Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері

Білім беруге арналған шығыстар құрамы бюджеттік жікте-лу бойынша арнайы функционалдық топқа сәйкес қалыптасады. Республикалық бюджетте бұл топтың үлесі жыл сайын үлғаюда және келешекте олардың деңгейі жалпы ішкі өнімнің 4 пайызына жетуі үйғарылуда.

Бұл функционалдық топ құрамында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш және орта білім беру, арнайы орта білім беру, кәсіптік білім беру, жоғары білім беруге мемлекеттік тапсы-рыс және білім беру аумағындағы басқа да қызметтер көрсетілген. Осы келтірілген білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері бойынша бюджет құралдарымен қаржыландыру іске асырылады.

Қаржыландыру көздері болып республикалық пен жергілікті бюджеттер және бюджеттең тыс құралдар табылады. Білім беру мекемелердің іс-әрекетін қаржыландыратын бір немесе бірне-ше құрылтайшылар болғандықтан, мұндай білім беру мекемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ережелеріне сәикес коммерциялық емес ұйым деп есептеледі. Ал мемлекет-тік білім беру мекемелерінің жекеменшік ретінде мемлекет аты-нан орталық және жергілікті басқару органдары болғандықтан, олар осы мекемелердің мемлекеттік орталық және жергілікті Қаржыландырудың мемлекеттік кепіл берушісі болады.

Білщ беру саласын бюджеттік қаржыландырудың қажеттілігі еҢ алдымен білім беру қызметтің қоғамдық тауар ретіндегі қасиеттері мен елдің әлеуметті-экономикалық дамуындағы олардың рөлімен серттеседі. Ал бюджеттен бөлінетін құралдар көлемі практиканың талаптарына сәйкес анықталуы мүмкін емес. Себебі, мемлекеттік реттеудің қай-қайсысы өз алды бюджеттік қамтамасыз етуге жататын мемлекеттік тапсырыс және натурал-ды немесе ақшалай түрдегі әлеуметті нормативтер тағайындауды талап етеді. Мысалы, заңнамаларда білім беру жүйесі үшін мемле-кеттік тапсырыс бойынша оқитындар контингентінің саны, мемле-кеттік білім беру стандарты, бюджеттік қаржыландыру нормативі сияқты параметрлер болуы тиіс екені анықталған.

Қазіргі кезенде білім беру мекемелерін үстау үшін әрекеттегі қаржылық ағымдар бюджет деңгейлері бойынша жіктелінеді. Орталық республикалық деңгей бойынша бюджеттік құралдармен қамтамасыз ету үш бағытқа бөлінеді, яғни орталық республикалық бағыныштағы мекемелерді үстауға, республикалық білім беру бағдарламаларды іске асыруға және қаржылық жәрдемге мүқ-тажды аймақтарға трансферттер ретінде білім беру субвенция-ларға. Аймақтық және жергілікті деңгей республикалық деңгейге ұқсас, мұнда жергілікті бағыныштағы білім беру мекемелерді ұстау мен тиісті білім беру бағдармаларды іске асыруға қажетті бюджеттік құралдар қарастырылады.

Білім беру саласын басқару стратегиясының негізгі бөлігі

— ол қаржылық қамтамасыз ету. Бұл мәселені жетілдіру бары-сында бірнеше мақсаттарды шешу қажеттігі пайда болады, олар

— дамудың басымды бағыттарын таңдау, қаржыландырудың жаңа көздерін анықтау және пайдалану, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануының ұйымдық және экономикалық механизмдерін жарату, бюджет құралдарын билеу жөніндегі өкілеттікті дәйекті үлестіру. Республикалық деңгей бойы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қажетті білім беру дамуының басымды бағыттарын таңдау мақсаты ең алдымен білім берудің әр түрлі деңгейлері бойынша шығындардың арақатынасын анықтауға байланысты.

Бүкіләлемдік Банк мәліметтері бойынша қазіргі қезеңде дамыған елдерде міндетті мектептік білім беруге арналған шығындар басымды шығындар болып табылады. Дамыған елдерде мұндай шығындардың үлесі барлық білім беруге арналған шығындардың ішінде 67%-дан (АҚШ) 89%-ға дейін (Жапо-ния) күрайды. Осы елдерде жоғары білім беруге арналған шығындардың үлесі 8%-дан (Жапония) 27% (АҚШ) пен 34%-ға дейін (Канада), ал мектепке дейінгі білім беруге - 0,3%-дан (Ка-нада) 11%-ға дейін (Франция) толықсыды. Қазақстанда шығындар құрылымының маңызды ерекшеліктері бар. Біздің елімізде мем-лекеттік қаржыландырудың ерекшелік белгісінің бірі - ол мек-тепке дейін білім беруге арналған шығындардың салыстырғанда жоғары үлес салмағы - 27% және міндетті білім беруге арналған шығындардың төмен үлесі - барлығысы 50%, оның ішінде жал-пы академиялық білім беруге — 38% жатады, кәсіптік білім беруге - қалған 12% жатады.

Қазіргі уақытта білім беруді қаржыландыру республикалық деңгейден келе-келе жергілікті деңгейге беріліп жатыр. Мұндай процесс ең алдымен кәсіптік білім беру мекемелерінің мүддесін қозғайды, себебі орталықтан қаржыландыру болған жағдайда аймақтық және жергілікті еңбек нарығына қажетті кадрлар дайындауды есептеуі өте қиын. Тағы бір себеп - ол білім беру мекемелерді кәсіпорындар мен ұйымдардың құралдары арқылы қаржыландырудың жоқтығы. Мысалы, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында бюджеттердің барлың деңгейлерінің құралдары арқылы білім беруге арналған шығындары осы сала бойы қажетті барлық шығындардың 84% құраған, ал қалған 16% кәсіпорындар мен ұйымдардың құралдары арқылы қамтамасыз етілген.

Мемлекеттің дамуының жаңа беталыстарына сәйкес білім беру саласында жеке кәсіпкерлік жүйесі орын ала бастады. Білім беру қызметінің нарығы мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етумен оірге халық пен кәсіпорындардың әр түрлі топтарының әлеуметтік тапсырыстарына қанағаттандыруын талап етеді. Білім беру про-Цесще қалыптасып жатқан кәсіпкерлер класымен бірге әр түрлі Қоғамдық қозғалыс пен ұйымдардың, ¥лттық бірлестіктердің, дін-Дар Қауымдардың өкілдері қосылуда. Олардың білім беру жүйені өз мүдделеріне сай көркейту женіндегі талпыныстары мемлекеттік емес оқу орындарын ашуға және мемлекеттік мекемелерге қаржылық жәрдем жасауға ниеттендіреді. Бұл арада мемлекеттік мекемелер де өздігінен білім беру бағдарламалар таңдауды іске асыруға және халыққа төлемақы негізінде білім беру қызметінің айдынды спектрінін көрсетуге құқы бар.

Демек, білім беруді қаржыландыру қосымша көздер тарты-лу арқылы іске асыруы мүмкін, яғни білім беру мекеменің өзінің кәсіпкерлік іс-әрекеті және оларға демеуші болатын заңды және жеке тұлғалармен арақатынас құру. Осыған қоса, кәсіптік білім беру мекемелерінде бюджеттік құралдардан тыс қосымша ақылы қызмет көрсету формалары ретінде келесілер болуы мүмкін:

• ғылыми-зерттеулік, өнеркәсіптік, консалтингтік, сертифи-каттық іс-әрекет, сараптамалық, ақпараттық және басқа да қызмет көрсету;

• мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарымен, меншіктің барлық формадағы кәсіпорындар мен ұйым-дармен, басқа да завды және жеке тұлғалармен келісімшарт арқылы мемлекеттік тапсырыстан тыс кадрларды даярлау, қайта даярлау мен персоналдың біліктілігін көтеру;

• шетел студенттері, аспиранттар мен стажерларды оқытудың тиімді және табысты жүйесін қалыптастыру;

• оқу орындарының әлеуметті инфрақұрылымдарын келе-келе ақылы пайдалануға өту.

Сонымен қатар тағы бір қаржыландыру көзі жөнінде айта-кетсек - ол халықаралық ұйымдардың ақысыз негізінде немесе халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларды іске асыруға білім беру мекемелерге берілетін құралдар.

Қайырымдылықтық құралдар көлемін жоспарлау мүмкін емес. Ол білім беру үдерісінің барлық қатынасушылардың — білім беру орнының үжымы, оқитындардың ата-аналары, қоғам, шаруашылық субъектілер - жігеріне байланысты. Бұл қаржыландырудың ерекшелігі - ол ақша құралдарының пайда-лану тәртібін жәрдем алушы емес қолдаушы өзі анықтайды, ал, бүған кері, мекеме дербес коммерциялық іс-әрекетінен түскен табысты өз еркі пайдаланады.

Кадрларды кәсіби дайындау және жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы

Қазақстан Республикасының дамуы қазіргі кезеңде білім беру саласына әсері бар өте маңызды өзгерістермен сипатталады. Олардың қатарында өсіп келе жатқан түлектерді тәрбиелеу мен оқытуға қажетті шарттар жасау мемлекеттік білім беру жүйесінің негізгі мақсаты және бұл жүйеяің жас түлектердің ойдағыңай да-муына әсер ететін факторлар ішіндегі релі өте зор. Сондықтан білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттарының бірі - ол білім берудің осыған дейін жеткен деңгейін, сапасын және базалық білім алудың мүмкіндігін келешекте сақтап қалу және әрі қарай дамыту.

Бұл мақсатты шешу білім беру аумағының басымдылықтары мен олардың іс-әрекеттерін қамтамасыз ету жолдарын анықтауға байланысты. Білім беру дамуының мемлекеттік қаржылық көмекпен қамтамасыз ету қажетті басымдылық бағыттарын таңдау - ең алдымен білім берудің әр түрлі деңгейлері бойынша шығындар арасалмағын анықтауды талап етеді. Бұл арасалмақ қазіргі уақытта білім беру деңгейлері бойынша шығындардың 4%-ға жуығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, 70%-ға жуығы орта білім беруге, 3%-дан аса кәсіптік білім беруге, 4%-ға жуығы колледждерге, 10%-дан аса жоғары білім беру-ге жүмсалады. Қазіргі кезеңде білім беру деңгейлері бойы шығындар құрылымы елдегі экономикалық ахуалды керсетеді. Ал болашақта Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланыс-ты өзгерістер болуы мүмкін, ең алдымен оқытудың сапасы мен тұрақтылығын сақтау үшін шығындардың бірталай өсуі.

1999 жылдан бастап республикада студенттік контингент-ті қалыптастыру жаңа үлгіге және жоғары білім беруде қар-Жыландьіруда жаңа әдіс пайдалануға көшу іске асырылды. Осы үлгіге сәйкес азаматтардың ақысыз жоғары білім алу

мүмкіншіліктері мемлекеттік білім беру тапсырысқа енген мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру граттар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысқа арналған республикалық бюджет шығындарын жоспарлау жыл бойы бір студентті оқыту бағасының есебі арқылы іске асырылады. Ал мем-лекеттік білім берудің тапсырыс арқылы оқып жүрген бір студен-тке шаққандағы шығындар мөлшері жоғары оқу орнының барлық шыіъшдар көлемін барлық студенттердің орташа жылдық шартты контингенттіне бөлумен анықталады.

Жоғары кәсіптік білімді кадрларды даярлауға арналған шы-ғындар құрамына келесі баптар кіреді:

• оқытушылар, қызметкерлер мен басқа да персоналдың еңбекақысы;

• қосымша ақшалай төлемдер мен еңбекақының сағаттық қоры;

• студенттердің кәсіптік практикасына арналған шығындар;

• коммуналдық шығындар;

• оқу-әдістемелік әдебиеттер алуға арналған шығындар;

• басқа да шығындар.

Студенттік контингентті қалыптастырудың жаңа үлгісі мен жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа әдісінің оң болғанымен, мемлекеттік білім беру тапсырысқа арналған шығындарды жоспарлау әдістері көбінесе түрлі бағыттар мен әр түрлі мамандықтар бойынша кадрлар даярлау процесінің ерек-шеліктерін есепке алмайды. Сонымен қоса, гранттар арқылы берілетін құралдар негізінде оқу орындарының ағымдағы шығын-дарын өтейді, ал олардың материалды-техникалық базаларын бекіту мен дамуын қамтамасыз етпейді.

Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындары, басқа да білім беру деңгейлері сияқты, өзінің әлеуетін сақтау мәселелері мен ба-сымды бағыттар бойы әрі қарай даму мақсаттарын шешуде. Бұл мақсаттардың негізгілері болып жоғары білім беру мекеме-лер тізбектерінің құрылымын жетілдіру мен оқу орындарының әлеуметті-экономикалық ахуалын түрақтану мен көпарналы қар-жыландыру механизмін дамыту табылады.