Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жэрдем көрсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері

Денсаулық сақтауға арналған шығындардың жалпы көлемінің ішінде ең үлкен үлес салмақты емдік-профилактикалық мекеме-лерді үстауға арналған шығындар алады. Мұндай шығындарға ке-лесілер жатады:

• барлық ауруханалық мекемелер түрлері;

• амбулаториялы-емханалық мекемелер;

• ана мен баланы қорғау мекемелері;

• диспансерлер;

• айрықша типтегі денсаулық сақтау мекемелері;

• шипажайлық мекемелер. Емдік-профилактикалық мекемелер шығындарын жоспарлау

мен қаржылавдыру бюджеттік жіктелудің экономикалық ерек-шеліктері бойынша арнайы формалар толтыру арқылы іске асы-рылады. Денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелердегі мемлекет-тік қызметкерлер емес жүмыскерлерге негізгі еңбекақы төлеуге арналған шығындар есептемелерін жасау үшін 04-111 форма толтырылады. Мұнда қызметтер атаулары мен категориялары бойынша жүмыскерлердің ай сайынғы жалақысының сомасы анықталады.

Денсаулық сақтау мекемелерінде тамаққа арналған шығын-дарды есептеу үшін 02-131 форма пайдаланады. Мұнда бөлімдер атаулары, орташажылдық орын(кер^ет)-күн саны, бір орын-күнге есептегендегі тамаққа арналған шығындардың нормасы, шығындардың жалпы сомасы көрсетіледі.

Тұрақты (стационарлық) денсаулық сақтау мекемелерін-де дәрі-дәрмектерге арналған шығындарды есептеу үшін 02-132 форма құрастырылады. Бұл құжатта бөлімдер атаулары, емделетін аурулардың жоспарлық саны, бір күнге шаққандағы бір ауруды

емдеу құяы, Яр аурудың ауруханада болған орташа күн саны, дәрі-дәрмекке арналған шығындар сомасы көрсетіледі. Ал ам-булаториялы-еімханалык мекемелерде дәрі-дәрмек шығындарын есептеу үшін 03-132 форма құрастырылады. Мұнда жоспарлап отырған дәрігерлік қатысу саны, бір қатысуға қажетті дәрі-дәрмек құны және барлық шығындар сомасы көрсетіледі.

Сонымен ңатар, денсаулық сақтау мекемелерінде басқа да шығындар есептеу үшін тиісті формалар пайдаланады. Мысалы, 01-139 форма жиһаздар мен инвентарлар сатып алуға арналған шығындарды есептеу үшін толтырылады, 01-141 - ыстық және суық су, канализация мен газға қажетті шығындарды есептеуге, 01-144 — элекгроқуатты төлеуге қажетті шығындарды есептеу-ге, 01-145 - ғимараттарды жылумен қамтамасыз етуге кажетті шығындарды есептеуге, 01-146 - ғимараттар, құрал-жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды үстауға, жөндеуге жүмсалатын шығындарды есептеуге қолданылады.

Республикалық бюджеттің «Денсаулық сақтау» функцио-налдық тоП кұрамында айрықша ішкі функция қарастырылған. Осы ішкі функдия арқылы мамандандырылған медициналық жәрдем жасауға арналған шығындарды өтеу үшін бюджеттік құралдар беріледі. Қаржыландыру ел аумағында өте маңызды бағыттар, мысалы, аурулардың жеке бір түрлерін дәрі-дәрмектермен қам-тамасыз ету немесе халықтың денсаулығын қорғау қажеттілік сияқты арнайы бағдарламалар арқылы жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жумыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері

Емдік-профилактикалық және басқа да денсаулық сақтау ме-кемелерді ағымдағы ұстауға бағытталған шығындар құрамында негізгі бөлігін медициналық, әкімші-шаруашылық және басқа

да персоналдың жалақыларын төлеу шығындар құрайды. Бұл еңбекақы женіндегі шығындар сомасы мен қосымша және басқа да төлемдер түрлері сомасының қосындысы денсаулық сақтау ме-кемелер жүмыскерлерінің еңбекақы қорын қалыптастырады.

Еңбекақы бекітілген бірыңғай тарифтік кесте негізінде тағайындалады және арнайы нормативтік актімен реттеледі. Осы нормативтік актілерге сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде уақытша еңбекақы жүйесі пайдаланады, ал бұл мекемелердің барлық жүмыскерлері мемлекеттік мекемелер қыз-меттері тізілімінің О категория тобына жатады. Бұл қызметтер тізіліміне сәйкес жүмыскерлердің еңбекақы дәрежелері анықтау медициналық және фармацевтілік жұмыскерлерді аттестация-лау тәртібі жәніндегі әрекеттегі ережелер негізінде өткізілетін тарификациялау мен аттестациялау нәтижелері бойынша іске асырылады.

Медициналық жүмыскердің қызметтік мөлшерлемесі тиіс-ті қызмет категориясы мен әрекеттегі нормативтік актілер-мен қарастырылған қосымша төлемдер қосындысы ретінде есептелген негіздік мөлшерлеме арқылы қалыптасады. Бір медициналық және басқа да категория жүмыскерлерінің орта-ша айлық мөлшерлемесі мен олардың саны арқылы денсаулық сақтау мекемесінің еңбекақы қоры есептеледі.

Денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру бекітілген бюджеттік қаржы бөлу мөлшерінде, ал осы құралдарды жүмсау бекітілген қаржыландыру жоспары көрсеткіштеріне қатаңдық сәйкестікте іске асырылады.