Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

4. Мемлекет қызметкерлері емес мемлекеттік мекемелер жүмыскерлершіц еңбекақы жүйесі. Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге еңбекақы толеу ерекшеліктері

Білім беру мекемелерін ағымды ұстауға арналған шығындар-дың негізгі бөлігін еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыңдар құ-райды. Олар педагогикалық, әкімші-шаруашылық және оқу-кө-мектесуші персонал бойынша анықталады. Үкімет бекіткен бірывдай тарифтік кесте негізівде аныкталған осы еңбекақы мен оған қосымша және басқа да төлемдер турлеріне арналған шығындар қосындысы білім беру мекеме жұмыскерлерінің еңбекақы қоры болын табылады. Білім беру саласының мемлекеттік мекеме жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі Республика Үкіметінің 2003 ж. бекіткен №91 «Мемлекеттік қызметкерлер және қазыналық кәсіпорындар жұ-мыскерлері емес мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің еңбек-ақы жүйесі жөніндегі» қаулысымен реттеледі. Осы қаулыға сәйкестік білім беру мемлекеттік мекемелерде сағаттық еңбекақы жүйесі тағайындалған және осындай мекемелердің жүмыскерлері мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметтері тізілімінің О санат тобына апарылған.

Еңбекақы қорын анықтау маңында негізгі табыстық ақымен қоса жалпы білім беру, жоғары білім беру мен мемлекеттік ғылыми мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жүмыскерлеріне еңбектің айрықша шарттары үшін заңнамалармен тағайындалған қосымша төлемдер есептеледі. Мысалы, мектеп мұғалімдерінің еңбекақы қоры қосымша телемдерді қоса бірыңғай тарифтік кес-те негізінде есептелген педагогикалық мөлшерлемелер саны мен мүғалімнің айлық орташа мөлшерлемесі арқылы анықталады. Ал педагогикалың мөлшерлемелер саны әрбір сыныптар тобы бойын-ша есептелген оқу сағаттарының жалпы көлемін мүғалімнің белгі-ленген оқу сағат нормасына бөлу арқылы анықталады.

Білім беру мекемелерінің еңбекақы жүйесінің айрықша ерек-шелігі - ол оқу жылы мен қаржы жылы басының түйіспеуі. Сон-дықтан, ағымдағы және жаңа қаржы жылғы айлар үшін еңбекақы қордың айлық сомасы мен сынынтар топтарының саны негізінде 1-ші қаңтар мен 1-ші қыркүйекке мүғалімнің орташа мелшерлемесі мен еңбекақы қоры есептеледі.

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.

17-тақырып Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары

1. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері. Медициналық мекемелердің қызметін жоспарлау және қаржыландыру

2. Халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жэрдем көрсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері

3. Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жумыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері

Халықтың денсаулығын сақтау мен бекінісі өз алды мемле-кеттік пен қоғамдық, әлеуметті-экономикалық пен медициналық мекемелердің көп жақтық іс-әрекеттерін көрсетеді. Халықтың денсаулық сақтау сүрақтары арнайы заңнамалық және норматив-тік актілермен реттеледі. Олар ҚР Конституциясымен кепілденген азаматтардың денсаулық пен оны сақтау жөніндегі құқықтарын қамтамасыз етуін, халық денсаулығының бекінісі мен дамы-ту шарттарын жасау үшін билік пен басқарудың мемлекеттік органдарының, жүмыс берушілер мен лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін анықтайды.

Халықтың денсаулығын сақтау профилактикалық бағытты-лығы—мемлекет пен жүмыс берушілердің әлеуметті-экономикалық шаралар жүйесін іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл жүйе азаматтар денсаулығына зиянды әсер ететін факторлар мен шарт-тарды жою және ауруға шалдығуды алдын ала сақтандыруға, өмірге және еңбекке қабілеттілікті жоғары деңгейде сүйемелдеуге бағытталады.

Республикалық бюджеттің денсаулық сақтауға арналған құ-ралдарды жұмсау Бюджеттік кодексте келесі бағыттар бойынша анықталған:

• жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем көр-сету;

• республикалық деңгей бойынша табиғи жөне техногендік төтенше жағдайларды жою маңында жедел медициналық жәрдем қызметін ұйымдастыру;

• республикалық мәндегі денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдардағы медициналық сауықтырып шығару;

• психиатриялық аурулары бар және қатаң байқау талап ететін адамдарға медициналық жәрдем көрсету;

• сотты-медициналық және сотты-психиатриялық сарап жүр-гізу;

• ауруларды шетелдерде емдеуді ұйымдастыру;

• айрықша қауіпті індеттерге қарсы іс-әрекет;

• республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның құрамдас бөліктері мен препараттарын өндіру;

• республикалық деңгей бойынша халықтың, мемлекеттік ше-кара мен көлікте санитарлы-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз ету;

• әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, олардың жанұя мүшелерін, сондай-ақ әс-кери қызметкерлер, құқық қорғау органдары мен басқа да категория азаматтар құрамынан шыққын зейнеткер-лерге заңнамалық актілерге сәйкес медициналық қызмет көрсету;

• жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын шығындар-дан басқа азаматтар денсаулық сақтау саласындағы іс-әрекет.

Аймақтық бюджеттер шығындарында денсаулық сақтауға бөлінген құралдар келесі бағыттар бойы қарастырылған:

• республикалық бюджеттен қаржылындырылатын бағыт-тардан басқа медициналық жәрдем жасаудың кепіддеме-ленген көлемін қамтамасыз ету;

• халықтың санитарлы-эпидемиологиялық саулығын қамта-масыз ету;

• заңнамаларға сәйкестік вакциналар, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттармен мүліктеьгу;

• жергілікті денсаулық сақтау ұйымдар үшін қан және оның құрамдас бөліктері мен препараттарын өндіру;

• республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыт-тардан басқа денсаулық сақтау аумағындағы басқа шара-лар.

Осы мақсаттарға арналған шығындар құрамы бюджеттер бойы бюджеттік жіктелуге сәйкес анықталған. Мысалы, республикалық бюджет шығындар құрамына 05 «Денсаулық сақтау» атты функ-ционалдық топ және оның ішіндегі 01 «Кең профилді аурухана-лар», 02 «Халық денсаулығын сақтау», 03 «Мамандандырылған медициналық жәрдем», 09 «Денсаулық сақтау аумағындағы басқа да қызметтер» атты кіші функциялар кіреді.

Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландыру көздері ретінде келесілер табылады:

• республикалық және жергілікті бюджеттер құралдары;

• халықаралық ұйымдар құралдары (денсаулық сақтау жө-ніндегі халықаралық бағдарламалар);

• нормативтер үстінде ақылы медициналық қызмет көрсету мен шаруашылық іс-әрекеттің басқа түрлері арқылы алын-ған медициналық мекемелердің құралдары;

• азаматтардың өздік-күралдары;

• заңды және жеке тұлғалардың, сонымен қатар басқа мем-лекеттердің ақысыз және игі қайырымдылық жарналары;

• заңнамалармен тыйым салынбаған басқа да көздер. Бюджеттік қаржыландыру жүйесімен қатар маңызды бір көз

болып медициналық қамсыздандыру табылады. Ол қосымша қаржы ресурстарды пайдалануға мүмкіншілік береді және халық денсаулығын сақтау жүмысындағы экономикалық мүдделілігінің механизмін құрайды.

Денсаулық сақтау саласының әлеуметті-экономикалық маңыз-дылығы және осы салаға бөлінетін бюджет құралдарының едәуір үлкен көлемі шығындарды сапалы жоспарлау мен күралдарды тиімді талап етеді.

Денсаулық сақтау мекемелердің іс-әрекетін жоспарлау және қаржыландыру мекемелердің категориясы мен оның іс-әреке-тінің көрсеткіштеріне байланысты. Бюджеттік жіктелуге сәй-кес денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар бойынша іске асырылады. Мысалы, республикалық бюджетте 02 «Халықтың денсаулығын сақтау» атты ішкі функция бойынша 006 «Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық саулығы» атты, 007 «Қан және оның құрамдас бөліктері мен препараттарын өрдіру» атты және тағы басқа бағдарламалар бойынша шығындар қаржыландырылады.

Денсаулық сақтауға арналған шығындарды қаржыландыру жоспары ел мен аймақтардың әлеуметті-экономикалық даму жоспарлары негізінде қалынтастырылады. Денсаулық сақтауға арналған шығындарды жоспарлау есептемелерінің негізін құрай-тын оперативті-тізбекті көрсеткіштер ретінде келесілер пайдала-нады:

• орташа жылдық орындар саны;

• жыл бойы бір кереуетті пайдалану күн саны;

• барлық орын-күн саны;

• дәрігерлік қызметтердің орташажылдық саны;

• дәрігерлік қатысу саны.

Оперативті-тізбекті және өндірістік көрсеткіштер негізін-де және бюджеттік жіктелудің экономикалық ерекшеліктері-не сәйкес денсаулық сақтау мекемелерінің бекітілген форма бойынша шығындарды қаржыландыру жоспары есептеледі. Уекілетті басқару органымен бекітілген және тиісті қаржылық жылға құрылған бұл қаржыландыру жоспарда денсаулық сақтау мекеменің құралдарының жалпы көлемі, мақсатты бағыты және тоқсан бойынша бөлінісі көрсетіледі.