мемлекеттің саясаты ҚР Конституциясына негізделеді және «Зейнеттік камтамасыз ету жөнінде» атты Заңмен реттеледі. Осы Заңға сәйкестік 1998 жыл-дан бастап Қазақстанда зейнеттік қамтамасыз етудің сол уақытқа дейін әрекетте болған ынтымақтық жүйенің орнына жинақтаушы жүйесі енгізілді. Бұл Заңмен тағы бір тағайындалған шарт - ол 1998 жылдың сәуір айының 1 жүлдызына дейін зейнетке шыққан азаматтарға мемлекет зейнеттік қамтамасыз етуді кепіл етеді. Бюд-жет құралдары арқылы зейнеттік қамтамасыз етуге құқықтары бар азаматтарға зейнетақы республикалық бюджет құралдарынан төленеді.

Зейнетақы төлемдері жөнівдегі уәкілетті орган ретінде мем-лекеттік кәсіпорын формасында құрылған Зейнетақы телемдер

жөніндегі орталық болады. Бұл Орталық келесі функцияларды орындайды:

• зейнетақымен қамтамасыз етуге құқықтары бар азаматтарға республикалық бюджет құралдары арқылы зейнетақы тө-леу;

• азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар иелену;

• міндетті зейнетақылық жарналардың кейіптеулік есебі;

• міндетті зейнетақылық жарналарды агенттерден жиынтық зейнеттік қорларға аудару;

• мемлекет алдында салықтық міндеттемелер атқаруға бақы-лауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы органға агент-тердің тізілімдемелері мен төлемді құжаттарын үсыну.

Осы Орталық жаңа зейнеттік жүйе енгізу барысында зей-нетақылық төлемдерді категориялар бойынша келесі тәртіппен тағайындады:

а) 1998 ж. 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатын азаматтарға;

ә) зейнеттік жасқа жеткен азаматтарға:

• 1998 ж. 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толған ер адамдарға,

56 жасқа толған әйелдерге;

• 1998 ж. 1 шілдеден бастап 61,5 жасқа толған ер адамдарға, 56,5 жасқа толған әйелдерге;

• 1999 ж. 1 шілдеден бастап 62 жасқа толған ер адамдарға,

57 жасқа толған әйелдерге;

• 2000 ж. 1 шілдеден бастап 62,5 жасқа толған ер адамдарға, 57,5 жасқа толған әйелдерге;

• 2001 ж. 1 шілдеден бастап 63 жасқа толған ер адамдарға,

58 жасқа толған әйелдерге.

Орталық азаматтың жас шамасына байланысты зейнетақылық төлемдерді ер адамдардың еңбек стажы 25 жылдан және әйел-дердің еңбек стажы 20 жылдан кем болмаған шартта оларға толық көлемінде зейнетақы тағайындайды, ал толық емес көлемівдегі зейнеттік төлемдер нормативтік актілерде белгілеген тәртіппен есептеледі. Зейнетақылық төлемдер өмір бойы төленеді. Егерде зейнетақы алушы қайтыс болса, онда оның жанүясына орталықтан мезгілді 15 айлық есептемелік көрсеткіш мөлшерінде төлем беріледі.

Орталықтан төленетін зейнетақылық төлемдер әрбіреу үш жыл қатарының орташа айлық табысының 60 пайыз мөлшерінде есеп-теледі. Бұл арада табыс құрамына еңбекақының барлық түрлері мен Үкімет белгілеген басқа да табыстар кіреді. Осы табыстың көлемі тиісті жылға республикалық бюджет жөніндегі Заңмен бел-гіленген 15 айлық есептемелік көрсеткіштен аспауы тиіс. 1998 ж. 1 қаңтарға дейінгі мерзім үшін орташа айлық табыс мөлшері халықты әлеуметтік қорғау аумағывдағы орталық атқарушы ор-ган анықтаған тәртіппен жиыытық зейнетақы қорға міндетті зейнетақылық төлемдер жасалған табысқа сәйкес белгіленеді. Осы-лай есептелген зейнетақылық төлемдердің максималды мөлшері 25 айлық есептемелік керсеткіштің 75 пайызынан аспауға тиіс.