Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

3. Мемлекеттік сот жүйесін реформалау және әскери реформанын негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау және әскери-экономикалық қамтамасыз етудің негізгі бағыттары елдің Әскери доктринасында анықталған және де ол қорғанысқа қажетті шығыстарды жоспарлаудың негізі болып табылады. Бұл

доктринада әскери техника мен қарулардың санын оіггайландыру негізінде Қарулы Күштердің материалды-техникалық базас-ын жақсарту және келешекте оны кәсіби әскерге ауыстыру қарастырылған. Ал мұндай әскердің негізінде оны келісімдік жүйе арқылы қалыптастыру мен толықтырма жатыр. Әскерді келісімдік жүйе арқылы толықтыруға ауысу қосымша бюджет құралдарын қажет етеді.

Елдің құқық қорғау жүйесінің әрі қарай дамуы мемлекет, қоғам және азаматтың қажетті мүдделерін қорғауын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, сот жүйесінің де әрі қарай рефор-малау бойынша шараларды іске асыру жүргізіліп жатыр. Барлық құқық қорғау құрылымдарды реформалау бағыттарының бірі бо-лып экономика саласындағы жемқорлықпш күресу және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету табылады.

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.

16-тақырып Білім беруге арналған бюджет шығыстары

1. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы. Білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері

2. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері

3. Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі

4. Мемлекет қызметкерлері емес мемлекеттік мекемелер жүмыскерлершіц еңбекақы жүйесі. Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге еңбекақы толеу ерекшеліктері

Азаматтардың білім алу құқы Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілденген және 1999 жылы маусым айының 7 жұлдызында қабылданған «Білім беру туралы» Заңмен ретте-леді. Осы құқықты мемлекет тиісті әлеуметті-экономикалық шарт-тар жасап, білім беру жүйесін дамыту арқылы қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекет ақысыз жал-пы орта мен алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конкурстық негізде ақысыз орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойы білімді алғашқы рет алып отырса.

Оқитындарға білім алудың ақысыздығы мемлекеттік білім беру мекемелерін үстауды бюджеттік қаржыландыру немесе білім беру мекемелерінен білім беру қызметтерін сатып алуды бюджет-тен төлеу немесе мемлекеттік гранттар беру арқылы іске асыры-лады.

Білім беру аумағындағы заңнамалар мемлекеттік саясаттың принциптерін анықтайды, азаматтардың білім алу құқын қам-тамасыз етеді, орталық және жергілікті атқарушы органдардын

өтемақыларын шектейді, білім беру процесінің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейді, олардың құқықтарын, міндет-терін, уәкілеттерін және жауапкершіліктерін белгілейді.

Білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі прин-циптері болын келесілер табылады:

• барлық азаматтардың білім алу құқықтарының теңдігі;

• әрбір азаматқа білім алудың барлық деңгейлерінің мүм-

кінділігі;

• білім берудің діннен тыс сипаты;

• тұлғаның білімділігін ынталандыру және дарындылықты

дамыту;

• білім беру процесінің үздіксізділігі, оқыту мен тәрбиелеудің

бірлестілігі;

• білім беру мекемелерінің меншік формалары, оқыту мен тәрбиелеу формалары және білім беру бағыттары бойынша

әр түрлілігі;

• білім беру, ғылым және өндірістің шоғырлануы;

• оқитындарды кәсіптік бағдарлау;

• білім беру жүйесін ақпараттандыру.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі маңына бір-бірімен арақатынаста болатын меншік форма, тип және түрлерінен тәуелсіз білім беру мекемелері, әр түрлі білім беру деңгейлеріне арналған білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік жалпы мін-детті білім беру стандарттары және білім беру бағдарламаларды іске асыру мен білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін білім беруді басқаратын органдар көрсетіледі.

Білім беру жүйесінің нёгізгі міндеті - ол ұлттық және жалпы-адамзаттық құндылықтар мен ғылым және тәжірибе жетістіктері-не негізделіп, тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби жа-ралуына бағытталған білім алу үшін қажетті шарттар жасау. Оның басымды мақсаттары болып келесілер табылады:

• білім беру бағдарламаларды игеру үшін шарттар жасау;

• тұлғаның творчествалық, рухани және физикалық мүмкін-діктерін дамыту, өнегелілік пен аман түрмыс нүсқасының мығым негізін қалыптастыру;

• азаматтық пен отаншылдықты, меі^лекеттік рәміздер құр-меттеуді, халық дәстүрлерін қадірлеуді, конституция мен қоғамға қай-қайсы қарсылықтарға төзімсіздікті тәрбиелеу;

• тұлғаның ез құқықтары мен міндеттеріне сезімді қатынасын және республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдениеттік өміріне қатынасуының қажеттілігін қалып-тастыру;

• әлем және отан мәдениетінің жетістіктеріне қатыстыру, қазақ және республиканың басқа халықтарының тарих пен салт-дәстүрлерін оқу, мемлекеттік, орыс және шетел тіл-дерін игеру;

• білім беру мекемелерінің дербестігін ұлғайту мен басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;

• оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен білім беруді ақпараттандыру;

• еңбек нарығындағы бәсекелікке қабілеті бар білікті жұмыс-шылар мен мамандарды дайындау, олардың біліктілігін жоғарлату және қайта дайындау;

• әр түрлі және көпфункционалды білім беру мекемелердің тиімді дамуына жәрдем беру.

Білім беру бағдарламалар білім берудің тиісті деңгейлері мен олардың сатыларының мазмұнын аныктайды. Республикада тікелей білім беру бағдарламалардың сипатына байланысты олардың екі түрі - жалпы білім беру (негізгі және қосымша) және кәсіби (негізгі және қосымша) бағдарламалар іске асырылып жатыр.

Жалпы білім беру бағдарламалары тұлғаның жалпы мәдениеті және оның өмір мен қоғамға икемделуі жөніндегі мақсаттарды шешуге, кәсіп пен мамандықты сезімді таңдау мен игерудің не-гізін жасауға бағытталған. Кәсіби бағдарламалар кәсіп пен білік-тіліктерге сәйкес жұмыскерлер мен мамандарды дайындауға және оқитындардың жалпы білімдері мен кәсіби деңгейлерін тізбекті жоғарлатуға бағытталған.

Жалпы білім берудің мазмұны оның әрбір сатысы бойынша тиісті жалпы білім беру бағдарламамен анықталады және мектеп-ке дейінгі тәрбие мен оқыту мен орта білім беруден қалыптасады.

Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекет-хік бағдарламасы бойынша жалпы орта білім беру - үш сатыны кездейтін 12 жылдық оқытудан құрасады: 1-саты - жалпы баста-уыш білім беру; 2-саты - негізгі жалпы білім беру; 3-саты - жаллы орта білім беру.

Бұл бағдарламада кәсіптік бастауыш білім беру мен техника-лық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіптік орта білімнің бөлігі орта білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және технологиялар мен еңбек нарығы талаптарының деңгейіндегі тиімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруге өзгертілетіні тура-лы да мәлімденген. Сонымен қатар, бұл арада кәсіптік орта білім берудің жекелеген бағдарламаларын іске асырудың өзі орта білім-нен кейінгі білім беру арқылы жаңа деңгейге көтеріледі.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру тек қана жалпы орта білім беру базасында қамтамасыз етіледі және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін кәсіптік білім беру мен кадрлар-ды даярлаудың бөлігі ретінде экономика, құқық, экология, меди-цина, ақпараттық технологиялар және инновациялық менеджмент салаларында қызмет көрсету мен басқару еңбегін атқаратын орта буын мамандарын басымдылықпен даярлайды.

Жоғары кәсіптік білім беру республикада тиісті жоғары бі-лім беру бағдарламалар негізінде университет, академия, инс-титут және осыларға теңестірілген оқу орындары бойынша іске асырылады. Сонымен қоса, жоғары оқу орындары тиісті лицен-зиялары болған жағдайда орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндіктері бар.

Жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінде Мемлекеттік бағ-Дарламаға сәйкес оқу процесін ұйымдастыру технологиясының дәс-түрлі жүйесінің орнына оқьпудың кредиттік жүйесі енгізіледі. Бұл жүие, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оқитындардың өз бетінше белсенді жүмыс істеуін ынталандырады, жеке білім бағытын таңдаудың болуын қамтамасыз етеді, білім туралы құжаттардың әлемдік білім беру кеңістігіне танылуына әсер етеді.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жоғары кәсіптік білім беру негізінде екі деңгейден қалыптасады - жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Жоғары білім беру - ол жоғары базалық білім беретін бакалавриат болады. Бакалавриаттың бірінші екі курсында жалпы білім беру құрамдас бөлігінің мазмұны біріздендірілген болады, ал келесі курстарында оқыту базалық пәндер бойынша жүзеге асырылады. Барлық мамандықтар бойын-ша (медицина және ветеринар мамандықтарынан басқа) бакалав-риатта оқытудың мерзімі 4 жылды құрайды. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын игеру белгілі бір саладағы бакалаврдың тиісті академиялық дәрежесі берілетін қорытынды мемлекеттік аттестат-таумен аяқталады. Бакалавриатты бітірген азаматтардың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарында, яғни магистратура-да өз білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Магистратурада дайындық 1-2 жылдық мезімде және екі ба-ғытта жүргізіледі — ол тереңдетілген және ғылыми-педагогикалық даярлық. Магистратурада білім беру бағдарламалардың негізгі мақсаты болып оқитындарға іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен ғылымның бір бағыты бойынша пәндерді тереңдетіп оқыту табылады. Магистратураны бітіргендерге ма-гистр атты академиялық дәрежесі беріліп, олар докторантурада оқуын жалғастыруға немесе ғылыми-педагогикалық және езге де еңбек қызметімен айналасуға құқығы бар.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ең жоғары білік-ті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы білім беру деңгейі болып докторантура есептеледі. Докторлық білім беру бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды құрайды. Бұл бағдарламаларды игерген және докторлық диссертация қорғаған азаматтарға философия докторы (РҺ.Б) академиялық дәрежесі, ал бейіндік докторантураны игерген кезде - бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі.

Республика азаматтарының ақысыз жалпы орта мен техни-калық және кәсіптік білім алуына мемлекеттік кепіл негізі бо-лып мемлекеттік білім беру мекемелерін үстауды бюджеттік қар-жыландыру, ал жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың - мемлекеттік білім беру гранттары табылады.

Білім беру саласына, оның басымдылығын есептей отырып, мемлекет жыл сайын бюджеттік құралдар бөлуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыміндетті стандарт-тарда белгіленген талаптарға сәйкес республикалық және жер-гілікті бюджет құралдары арқылы іске асырылады.